Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Халықаралық қатынастардағы биполярлық жүйенің ыдырауы мен өзгеруі»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Дүниежүзі тарихы пәнінен «Халықаралық қатынастардағы биполярлық жүйенің ыдырауы мен өзгеруі» тақырыбындағы ашық сабақ
Жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут):
II. Үй тапсырмасын тексеру (25 минут):
«Мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары»
Жоспар:
-
Құқықтық мемлекет және оның негізгі принциптері
-
Азаматтық қоғамның қалыптасуы
1-тапсырма: «Тақырыптық түйінді сөздер» ойыны
2-тапсырма: Сөзжұмбақ «Мемлекет»
III. Жаңа сабақ (30 мин)
Жоспар:
-
Биполярлық жүйенің қалыптасуы мен күйреуі
-
Биполярлық құрылымның ыдырауы (1985-1991 жж.)
-
Бейнесабақ «Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар»
IV. Бекіту (20 мин)
1-тапсырма: Математикалық диктант
2-тапсырма: Quizizz бағдарламасында тест сұрақтарын орындау
3-тапсырма: Үш Қ әдісі
V. Бағалау (5 мин)
VI. Үйге тапсырма (3 мин)
VII. Пайдаланылған әдебиеттер (2 мин)
Пәні: Дүниежүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Халықаралық қатынастардағы биполярлық жүйенің ыдырауы мен өзгеруі
Сабақтың мақсаты: Биполярлық жүйенің пайда болуын, қалыптасуын және дамуы жөнінде мағлұмат беру
-
Білімділік: Оқушыларға әлемнің биполярлық жүйенің ыдырау себептерін түсіндіру, меңгерту;
2. Дамытушылық:Оқушыларда халықаралық қатынастар жүйесін түсіндіріп, есте сақтау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік: Заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекет жасамауға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекі кұралдары: оқулық, интерактивті тақта, плакат
Сабақтың түрі: Теориялық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Деңгейлеп, СТО технологиясы
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, аудитория тазалығына мән беру, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын қадағалау, назарларын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Тақырыбы: «Мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары»
1.Құқықтық мемлекет және оның негізгі принциптері
2.Азаматтық қоғамның қалыптасуы
1-тапсырма: «Тақырыптық түйінді сөздер» ойыны
Оқушыларға плакатта екі түрлі банка көрсетілген. Бірінші банкадағы сөздерді қарап шығып, үй тапсырмасындағы тақырыпқа байланысты сөздерді тауып екінші банкаға толтыру керек.
-
Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, билікті бөлу, конституция, декларация, үкімет, парламент, экономика, жекеменшік, демократия, саяси партия, саясат, саяси жүйе, заңдылық.
2- тапсырма. «Мемлекет» сөзжұмбақ шешу
1. Билікті мұрагерлік бойынша
өмір бойы иелену? (Монархия)
2. Билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі
болатын мемлекет? (Республика)
3. Күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекет? (Империя)
4. Президентті және Үкіметті сайлау құқығына ие заң шығарушы орган?
(Парламент)
5. Күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар
болып табылады және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие
болатын мемлекет? (Федерация)
6. Белгілі бір мақсаттарға
жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы? (Конфедерация)
7. Халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей және
өкілдік арқылы қатыса алатын мемлекет? (Демократия)
8. Саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығаратын мелекет?
(Антидемократия)
III. Жаңа сабақ (30 мин)
1.Биполярлық жүйенің қалыптасуы мен күйреуі
2.Биполярлық құрылымның ыдырауы (1991-1996 жж.)
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейiн халықаралық қатынаста пайда болған биполярлық немесе Ялта - Потсдам жүйесi екі держава - АҚШ пен КСРО ұстанымдарына сәйкес қалыптасты. Олар ірі әскери - саяси блоктар: НАТО мен Варшава шарты ұйымының (BШY) жетекшiлерi едi. Блоктық тəртiп ұйымға мүше елдердің жетекшiлерi қабылдаған шешiмнiн орындалуына кепілдік берді.
Сонымен қоса, КСРО мен АҚШ «үшiншi әлем саналатын дамушы елдерге өз ыкпалдарын жүргiздi. Бұл елдердегі экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шешімі, қайраткерлер мен саяси күштердiң билік позицияларының беріктігіне, шеттен келетін көмектер мен қол дауларға тікелей байланысты болды. Қуатты державалар үшінші әлемдегі өздері қам қорлыққа алған елдердiн сырткы саясатын айкындай отырып, бұл жағдайларды өз мүдделеріне пайдаланды.
Ялта - Потсдам жүйесiнiң биполярлығы абсолюттi болмады, қуатты қос держава халықаралық қатынастардағы барлық субъектілер мен оқиғаларды толық бақылауларына ала алмады.
АҚШ пен КСРО (НАТО мен ВШҰ) арасында қалыптасқан шиеленiстi жағдай қос тарапты бiр - бiрiне жүйелі түрде қастық әрекеттер жасауға итермеледі. Сонымен қатар олар ядролык - куштік шектеулер мен «тең деңгейдегі үрей» стратегиялық тұжырымы негiзiнде қақтығыстар мен шалғайдағы жанжалдардың үлкен соғыс каупін тудырмауын да қадағалады. 1945-1985 жылдардары биполярлык жүйенiн пайда болуы, қалыптасуы және дамуы.
Идеологиялық полярлану (екі топқа бөліну) тараптардын ымыраға келместігін қалыптастырып, стратегиялық жағдайда қарсы қоғамдық саяси жүйені түпкілікті жеңуден бас тартудың мүмкін еместігіне әкелді.
40 - жылдардың ортасынан 80 - жылдардын ортасына дейiн Ялта Потсдам тәртібі қарама - қайшылықты жағдайда болды . Бұл жағдай 1985 жылы КОКП ОК бас хатшысы болып М.С. Горбачевтың келуiмен өзгерді.
Қарама - қайшылықты биполярлық жүйе кооперациялық биполярлылық сипатқа өзгере бастады.
Кеңес мемлекетiнiң жаңа басшысы жариялаған қайта құру саясаты халықаралық қатынастар тарапынан қолдау тапты. Горбачев сыртқы саясатта Батыстың қолдауына жағатын бағыт ұстанып, өзінің «жаңа саяси көзқарастары» абстрактілі принциптерiне ұмтылды. Кеңестің жаңа көсемі КСРО - ны үшiншi әлемнен алшақтатуға бағыт ұстанды да, сол себепті ол 1991 жылы барлық одақтастарынан айырылды. Бұл бос кеңiстiкке АҚШ өз ықпалын жүргізе бастады.
Қарулану мәселелері жөнiндегi кеңес - американ диалогi қайта жалғасты. 1985-1988 жылдары кенес - американ келіссөздері жоғары деңгейде өтті. Осы басқосуларда ядролық қарулануды қысқарту мәселелері талқыланды. Келіссөздер барысында нәтижелi шешiмдерге қол жеткiзiлдi. Мысалы, 1987 жылдың желтоқсанында қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімге қол қойылып, 1988 жылдың маусымында ол күшiне енді.
Әлемдiк демократиялық қауымдастык 1989 жылы кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуын зор ыкыласпен қабылдады. Бұл аймақтары саяси жанжалдарды реттеудегі маңызды қадам деп бағаланды.
КСРО - дағы қайта құру социалистік елдерде дағдарыс туындатты.
1989 жылы социалистік жүйе ауыр дағдарысқа ұшырады. КСРО - ның стратегиялық позициясы тұйыққа тірелдi. Бұл жағдайдың шырқтау шегі
1990 жылы ГДР мен ГФР бiрiгуiнде өз мәресіне жетті. КСРО-ның қауіпсіздігі үшін болған осы маңызды қадамда М.С.Горбачев Батысқа жол бердi.
1991 жылы Өзара экономикалық көмек жөнiндегi кеңес ( СЭВ ) және ВШҰ ресми турде таратылды. Бұдан соң Шығыс Еуропа елдерінің шегаралары батысеуропалық тауарлар мен капиталдар үшiн ашык болды.
1991 жылы 8 желтоқсанда үш кеңестік республика - Беларусь, Ресей және Украинаның жетекшілері Беловеж нуында (Беларусь) өткен басқосуда КСРО өзiнiң өмір сүруін тоқтатты деп жариялап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) туралы келісімге қол қойды. 25 желтоқсанда КСРО Президенті М.С.Горбачев өзінің КСРО Президенті өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді. 26 желтоқсанда КСРО - ның Жоғарғы Кеңесінің жоғарғы палатасынын сессиясы КСРО қызметін тоқтатты деген декларация қабылдады.
Биполярлық құрылымның ыдырауы (1991-1996 жж.) КСРО - ның өздігінен ыдырауы және биполярлық жүйенің құлауы халықаралық қатынастар сипатын толығымен өзгертті.
90 - жылдардың ортасында Ресейдің (КСРО-ның мұрагерi) АҚШ-қа бәсекелес болмайтыны және халықаралық қатынастарда Батысқа қарсы тұра алмайтыны байқалды. Ұлттық мүдделеріне аса пайдалы болмаса да, Ресей олармен ынтымақтасуға ұмтылды. Ал АҚШ халықаралық саясатта өзінің негізгі бәсекелесі ретінде қарастыра бастаған Қытай, өз кезегінде, халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқаратын мүмкiндiкке ие болмады. Ал мұндай мүмкіндік 1945-1991 жылдары КСРО-да болған. Сол кезеңде Кеңес Одағы АҚШ-қа қарсы тұра алатын тең дәрежедегi қарсылас едi. Ендiгi жерде әлемде қызықты жағдай қалыптасты: АҚШ бәсекелессiз қалды. Бұл жағдай АҚШ-ты батыл сыртқы саясат жүргізуге итермеледі, ұлттық мүдделерiне қажетті артықшылықтарды пайдаланып, халықаралық тәртiптi қалыптастырды.
IV. Бекіту (20 мин):
1-тапсырма: Математикалық диктант
-
Кеңес-американ келіссөздері жоғары деңгейде откен жыл
180*10+70+30+88=1988
-
Ялта-Потсдам тәртібі қай жылы өзгерді?
(100*8)*9-(520*10)-15=1985
-
Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарылған жыл:
(150*15+750-1000)-11=1989
-
ВШҰ ресми түрде таратылған жыл:
(1000+900)+(9*10)+10-9=1991
-
АҚШ-та болған террористік акт
(20*10)*(19*10+10):20+1=2001
-
Корея түпкілікті екіге бөлінген жыл:
(80*20)+(90:3*100):10+53=1953
-
Қазіргі кезде НАТО ұйымына неше мемлекет мүше:
(2*9)*6-(6*9)+26=28
-
Германия ГДР және ГФР болып бөлінген жыл:
(70*2)*9+(30*20)+89=1949
-
КСРО алғаш рет ядролық қаруын сынаған жыл:
(60*3)*9+(20*10)+129=1949
2-тапсырма: Quizizz бағдарламасында тест сұрақтарын орындау
1. БҰҰ-ның құрылған жылы?
А. 1944 ж.
В. 1954 ж.
С. 1945 ж.
2. Кеңес - американ келіссөздері:
А. 1985-1988 жж.
В. 1988-1991 жж.
С. 1990-1995 жж.
3. КСРО ыдыраған жылы:
А. 1989 ж.
В. 1991 ж.
С. 1990 ж.
4. Солтүстік Атлантика Одағы (НАТО)
А. 1949 ж.
В. 1955 ж.
С. 1945 ж.
5. «Темірдей қатал ханым» атағын алған премьер-министр әйелді атаңыз:
А. М.Тэтчер
В. Элизавета ІІ
С. И.Ганди
6. 1945 тамыз айында АҚШ ұшақтары атом бомбасын Жапония қалалары:
А. Осака, Иокогама
В. Нагоя, Киото
С. Хиросима, Нагасаки
7. АҚШ-та ІҮ-рет қатарынан президент болып кім сайланды?
А. Рузвельт
В. Рейган
С. Трамп
8. ТМД-ға неше мемлекет мүше:
А. 15
В. 11
С. 18
9. ВШҰ –ы қай жылы құрылды:
А. 1956 ж.
В. 1991 ж.
С. 1955 ж.
10. Милитаризм дегеніміз не?
А. Президенттік билік
В. Халықтық билік
С. Әскери билік
11. КСРО-ның соңғы президентің атаңыз:
А. К.У. Черненко
В. М.С. Горбачев
С. Н.С. Хрущев
12. Қырғиқабақ соғыстың басталуы:
А. 1945-1990 жж.
В. 1946-1991 жж.
С. 1945- 1991 жж.
13. Кеңес Одағының «Темір тордың» арғы жағындағы мемлекет терминін қалыптастырған адам
А.Трумэн
В. У.Черчилль
С. А.Гитлер
14. Солтүстік Атлантика Одағы (НАТО) құрудағы басшылық рөл атқарған мемлекет
А. АҚШ
В. Германия
С. Ресей
15. КСРО-да бірінші жер серігі ұшырылды:
А. 1956 ж.
В. 1957 ж.
С. 1958 ж.
17. Варшава Шарты Ұйымына қол қойылған жыл
А. 1991 ж.
В. 1961 ж.
С. 1955 ж.
18. 1979 жылы желтоқсанда кеңес әскері енгізілген ел:
А. Чехословакия
В. Польша
С. Ауғанстан
19. КСРО-ның соңғы президентің атаңыз:
А. Сталин
В. Горбачев
С. Путин
20. Трумен доктринасы қабылданған жыл:
А. 1947 ж.
В. 1955 ж.
С. 1948 ж.
3-тапсырма: Үш Қ әдісі
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі сөздер арқылы көрсету:
Қ- қызықты
Қ-қажетті
Қ-қиын
V. Бағалау (5 мин): Сабаққа белсенді қатысып, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бағалау, нәтижесін естірту, журналға қою.
VI. Үйге тапсырма (5 мин): Халықаралық қатынастарда бірполярлы жүйенің орнауын оқып келу
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ә.Шүпеков, М.Ғұбайдуллина, М.Дәкенов. Дүниежүзі тарихы (1914-1945 жж): 10-сыныбына арналған оқулық / К.Қожахметұлы. – Алматы,2014
-
Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 11 –сыныбына арналған оқулық.
1 – Бөлім (Жоба)// http://expert.mektep.kz/ru/shop/217159-11_klass/217173-dnijezhz_tarihy_11_og_1_blm/1
https://bilimger.kz/category/dunie-zhuzi-tarihy