Тақырыбы: «Ханға шипа болған-қазтамақ» ертегіні сахналау
Мақсаты:
Тәрбиелік: Бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсетуге , әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілетін дамыту.
Білімділік: Қазтамақ гүлдері мен оны күтудің ережелерімен таныстыру. Гүлдердің құрылысын білу, қазтамақ гүлінің бірнеше емдік қасиетіне тәжірибе жасау. Бөлме гүлдеріне қамқорлық.
Әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, әңгіме, сахналау.
Керекті құралдар: Ханның , емшінің, дәрігердің костюмін киген балалар, зал ертегі желісімен жабдықталған, интерактивті тақта, слайд, видео.
Биылғы қазақ хандығына 550 жылдығына орай «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілерінің көрінісі: «Ханға шипа болған-қазтамақ»
Автор- Карина: (музыка жәй ойнап тұрады) Ерте, ерте, ертеде өткен бір заманда, қазақ атты ұлы елде, Диас атты хан болыпты. Хан өте ақылды, әділ жан болыпты. Ол бірде ауырып қалады.
Ханның қыздары: Нармин мен Салтанат (әкелерінің терін сүртіп, желдетіп отырады) Автор- Карина: Оны емдеуге әртүрлі жерден емшілер мен дәрігерлер келеді.
Дәрігерлер: Айдар мен Мансур: (денесін тыңдап, ем жасап, бастарын шайқайды) «Ауруы асқынып кеткен, ота жасамаса болмайды»-деп кетіп қалады.
Автор- Карина: Ал ешқайсысының емі қонбай, күннен-күнге әлсірей береді. «Егерде мені емдеп, аурудан айықтырса, сол адамға өз тағымды беремін»-деп жар салады. Сол хабарды естіген бойда Хромтау шаһарында, әдемі әсем гүл саябағы бар, бағбан Альбина апай хан еліне жинала бастайды. Ай өтеді, күн өтеді, бірнеше күннен соң Альбина апайда жетеді. Қасына шәкірттерін ерітіп, қолында гүлі, ханның жанына келіп.
Емші-Альбина: (Жер ұшық береді) Амансың ба, балам, сені ауырып қалды деген соң, сонау Хромтау шаһарынан келдім. Кәне көрейін қай жерің аурады? (ханның тамырын басып көреді). Ай, балам-ай! Қазір-ақ сені емдеп жазамын. Бізге қазтамақ атты ғажайып гүл көмектеседі. Сенде қан қысымы көтерілген екен. Қазтамақтың бір жапырағын алып, сол қолдың тамырына 20 минут жапсырамын, сонда қан қысымың реттеледі. Осы емдік қасиетті бірнеше рет қайталауымыз керек. (бірнеше уақыт өтіп, музыкамен)
Хан-Диас: (маңдайының терін сүртіп) Ой жаным-ай, жаңа кірді ғой. Рахмет апай, тағы да басқа емдік қасиеті барма бұл шөптің?
Емші-Альбина: Өзіме еріп келген, менің шәкірттерім бар солар айта қойсын.
Шәкірті-Алижан: (қазтамақ шырынын көрсетіп тұрып) Суық, тұмау тигенде қазтамақ жапырақтарының шырынын 2-3 тамшыдан күніне 2-рет мұрынға тамызу қажет.
Шәкірті-Әлім: (қолына жапырақты алып) Құлақ шаншып ауырғанда жапырақты жұмсартып, түтікше орап, құлаққа салу керек. (Ескерту: құлақта қалып қоймай, суырып алу үшін жапырақты бір қабат дәкемен орап, дәкенің ұшын ұзындау етіп қойыңыз!)
Шәкірті-Алдияр: (қазтамақ жапырағын көрсетеді) Тіс ауырғанда да, жапырағын ауырған тіске қойып, басылғанша ұстау керек.
Емші-Альбина: Міне естідің ғой қазтамақтың қасиетін.
Автор- Карина: Емшінің ем-домына, тапқырлығына, шипасына риза болған хан.
Хан-Диас: (емшіге тағын ұсынады) Енді өзім уәде еткендей, өз орнымды сізге босатамын.
Емші-Альбина: (ризашылығын білдіріп) Ой балам, қазақ атты ұлы елді біріктіріп, осы уақытқа дейін басын қосып келесің, менің күшімде, шамамда жетпес. Ниетіңе, әділдігіңе рахмет!
Автор- Карина: Хан елінде бірнеше күн қонақ болып, сый-сияпатымен еліне, өз шаһарына оралады. Осы оқиғадан кейін, әр отбасында қазтамақ гүлі терезе алдынан орын алыпты. Ролдерде ойнағандар: Хан-Диас, емші-Альбина, шәкірттері: Алижан, Әлім, Алдияр, ханның қыздары: Нармин мен Салтанат, дәрігерлер: Айдар мен Мансур, автор- Карина .
