Мақсаты: Оқушыларға халықтың рухани
мұрасындағы даналықтың маңызын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының
мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға адамзаттың
бойындағы асыл қасиеттер «руханилық», «даналық» ұғымдарына түсінік
беру.
Дамытушылық: Оқушыларды халық даналығымен
сусындауға, ізденімпаздық қасиеті арқылы
баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды шыншылдыққа,
әділеттілікке, даналыққа
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(Белсендіргіш тақта, жүрекше
стикерлер, топқа бөлуге арналған
көрнекіліктер, аудиожазба, бейнежазба, кітап,
дәптер, қаламдар, түрлі түсті
қағаздар)
|
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен
амандасу, өзін-өзі тану сабағының «5-Т» ережесін қайталау. Топқа
бөлу (әр топтағы конфеттердің түсіне байланысты топқа бөлу көк,
сары, жасыл түстер)
Тыныштық
сәті
Тыныштық сәті.
ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН
Мұғалім: Арқаңызды
тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір
тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға
тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып
есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға
шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен
желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін
сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз,
жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз.
Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне
жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны
иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап,
ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі,
құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,
қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің
ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді
орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында
бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты
таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның
қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға
тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді
жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт
тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс
жасауына болады).Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну
қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен
қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін
қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез
келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір
мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір
көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы
жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік.
Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті
ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық,
қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып,
күлімсіреңіз!
Қандай сезімде
болдық?
2. Үй тапсырмасын
тексеру
Ұлы тұлғалардың ұлағатты
сөздерін жазып, мағынасын
түсіндіру.
|
7
мин
|
4. Әңгімелеу.
Мәтінмен жұмыс.
«Әке өсиеті» Б.
Момышұлы
-
Әкенің баласының кемшілігін
құлағына сыбырлап айтуының сыры
неде?
-
Баланы үлкендердің ұялтпай,
қолпаштауының себебін
түсіңдіріңдер?
-
Өз үйлеріңде аталарың,
әкелерің сендерге қандай өсиет әңгіме айтып
отырады?
Бейнежазба «Бәрі өз
қолыңда»
1. Бейнежазбадан не
түсіндіңдер?
2. Шәкірттің жасаған
іс-әрекеті дұрыс болды
ма?
3. Ұстаздың бойынан қандай
қасиеттерді көре
алдық?
|
12
мин
|
5. Шығармашылық
іс-әрекет, топтық жұмыс
1-топ. «Білекті бірді жығар,
білімді мыңды жығар» тақырыбына эссе жазыңдар.
2-топ. «Халықтың рухани мұрасы –
даналық көзі» тақырыбына өлең құрастыру.
3-топ. «Халықтың рухани мұрасы –
даналық көзі» тақырыбына сурет
салу.
|
10 мин
|
6. Топпен ән
айту
Жақсы адамдар (Жұматай
Оспанұлы)
Сендер аман болыңдар жақсы
адамдар
Жақсы адамға қосылмас басқа
балдар
Табаныңның астымда жатар
әлі,
Пенделіктен өресі
аспағандар.
Жақсы адамдар, жақсы
адамдар,
Сендер аман болыңдар, жақсы
адамдар
Жақсы көрем сендерді жақсы
адамдар,
Жүрегіңде өйткені әппақ ар
бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән
бар,
Күйіп кетсін көре алмас
патшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы
адамдар,
Күйіп кетсін кетсін көре алмас
патшағарлар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән
бар,
Күйіп кетсін көре алмас
пәтшағарлар.
Сендер аман болыңдар жақсы
адамдар,
Қарап өссін сендерге басқа
жандар.
Жақсы адамдар, жақсы
адамдар,
Қарап өссін сендерге басқа
жандар.
|
3 мин
|