Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халық ертегілер арқылы баланы адамгершілікке баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
Курстық жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Халық ертегілер арқылы баланы адамгершілікке баулу


Өзіміз көп үміт күтіп отырған жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан тәлім-тәрбиесі мен үлгі — өнегесінен нәр алары анық.

Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді.

Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан.

«Ақын өзгелердің сезбегенін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпегенін айтып береді» деп Жүсіппек Аймауытов айтқандай ертегілердің де балалардың да қиялын дамытуда, сөздік қорларын, ұлттық дүниетанымдарын, көзқарастарын байытуда әсері мол.

Ертегілер әр уақытта да қай баланы болмасын қызықтыратын, қиял әлеміне жол ашатын кілт іспеттес. Ол өмірде кездеспейтін кейіпкерлерімен, мүмкін емес жағдаяттарымен ерекшеленеді.

«...Әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әддебиет адасып кетпек. Ел аузындағы тіл дегенімізде нені үлгі, өрнек етіп аламыз? Әрине... жоқтауларды, мақалдарды, жұмбақтарды, өлеңдерді, ертегілерді, тағытағы осындайларды», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқан сөзінен ертегілердің ел аузындағы, яғни халықтан-халыққа ауызша тараған әдебиетінің бір түрі екенін, әдебиеттің негізі екенін аңғара аламыз.

Қазіргі дамыған кезеңде балаларды елітіп, назарын аударатын, көз қызықтарын дүкендер, компьютерлік ойынханалар өте көп. Одан қалса ұялы телефондарды да ата-ана балаларына еркін ұстауға рұхсат беруде. Бұл бір жағынан дамуымызға, өсіп-өркендеуімізге ашылған жол болғанымен, балалардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтарын жоюда. Сондықтан да, әсіресе бастауыш сынып балаларына ертегіні қызықты етіп жеткізе білу және ертегілердің шандыққа жанасымды екенін, ондағы шыншылдық пен адамгершілікті бала бойына сіңіре білу үлкен шеберлікті қажет етеді.

Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар із жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген. Әрине ертегілерді оқыта отырып тәрбие нәрін бала бойына егу үшін, ең алдымен оқушылардың арттыру қажет. Мысалы «Ер Төстік» ертегісіндегі төстіктің атына «Ер» сөзінің қосылып айтылуының өзі оның ер-жүрек, батыр екендігін көрсетеді.[1]

Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды.

Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі адамның қиялына қанат бітіреді. Білмегенді білгенге сүйрейді. Кімдерден, қай кейіпкерлерден аулақ болуды насихаттайды. Бұл өшпес зор туындылар бала болашағының мәнді мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз.

Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады. Ертегі шығары бұл менің балалармен рухани қатынас жасауымның ең бақытты сәттері, ал балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы.

Табиғат аясында мұғалімнің ойынан туып, аузымен айтылған ертегі балалар үшін жарық сәуле, ол сәуле олардың ми қуысының барлық құпия түкпірлерін шарлайтын жарық сәуле. Олар ертегіге құмартады.

Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес, ертегі туындамайынша оймен шабыттанған қуаныш балаға ұғынықсыз.

Мектеп табалдырығынан жаңа ғана аттаған балалар, мектеп тартып тұрады, өйткені олар ертегіден ескен теңдесі жоқ сезімдерді ұжымымен бірге сезінгісі келеді. Оларды мұғалім де тартып тұрады, өйткені олар ертегіні содан естиді, ертегіні ұйып тыңдайды. Мұғалім өмір бойы естерінде қалады, ол баланың рухани дүниесінен ең алдымен ертегі ретінде орын алады. Ертегі – бұл кішкентай дән, баланың өмірлік құбылыстарға эмоцияның баға беруі осы дәннен өсіп жетіледі.

Ертегі – бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек.

Ертегі – бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауға өз қабілетін орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А. Байтұрсынов “Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:

1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.

2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

3. Бұрынғылардың сана – саңлау, қалып-салты жағынан дерек беруші үшін керегі бар нәрсе”- деп айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді.

Батырлар ертегілер мен батырлар жыры ел қорғау жолындағы батырлардың ерлік істерін дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт тыныштығын сақтап қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелейді.

Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіре тәрбиелеудеауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімдікте, тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.

Адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді. Жақсы істерге ұмтылдыру жаман қылықтардан аулақ жүру, өнегелі мәдениетті азамат болуға тырысу адамдардың өзіне байланысты. Сондықтан адамгершілікке кір келтіретін мінездер: әдепсіздік, жеңілтектік, екі жүзділік, көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректіктен қашанда аулақ болуымыз керек.

Қазақ ертегілерінің алғашқы зерттеулері Диваев Әбубәкір есіміммен байланысты. «Дибаев ұстанған ғылыми бағыттың ерекшелігі: ол қазақтың ертегілерін этнографиялық материал ретінде танып, ұлттық әдет ғұрыптарды, ұлттық мінез, халықтың дүниеге көзқарасын анықтауды ниет етеді. Өзі жинаған ертегілердің көбісін «этнографиялық материалдар» деген атпен жарыққа шығарып жүруі де ертегілерге қазақтың әдет-ғұрыптарымен мол анықтамалар беруі де – соның нәтижесі еді» деп жазады Тұрсынов Едіге «Қазақ фольклористикасы» кітабында.

Балаланың ой-өрісін, тілін, қиялын дамытуда ертегілердің рөлі зор. Бала естіген немесе оқыған ертегі мазмұнының мәніне ой жүгіртеді, өз түсінгенінше жеткізуге тырысады. Ертегі құрылымын, тілінің ерекшелігін сезіне отырып ондағы әр қилы оқиғаларды, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін өз қиялында өрбітеді. Ауызша бейнелі тілмен суреттеліп айтылған немесе қара сөзбен ертегі мәтініне тереңдей мән беріп, ойша талдайды, кейбір көріністерді, құлығына, қарым-қатынасына өз бағасын береді, басты, мәнді деп тапқандарын сұрыптайды, өзіндік көзқарасын білдіреді.

Баланы ертегі мазмұнындағы суреттеу, салыстыру, теңеу, ұқсату, әсірелеу сынды халықтың бейнелі тілі қызықтырады. Айтылуындағы реттілік, жүйелілік халықтың бейнелі ойлау жүйесін білдіртеді, яғни халықтың ой саралау мен сөз саптау ерекшелігін түсіндіреді. Мысалы, «Арыстан мен түлкі», «Түлкі мен тырна», «Түлкі, тасбақа, кене», «Түлкі мен бөдене» сияқты ертегілерде қулық, аңқаулық, «Күшік пен мысық», «Түлкі, қойшы, аю», «Есірік торғай» ертегілерінде мақтаншақтық, бөспелік айтылса, «Қайырымды қоян», «Қарлығаш пен дәуіт» ертегілерінде қайырымдылық, достық дәріптеледі. Қазақ халқында өз ұрпағын «жақсыдан үйреніп, жаманнан жирендіретін», балалар қызыға оқып, сүйіп тыңдайтын ертегілер көп.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет ғылымын зерттеуші ғалым А.Байтұрсынов «Ертегілердің қадірі қанша деп сұрағанда, керектінгіне қарай жауап береді. Ертегінің керек орындары:

1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.

2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

3. Бұрынғылардың сана-саңылау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе» деп айтқан болатын.

Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлеміз: а) қиял-ғажайып ертегілер; ә) хайуанаттар жайындағы ертегілер; б) тұрмыс-салт ертегілер.

Ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы, адамдардың еңбегі, тіршілік-кәсібі, күресі жайында, дүние жаратылыс, қас пен дос, неше түрлі керемет күштер туралы қиял-ғажайып ертегіәңгімелер тудырған. Олар өздерімен алысқан жауларды жеңу жолдары туралы да әр түрлі ертегілер шығарған. Оларды жалғыз көзді айдаһар, абжылан, т.б. бейнесіне алған.

Қиял-ғажайып ертегіде ертедегі адамдардың еңбек үрдісінде аңсаған оптимистік көзқарасы көрініп отырады. Ауыр еңбекті жеңілдетсек екен, жақсы шат өмірге жетсек екен деп арман қылған. Тіпті атам заманғы уақытта-ақ адам баласы әуеде ұшу мүмкіндігі жөнінде ойлаған, мұны «Ұшқыш кілем» туралы ертегі айқын дәлелдейді.

Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Олар алдына қойған мақсатына жету үшін, табиғат сырын танып-білу, тіршілік ету, жауларын жеңу үшін күреседі. Көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып ақырында мақсат-мұратына жетеді. Біртіндеп табиғат сырын ұғына бастайды. Қандай жаулары болса да талқандап жеңіп жүреді. Ертедегі адамдар өздерінің күнкөрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған және әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтік ұғым-түсініктер ойлап шығарған. Табиғат сырын, жаратылыс құбылыстарын түсіне алмаған ертедегі адамдар әрбір хайуанаттың жаратушысы, иесі бар деп ойлаған, кейбір хайуанаттарды керемет тұтып, оған табынатын болған.

Төрт түлік мал шаруа адамына, бір жағынан, көлік күші болса, екіншіден, ішетін тамақ, киетін киім еді. Сондықтан да халық төрт түлік малды, үй хайуанаттарын өзінің ертегісіне қосып, олардың қызметін даралап көрсетуге мән берген. Ертегі оқиғасын тартысы мол нақтылы сюжетке құрады. Қиял мен реалистік болмыс шындығын шебер араластыра отырып жұрт қызыға тыңдайтын кесек шығармалар тудырған. Мұны біз «Алтын сақа», «Тепең көк», «Бозінген», «жақсылық пен жамандық», т.б. ертегілерден көреміз.

«Қиял-ғажайып ертегілерінде де, - деп жазды М.Әуезов, - өзге барлық ертегілер түріндей, сатиралық ертегілер өзгеше орын алады. Қанаушылық, зорлықшыл, қаскөй күштерге қарсы арналған халықтың ащы мысқылды, аямас ажуасы бұл жөнінде де үлкен қызықты үлгілер тудырады. Тек мұндағы сатираның сықақ нысанасы да, персонажы да астарлы, өзгеше бір сындарлы болып келеді. Ел қиялынан туған ерлерге ұдайы қарсы күресетін, қас күш болып есептелетін – жалғыз көзді дию, жеті басты жалмауыз, мыстан кемпір жезтырнақ». Орыс фольклорындағы осылар тәріздес сорақы, сұмырай персонаждар туралы айта келіп Максим Горький былай деді: «Бұлардың бәрі де табиғатқа құдіреті жүретін ерекше күш иелері және өздері адамға өзгеше қас, ызалы. Осыларды кім тудырған, бұлар қалайша араласқан, бұлар кімді қорқытады, ол арасын айыру қиын, бірақ мөлшермен болжағанда жасырын білімнің қуатын билеуші осы сұмырайлар уақиғаларға араласқанда әдейі қорқыту, шошыту үшін араласатын сияқты».

Біздіңше, мұның басқа да идеялық сырлары бар. Біріншіден, халық өз ертегісіндегі ерлерін ерекше бір ақылды, айлалы әрі күшті етіп көрсету үшін олардың қарсы күресер жауын да шектен тыс керемет, сұмдық та сұмпайы, жаны сірі етіп суреттейді. Өз батырларын жалмауыздай ажал, тажалдарға қарсы қояды. Оларды оңай да осал жау етпей, жетіден басы бар, жеті күн ойласаң, ойға келмес алуан айла-амалы бар зымиян етіп көрсетеді. Олар бір басы қалғанша, денесі жеті бөлінгенше соғыс жүргізеді. Ертегі ерлері соның бәрін де жеңеді. Сөйтіп, халық өз ерлерінің жеңілмес күш екенін дәлелдейді, соған сердіреді.

Ертегілерде ерте заманнан бастап соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана-сезімі, арман-мүддесі суреттеледі де ертегінің оқығасы реалистік болмыстан алынады. Егер қиял-ғажайып немесе хайуанаттар жайындағы ертегілерде фантастика басым келіп отырса, тұрмыс-салт ертегілерінде ол өте аз кездеседі. Мұнда адамның қиялдарынан туған әңгімелерден гөрі өмірде болған, не болуға тиісті оқиғалар басты орын алады. Сондықтан тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкерлері жалғыз көзді дәу, мыстан, жеті басты жалмауыз, жезтырнақ т.б. бейнесінде емес, нақты адам бейнесінде болады және сол қарапайым адамдар жайла айтылады.

Тұрмыс-салт ертегілерінің оқиғасы ертегілерінің басты кейіпкері қарапайым адам өмірін, ісін, тұрмыс-тіршілігін, таптық, қоғамдық жайларын әлеуметтік көзқарасын суреттеуге құрылады. Халық ортасынан шыққан ертегіге басты кейіпкер болып алынған еңбек адамы арқылы баяндалады. Неше түрлі қиыншылық, кедергілерді, ауыр халдерді, аңдыған алысқан жау амалдарын жеңетін де, сөйтіп, мақсатына жететін де қарапайым адам болады.

Халықтың тұрмыс-салтына байланысты туған ертегілерде басты тақырып еңбек адамының өмірі, ісі болып келеді. Қарапайым адамды халық еретегілері қанаушы тапқа қарсы бейнеде алады, олардың ісі, ақылы, өнері, адамгершілігі хандар мен байлардан әлдеқайда артық деп суреттейді. Мұны біз көптеген ертегілерден, соның ішінде әрі көркем әрі терең идеялысы «Аяз биден» көреміз.[2]

Жүсіп Баласағұнидің “Құтты біліктің”әр сөзі, әр тарау тынысы – адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы өнегелі ойлары әр көкіректе күмбірлеп тұрғандай. Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек, ақыл-ой тәрбиесі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасқан адам ғана біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады. Адамгершілік тәрбиесі моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам даярлау сияқты тәрбиенің жалпы мақсатына бағытталады. Адамгершілік қасиетінің негізгі имандылық пен ізеттілікте. Ал сыйластық, жасы үлкенді сыйлау, сәлемдесу, үлкеннің сөзіне жөнді – жөнсіз араласпау, кісінің алдынан кесе өтпеу, көп алдына дарақыланып күлмеу, есінемеу сияқты қылықтарды жас ұрпақ санасына ақырындап сіңіру қажет. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілділікке тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Жастардың жадына “сіз” деген сыпайылық, “сен” деген анайылық, “Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені”, “Кішіпейілділіктен кішіреймейсіз”, “Құдай деген құр қалмайды” деген қағидаларды үнемі уағыздаған.[3]

Сан ғасырлар бойы халық ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге үлгелері осы уақытта дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктеренің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді.

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің білім беру мазмұнындағы орнының маңыздылығымен ерекшелігі, бір жағынан, ана тілінің оқыту үдерісінде әдеби тұрғыдан бағыт беруінде болса, екінші жағынан, баланы сөз өнеріне, адамгершілікке баули отырып, төлтума, көркем шығармаларды оқуға қызығушылықтарын тудыруында. Сондықтан да, бастауыш білім мазмұнында халық ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемдік, жанрлық, мазмұндық жағынан алатын орнын анықтаудың мәні зор болмақ.

Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық достық пен қастың адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген.

Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу – жоғарыда айтылған мінез- құлықтың дағдыларын ережелеріне үйретеді. Адамгершілікке үйретудің негізгі жолы — оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс-әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. Оқушылардың адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі. Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені, ережені есте сақтау оңай да, оны іске асыру қиын. [4]

Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады.

К.Д. Ушинский: “…шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекеті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма” деп жазған.

Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің “Бұрынғы өткен заманда”, “Баяғы өткен заманда”, “Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде” деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.

Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Олардың еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, елдік тарихы, қилы-қилы қиын қыстаулары, халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген.