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ханға шипа болған-қазтамақ» ертегіні сахналау
«Ханға шипа болған-қазтамақ» ертегіні сахналау
Тақырыбы: «Ханға шипа болған-қазтамақ» ертегіні сахналау
Мақсаты:
Тәрбиелік: Бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсетуге , әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілетін дамыту.
Білімділік: Қазтамақ гүлдері мен оны күтудің ережелерімен таныстыру. Гүлдердің құрылысын білу, қазтамақ гүлінің бірнеше емдік қасиетіне тәжірибе жасау. Бөлме гүлдеріне қамқорлық.
Әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, әңгіме, сахналау.
Керекті құралдар: Ханның , емшінің, дәрігердің костюмін киген балалар, зал ертегі желісімен жабдықталған, интерактивті тақта, слайд, видео.
Биылғы қазақ хандығына 550 жылдығына орай «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілерінің көрінісі: «Ханға шипа болған-қазтамақ»
Автор- Карина: (музыка жәй ойнап тұрады) Ерте, ерте, ертеде өткен бір заманда, қазақ атты ұлы елде, Диас атты хан болыпты. Хан өте ақылды, әділ жан болыпты. Ол бірде ауырып қалады.
Ханның қыздары: Нармин мен Салтанат (әкелерінің терін сүртіп, желдетіп отырады) Автор- Карина: Оны емдеуге әртүрлі жерден емшілер мен дәрігерлер келеді.
Дәрігерлер: Айдар мен Мансур: (денесін тыңдап, ем жасап, бастарын шайқайды) «Ауруы асқынып кеткен, ота жасамаса болмайды»-деп кетіп қалады.
Автор- Карина: Ал ешқайсысының емі қонбай, күннен-күнге әлсірей береді. «Егерде мені емдеп, аурудан айықтырса, сол адамға өз тағымды беремін»-деп жар салады. Сол хабарды естіген бойда Хромтау шаһарында, әдемі әсем гүл саябағы бар, бағбан Альбина апай хан еліне жинала бастайды. Ай өтеді, күн өтеді, бірнеше күннен соң Альбина апайда жетеді. Қасына шәкірттерін ерітіп, қолында гүлі, ханның жанына келіп.
Емші-Альбина: (Жер ұшық береді) Амансың ба, балам, сені ауырып қалды деген соң, сонау Хромтау шаһарынан келдім. Кәне көрейін қай жерің аурады? (ханның тамырын басып көреді). Ай, балам-ай! Қазір-ақ сені емдеп жазамын. Бізге қазтамақ атты ғажайып гүл көмектеседі. Сенде қан қысымы көтерілген екен. Қазтамақтың бір жапырағын алып, сол қолдың тамырына 20 минут жапсырамын, сонда қан қысымың реттеледі. Осы емдік қасиетті бірнеше рет қайталауымыз керек. (бірнеше уақыт өтіп, музыкамен)
Хан-Диас: (маңдайының терін сүртіп) Ой жаным-ай, жаңа кірді ғой. Рахмет апай, тағы да басқа емдік қасиеті барма бұл шөптің?
Емші-Альбина: Өзіме еріп келген, менің шәкірттерім бар солар айта қойсын.
Шәкірті-Алижан: (қазтамақ шырынын көрсетіп тұрып) Суық, тұмау тигенде қазтамақ жапырақтарының шырынын 2-3 тамшыдан күніне 2-рет мұрынға тамызу қажет.
Шәкірті-Әлім: (қолына жапырақты алып) Құлақ шаншып ауырғанда жапырақты жұмсартып, түтікше орап, құлаққа салу керек. (Ескерту: құлақта қалып қоймай, суырып алу үшін жапырақты бір қабат дәкемен орап, дәкенің ұшын ұзындау етіп қойыңыз!)
Шәкірті-Алдияр: (қазтамақ жапырағын көрсетеді) Тіс ауырғанда да, жапырағын ауырған тіске қойып, басылғанша ұстау керек.
Емші-Альбина: Міне естідің ғой қазтамақтың қасиетін.
Автор- Карина: Емшінің ем-домына, тапқырлығына, шипасына риза болған хан.
Хан-Диас: (емшіге тағын ұсынады) Енді өзім уәде еткендей, өз орнымды сізге босатамын.
Емші-Альбина: (ризашылығын білдіріп) Ой балам, қазақ атты ұлы елді біріктіріп, осы уақытқа дейін басын қосып келесің, менің күшімде, шамамда жетпес. Ниетіңе, әділдігіңе рахмет!
Автор- Карина: Хан елінде бірнеше күн қонақ болып, сый-сияпатымен еліне, өз шаһарына оралады. Осы оқиғадан кейін, әр отбасында қазтамақ гүлі терезе алдынан орын алыпты. Ролдерде ойнағандар: Хан-Диас, емші-Альбина, шәкірттері: Алижан, Әлім, Алдияр, ханның қыздары: Нармин мен Салтанат, дәрігерлер: Айдар мен Мансур, автор- Карина .
шағым қалдыра аласыз













