Меруерт Айменова,
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Бесарық ауылы
Ж.Қыдыров атындағы №54 орта мектеп
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 550 ЖЫЛ
Сабақтың тақырыбы: «Хан көтерген ел едік, ер ұланын»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға , өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Түрі: Пікіралмасу
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар
Мұғалім
сөзі: Армысыздар
бүгінгі «Хан көтерген ел едік, ер
ұланын» атты ашық тәрбие сағатына
келген апайлар мен ағайлар!
Тарих – ұлы әлем. Ұлы әлем
өзінің ұлы құндылықтарымен ерекшеленеді. Ұлы әлемнің ұлы
құндылықтары – оның тарихи мұрасы.
1465 жылдары Керей мен Жәнібек
Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің
арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені
тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы
оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының
іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, оданкейінтағдыр сан
түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз бен ар – ожданымыз
табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп
мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550
жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз
деп қабыл алыңыздар.
Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске
салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан
халқыАссамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70
жылдығын атап өтеміз деді.
Осы тарихи оқиға ға байланысты 5a сыныбында «Хан көтерген ел едік, ер ұланын» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
-
жүргізуші: Керей мен Жәнібек бабаларымызды ертеңгі қазақ халқының тағдыры алаңдатқан. Дос болғанға құшақ ашар туыстай, қас болғанға қиып түсер қылыштай болған қазақ аталарымыз ер жүректі, батыр, салт-дәстүрімізге сай қонақжай болған.
Сіздердің назарларыңызға «Әз Жәнібек хан» атты бейне баян ұсынамыз.
2 жүргізуші: Мұхит Жақсылықұлының өлең жолдары: «Қазақ мемлекетіне 550 жыл»
Оқушы: Әмір Динара
Ұлы боп көк тәңірдің саналатын
Орындап сол тәңірдің аманатын
Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,
Бумын құрған Түріктің қағанатын
Жауларын айбарымен алжастырған
Бумын ісін істемес жалғастырған
Тоз тоз болған халықтың басын қосып
Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған
Армандап Түрік елін бай болсын деп
Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп
Халқының киімі көк, қарыны тоқ,
Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп
Сол үшін ұзақ түндер ұйқтамаған,
Қара бастың қамын еш құнттамаған
Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер
Жорықтарда тамшы су ұрттамаған
Түрік жұрты осылай өсіп – өнген,
Ынтымағы жарасып жауды жеңген.
Билік- таққа таласқан аға –бауыр,
Ақыры Қағанатты екі бөлген.
Оқушы. Ерболқызы Гүлназ
Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,
Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.
Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,
Ру –тайпа өзінше хандық құрған.
Айрылып айбынды түр келбетінде
Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.
Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,
Қалалар Отырардай жер бетінен.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.
Жәнібек,Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді Қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында,
Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында
-
жүргізуші: Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке қашпасын деп,
Еліміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болмақ.
2 жүргізуші: Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Көрініс. «Сұлтандар
кеңесі»
Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат
құруда, үйге бір топ ақсүйектер
кіреді
- Ассалаумағалейкум,
ағалар.
- Уағалейкумсалам,
төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды
мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан -
екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз,
батырларды қудалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге
мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме
екен?
Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына
жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз
алдымызға ел болатын күн
келді.
Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт
келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп
сенемін.
Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған
жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз
дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір
әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы
одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ
қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп
барып, Ұлы жүзбен
бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті.
Біз сіздермен
біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз.
Өзінің бір бата
беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла
қолдасын,
Жаманшылық
болмасын.
Кетірмесін тұлпарыңның
тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның
қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы
алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар
зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен
танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен
жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің
арымай,
Отбасыңмен аман - есен
табысқын.
Әумин.
Автор:
Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200
мың адам Жетісуға бет алды.Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына
құлақ түрсек.
Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан
Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде
Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы
Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан
кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас
тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар
тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап
алды.»
М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты
Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп
мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға
оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын
Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы
бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі
Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне
жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп
аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады.
Бәрін де Алла
біледі.»
870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465
- 1466 жылдары.
1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасындағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды. Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды. Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
-
жүргізуші: Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,
Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.
Бұның бәрі дұрыс болмас түсінгің,
Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!
Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын Ізетілла Ақерке
-
жүргізуші: Арманы жүзеге асып бабалардың,
Рухы асқақтады даналардың.
Есімі қайта қауышты ұрпағымен ,
Нақақтан шәйіт болған ағалардың.
Би «Шашу»
1 жүргізуші: Аманаты Абылайдың орындалды,
Әлемге қазақ елі мойындалды.
Тілі іні, дәстүрі халқымыздың,
Төрінен лайықты орын алды
Ән: «Қазақ елі» орындайтын Шәріпова Айым
2 жүргізуші: Өркендеп алға басты Қазақстан,
Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.
Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,
Санасатын болды енді дос пен дұшпан.
-
жүргізуші: Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы
Екі жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздік қасиетті туы желбіресін,
күніміз мәңгі сөнбесін! Қазақ елі жасасын!
Хор: «Атамекен»
Қорытынды: Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Хан көтерген ел едік, ер ұланын»

шағым қалдыра аласыз