400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры мен ежелгі дәуір әдебиетіндегі батырлық дастандардың үндестігі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге, оқушыларға қажет. Баяндамада халық ауыз әдебиеті мен ежелгі дәуір әдебиетіндегі батырлар дастанындағы үндестік сарыны көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ БАТЫРЛАР ЖЫРЫ МЕН ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ БАТЫРЛЫҚ ДАСТАНДАРДЫҢ ҮНДЕСТІГІ


Алипбаева Салтанат Нурахановна

№47 орта мектебі, Тараз қ.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Эпос немесе батырлар жыры ерлікті, батырлықты аңыздап жырлайды. Оны әдетте жыраулар қобызға, домбыраға қосып, белгілі бір әнмен немесе күй сарынымен орындайды. Эпикалық жырларда бірнеше ерлік ісімен көзге түскен және жауын жеңіп шыққан батырлар жайы әңгімеленеді. Бұл жеңістер арқылы батыр өз руын және көршілес рулар мен тайпаларды шет ел басқыншыларының зорлығынан босатып халықты ауыр халден құтқарады. Эпоста халықтағы ең жақсы қасиеттер жырға қосылады да, қалың бұқараның қамқоршысы және қорғаны болған батырдың образы жасалады. Сондықтан да ол халық сүйсінген тамаша образ болып шығады.

Эпоста халықтың өміріндегі арманы, күткен мақсаты өте көтеріңкі жырланады, ондағы суреттелетін батыр өз руының мүддесін жүзеге асыру жолында қандай бөгеттерді болса да жеңіп шығады. Шет ел басқыншыларының өз жерін қорғау, халыққа зорлық көрсетушілерді жазалау, бейбітшілік орнату эпикалық жырлардағы батырдың ең басты міндеті болып келеді. Халық өміріндегі батырлықты көрсету- эпикалық жанрдың ерекшелігі.

Батырлар жырында эпостағы әр дәуірден құралған кезеңде негізінен қазақ батырларының қалмақ басқыншыларымен күресі қамтылады.

Ертедегі қазақ рулары мен тайпаларына қарайтын елдерге зорлық жасаушыларға қарсы тұрғанда өзара таласып, елді қылышпен билемек болған хандарға қарсылық көрсеткендердің және қалмақ басқыншылармен күресіп, тамаша ерлік істегендердің батырлық істерінен есте қалғандары жиналып біртұтас образдары жасалынады. Сөйтіп, «эпоста әр дәуірден құралған кезеңнен» алынған батыр образы туады.

Қазақ эпосы бірнеше ғасырлардан бері жасалып келеді. Оның алғашқы жасалу тарихы қазақ халқының шығу тарихымен байланысты. Қазақ халқы ескідегі батыс- түрік қағандар (V-VII ғғ),қыпшақ-оғыз рулары (VIII-X ғғ). Ақорда және Ноғайлы ордаларының жұртшылығы, өзбек хандарының тайпаларына (XIII-XVI ғғ) кірген рулардан таралады. Қазақтың батырлық жырларының ежелгі ескерткіштері осы тайпалар жөніндегі аңыз-әңгімелермен байланысты екенін алғаш қазақ батырлары жырын жазып алғандар Ш. Уалиханов пен Н.И.Илльминскийдің жазбаларынан аңғаруға болады. Мысалы, «Ер Тарғын» эпосын 1862 ж. Қазанда жариялады. Ал бұдан біраз кейінірек В.Радлов, Н.И. Ильминскийдің жазып алған қазақтың батырлар жырларынан «Ер Тарғын», «Ер Сайын» жырларынан кейін халық арасынан өзі қайта тыңдап, эпостың тілін біраз жөндеп, «Түркі тектес халықтар әдебиетінің нұсқалары» деген кітабына енгізді. . Қазақ эпосы және басқа да орта Азия мен Сібір халықтары эпосының негізінде ежелгі Түркі халықтары эпосының дәстүрі бар екендігін Орхон- Енисей тасындағы жазулардан көруге болады. Басқа түркі тілдес халықтардың әдебиеті сияқты, қазақ әдебиетінің де өмірге келу, қалыптасу, есею және кемелдену кезеңдері- өзіндік даму тарихы бар екенінестен шығармаған дұрыс.

Әрбір хасырдағы қоғамның даму процесі эпостың дамуына да өзінің әсерін тигізді.Оған дәлел ретінде XIX ғасырдағы қазақ батырлық жырын жинау басталып, қағазға түсірілсе, XX ғасырдың басында одан әрі жандана түскенін айтуға болады. Қазақ эпосы ауыздан ауызға, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа көшіп отырып, белгілі бір тұтас жанр болып қалыптасты. XIX-XX ғасырлардағы эпос жағдайы қазақ халқының ақындық мәдениетінің жоғары екендігін көрсетті. Мысалы, Қобыланды да батырдың бірнеше қиыншылықтарды басынан кешіп ерлік қайрат көрсетіп үйлену сюжетіне Көбікті және қалмақтың ханы Алшағыр мен күресу сюжеттері қосылады. Алпамыста өз алдына бөлек жеке құрылған екі сюжет бөлімі бар: бірі- батырдың үйленудегі басынан кешірген оқиғалары , екіншісі – қалмақтың ханы Тайшықпен соғысуы.

Көптеген түркітанушылар мен шығыстанушы ғалымдарымыз әдеби жәдігерліктерді іздестіріп олардың мәтініне сараптама жасап баспасөзде жариялау ісіменайналыса бастады. Сонымен қатар, қазақ әдебиеті мен тілі тарихын зерттеушілер көне әдеби мұраларды зерттеу саласында бір қатар игілікті істер атқарды. Бұл іске М. Әуезов, М.Марғұлан, Х.Сүйіншалиев, Ә.Қоңыратбаев, Р. Бердібай, М. Жолдасбеков т.б. үлес қосты. Ал бұлардың игі істерін кейінгі буын ғалымдар С. Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, Ә.Дербісәлі, А.Егеубаев, АҚыраубаева жалғастырды.

Бүгінгі таңда мен де осы ғалым ағалар сияқты осы әдеби жәдігерлікерді оқи отырып олардың арасында өзіндік бір үндестік бар екенін аңғардым.

Мысалы, «Алып Ер Тоңға»- түркі халықтарының арғы ата тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін, көне түркі ауыз әдебиетінің дәстүрлі талаптарына сәйкес өмірге келген қаһармандық жыр болып табылады. Дастанның басты қаһарманы- Алып Ер Тоңға. Алып Ер Тоңға аты аңызға айналған тарихи тұлға, Тұран елінің билеушісі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры. Дастанда оны елдің көреген көсемі ретінде бейнелейді.

Тұран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын «алып » сөзі сол заманда «күшті», «батыр», «қаһарман», «ержүрек» деген мағынаны білдірген. «Алып»- сақтар мен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырдың, қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім. Мәселен: Алып Тегін, Алып Арслан, Алып Бамыс (Алпамыс), Көк Алып сияқты қол бастаған батырлар болған. Сол сияқты қазақтың эпостық жырларында «батыр» тіркесі қоса қолданыладығын айта кетуге болады. Алып Ер Тоңға- түркі елінің аты аңызға айналған көсемі, билеушісі, батыры, даңқты қолбасшысы, оны парсылар Афрасиаб деп те атаған.

Енді дастандағы батырдың есіміне қосып отырған «ер» сөзі ежелден –ақ «батыр», «жаужүрек», «қаһарман» деген ұғымдарды білдіреді. Сақтар дәуірінің осы дәстүрі сан ғасырлар бойы сақталғаны, бертін келе қазақтар да өз батырларына «ер» сөзін қосып айтқаны белгілі. Мысалы, «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Көкше», «Ер сайын» т.б. батырлар есімі бұл сөзімізге дәлел.

«Алып Ер Тоңға» дастанның қысқаша мазмұнына келетін болсақ халық ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батыр жырына ұқсайтындығын көруімізге болады. Түркілердің ата мекені Тұранға көрші отырған Иран елінің әскері қайта-қайта шабуыл жасап тыныштық бермейді. Тұран елінің сұлу қыздарын, асыл бұйымдарын қоңды малдарын тартып әкетіп жатады. Диқандардың енді ғана жайқалып өсіп келе жатқан егіндерін баубақшаларын парсы әскері таптап тастай береді.

Сол заманда Тұран елінде «арыстандай айбарлы, жолбарыстай жүректі, көк бөрідей тәкаппар» Ер Тоңға деген батыр бар екен. Ер Тоңға елден нөкер жинап, Иран әскеріне қарсы шығады. Тұран мен Иран әскері Дехистан деген жерде кездеседі. Екі жақтың әскері үш күн үш түн дамылсыз шайқасады. Жап- жасыл дала енді қып-қызыл қанға боялып кетеді. Адам өліктері тау-тау болып үйіліп қалады. Ақыры Тұран әскері жеңіп, Иран әскері ойсырап жеңіледі. Сол күннен бастап Ер Тоңғаны «алып» деп атай бастайды.

Ежелгі түркі әдебиеті мен қазақтың эпостық жырларына тән дәстүрлердің бірі- батыр шешуші шайқасқа шығардың алдында қорқынышты түс көрді.Мысалы, Алып Ер Тоңғаның түс көруіне («Шахнама»бойынша- Афрасиабтың) арналған жыр жолдарын Фирдоуси өз шығармасында үлкен шеберлікпен пайдаланған. Мұнда «Афрасиабтың қорқынышты түс көруі» деп аталатын жыр бар.

Енді, осы жырдың қазақша жолма жол аудармасына үзінді келтіріп көрелік:

Қалшылдап, айғай сап, оянып кетті,

Кұлындаған дауысы қиырға жетті.

Долы дауыл жұрт зәресін ұшырды,

Байрағымды жұлып жерге түсірді.

Иран қолы қара құрым қаптаған,

Жерімізді аямай –ақ таптаған.

Әр найзаға бір-бір басты іліпті,

Бір бір басты қолтықтап та жүріпті.

Жарқ еткізіп алмас қылыш жасқады,

Қақ ортамнан екі бөліп тастады. (183, 596)

Жаудың келе жатқанын батырдың түс көру арқылы жеткізу тәсілі қазақтың батырлық жырларында да ұшырайды. Мәселен, «Алпамыс батыр» жырында қазақ елін шабуға әзірленіп жатқан қалмақ ханы Тайшық батыр да үсінен шошып оянады.Ол түсінде қалмақты қырғалы келе жатқан Алпамыс батырды көреді:

Мен бүгін түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім,

Заманым менің қағынды,

Қағынбаса не қылды?

Құрсаулы қара бура кеп,

Қарсы қарап шабынды.

..... Қаланың аузын қан қылды,

Қақпаның аузын шаң қылды,

Айдарлымды құл қылды.

Солқылдаған мырзамды,

Табанға салып жүн қылды. (14. 43)

Ежелгі түркі ауыз әдебиетіне тән бұл көркемдік дәстүрді сол көне дәуірдің өзінде жазба әдедиеттен жалғасын тапқанын көреміз. Біз сөз етіп отырған «Алпамыс батыр жыры»- «Қоқыт ата кітабындағы» «Байбөрі баласы Бәмсі- Байрақ» туралы жырдың сан ғасырлар бойы талай өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға жеткен нұсқасы дәлел болады.

Қазақтың батырлық жырларында да «Алып Ер Тоңға » дастанындағы сияқты, батыр қаза болғанда бүкіл ел болып күңіреніп, қайғырады. Ең алдымен, қаза болған батырдың өзі тірі кезінде елі үшін атқарған игі істері, жаумен шайқастағы жанкешті ерлігі, мінез-құлқы, адамгершілік ізгі қасиеттері мадақталады. Мәселен, «Қобыланды батыр» жырында Тоқтарбай, Аналық және Құртқа айтатын жоқтауларда Қобыланды батырдың қазақ елін жаудан қорғауда атқарған ерлік істері айтылады. Бұл сияқты жоқтау жырларда қаза болған батырды адамдар ғана емес, сонымен бірге батрдың көзін көрген сол елдің табиғаты да, яғни өзендері мен көлдері де, таулары мен ормандары да жоқтайды. Бұған дәлел «Ер Қосай» жырына келтіруге болады:

Қолдан кеткен сұңқарым

Есебін тауып жоқтап бақ.

Байың өлді деген соң,

Қыналы бармақ жез тырнақ.

Ақ бетіне салады,

Алды қанға толады.

Бүлік ойбай болады.(15-75)

Сонымен, «Алып Ер Тоңға» дастанында айтылатын жоқтау салты араға мыңдаған салып барып, қазақтың батырлық жырларында, қазақ ақын –жырауларының тұлға өлеңдерінде өзінің көркемдік жалғасын тапты.

Түркі жазба жәдігерліктерінің бірі- «Күлтегін» жыры мен қазақ эпостық жырындағы «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» сияқты жырларынан да үндестік байқауға болады.

«Күлтегін» жырының ерлікті, елдікті мадақтау дәстүрі қазақтың батырлық жырында өз жалғасын тапты. Мәселен, қазақтың Алпамыс батыр, Қобыланды батыр сияқты жырларында батырдың жастық шағынан бастап, өмірінің соңына дейінгі ерлік істері жырланған.

Түркі халқын сыртқы жаудан қорғау үшін «түн ұйықтамай, күндіз отырмай», тыным таппай жүрген Күлтегіннің қанды шайқастардағы ең жақын көмекшісі оның мінген тұлпары. «Ер қанаты- ат» екені «Күлтегін» жырында да айтылады. Қанды шайқастарда Күлтегін батыр өзінің жеңіске жетуінің бір себебі- астындағы тұлпары деп біледі.

Күлтегін сан түрлі шайқастарда әр түрлі сәйгүлік аттарға мініп қан майданға шығады. Небір тұлпарлар Күлтегіннің мінісіне шыдамай, бірінен соң бірі құлап жатады. Мұның өзі батырдың қыруар күш-қуат иесі екенін аңғартып тұрған сияқты. Күлтегіннің жекпе жекке түсетін қарсыласы неғұрлым күшті айбарлы болса батырдың майданға мінетін сәйгүлігі де соғұрлым жүйрік, даңқты болып келеді. Күлтегін өзінен бұрын талай рет ерлік көрсеткен алып батырлардың арғымақ аттарына мініп шығады. Мысалы, Күлтегін жиырма бір жасында жаудың ең мықты батырының бірі Чача Сеңүнмен шайқасады. Батыр бұдан кейін де талай-талай жаумен шайқасып солардың әрқайсысында әр түрлі алыптардың тұлпарына мініп шайқастарға шығады. Бәрінде де жеңіп отырады. өйткені батырдың майданға мінген арғымақ аты қаһарманның бойындағы асып- тасып тұрған шексіз күш-қуатқа сай келеді.

Күлтегін талай рет Азман ақ атына мініп, жауды шапқанда да ұдайы жеңіске жетіп отырады:

Күлтегін Азман атын мініп,

Шапты талқандады.

Әкерін жеңдік, елін алдық(46-54)

Сөйтіп, Күлтегін жырында шығарманың басты қаһармандарының бірі ретінде батырдың жорыққа мінетін сәйгүлік аттары бейнеленген. Күлтегін соғысқа мінген Боз ат пен Торы ат, Алып шалшы мен Азман арғымақтар туралы Йоллығтегін сүйсіне жырлайды.Түрік қағанатының әскери қолбасшысы мінген сан түрлі сәйгүліктер туралы оқи ,іздене отырып, қазақтың батырлық жырларындағы «Әр аяғы келідей, он екі құлаш шұбар» тұлпарды «бір өзі он екі биені өскен ат» -Ғиратты , «Бір төбенің шанын бір төбеге қосатын Тайбұрылды, «бір күн шапса айшылық жолды алатын Байшұбарды» еске түсіруге болады.

Қазақтың батырлық жырларында да батырдың жорыққа мінген тұлпары да шайқас үстінде құлап, жаудан жарақаттанып жататын сәттері болады. Мысалы, Тайбурыл Қобыландының мінісіне шыдамай, осылайша құлайды:

Екпіндеп шапқан Тайбурыл

Етпетінен жығылды.

Жығылғасын Қобыланды

Аттан түсе қалады. (13, 105)

Болашақ батырдың шайқасқа шабатын тұлпарын тай кезінен танып «түтікпенен су беріп, түндікпенен күн көрсетіп, кекіл жалын тарап өсіреді»

«Алпамыс батыр» жырында да батырдың Шұбар атын суреттеуге кең орын берілген, зор шеберлікпен суреттеген.

Шын жүйрікке не сөз бар,

Тартылды жердің танабы.

Бір күн шапса Шұбар ат

Айшылық жолды алады (14-20)

Бұл жырда «Қарсақ жортпас қалыңнан қарғып» өтіп, «түлкі жортпас түлейден жұлдыздай ағып» шыға келетін Шұбар ат тек қана Алпамыс батырға ғана лайықты Тұлпар екендігін көруге болады.

«Күлтегін » жырындағы сияқты қазақтың батырлық жырларында жорыққа мінетін сәйгүліктің түр- түсіне , сыртқы сипатына ерекше мән беріліп отырады. Мәселен, «Қамбар батыр» жырында Қосай батыр мінетін Сары аттың түр- түсі егжей тегжейлі бейнеленген. Сары атқа тіл бітіп, Қосай батырға ақыл- кеңес беріп отырады. Бұл жырда Сары ат мейлінше мадақталады:

Астындағы сары аттың

Көқте екенін білмеді,

Жерде екенін білмеді.

Қос қанатын салады. (15, 96)

Қазақтың ежелгі жауларымен сан рет шайқасқа шыққан Бөген батырдың астынан да «жер тепкілеп тұрған он екі құлаш Шұбар атты» көреміз. «Бөген батыр» жырында да «Қарсақ жортпас қара ойдан, түлкі жортпас түлейден» желдей ағып өтетін қос қанатты Шұбар ат тек Бөген сияқты алып батырға ғана лайықты болып көрінеді:

Шұбар аттың бауыры

Қырық кездей созылды

Шапқан жерін қарасаң,

Жер ошақ болып қазылды. (15, 282)

Сонымен, Орхон жазба жәдігерліктері мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын талдай келіп, төмендегідей түйін жасадым. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болғаным көрдім. Ежелгі түркі қаһармандық дастандары мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы мазмұндық, тілдік, стильдік ұксаатықтар бар екенін, қазақтың көркем сөз өнеріінде сан ғасырлар бойы бір сәтке де үзілмей келе жатқан көркемдік дәстүр жалғасын тапқан.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Атамұра 2005 ж.

  2. Ә. Қоңыратбаев. Қазақ эпосы және түркология.Қазақ ССР, Ғылым 1987 ж.

  3. А.Қыраубаева. Ежелгі дуәір әдебиеті.Алматы, Өнер 2008 ж.

  4. Е.Дүйсенбайұлы. Батырлар жыры, Жазушы.2009 ж





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қазан
568
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі