400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халықтың үніне айналу –менің ең үлкен арманым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Журналистика – ол болашақтың кілті , Жарқын болашақтың бастауы. Үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық және xалықпен қоғам ортасындағы алтын көпір. Қазіргі таңда ақпараттың рөлі өте маңызды. Әлеуметтік желі дамыған сайын жалған ақпараттар да көбейе түседі. Осындай кезде қоғамға сауатты білімді журналистер керек екенін түсініп осы мамандықты таңдадым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен, Хайрат ұлы Ахжархын, Монғолия мемлекетінен тарихи отанымды, атамекенімді, аңсап келген жас ұланмын. Қазіргі таңда бала күнгі арманымды орындауға ұмтылып, білім алып жүрмін. Бала күннен теледидар алдында отырып, тележүргізуші Бейсен Құрманбек журналист ағамыздың жүргізген бағдарламаларын көріп, сол кісіге еліктеп журналист болғым келген . Ол кезде бұл арманым бұлыңғыр еді, ал қазір атамекенде болған соң арманымның орындалатынына нық сенімдімін.

Неге журналист болуды таңдадың, ол мамандықтың қандай сыры сені қызықтырған?, деп ойласаңыз. Ол – мәртебелі мамандық, журналист өтірік ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Халыққа жақын қарапайым адамдардың мәселесін көтеретін, еліне отанға деп шынайы жаны ашыйтын, әділдікті талап ететін мамандық . Мен де осындай жанашыр жан болғым келеді. Қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді шешіп , оқйғаны шынайы жеткізіп, Халықтың үніне айналу –менің ең үлкен арманым.

Журналистика – ол болашақтың кілті , Жарқын болашақтың бастауы.

Үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық және xалықпен қоғам ортасындағы алтын көпір. Қазіргі таңда ақпараттың рөлі өте маңызды. Әлеуметтік желі дамыған сайын жалған ақпараттар да көбейе түседі. Осындай кезде қоғамға сауатты білімді журналистер керек екенін түсініп осы мамандықты таңдадым

Мен өнерге спортқа және поэзия кино әлеміне жақынмын, сонымен қатар өз өмірімде белгілі бір жетістікке жетіп, Қазақ елінің атын шығарған адамдардың әңгімелері мені ерекше қызықтырады.

Болашақта мәдениет пен жастар тақырыбында журналистік жұмыстар атарып, елге пайдамды тигізсем деймін.

Әрине, сондай білімді маман иесі болу үшін таңдаған университет өте маңызды. Ал Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті еліміздің астанасында орналасқандықтан көптеген мүмкіндіктерге ие. Және сапалы білімімен, тұрақты дамушы ортасымен мені өзіне тартады, терең білім алып, білікті маман болу үшін осы университетке түскім келеді

Бұл оқу орны менің болашағыма үлкен мүмкіндік береді. Мұнда тәжірибелі ұстаздардан білім алып өзімді дамытқым, отаныма, еліме пайда тигізер, ұлттық журналистика саласыны дамуына өзіндік үлесімді қосқым келеді.

Журналистика – менің жүрек қалауым. Бұл мамандық арқылы қоғамға пайдамды тигізіп елге қызмет еткім келеді. Алға қойған мақсаттарыма жету үшін көп еңбектеніп, өзімді дамытуға дайынмын.

Болашақта xалыққа адал қызмет етіп, шындықты шырылдатып қозғайтын “Жарқын” журналист бола алатыныма сенімдімін.


Хайрат Ахжархын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушысы,

Жетекшісі; аға оқытушы Наралиева Рахила Турсыновна.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
41
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі