Халық педагогикасының бала өміріндегі маңызы
Қазақ мектептеріндегі жастарға берілмек ақыл-ой және дене, еңбек тәрбиесі халықтық моральдік қасиеттерге тәрбиелеу ісімен тығыз ұштастырылады.
Жастарды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудің бірден-бір жолы – олардың осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Ата-аналар балаларды жақсы мінез-құлыққа саналы түрде тәрбиелей отырып, қалыптасқан дағдыға , әдетке айналдыру арқылы адамгершілік қасиеттерді олардың бойына сіңіреді. Оны халықтық тәрбие дәстүрін дәріптейтін, жастарды жоғары адамгершілік қасиеттерге баулитын ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін (мақал-мәтел, жұмбақ, аңыз-әңгіме, ертегі, толғау өлеңдері, тұрмыс-салт жырлары, т.б.) пайдалана отырып іске асыруға болады.
Баланың бойына жақсы мінез-құлықтарды сіңіруде ата-ананың, отбасы мүшелері үлкендерінің жеке басының үлгі-өнегесі ерекше роль атқарады. Бала оларға қарап еліктеп өседі. Кейбір ата-ананың балаға айтар өсиеті мен күнделікті тіршіліктегі іс-әрекеті, мінез-құлқы сай келе бермейді. Балаға өтірік айтпа, ұрлық істеме, «біреудің ала жібін аттама», «кісіге қиянат жасама» дей отырып, ата-ана немесе отбасының басқа мүшелерінің өзі осы қылықтарымен айналысса, бала тәрбиесіне теріс әсер ететіні сөзсіз. Немесе отбасы үлкендері балаға дөрекілік мінез көрсетпесе, сыпайы бол деп ақыл айта тұрып, іс жүзінде баланың өзінің көзінше құрдастарымен орынсыз, дөрекі қалжыңдасатындары да болады. Кейін бала мұны қайдан үйренді деп таң қалысады. Отбасы мүшелерінің мінез-құлқы, басқалармен қарым-қатынасы – бала психологиясына тікелей әсер ететін, отбасылық тәрбиедегі бірден-бір ықпалды құбылыс. Мұны ата-ана, отбасы мүшелерінің үлкендері үнемі есінде берік сақтауы қажет. Тәрбие ісінде олардың сөзі мен іс-әрекеті арасында ешқандай алшақтық болмауы керек.
Өсиет, ақыл айту баланы адамгершілік мінез-құлыққа тәрбиелеудің негізгі құралы болып саналады. Баланың жаман әдет, жат мінездерін сөгу, оған тыйым салу әдісі де тәрбие ісінде жиі қолданылады. Халықтық тәрбие қалыптасқан дәстүр бойынша отбасы мүшелерінің бәрі бірдей баланы ұрсып сөгуге, оны өрескел қылықтардан сақтандыруға құқылы болған. Бірақ ол баланың жеке басының қасиеттерін кемсітіп, ар-намысына нұқсан келтіретіндей дөрекі болмауы керек. Баланың мінез-құлқындағы кемшіліктерді айыптауда үлкендер тарапынан ұстамдылық, сабырлылық, оның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, орынды қолданған жазалау әдістері ғана тиісті нәтижеге жеткізеді. Ал баланың мінез-құлқын тәрбиелеуде орынсыз қолданған жаза, ар-ожданына тию, кей ретте ұру баланың мінезін түземейді, оны керісінше, бұзады, ашындырады.
Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер, Байқамай көп сөйлесең, көрсетер бір «өнер», «Аңғармай сөйлеген – ауырмай өледі» деп халық текке айтпаған.
Баяндамашы: Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Жолдасова Т.К.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылы, “Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен” КММ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Халық педагогикасы
Халық педагогикасы
Халық педагогикасының бала өміріндегі маңызы
Қазақ мектептеріндегі жастарға берілмек ақыл-ой және дене, еңбек тәрбиесі халықтық моральдік қасиеттерге тәрбиелеу ісімен тығыз ұштастырылады.
Жастарды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудің бірден-бір жолы – олардың осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Ата-аналар балаларды жақсы мінез-құлыққа саналы түрде тәрбиелей отырып, қалыптасқан дағдыға , әдетке айналдыру арқылы адамгершілік қасиеттерді олардың бойына сіңіреді. Оны халықтық тәрбие дәстүрін дәріптейтін, жастарды жоғары адамгершілік қасиеттерге баулитын ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін (мақал-мәтел, жұмбақ, аңыз-әңгіме, ертегі, толғау өлеңдері, тұрмыс-салт жырлары, т.б.) пайдалана отырып іске асыруға болады.
Баланың бойына жақсы мінез-құлықтарды сіңіруде ата-ананың, отбасы мүшелері үлкендерінің жеке басының үлгі-өнегесі ерекше роль атқарады. Бала оларға қарап еліктеп өседі. Кейбір ата-ананың балаға айтар өсиеті мен күнделікті тіршіліктегі іс-әрекеті, мінез-құлқы сай келе бермейді. Балаға өтірік айтпа, ұрлық істеме, «біреудің ала жібін аттама», «кісіге қиянат жасама» дей отырып, ата-ана немесе отбасының басқа мүшелерінің өзі осы қылықтарымен айналысса, бала тәрбиесіне теріс әсер ететіні сөзсіз. Немесе отбасы үлкендері балаға дөрекілік мінез көрсетпесе, сыпайы бол деп ақыл айта тұрып, іс жүзінде баланың өзінің көзінше құрдастарымен орынсыз, дөрекі қалжыңдасатындары да болады. Кейін бала мұны қайдан үйренді деп таң қалысады. Отбасы мүшелерінің мінез-құлқы, басқалармен қарым-қатынасы – бала психологиясына тікелей әсер ететін, отбасылық тәрбиедегі бірден-бір ықпалды құбылыс. Мұны ата-ана, отбасы мүшелерінің үлкендері үнемі есінде берік сақтауы қажет. Тәрбие ісінде олардың сөзі мен іс-әрекеті арасында ешқандай алшақтық болмауы керек.
Өсиет, ақыл айту баланы адамгершілік мінез-құлыққа тәрбиелеудің негізгі құралы болып саналады. Баланың жаман әдет, жат мінездерін сөгу, оған тыйым салу әдісі де тәрбие ісінде жиі қолданылады. Халықтық тәрбие қалыптасқан дәстүр бойынша отбасы мүшелерінің бәрі бірдей баланы ұрсып сөгуге, оны өрескел қылықтардан сақтандыруға құқылы болған. Бірақ ол баланың жеке басының қасиеттерін кемсітіп, ар-намысына нұқсан келтіретіндей дөрекі болмауы керек. Баланың мінез-құлқындағы кемшіліктерді айыптауда үлкендер тарапынан ұстамдылық, сабырлылық, оның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, орынды қолданған жазалау әдістері ғана тиісті нәтижеге жеткізеді. Ал баланың мінез-құлқын тәрбиелеуде орынсыз қолданған жаза, ар-ожданына тию, кей ретте ұру баланың мінезін түземейді, оны керісінше, бұзады, ашындырады.
Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер, Байқамай көп сөйлесең, көрсетер бір «өнер», «Аңғармай сөйлеген – ауырмай өледі» деп халық текке айтпаған.
Баяндамашы: Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Жолдасова Т.К.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылы, “Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен” КММ
шағым қалдыра аласыз













