Материалдар / Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлім: 5.4Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері Сыныбы: 9 Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 9.5.4.3 халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2022
3367
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

5.4Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері

Педагогтің аты-жөні:

Қарабаева Д.Е

Күні:


Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.5.4.3 халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар халықаралық экономикалық қатынастардың даму факторларымен танысады

Кейбір оқушылар үшін:

Білім алушылар халықаралық экономикалық қатынастар – дүниежүзілік шаруашылықтың құрамдас бөлігі екенін түсінеді

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

8 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері


ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формаларын ата?

2. Сендердің ойларыңша, біздің еліміздегі және әлемдегі туристік дүрбелең немен байланысты?

3. Сыртқы сауда байланыстарының көлемі бойынша елдердің алғашқы үштігін ата?

4. Шетелдік туристерді ең көп қабылдайтын елдердің алдыңғы бестігін ата?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпен танысады.


Тапсырмалар айдарындағы 1- 2

тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма

1. Диаграмманың мәліметтері бойынша (248-сурет) халықаралық саудадағы тауар құрылымының толық сипаттамасын құрастырыңдар. Сипаттамаларыңды талдауға ұсыныңдар.


2-тапсырма: Қытай, АҚШ, Италия, Бразилия, Франция елдерінің тізімі бойынша берілген тапсырмада қандай белгілері бойынша топтастырылғанын анықтаңдар. Бұл тізімдегі артық елді көрсетіңдер.


Дескриптор: Жалпы - 4 балл

1. Диаграмманың мәліметтері бойынша (248-сурет) халықаралық саудадағы тауар құрылымының толық сипаттамасын құрастырады.

2. Қытай, АҚШ, Италия, Бразилия, Франция елдерінің тізімі бойынша берілген тапсырмада қандай белгілері бойынша топтастырылғанын анықтайды. . Бұл тізімдегі артық елді көрсетеді.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.


Pisa тапсырмасын орындатады, бақылайды, көмек көрсетеді.

Pisa-тапсырмасы (2 тапсырмадағы кестеге сүйеніп орындау қажет)

Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Қазіргі таңда көлік қызметі арқылы АҚШ және Сингапур елдері 931 млрд долл кіріс кіргізуде. Қызмет түрлері олғандықтан ол қосымша жұмыс орындарының ашылуына әкеледі. Осыған орай жылына АҚШ-на шамамен 54545 мигранттар Мексика және Бразилия елдерінен келуде.

  1. Сұрақ:

Көлік қызметі арқылы АҚШ және Сингапур елдері жылына неше кіріс кіргізуде?

А) 931 млрд долл

Б) 932 млрд долл

С) 930 млрд долл

Жауабы: А) 931 млрд долл

  1. Сұрақ:

Көлік қызметі арқылы АҚШ өзінің экономикасын жақсартады ма?

Иә жоқ

Жауабы: Иә

  1. 3. Сұрақ

  2. Берілген кескін картадан АҚШ-на мигранттардың қай елдерден келетінін сызба арқылы көрсет

Жауабы: Мексика және Бразилия елдерін белгілеп, сызба арқылы көрсетеді

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!