КЕЛІСІЛДІ
№12 «Байтерек»
бөбекжай
әдіскері
Г.Баекенова
2015 жыл «___»
___________
«Хан сарайындағы Аналар
мерекесі»
(ересектер «Қарлығаш» тобының
ертеңгілігі)
Тәрбиеші:
А.Солтанбекова
Талдықорған
қаласы
Өтенай ауылы
2015-2016ж
Жоспар:
1.Жүргізушінің
сөзі
2.Уәзірдің
сөзі
3.Алтыншаштың
шығуы
4.Ән: «Ақ
мамам»
5. Анасының
келуі
6.Тақпақтар
7.Жүргізушінің
сөзі
8.Анасының
сөзі
9. Би:
«Батырлар»
10.Ойын «Тары мен бұршақ
жинау»
11. Би:
«Танго»
12.Жапырықты
жинау
13.Жүргізушінің
сөзі
14.Алтыншаштың
сөзі
15.Анасының
сөзі
16. Ән: «Мен бақытты
баламын»
17. Көктемнің
келуі
18.Көктемнің құтықтау
сөзі
19. Би:
«Күншуақтар»
20.Жүргізушінің
сөзі
21.Ән:
«Көктем»
22.Ханзаданың
келуі
23.Алтыншаштың
сөзі
24.Жүргізіуші
сөзі
25.Тақпақтар
26.Жүргізуші
сөзі
27.Сиқыршының
келуі
28.Жүргізуші
сөзі
29.Ойын: «Кім
жылдам»
30. Ән:
«Әже!»
31.Жүргізуші
сөзі
32.Тақпақтар
33.Ұлдардың
тілектері
34.Жүргізуші
сөзі
35. Күймені алып
келуі
36.Балалардың аналарына
сыйлықтар беруі
37. Ән: «Гүл
көбелек»
38. Жүргізушінің аяқтау
сөзі
Залдың іші мерекеге сәйкес
безендірілген.Әсем музыка әуенімен балалар залға кіріп,жартылай
дөңгеленіп отырады.
Жүргізуші:-Сәлеметсіздер ме,құрметті
қонақтар,аналар! Сіздерді көктемнің күніндей жарқын аналар
мерекесімен құтықтаймын.Мерекемізді сиқырлы ертегімен бастаймыз!
Ерте, ерте, ертеде Алтыншаш атты бір әдемі қыз өмір
сүріпті.
Оның сұлулығы сондай аспанда
ұшқан құс та,жерде жүрген жануарлар да таңқалғандай екен.Бір күні
Алтыншаш мынандай бір керемет жаңалық
естиді.
( музыка әуенімен Уәзір
келеді)
1-Уәзір: Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!
Қызықтан құр қалмаңыздар!
2-Уәзір: Бүгін хан сарайында үлкен
мереке,аналар мерекесі болады.Мерекеге
жиналыңыздар!
(Орнынан Алтыншаш тұрады да
қуанады)
Алтыншаш: Алақай!Алақай!Мереке!Менің
де барғым келеді.Мен мерекені жақсы
көремін.
Жүргізуші: Бұл жаңалықты естіген
Алтыншаштың өгей анасы, екі қызымен мерекеге бару үшін
дайындалып,аналар мерекесіне арнап былай ән
салыпты.
Ән: Ақ
мамам
Жүргізуші: Әнді естіген Алтыншаш өгей
анасы мен әпкелеріне келеді.
Алтыншаш: Апа,Апа! Менің де мерекеге
баруыма бола ма?
Жүргізуші: Алтыншаш сен мерекеге бармас
бұрын балалардың тақпақтарын тыңдайық.
Аялаған, баптаған, Ерлік еткен
біз үшін,
Асыраған сақтаған, Еңбек еткен
біз үшін,
Сақтандырып күнде еппен,
Еркелеткен біздерді.
Айтып бәрін үйреткен.
Еркіндеткен біздерді
Аналарға мың алғыс. Аналарға
мың алғыс.
Адал бол деп болдырған,
Көзімді ашып өмірге,
Әділдікке баулыған. Алып
келген анашым,
Жүрегінде махаббат, Ақ періште
көңілге.
Тілегінде мархабат. Жарық
берген анашым.
Аналарға мың
алғыс.
Аналарды
сүйеміз,
Сөзін ойға
түйеміз.
Әжемді де
құрметтеп,
Әдеппен бас
иеміз.
Жүргізуші: Рахмееет балалар орындарыңа
отыра ғойыңдар!
Өгей
анасы: Әрине болады,қызым!Бірақ
алдымен мына тары мен бұршақты екі ыдысқа бөліп қой,мына
жапырақтарды кептіріп жинап қой және естідің ғой әпкелерің қалай ән
салады,сен де солай бір әдемі ән дайында!Осы тапсырмаларды аяқтаған
соң,мереке баруыңа болады!
Қыздары: Апа біз мерекеге тездетіп
барайық!Кешігіп қалатын болдық!
Өгей
анасы: Қане,
тезтетейік!
( Өгей анасы екі қызымен
орындарына барып отырады)
Жүргізуші: Осылай Алтыншаш өгей
анасының берген тапсырмаларын қалай орындаймын деп отырғанда
көмекке Батырлар келеді.
Би:
«Батырлар»
Алтыншаш: Менің батырларым!Маған тары
мен бұршақты бөлуге көмектесесіңдер ме?
Батырлар: Әрине
көмектесеміз!
Ойын: «Тары мен бұршақ
жинау»
Алтыншаш: Рахмет кішкентай
батырларым!
Жүргізуші: Алтыншаштың енді жапырақ
жинауға кіріскенін көрген Кыздар мен ұлдар көмекке
келеді.
Би:
«Танго»
Алтыншаш : Менің достарым ! Маған
жапырақ жинауға көмектесесіңдерме?
Ұлдар,
Қыздар: Әрине
көмектесеміз!
(Жапырықты
жинауы)
Жүргізуші: Осы кезде аяқ астынан боран
соғып, жолдан адасқан өгей ана екі қызымен Алтыншашқа қайтып
келеді.
Алтыншаш: Апатай!
Тапсырмаларыңыздың бәрін
орындаймын. Бірақ әлі әнімді дайындаған
жоқпын.
Өгей
анасы: Жарайсың қызым! Ал ән айтқанға
біз саған көмектесеміз!
Ән: «Мен бақытты
баламын»
(Ән бітісімен ортаға Көктем
келеді)
Көктем: Бұл не деген сиқырлы әуен!
Қандай тамаша ән! Әнді айтқан кім?
Өгей
ана: Бұл Алтыншаш! Мерекеге
баруға дайындалып жатыр!
Көктем: Олай болса, мен де сендерге
көмектесейін, менің қыздарым сендерге жол
көрсетеді.
Би:
«Күншуақтар»
Жүргізуші: Ай десе аузы бар, күн десе
көзі бар Алтыншаш, анасы мен әпкелерімен хан сарайына жеткенін
байқамай да қалыпты!Сарай алдында қонақтарды қарсы
алыпты!
Ән:
«Көктем»
(Сарай ішінен Ханзада
шығады)
Ханзада: Қош келдіңіздер, қадірлі
қонақтар! Төрлетіңіздер! Менің сарайымның қадірлі қонағы
болыңыздар!
Алтыншаш:Рахмет сізге ханзада! Мынадай
керемет патша сарайында,тамаша мерекеге келгеніме өте
қуаныштымын!
Ханзада: Бүгінгі күн сиқырлы күн!Сіз не
тілесеңіз, мен бәрін орындаймын.
Алтыншаш: Менің тілегім, осы мерекеге
арнап тақпақтар айтылсын
Жүргізуші: Олай болса Алтыншаштың тілегін
орындап балалардың тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтар:
Көзімді ашып өмірге, Ақ
жүрекке сақтаған,
Алып келген анашым. Жарқын
күлкің бақ маған,
Ақ періште көңілге, Ақ
бетіңнен сүйейін.
Жарық берген анашым.
Келші,келші ақ мамам.
Жақсы көрем күлкіңді, Бала,
бала, бала деп,
Айналайын ақ мамам. Мені
өсірген анашым.
Менің мамам сүйкімді, Гүлге
толсын құшағың,
Бәрінен де жақсы адам. Бақытты
бол анашым.
Жүргізуші: Рахмееет! Кәне орындарыңа
отыра ғойыңдар! Алтыншаш сұлудың тілегін орындадыңдар! Бұл не
сиқырлы әуен? Кім келе жатқан?
(Музыка әуенімен Сиқыршы
келеді)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, асыл
аналар!Ханзада , Алтыншаш! Мерекелеріңіз құтты болсын! Мерекеге
арнап мен сіздерге бір тамаша ойын ала
келдыім!
Жүргізуші: Сиқыршы ол қандай
ойын?
Сиқыршы: Ойынды мен балалардың
аналарымен ойнағым келіп тұр.Құрметті ата –аналар өздеріңіздің
балаларыңыздың кішкентай кездерінде қалай орағандарыңызды еске
түсірейік қалай ойнайсыздар ма?
Жүргізуші: Арине ойнайды! Құрметті
ата-аналар қане бір ұлдың бір қыздың анасы ортаға
шықса.
Ойын: «Кім
жылдам»
Сиқыршы: Алтыншаш сенің тағы қандай
тілегің бар?
Алтыншаш: Менің тағы бір тілегім
Әжелерге арнап әнен шашу шашылсын!
Ән :
«Әже!»
Жүргізуші:Алтыншаш біздің балалар әнен
басқа тақпақтарда дайындап келіпті Аналар мерекесіне
арнап.
Тақпақтар:
Мейірімді бұл кісі, Үлкен-кіші
әркімде,
Қандай ғажап күлкісі. Әже де
бар, ана бар,
Қуанатын балаша, Аналарды әр
күнде.
Апам менің тамаша. Қуантса
екен балалар.
Мамам менің ақ мамам,
Мәпелейсін мені анам,
Менсіз таңы атпаған. Қолыңдағы
құсыңдай,
Сенсіз күні батпаған, Құлпыра
өсіп дем алам.
Мен ұйықтамай жатпаған.
Құшағыңда қысылмай.
Әнін маған
жаттаған,
Жүргізуші:Алтыншаш,Ханзада ұлдарымыз
аналарына арнап жылы лебіздерін айтқылары келіп
тұр.
Алтыншаш: Арине
айтсын!
-Ана мен үшін ең жақын
жан:
-Ана сен ең аяулы
жагсың:
-Ана деген қуанышы
көңілдің:
-Ана деген әрбір үйдің
жылуы:
-Ана деген мөлдір жандар
бұлақта:
-Ақ сүтінді ақтап өтем
анашым:
-Анашым құдіретіне
табынам:
-Анашым
қартаймашы:
-Ана мен үшін сен
ыстықсың:
-Анашым ешқашан
ауырмашы:
-Түн ұйқысын төрт
бөлген
-Анамызға мың
алғыс
-Еркелесен
күлімдейтін
-Құлыншағым , күнім
дейтін.
-Қатем болса
кешірген
-Анашым сен барда мен
бақыттымын!
Жүргізуші:Рахмет ұлдар! Аналарыңа жақсы
сөздер айтыңдар.
Сиқыршы: Мен де бүгінгі мереге
сиқыршылар елінен,Ғажайып күйме ала
келдім!
(Музыка әуенімен ортаға
«Күймені» алып келеді)
Жүргізуші: Міне тамаша! Сиқыршы мерекеге
арнап, аналарға арнап сыйлықтар алып келіпті. Ал қазір балалар,
сыйлықтарыңды аналарыңа апарып сыйлауларыңа
болады.
(Музыка әуенімен балалар
сыйлықтарын аналарына сыйлайды)
Жүргізуші: Ана тойы
бүгіннен,
Көктем болып
гүлденген.
Мерекеде
анамызды,
Құттықтайық
әнменен!
Құрметті ата-аналар Көктеміміз
құр көл келмепті өзінің кішкентай көбелегімен ән шашуын ала
келіпті.
Ән: «Гүл
Көбелек»
Жүргізуші: Құрметті аналар! Осымен
аналар күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Құрметті ата-аналар
мерекелеріңіз құтты болсын.
Соңы: