«Халық комедияға неге құмар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Халық комедияға неге құмар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Комедия-көрерменнің немесе оқырманның күлкісі мен қуанышын шақыруға бағытталған өнер жанры. Автор өз бетінше өмір құбылыстарын немесе өзекті мәселелерді астарлап комедия арқылы көрсетеді. Комедия жанрындағы алғашқы фильмді 1895 жылы ағайынды Люмьерлер түсірген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Халық комедияға неге құмар

Комедия-көрерменнің немесе оқырманның күлкісі мен қуанышын шақыруға бағытталған өнер жанры. Автор өз бетінше өмір құбылыстарын немесе өзекті мәселелерді астарлап комедия арқылы көрсетеді. Комедия жанрындағы алғашқы фильмді 1895 жылы ағайынды Люмьерлер түсірген. Чарли Чаплин және Бастер Китон сияқты киногерлер бұл жанрдың дамуына өз үлестерін қосты. Олардың ізбасарлары ағайынды Маркс, Эрнст Любич және Луи де Фюнес болды. Олар комедияны бүгінгі күнге жетіп, соншалықты танымал болуына негіз жасап кеткен болатын. Бұл мақалада біз көрерменнің комедиялық фильмдерге неге құмар екеніне талдау жасамақпыз.

Комедияның негізгі мақсаты- көрерменнің күлкісін шығару болып табылады. Басқа жанрлар секілді комедия да әртүрлі жанжалдарға негізделеді. Алайда ондағы шиеленіс көбінесе күлкілі жағдайлар арқылы пайда болып күтпеген шешімдер арқылы аяқталады.

Комедиялық фильмдер адамдарға демалуға, күнделікті уайымнан алшақтауға өз септігін тигізеді. Олай болса көрерменнің комедияға құмар болуының ең бірінші себебі- демалу деп қарастырайық. Адам өзінің жеке мәселелерін ұмыту мақсатында киноға барып, комедияға кіреді. Себебі бұл жанр көруге жеңіл болғандықтан бір демде көріп, аса бір терең мағынаны іздемей-ақ, бір-екі айда бұл фильм жайлы ұмытып кетесіз.

Екіншіден, күлкі бізді бақытты етеді. Біз күлген кезде қанымызға эндорфин тарайды, яғни бақыт гормоны. Аталған гормон біздің жақсы көңіл күйімізге жауап беріп, ауырсыну мен стрессті азайтуға және бақыт сезімін арттыруға көмектеседі. Адам бақытты болған кезде оған бәрі оңай. Күлкі витамин демекші, көрермен өзіне жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында комедиялық фильмді тамашалайды.

Тағы бір себеп- экрандағы кейіпкерден өз бейнеңізді көру. Комедиялық фильмдерді бизнес көзі деп қарастырғанмен де, ондағы сюжетті өз өміріңізбен байланыстыра ойлануыңыз әбден мүмкін. Басты кейіпкердің басынан өтіп жатқан қиындық сізде де болса, фильмге деген қызығушылығыңыз оянып, соңы не болар екен деп уайымдаумен боларсыз.

Шындық өзінің ауырлығы мен күрделілігін жиі еске түсіретін әлемде комедиялар нағыз құтқарушы болып табылады. Күнделікті өмірдің түрлі күйзелістеріне бой алдырған көрермен көбінесе комедиялық фильмдерге көңіл көтеру үшін ғана емес, өзге жанрларды түсініп, қабылдағысы келмегендіктен де барады. Оның үстіне әлеуметтік желі, танымал блогерлер мен әртістерді бір толқынға жинап, өз фильмін жарнамалайтын продюсерлер мен режиссерлар да көбейіп жатыр.

Соңғы жылдары экранға шыққан қазақ фильмдерінің 90 пайызы комедия десек қателеспейміз. Халықтан сұраныс болғандықтан ба, әлде комедияның өзге жанрларға қарағанда көбірек пайда әкелетіндігінен бе режиссерлар түрлі қиялдарға ерік беріп, әртүрлі атауға ие комедиялық фильмдерді түсіруден жалығар емес. Әртүрлі атауға ие дегенмен де уақыт өткен сайын олардың сюжеті өзара ұқсас болып барады. Мәселен, 2023 жылы жарық көрген «Сен боссың» және «Аппақ келін» туындылары келін мен ене арасындағы мәселелерді қозғаса, «Маған назар аудар», «Келінжан-2», «Бөлек шығайық», «Джохан-2» сынды кинокомедиялар отбасы ішінде болатын түрлі қақтығыстарды суреттейді. Бір-бірінен тек атауымен ғана ерекшеленетін комедияларды көре-көре көрерменнің жалығары анық. Осы сәтте атақты киногер, жапондық режиссер Такеши Китаноның «Қаншалықты жақсы көретін тағамыңыз болмасын, күнделікті пайдалансаңыз, түбі бір тәбетіңіз тартпай қалады. Сол секілді бір-бірінен егіздей айнымайтын фильмдер де көрермендерді тез жалықтырады» деген сөздері ойымызға келеді. Алайда халықтың қызығушылығы қай кезде өшетінін дөп басып ешкім болжай алмайды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2024
195
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі