Халықаралық Пиза-2025
дайындық тапсырмалары
1. 2019 жылғы мәлімет бойынша
әлемдегі барлық көліктердің 10,5% Жапонияда
өндіріпті.
2
.
Автокөлік жасауда инженерлер неге үшін авария жастығын машинаның
алдыңғы жағына орналастырады?
3. 1996 жылы Қырғызстан
азаматы салмағы 857 Н болатын қарбыз өсірген. Егер қарбыздың
тығыздығын судың тығыздығымен шамалас деп қарастырсақ, онда осы
қарбыздың диаметрі шамамен қанша болған?
4. 2024 жылы көктемде
еліміздің батыс өңірінде су тасқыны болып, еліміз су апатынан
зардап шекті. Су апатының негізгі себептерінің бірі қысқы
жауын-шашынның мөлшері шамадан тыс болып, қар суының тез жиналуы
болған.
А) Күннен жерге жылу қалай
беріледі?
Б) Таза қар мен лас қардың
қайсысы тез ериді? Не үшін?
5. Атмосфераның бар болуы
Жердің табиғатына өте үлкен әсер береді. Атмосферасыз Жерде
тіршілік болмайды. Жердегі қалыпты атмосфералық қысым 760 мм.сын.
бағ. немесе 105 Па. Сұрақ. Айда Торричелли тәжірибесінің нәтижесі
қандай болар еді?
А. Жердегідей, сынап бағанасы
760 мм тең болады
В. Сынап ыдыстан
төгіледі.
С. Сынаптың бағаны
төмендейді
D. Сынаптың бағаны жоғары
болады, себебі Айдың тартылыс күші Жерден 6 есе
кем
6. Ла-Пас – Боливия елінің
астанасы – 4000 м биіктікте орналасқан. Бұл Жер бетіндегі ең биік
орналасқан астана.
1) Осы биіктіктегі қысым неге
тең?
2) Осындай қысымда картопты
пісіруге бола ма?
Кестемен
пайдаланыңдар.

7. Жылулық қозғалыс дегеніміз
молекулалар мен атомдардың хаосты қозғалысын
айтады.
Сұрақ: Ыстық және суық су
молекулаларының айырмашылығы неде?
Атомдар
санында
Молекулалар
өлшемінде
Молекулалардың қозғалыс
жылдамдығында
Молекулалардың
массасында
8.
Температуа дегеніміз дененің
немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама.
Температураны өлшейтын аспап – термометр.
Сұрақ: Неге Артиканы
зерттейтін ғалым сынап термометрге қарағанда спирт термометрді
қолдануды ұйғарады?
-
Себебі спирт термометр
дәлірек көрсеткіштерді береді
|
Иә/жоқ
|
|
|
|
2. Себебі сынаптың қатаю
температурасы спирттің қатаю температурасынан
төмен
|
Иә/жоқ
|
3. Себебі спирттің қатаю
температурасы сынаптың қатаю температурасынан
төмен
|
Иә/жоқ
|
9. Түйенің екі аптадай су
ішпеуі мүмкін екендігі белгілі. Бұл оның суды үнемді
пайдаланбайтындығымен түсіндіріледі. Түйе 40º-тық ыстықта да
терлемейді. Оның демалу жиілігі өте төмен, минутына 8 рет. Түйе өз
өркештерінен керегіне қарай су ала алады.
Булану процесі кезінде денеде
қандай өзгеріс болады?
A) Дене
қызады
B) Дене
салқындайды
C) Дененің көлемі
артады
D) Дененің ішкі энергиясы
артады
10. Темір жолдарға металл
рельстерді салғанда олардың қосылатын жерлеріне саңылаулар
қалдырылады? Неліктен?
А. Металл рельстер ыстық
күндері ұлғаяды.
В. Металл рельстер суық
күндері ұлғаяды.
С. Металл рельстер
саңылауларының арасындағы ауаның көмегімен суық күйге
ауысады.
Д. Поездер жүрген кезде металл
рельстер тербеліске ұшырайды.
11. Шалқар өзінің ескі үйін
жөндеу үшін алған ағаш кесінділері мен шегелерді және суы бар
бөтелкені көлігінде қалдырып кетіпті. Көлік күннің астында 3
сағаттай тұрғандықтан көлік іші қызып, 40℃ -қа жеткен. Көліктің
ішіндегі заттар қандай күйге ұшырайды?
Барлық заттардың температурасы бірдей
болды
|
Иә / Жоқ
|
Біраз уақыттан кейін су қайнай
бастады
|
Иә
/ Жоқ
|
Біраз уақыттан кейін шегелер ыстықтан қызара
бастады.
|
Иә
/ Жоқ
|
12. .Оқушылар тауықтың
жұмыртқасымен келесі тәжірбиелерді жасап, қорытынды жазды. Тауықтың
шикі жұмыртқасын суы бар жарты литрлік шыны ыдысқа салады. Жұмыртқа
шыны ыдыстың түбіне түседі. Жұмыртқаны алып шығып, сол суға екі
қасық ас тұз салып жақсылап араластырып, жұмыртқаны қайта салады.
Бұл кезде жұмыртқа батпайды, суда қалқып жүреді. Себебін
түсіндіріңіз?
1
3. Бұл көпшілікке
жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің жасалып
жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің
құндылығын жоймаған.
Тәжірибені өткізу
жолы:
-кең ауызды бөтелкенің аузына
сұйық майжағамыз;
-қағазды жағып, бөтелкенің
ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау барысында саусақтарыңызды
күйдіріп алмас үшін, абайлауқажет);
-қабығынан аршылған тауықтың
піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына -қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің
аузынан әлдеқайда үлкен болуытиіс);
-жанып жатқан қағаз бір
секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа белгісізғажайып тәсілмен
бөтелкенің ішінетүседі.
Сұрақ 1
.
Тәжірибенің нәтижесін
түсіндіріңіздер.
14. Суретте ішіне электр
қоңырауы салынған шыны ыдыс бейнеленген. Электр қоңырауын қосқан
кезде оның шырылдаған дауысын естуге болады. Вакуум сорғыштың
көмегімен шыны ыдыстың ішіндегі ауа
сорылады.

Шыны ыдыстың ішіндегі ауаны
сорыпалғаннан кейін, электр қоңырауының дыбысы естілеме? Өз
жауабыңызды түсіндіріңіз.
15.
Шалқар өзіне температурасы
90ºC бір шыны кофе және бір шыны 5ºC суық минералды су құйды. Екі
шыны мен сусындардың көлемдері бірдей. Шалқар отырған бөлменің
температурасы болса 20ºC шамасында болған.
Сұрақ Кофе мен минералды судың
температурасы 10 минут өткен соң кандай болуы
ықтимал?
A.
70ºCжәне10ºC
B. 90ºC және
5ºC
C. 70ºC және
25ºC
D. 20ºC
және20ºC
16. «Физикалық ғылымдар»
бөліміндегі төменгі деңгейдегі тапсырма: Суретте батарейкаға
жалғанған электр шамы көрсетілген.
Ш
ам жану үшін 1
нүкте мен 2 нүктелерге аталған заттардың қайсысын жалғау
қажет?
А) Темір шеге
В) Пластмасса қасық
С) Резеңке тілім
D) Ағаш қиындысы
1
7. 7.Тимур
Бауыржанға суретте көрсетілгендей 2 өткізгіш сымдары шығып тұрған
жабық қорапша берді.
Т
имур
Бауыржаннан қорапшаны ашпай ішінде не бар екендігін табуын сұрады.
Бауржан 2 өткізгішті суретте көрсетілгендей шам және батарейкамен
жалғады. Сол кезде шам жанды.
Қорапшада төмендегі заттардың
қайсысы болуы мүмкін?
18.
Ыстық күнде шыны құмыраның
ішіне мұздай су құйды (1-сурет). Біраз уақыттан кейін құмыраның
сыртында су тамшылары пайда болды (2-сурет). Құмыраның сыртында су
тамшыларының пайда болу үдерісін сипаттап
бер.
19. Бұршақтар темір сызғышқа
суретте көрсетілгендей маймен бекітілген. Сызғышты бір жағынан
қыздырады. Бұршақтар қандай кезекпен сызғыштан ажырай
бастайды?
А) 1; 2; 3; 4;
5;
В) 5; 4; 3; 2;
1;
С) 1; 3; 5; 4;
2
D) Барлығы бір
мезетте

20. Кемпірқосақ – аспан
күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы
оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр
жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді.
Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан
өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл,
көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Күннің
жарық шоғының түрлі түстерге жіктелуі- әр түрлі түстегі шоқтар әр
түрлі сынатынымен түсіндіріледі. Бұл жарықтың таралу жылдамдығы,
оның түсіне тәуелді екенін білдіреді.
Кемпірқосақ пайда болғанда
қандай құбылыс жүреді?
Кемпірқосақ үшін келесі
пайымдаулар дұрыс па?
|
Иә /Жоқ
|
|
|
|
Күлгінге қарағанда қызыл жарық көп
сынады
|
Иә/
Жоқ
|
Кемпірқосақтың үстіңгі жолағы қызыл, төменгі
жолағы күлгін
|
Иә
/Жоқ
|
Қызыл жарықтың таралу жылдамдығы ондағы күлгін
жарықтың таралу жылдамдығынан артық
|
Иә
/ Жоқ
|
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін
айналдыра сызыңыз
21.
Ақ жарықтың құрама
бөліктерге жіктелгендегі жолақтарды 1666 ж ағылшын физигі Исаак
Ньютон тәжірибе жүзінде анықтап, спектрлер деп атады. Ақ жарықпен
жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін
шағылдыратынына тәуелді.
Қандай жағдайда біз қара
денені көре аламыз?
A. Егер дене оған түскен
барлық жарықты жұтатын болса
B. Егер дене оған түскен қызыл
және көк түсті жұтатын болса
C. Егер дене оған түскен қызыл
және көк түсті шағылдыратын болса
D. Егер дене ақ жарықтың
барлық құрама бөліктерінен біркелкі шағылатын
болса
22.
Радиоактивтілік
— орнықсыз атом ядроларының басқа элементтер ядросына
бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену
құбылысы.
Радиақтивтік сәулелердің
өтімділігі ең жоғары сәуле?

23. Жақынан көреретін адам
кітапті өзінен 20 см аралықта көзілдіріксіз
оқиды. 
-
Жақынан көргіш адам қандай
көзілдірік тағады?
-
Адам көзіндегі
кескін?
-
Кітапты оқуға қажетті
көзілдіріктің оптикалық күшін есептеңіз?