Қазақ ертегілерін академик М. Әуезов үш жанрға бөледі; қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер. Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы – қиял-ғажайып ертегілері. Бұл ертегілерде табиғаттың немен тұңғиық сырларын әлі танымаған адам ойының сәбилік шақтары, соны білсем деген халық арманы, әлемді шарласам, жеті қат жер асты құпиясына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем деп армандаған халық қиялы бейнеленген.

Сол дүниеде жаңалық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік бітіспес арпалыста болады. Ертегілерде тартыс осы қарама-қарсы күштер арасында әділдік пен жауыздық, арасында өрбиді.

Қиял-ғажайып ертегілеріндегі қаскөйде аса үрейлі, жауыздығында шек жоқ жалмауыз кемпір жойқын күш иесі болып бейнеленеді. “Алтын сақа” ертегісіндегі кейіпкерлер жалмауыз кемпір бойында қандай ерен қуат бар, күнәсіз балаға деген қаскөйлігі қандай.Сақасын іліп ала қашқан балаға жете алмасын білген соң, ол бір тісін жұлып түсіреді тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі.

Қиял-ғажайып ертегілердегі мекен жайлар да сиқырлы, жұмбақ әлемі. Адам тек түсінде ғана көрерлік қиял сарайлары. Олар таңғажайып жиһазға толы. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі кейіпкерлердің ішіндегі адамға жағымсыз, сұм кейіпкерлер-мыстан кемпір, жезтырнақ, айдаһар, жалғыз көзді дию сияқты талай басқа да сиқырлы күштер бар.

Солармен қатар адамдарға дос, қиын-қыстау кезде жол табар, ажал аузынан алып қалар, адамның қаскөй күштерді жеңуіне көмектесер жанды тіршіліктер, жансыз заттар да көп кездеседі.

Сан ғасырлар бойы халық ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге үлгелері осы уақытта дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктеренің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді.

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің білім беру мазмұнындағы орнының маңыздылығымен ерекшелігі, бір жағынан, ана тілінің оқыту үдерісінде әдеби тұрғыдан бағыт беруінде болса, екінші жағынан, баланы сөз өнеріне, адамгершілікке баули отырып, төлтума, көркем шығармаларды оқуға қызығушылықтарын тудыруында. Сондықтан да, бастауыш білім мазмұнында халық ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемдік, жанрлық, мазмұндық жағынан алатын орнын анықтаудың мәні зор болмақ.


Ұлы Мұхтар Әуезов: «Біз бір кезде әдебиетті жақсы оқыған халықпыз. Әсіресе қазақ поэзиясы, дастаны және ертегісі, кешегі Абай, Ахмет, Мағжандарды қоса, осы бүгінге дейін, қазіргі тамаша ақындарымыз бар: кәрісі бар, жасы бар – солардың поэзиясын сүйіп оқып, ертегіні тыңдайтын халықпыз. Бұл біздің рухани өміріміздегі бір жетістігіміз».

Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттілік жеңеді, адам табиғатының асау сырларын біліп, амалдар қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған, қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер астына түсіп, асыл қазынаны алып, пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған. Сондықтан да ертегілерде халық қиялы, арманы, даналығы, ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар.

Ертегілердің танымдық тағылымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухомлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан.

Белгілі қазақ жазушысы академик М.Әуезов қазақ флоьклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: «Ертегі – деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, ия сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақслықты айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады. Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы, еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейірімділікті, имандылықты қалыптастыратын да», - осы.

Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең сөз түрінде де кездеседі. Қара сөзді әңгіме күйіндегі ертегілерде тақпақтап айту жиі қолданылады. Олардан «ерте-ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде» деген сияқты ұйқасымда келетін сөздерді көптеп табуға болады.

Ертегілердің, әдетте, бастаулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір кемпір мен шал болыпты т.б. деп басталады. Бұл ертегінің өзіне тән кіріспесі, алдын ала дайындалатын құлақ күйі». Олар сөйтіп мұратына мұратына жетіпті деп үнемі жақсылықпен аяқталады.[5]

Көп ертегілерде суреттелген әділдік пен жауыздық арасындағы күрес халықтың әділдікті аңсау арманынан туған. Әділдік пен адалдық жолындағы халық ортасынан шыққан қаһарман жалпы адам бақыты үшін ешбір қауіп қатерден тайынбай, үрейлі алып күштерге қарсы айқасқа түседі. Әділеттіктің жақтаушысы ретінде мерген, батыр, айлалы, ақылды адамдар бейнеленген. Олар қарапайым адамдар. Бірақ алдына қойған мақсатты биік, сондықтан да ертегілер көбіне жақсылықпен аяқталады, әділдік жақтаушысы адамның мерейі үстем болумен тынады.

Кедей, жесір кемпірдің баласы немесе әке-шешесі жоқ, өмірі кедейліктен көз ашпаған тазша өзінің ақыл-айласы, тапқырлығымен ханды, оның уәзірлерін жеңіп, ақыр аяғында хандықты не уәзірлікті өз қолына алады. Ертегінің аяғы жақсылықпен аяқталады.

Ертегінің тағы бір саласы – тұрмыс-салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбінесе елдің тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. “Түлкі мен ешкі” ертегісінде айлакер түлкі ешкіні құрығына оп-оңай түсіре қояды. Апанға абайсызда түсіп, шыға алмай шарасызданған түлкі су іздеп шөліркеп жүрген ешкіні сол апанға алдап түсіреді. Қу түлкі “ешкі мүйізіне шығып ” зытады, аңқау ешкіні алдап ұрады. Осы арқылы халық керемет ойын кемеңгерлік түйін жасаған: “Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар”,- деп аңқау жандарды сақтандырған. Ертегілерде түлкі қу, айлакер. Оқушылар ертегілердегі әрбір кейіпкерлердің жаман әдетінен аулақ болуға, жақсы кейіпкерлерге қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынады.

Сонымен қазақ ертегілерінің ең мол тараған түрі – шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегіге жиып түйген. Бұл ертегідегі кейіпкерлер күнделікті өмірдегі еңбек адамдары. Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері де көбіне нақтылы адамдар: хан, бай, молда. Шыншыл ертегілерде таптық сипат айқын. “Айлалы тазша” әңгімесінде тазша бала айла-амалмен, тапқырлық, ақылдылығымен ханнан да, оның баласынан да кек алады. Тазша жайындағы ертегілерде жауыздық иелері күлкі-ақуа етіледі, олардың зұлымдықтары әшкереленіп отырады. Тапқыр да алғыр, ақылды да айлакер тазша халықтың сүйікті қаһарманы. Халықтың сүйікті қаһарманы арқылы жауыздыққа қарсы тұрады.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі ұнамды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін балалар бойына сіңіру, ұнамсыз кейіпкерлердің жасаған зұлымдықтарынан аулақ болуға үйретеді.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ертегілер арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Сынып оқушыларын ертегілерді оқыту арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Оқу пәндерінде ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді. Бала санасына жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады.

Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В. Родлов, А.Е. Алекторов, А. Ивановский, Л. Исаков, О. Әлжанов, Р. Дүйсенбаев, М. Көпеевтер болса, кейін Э. Дидаев, Н. Пантусов, А. Мелков, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллиндер зерттеп жинақтай бастады.

Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді.

Ертегілерге үлкен мән беріп зерттеген Максим Горький “Ертегі деген нәрсе маған басқа бір өмірдің сәулесін ашқандай, сондай жақсы өмірді ойлаған, сол үшін қорықпай, еркін күресетін бір күш барлығын көрсеткендей болды”,- дейді. Бірақ, М. Горький әрі қарай бір күштің не екенін түсіндірмейді. Біздің түсінігімізше, бала ертегіні тыңдай отырып, өмірді түрлендіре алатын күш адаммен ғана байланысты, адамның өзінде екенін сезе алады. Адам ғана құдіретті күштің иесі. Сонымен қатар қазақ ертегілерінің адамды тәрбиелеуге қатысты ерекшеліктерін, соның ішінде, өмір мұратын, оған жетудің жолдарын көрсететін жақтарын алып қарастырайық.

Ертегінің құрылымын, негізгі мазмұнының бағытын қарайтын болсақ, оның басты мақсатының өзі өмір мұратына жетудің жолдарын, ол үшін қажет адамдық сапаларды көрсету екені айқын көруге болады. Ең алдымен өмір мұратына жетуге қазақтың даналықта бірінші кезекте келетін, ең басты сапа ақылдылық.

Ақылдылық ертегілерде адамдық қасиетте ең жоғары идеялық дәрежеге дейін көрінеді. “Аяз би”ертегісінде ақылдылық басты көрінісі – тапқырлық болып келеді. Ертегідегі Жаман өзінің тапқырлығының арқасында хан қызына үйленеді, хан болады. Ханның қызы Жаманға жеңгесінен гауһар тас, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді. Жаман балға мен төсті алған соң, қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөліп, тәрелкені уатып, пышақты жетесінен сындырып, гауһар тасты қақ жарып қызға беріп жібереді. Мұндағы хан қызының сыры: “Қайрақтай болып үгітілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып басы кесілгенше сыр айтпайтын кісі мына гауһар тастай қақа жарып мені алады”,- дегені еді, сол сыры “пышақтай болып басым кесілгенше айтпасын!”- деп пышақты сындырып, “қайрақтай үгілгенше”- деп қайрақты уатып, “тәрелкедей уатылғанша”- деп тәрелкені қиратып, сыр шашпаймын, гауһар тастай қақ жарып сені аламын,-деп гауһар тасты қақ бөліп, уәде беріп едім деп Жаман жауап береді.

Ертегілер өз кейіпкерлерін өмір мұратына, адам бақытының ең биік шыңына жетумен аяқталады. Ертегі балалардың ой-өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады.

Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу. Мысалы, “Ер Төстік” ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниетану көзқарасын көреміз.

Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі.

Ер Төстік”ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре, Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.

Ер Төстікте” кездесетін ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер басқа ертегілердеде бар. Кейде олардың іс-амалдары, айла-тәсілдері де өзара бір-біріне жақын. Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер – мыстан кемпір. Ол қай ертегіде болсын қастық істейді және жер жүзі халықтары ертегілеріне тән зұлымдық бейнесі. “Ер Төстік” әңгімесінің оқиғасы да басқа ертегілер тәрізді, тыңдаушыларға ауызша айтып беруге лайықты құрылған. Оқиғаның алғашқы басталуы шындық өмірде бола беретін құбылыстарша басталады. Алдағы қыстың қатаң болатындығын ерте сезген ел жылқысын алыс отарға қыстауға айдатуы, Ерназар балаларының көп жылдар келмеуі, шал-кмпірдің ашығуы- бәрі де шындық оқиғаларға ұқсайды. Бірақ мұның бәрі келешек негізгі оқиғаның кіріспесі – экспозициясы. Сюжет жүйесіндегі алғашқы байланыс — “Шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі”. Ер боп туған ұлдың есімі, ертегінің аты,әңгімеде кездесетін шындық және ғажайып оқиғалардың бір тамыры сол кер биенің төстігінде жатыр. Ертегі желісіндегі екінші байланыс – Ерназардың Сөрқұдыққа қонуы, жанынан қорқып, жалмауыз кемпірге садағының ұшын шығаратын Ер Төстіктің егеуін қалдырып кетуі. Осыдан әрі қарай оқиға шиеленісе түседі. Егер біз осыған дейінгі оқиғалар Ер Төстіктің ағаларын іздеп жатуы, айдауға жүрмеген көп жылқының күрең биенің ертуі. Ерназардың тоғыз баласына қыз іздеу, үйлендіруі бәрі де халықтың өміріне шындық өміріне жанасса, Ер Төстіктің жер астына түсуінен қиял-ғажайып оқиғалар басталады.

Жылан патшасы бапы Ет Төстікпен достасып, оны жер астының патшасы Темір ханға жұмсайды. Ертегі оқиғасы қиындай, шеленсе түседі. Темір ханға беттеген сапарында: шаужұқпас, Саққұлақ, Таусағар, Көлтауысар, Қиян-қырағы тәрізді. Жақсылық иелері болмаса, Ер Төстіктің не болары белгісіз еді. Қиын жағдайда көмектесу үшін және зұлымдық өкілдерін Ер Төстіктің жеңіп шығуы үшін енгізілген бұл эпизодтық қаһармандар, бір жағынан, ертегіге қиял-ғажайыптың сипат берсе, екінші жағынан, темір хан мен Кенде ханды қалай жеңгеніне дәлелдеме болып отыр.

Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі – Ер Төстіктің жер бетіне шығып, шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешуі болып саналады. Қандай ертегі болса да аяғы жақсылықпен бітеді. “Ер Төстік” ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке сандаған бөгет, қиындықтар кездеседі. Оның әрқайсысы – жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһарман сол бөгеттепрдің бәрін жеңіп шығады да, “барша мұратына жетеді”. Бқл барлық ертегілерге тән шешу және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін тұрақты шешім.

Сонымен қатар, “Тазшаның қырық ауыз өтірігі” ертегісінде ханның: “Қызымды мүдірместен қырық ауыз өтірік айтқан өтірікшіге беремін”,-деген хабарын естіп, талай байдың ханның қызынан дәмелі көптеген мырзалар келеді, бірде-бір қойылған шартты орындай алмайды, мұны тек тазша бала орындайды. Ол өзінің әңгімесін “мен анамның құрсағында жатқанда, тумаған атамның жылқысын бақтым” деп бастайды да, адамға таныс жанды жансыз табиғат дүниесінің барлығын қосады. Барлық әңгімесінде бір ауыз шындық қоспай, бір оқиғадан екіншісін тудыра отырып, барлық өтірік әңгімелерін тапқырлықпен айтып береді. “Бұл әңгімелерде әдейі даярлап келген екен, мен оны мүдіртейін”,- деп оқыс сұрақтар қояды. Ханның бәйтерегі қысқа шығар деген сұрағына “болса болар, түбінен ұшқан күйкентай басына кещке жетіп, қонушы еді”,-дейді, “Құдығың тайыз шығар” дейді, дегенде “болса болар, ертемен тастаған тас түбіне кешке жетуші еді” деп жауап қайырады. Тазшаның “тазша” деген аты болмаса, оның халық арасынан шыққан алғыр, ақылды, тапқыр бала екендігін көруімізге болады. Ол өзінің ақыл-өнері арқасында көптеген қиын жағдайлардан, ауыр халдерден аман есен құтылып, сан алуан сындардан мүдірмей өтеді. Ертегілердегі Ер Төстік, тазша бала, Аяз бидегі жаман арқылы, адамды ақылды жасайтын еңбек екенін көрсетуді мақсат ететіндігін көруімізге болады.

Ертегіде өмір мұратына жету үшін ең керек нәрсе адам үшін ақылдылық екені айтылса да, сол ақылдылыққа жетудің жолы еңбек деген түсінікті аз сөзбен ғана беріп отырады.

Сонда ертегінің жасаушының басты мақсаты — өмір мұратына жеткізетін ақылдылықты толық дәлелді көрсете білу ме, әлде өмірдің мәні сайып келгенде, еңбекпен ғана байланысты екенін ұғындыру ма, деген сұрақ туындайды.

Қазіргі қазақ ертегілерінің ішкі мазмұнына қарай отырып, бұл сұраққа, менің ойымша екі түрлі жауап беруге болады. Біріншіден ертегіні жасаушы – халық даналығы өмір мұратына жетудің басты жолы ақылдылық екенін бірінші кезекте, сол ақылдылықтың өзін еңбекпен байланысты екенін қысқа болса да ертегіде дәлелді міндетті түрде берілуі, ертегінің сол кездегі өмір жағдайын толық көрсете білуі.

Екіншіден, ертегіде өмір мұратына жетудегі еңбектің мәнінің жеткілікті, толық көрінбеуі, керісінше, ақылдылыққа үлкен орын берілуі, ертегі жасаушының өзі, бұл мәселеге толық жауап беруге әзір емес сияқты.

Халықтың аңыздан – аңызға тараған ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық пен ақымақтық, әділеттілік пен әділетсіздік қатар бейнеленеді. Арамдық пен жауыздық апатқа ұшырап, жеңіліп, жақсылықтың үнемі жеңіске жетуі халықтың бақытты бейбіт өмір аңсағанын көрсетеді. Ертегіні оқыту барысында қандай қиыншылық болса да, қарсы тұра білу, еңбек адамының қадірлеу биік адамгершілік қасиеттер дәріптеледі. Ана тілі сабағында ертегілерді оқыту барысында “бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді” деудің қажеті жоқ, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді, армандауға үйретеді. Оқушыларға кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде ертегілердің берер пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте айқын белгілерді көрсететін, анық, түсінікті болып келеді. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен жазылады, мазмұндалады.кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егер әртістердің орындауында фонохрестоматияны пайдаланса тіпті жақсы. Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау, өз беттерінше бақылау жасатып үйрету керек. Кейбір ертегілерді сахналап, қуыршақ жасатып сыныптан тыс жұмыстарды орындауға болады. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Ертегілердегі көркем бейнелі сөздердің, сондай-ақ оқушыға түсінуге қажет болатын сөздер мен тіркестердің кездесетіні мұғалім әр кез көңіл аударуы тиіс. Сөз мағыналарын ашып, анықтап түсіндіруде түрлі тәсіл қолдануға болады.

а) сипаттама түрде түсіндіру тәсілі бойынша сөздер семантикалық табиғатына орай қысқаша, кейде толық, жан-жақты түсіндіріледі.

ә) сөз мағыналарын анықтауда қолданылатын екінші бір өнімді жол-синонимдік тәсіл.

б) аралас анықтама – сипаттма түріндегі анықтама мен синонимдік анықтаманың аралас берілуі арқылы көрсетіледі.

Адамгершілік тәрбиесі – коммунистік тәрбиенің ең күрделі саласы. Мораль ережелерін жас өспірімдердің мінез-құлық дағдысына айналдыру, олардың рухани және дене күші қабілеттерін барлық жағынан жетілдіріп дамыту құрылыстың ең басты талабы болып саналады. Адамға қамқорлықпен қарау, өзіне де өзгеге де жоғары талап қоя білу, қоғам мен ұжым алдындағы жауапкершілікті терең түсіну сияқты сезімдер адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптасады. Қоғамда адамгершілік тәрбиесі оқушының бойына берік моральдық сезім мен өнегелі мінез дағдыларын қалыптасрыуды көздейді, жас өспірімдерді жоғары адамгершілікке тәрбиелеуде балаларға арналған көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Олар миллиондаған адамдарды жігерілендіріп, қуанышқа бөлейтін қайнар-бұлақ болып қызмет етуге, сол адамдарыдың еркін, сезімі мен ой-пікірін білдіруге, олардың идеялық жағынан баюына және адамгершілік тәрбие алуына қызмет етуге тиіс.

Көркем шығарма өзінің эмоциясының әсері арқылы балаларда адамгершілік сезімдердің қалыптасуына көмектеседі. Адамгершілік сезім адамгершілік іс-әрекеттің басты көзі. Сондықтан адамгершілік тәрбиесіне А.С. Макаренко ерекше мән берген. Жастарды нағыз мінез-құлыққа тәрбиелеу дегеніміз – олардың адамгершілік сезімін тәрбиелеу деп атап көрсеткен болатын. Көркем шығарма оқушыларға өмір сырларын образ арқылы танытып, жас өспірімдердің моральдік түсінігін қалыптасуына, баланың бойына жоғары адамгершілік сапаларының берік ұялауына ықпал етеді. Оқушыларға көркем шығарма оқуға ынталандыру жас өспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеу жұмысының маңызды буыны болып саналады.

Дүниедегі адамның жеке басынан күрделі де бай ештеңе жоқ. Оны жан-жақты дамыту адамгершілік жағынан жетілдіру – тәрбиенің мақсаты. Бұл мақсатқа жету жолы да адамның өзі сияқты күрделі.

Адамгершілік тәрбиесінің бағдарламасы дегеніміз – бейнелеп айтқанда, біздер педагогтар, адам болып шыға алатын тіршілік иесін қалыптасырып, жасап шығаратын жоба. Бұл адам жүрегінде ізгілік жасау программасы. Тәрбие программасын жасағанда оны жүзеге асыру үстінде де бүкіл адамгершілік қасиет – дүниетаным мен сенім. Тәрбие жұмыстарының программасы жас өспірім жүрегіне қоғамымыздың рухани байлықтарының қазынасы адамгершіліктің, үлгі-өнегені қайнар көзі, жарық жұлдыздары болып табылатын адамгершілік мұратын ашып көрсету керек.

Қазіргі оқу-тәрбие жұмысының өмірдің өзі алға қойып отырған өте маңызды проблемасы – адамгершілік пен білімнің, рухани мәдениет пен білімділіктің өзара байланысының проблемасы.

Теориялық білімді меңгере отырып, оқушы адамгершілік жағынан тәрбиеленеді. Егер оқыту мен тәрбиелеу проблемасы осылайша оп-оңай шешілетін болса, оның шешілуі сабақтарда алынатын білімнің мазмұны мен көмегіне байланысты болса, қазіргі адамның, әсіресе жеткіншек ұрпақтың адамгершілігі және саяси идеяларға толы екені соншалық, бұл идеяларды сенімге, жеке адамның рухани игілігіне айналдыру адамгершілік тәрбие міндеттерін шеше алады деседі.

Адамгершілік тәрбие беруге басшылық ету мектеп өмірінде әрбір тәрбиеленушінің әлдекімге қамқорлық жасап, әлдекім үшін күйіп-пісіп, мазасыздануынан, әлдекімге өз жүрегін арнауынан көрінетін бір қарағанда байқала бермейтін моральдық күш жасау деген сөз. Осы арада біз адамгершілік тәрбиенің мынадай бір қағидасына келеміз: адамды тәрбиелейтін орта жасалып, үнемі байытылып отырғандықтан ғана алдын ала ықпал жасау құралдары тиімді болады.

Адамгершілік тәрбие берудегі өте нәзік, күрделі және қиыл нәрсе — әрбір шәкірттің жолдасына жақсылық жасауына, қуаныш әкелуіне, осы жол – пәнінің творчествасында адамға деген қажеттілік – оқушының бір-біріне шынайы терең ықыласты жетелеу.

Бастауыш сыныптардың мұғалімі адамның жақсы және жаман мінез-құлқын баланың ажырата білуін күн сайын дерлік үйретіп отырады. Адамгершілік туралы түсініктер анықтама берілмесе де балаларда осылай біртіндеп қалыптасады. Балалардың істерінде адамгершілік ұғым көпшілік пайдасына, олардың қоғамдық мінез-құлқына қарап игеріледі, демек адамгершілік мінез-құлыққа дағдыланумен толықтырылып отырылады. Адамгершілік түсінік пен мінез-құлық бірлігі адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігінің негізгі көрсеткіші.

Адамгершілікке тәрбиелеудің жетістіктері, оқу-тәрбие жұмысының басқа да түрлері сияқты, көбінесе жүйелілігі мен анықталады.

Мұғалім 1-сыныпта бәрінен бұрын қайырымдылық пен әділдік туралы түсінікті қалыптастыруға баса назар аударады. Қайырымдылықты адамдарға ілтипатпен, ниеттестік пен қарау деп әділдікті өзінің және басқалардың мінез-құлқы мен пікірінде объекті түрде адамгершілікпен баға беру деп түсіну керек.

2 сыныпта оқушылар алдында қайырымдылық пен әділдік, жолдастық пен достастық ұғымдарының шеңбері ұлғая түсіп, оның үстіне ұжымдық пен ортақ іске жеке басты жауапкершілігі туралы түсініктер қалыптасады.

Төменгі сыныптарда адамгершілікке тәрбиелеу мазмұнындағы көзқарастардың кейбір қайшылықтарына қарамастан, бұл жұмыстың дәрежесі туралы әңгіме болып отырғанда олардың біртұтастығы мүлде айқындала түседі. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін орта мектепте оқып үйренген кезде, олардың адамгершілікке сенімі қалыптаса түсуі керек. Адамгершіліктің күрделі ұғымы мен категориясы бүкіл қоғамдық тарихи тәжірибені қайта өңдеуден және жете түсінуден шығуы ықтимал және ол жеке тәжірибеден алынған сияқты мораль туралы ғылымды игеру нәтижесі болып табылады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.

Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.

Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

Сондықтан адамгершілікке тәрбиелеу санасы қалыптасуына басшылық ету — демек, оқушыларды этикамен қаруландыру деген сөз. Бірақ, бұл ережелермен келісе отырып, адамгершілікке тәрбиелеу ұғымын қалыптастыру міндеті төменгі сыныптарда толық шешіле алмайды, өйткені балалар өздерінің білім дәрежесі жағынан да, өмір тәжірибесі жағынан да бұдан әзірленіп болмаған. Міне сондықтан да төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеп білім беру ең алдымен олардың адамгершілік тәрбие жағынан ұғымы болуын, адамгершілік тәрбиесін сезініп, бұл жөнінен тәжірибеде де болуын керек етеді.

Адамгершілік тәрбиесі түсінігі туралы айта отырып, оқушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі нормаларымен өмірдің айналасындағы, әдебиетті айқын мысалдар арқылы және өмірден алынған өз тәжірибесіне сүйене отырып танысады, бірақ, бұл арада түсіну сезімінің дәрежесіне тән істі талдап қорытуға байланысты болады.

Біз талдап өткен адамгершілікке тәрбиелеудің кемшіліктерін жою мектеп бағдарламаларының мазмұнында ізі қаланған тәрбие берудің мүмкіндіктерін толық және тиімді іске асыруға жағдай жасайды.







Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегілер арқылы балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу/ Б.Қ.Ахметова// Ұлттық тәрбие -2013. №4. С 41-43

  2. Ертегілер мен аңыздар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу/Б.Қабатай// Қазақстан мектебі-2008ж; №3 С. 64-67

  3. http://malimetter.kz/kazak-xalyk-ertegileri-arkyly-bastauysh-mektep-okushylaryna-adamgershilik-tarbieni-kalyptastyru-zholdary/

  4. Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер арқылы тәрбиелеу/ Э. Уайдуллақызы// Педагогика мәселелері -2011ж; №2. С. 45-47

  5. Ертегілер оқыту арқылы баланың танымдық қабілетін арттыру/ А.Р.Жакитова// Қазақстан педагогтар хабаршысы – 2015; №2 С. 67-72


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
5048
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі