жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Халықаралық зерттеулерге қатысу дайындығы анықтама
«№37 мектеп – лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 -2025 оқу жылындағы «PISA – 2024» халықаралық зерттеуіне мектепішілік дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы
Анықтама
Зерттеу объектісі: 15 жастағы оқушылардың байқау тест қорытындылары
Тексеру мақсаты: Халықаралық зерттеулерге қатысу дайындығының диагностикасы
Бақылау нысаны: Тақырыптық
Тексерді: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Бақылау барысында анықталды:
2024-2025 оқу жылында «PISA - 2024» халықаралық зерттеу жұмысы 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын зерделеу мақсатында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, 15 жасқа толған оқушының оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылығы және жаратылыстану – ғылыми пәндері бойынша білім деңгейлерін саралай отырып, әлем елдерінің арасында Қазақстан Республикасының сол жастағы оқушыларның да білім жетістік деңгейі сыналатын зерттеу.
Халықаралық зерттеуге дайындық шеңберінде келесі іс шаралар өткізілді:
-
2024 жылдың қыркүйек айында «PISA халықаралық зерттеуіне» дайындық бойынша жоспар әзірленіп, бекітілді.
-
PISA халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша жауапты тұлға тағайындау туралы бұйрық шығарылды.
-
PISA халықаралық зерттеуіне қатысатын 15-16 жастағы білім алушылардың тізімі жасалып, бекітілді.
-
Жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығын қамтамасыз ететін 9-10 сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдердің мәліметтер базасы құрылды.
-
PISA халықаралық зерттеуіне дайындық қосымша сабақ кестесі жасалып, бекітілді.
-
PISA халықаралықзерттеуінің ережесі мен талаптары мұғалімдерге, оқушыларға ата-аналарға таныстырылып,талқыланды.
-
PISA зерттеуіне қатысатын оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Сенімділік күш береді», «Біз біргеміз» т.б.тренингтар жүргізілді.
-
Әр пән мұғалімдері жоспарларын құрып, дайындық жұмыстарын жүргізуде.
-
Пән мұғалімдері ОББ-ның, ҚБББ-нің әдістемелік кабинеттерінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатырған жаратылыстану-ғылыми, математикалық және оқу сауаттылықтары бойынша ZOOM арқылы оқыту, тәжірибе алмасу бағытындағы семинарларға қатысуда.
Пән мұғалімдері әр сабақ сайын PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларымен жұмыстануда. Пән мұғалімдері түрлі онлайн - тренажерлар арқылы байқау сынақтарын өткізуде. 2024 жылдың 15 қазан күні байқау сынағы жүргізілді. Байқау сынағына 50 оқушы қатысты.
Математикалық сауаттылық бағыты бойынша max балл 435 (Ғайнуллаұлы Айбар) , ең
төмен 67 балл (Тұрсын А.,Қайырғали Е.).Сонымен қатар 0 балл жинап отырған оқушыларда
бар (Өркенұлы Ғ., Серікбай Б).
Оқу сауаттылығы бағыты бойынша max балл 434 (Аликұлы А.), ең төмен 52
балл (Зиятова З.).0 балл жинаған оқушылар (Тортай М., Ұзақбай Р)
Жаратылыстану-ғылыми бойынша max балл 545 (Нұрланов Н) , ең төмен 63 балл
(Кенжебай Н), 0 балл жинап отырған оқушылар (Мұратбек Ж., Тынымбек А).
Ұсыныс:
-
Төмен балл жинап отырған оқушылармен жүйелі жұмыстар жүргізу.
-
Дайындық кезінде оқушылардың ақпараттық біліктілігін дамытуға, аналитикалық және креативті ойлау қабілетіне, ашық түрдегі сұрақтарды, пайымдау сұрақтарын пайдалануға ерекше назар аудару
-
Зерттеуге дайындық және оны өту кезеңінде балалардың психологиялық жайлылығын қамтамасыз ету.
-
PISA халықаралық зерттеуіне дайындықты жоғары деңгейде жүргізу пән мұғалімдеріне міндеттелсін.
Бақылауды жүргізген директордың
оқу ісі жөніндегі орынбасары: Тауекелов Д
Молдажарова А
![]()
Анықтаманы дайындаған директордың ОІ жөніндегі орынбасары Муханбетова Э.М.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген