Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ханша Дария
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
II. Кіріспе:
2.1 Ә.Кекілбаевтың «Ханша Дария» романы жайлы мағлұмат;
«Жазған - сызғанымның бас - аяғын түгендеп алдарыңызға ұсынып отырмын. Көңілдеріңізге қонып жатса, шексіз қуаныштымын» - Әбіш Кекілбаев.
Ә.Кекілбаев қазақ халқының тағдырын тереңнен аша, дәстүрлі мәдениет үлгілерін, ұлттық салт - дәстүр, ұлттық өнер тақырыбын жетік меңгерген қаламгер. Өзіндік стиль, тіл өрнегі қалыптасқан, ұлттық тіл - нәр нақышын өз шығармаларында көркемдік суреткерлік тұрғыда суреттей алған жазушы. Сондықтан оның шығармалары уақыт өткен сайын жаңа қырынан танылып, келешеккке өзіндік шынайы, дара болмысымен жарқырай жетпек. Оның шығармаларының тамыры тереңде. Ол өзінің ұлттық тамырынан нәр үзбеген әңгіме, повесть, романдарындағы: Тәуке, Әбілқайыр, Абылай хандар, Есет, Арыстанбай батырлар, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Құрманғазы, Махамбет, Абыл т.б тарихи тұлғалар бейнесі ұрпақтан - ұрпаққа өнеге тағылымымен қала бермек. Себебі олар - қаламгерлік суреткер шешімінде өзінің тарихи шындық болмысынан ауытқымай сомдалған шынайы образдар.
Қазақ әдебиетінде тарих тақырыбына қалам тербеген дарынды суреткерлер баршылық.
Ал тарихтың тұрмыс тіршілігін бейнелейтін, әр ауылдың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын сипаттайтын нақты деректермен шығармалар жазған қаламгерлер санаулы болса, Әбіш Кекілбаев сол санаулы жазушылардың көшін бастап тұр десек қате айтқанымыз емес.
«Ханша Дария» романының оқиғасы өткен жерлер: Моңғолия аймағы. Бұл мекендер шығармада суреткерлікпен дәл бейнеленген.
Сонымен қатар жобада көздеген мақсатымызға жету үшін барынша еңбектеніп, интернет ресурсын, кітапханаларды және де үлкендердің білетін «Шыңғыс хан» туралы әңгімесінен материалдарын жинадық.
III. Негізгі бөлім:
3.1. «Ханша Дария» шығармасына қысқаша мазмұны;
Шығыс Азиядағы бір өзенді қытайлар Хуанхэ - Сары өзен, тибеттіктер Мачу - Қызыл өзен, маңғұлдар Хара-Мұрэн - Қара өзен деп атайды. Ал енді оны Хатын-Гол -Ханша-дария десеңіз бəрі де түсіне қояды. Неге олай? I Күз таңының сұйқылт суық нұры шатырдың іш іне енді-енді жайыла бастағанда ол ұйқыдан оянды. Бүгінде таңертең төсектен тұрғанда таңдайынан дəмі кетпей тамсанып отыратын баяғы балқаймақ ұйқы жоғалған. Жан-жағындағы сатыр-сұтыр ат дүсірін де естімей, ердің басына қамшыңды тіреп, маңдайыңды соған қойып, сəл мызғысаң, қыз қойнынан өргендей көңілің бүрлеп сала беретін қунақылық та ұмыт болыпты. Күнде жатарда жеті кісіге қаратып, жеті əйелге қайта салдыратын құс мамық төсекке алғаш жатқанда, əлгі ауыздарының суы құрып, айта беретін пейіштерінің де тап осыдан артықтығы шамалы шығар деп ойлайтын. Қазір суық тиеді. Сол қомағай жібектің мұз боп қарығанынан құдды бір суық жердің қойнына кіріп жатқандай тұла бойы түрш ігіп, біразға дейін көз іліндіре алмайды. Онсыз да ерғашты көңілі бетімен лағып, əр нəрсені бір ойлап, зорға ұйықтайды. Кəрі жүрек көп қуана бермейді. Бірақ əр күн сайын таңертең төсегінен тағы да тірі өргенін көргенде қалай да көңілденеді. Қызметш ілерін шақырмай тұрып, ешкім жоқта тамыр-тамырының бəрі аңдап-аңдап тұрған тарамыс қолын бүгін көріп отырғандай тесіле қарап шығады; асыл жүзік салынған он саусағын түнде ұйықтап жатқанда біреу қырқып əкеткен жоқ па деген кісіше, əрқайсысын жекежеке салалап көреді. Бұл асыл жүзіктің əрбіреуінің өз тарихы бар. Мынау ақ маралдың қарға тамған қанындай қарт лағыл Бұқараны шапқанда түсті. Ол кезде қазіргісінен əлдеқайда жас еді. Сардиған сар даланың төсінде көң қотырдай қоңырайып көрінетін қара құрым шаһарлар көзіне шалынса болды, қалың түмендер суға шапқан киіктей жөңкіліп, лап қоятын. Аппақ шаң аспанды лайлап, жерді ойып жіберетіндей қалың дүсір құлағына шалынғанда, делебесі қозып, тыпыршып, ауыздығымен алысып кететін шағыр атының дікектеген басын еркіне жібере жаздап, зорға шыдап отыратын. Бір жағы - Жейхунның жойқын лайы, бір жағы - білем-білем құм шағылдың ортасында алапес тигендей оқшау көзге ұрып тұрған əлеміш шаһардың қамалын бұзып, іш іне кірген соң, көк күмбез меш іттің табалдырығына қарғып шығып, соңындағы қолына айқай салған-ды. — Шалғынды шауып алдық, енді аттарды еркіне жіберіңдер! Сол-ақ екен манадан бері жау жағаласпен жүрген көк найзалар үй-үйдің сығырайған шайтан көз əйнектерін түртіп, гүрзілер есік бұзды; қайқы қылыштар бала-шағаның, қатын-қалаштың, кəрі-құртаңның желкесіне төнді. Қынаптан суырғанында оқ жыландай ысқырынатын жылмаң қылыштың зəрлі ысылын сыбызғының сазынан бетер құныға тыңдайтын сарқаптал, қанды балақ, құзғын көз, қырғи жүрек сарбазға жаутаңдаған жанарлар мен кемсеңдеген иектерді, дірілдеген қолдар мен дірдектеген сирақтарды көргеннен артық лəззат болушы ма еді? Қан жұқпаған қанжардан не пəтуа, қан жұтпаған еркектен не пəтуа, қаймықтырмаған қаһардан не пəтуа! Əлгі, əншейін, жердің бетін көл-жоса қып көміп кеткен қара қан - жеңістің айғағы емес; жеңістің айғағы - жылты қашқан көздер мен сұрқы қашқан сөздер. Дұшпанның һарам қанына белшеден жүзсең де ол мүсəпір болған жауыңның жаутаңдаған көзінен ытқып шыққан бір тамшы ыстық жасты өз көзіңмен көргеніңдей болмайды. Бұның қай соғыстың соңынан да, қолға түскен тұтқындарды өзі жүріп, тінтіп шығатыны да сондықтан. Қашан жоса-жоса боп аққан көз жасын көргенше, екі қолы артына байланған тұтқындарды əкелдіре береді, əкелдіре береді. Көз жасын көргенде барып, мынау үнсіз тергеуін оқыс тыяды. Алда-жалда ешкімнің көзінен жас көрмесе, шаһардан да сау тамдық жұрнақ қалмайды. Шабылған елге шабынған ер емес, мөлтеңдеген көз жасы ғана араша болмақ. Бұқараны шапқан күні кешке қарай, қол басылар бұның шатырына талауға түскен шаһардың талай қызын саудагердің керуеніндей көзінен тізіп алып келді. Шаһар əкімінің қатыны бұл отырған сары ала шатырдың босағасынан басын имей аттады. Екі босағада тұрған екі жасауыл тəкаппар қатынның аспандай қараған асқақ басына қылыш апара бергенде, бұл ымдады. Екі жасауыл əйелді қақ алдына əкеліп, жер тізерлетті. Зиялы қауымның ортасында жарық жұлдыздай жарқырап қалған асқақ əйел бұны қорашсынды ма, əлде ерінің намысы мен елінің аруағын сыйлағаны ма, - əйтеуір басын имей мелшиіп отырып алды. Екі жасауылдың күштеп жер тізерлеткенін, бұл оның бас игені емес екенін көрсеткісі келген болу керек, көкке қарап, қолын жайып, ернін жыбырлатып дұға оқиды; сонда əлгі тізе бүккені аллаға ақырғы мінажат қылғаны болып шықты. Қайсар əйелдің амалсыз жерде айла тауып кеткеніне бұл іштей сүйсініп отыр, əйел аппақ қолын жүзіне апара бергенде, сүйріктей саусағынан қызыл шоқтай лағыл жүзік жарқ етті; ол біраз уақыт көзін жұмып, ернін күбірлетіп, екі қолын бетінен енді ала бергенде, жасауылдарға ишара қылды.
Көк желкеден төнген қайқы қылыш сүйріктей-сүйріктей он саусақты қу жүзгеннің шырпысындай қыршып түсті. Тəкаппар əйелдің қайқы еріндері оқыс жымқырылып, мəрмəрдай аппақ жүзі ду ете қалды. Тостағандай-тостағандай екі көзінен секіріп шыққан екі тамшы етегіне домалады. Əйел қайтадан қу шүберектей боп өңі қуарып, сазарып алды. Жарты əлемді қау шөптей жапырған бұның алдында да айылын жимаған қайсар қатынның лағыл жүзігі содан бері бұның қолында. Жеңіс бермеген əйел өрлігінің ескерткіш індей ескі көз. Ал енді мына біреу - Отырарды алғанда, ойда жоқ жерде көк желкесінен тап беріп, басын балтамен шауып түсіре жаздаған кəрі ұстаның өңін от алып күңгірт тартқан сіркелі күміс сақинасы. Анау - Самарқанның аспанмен арбасқан сайқал меш ітін шапқанда, михрабта мінажат қылған қалпын бұзбай отыра берген діндар мұсылманның меруерт сақинасы. Сұқ қолындағы Қап тауында бұның көзі түскенін байқап қап, сұр мойнақ арғымақ атының кеңірдегін бір-ақ орған ерегіспе ер жігіттің шынашағынан алынған ұр тас. Бұл өз алдына келгенде қаймықпаған адамның қай-қайсысының да жүзік-сақинасын кесіп алып тағып жүр. Адамдар неткен көзсіз, неткен өжет. Тап бұдан айбынбайтын адам шанда-шанда бір жолығар деп ойлап еді, ондайлардың тек сақина-жүзіктерінің өзі бірнеше керуенге жүк болды. Бұл өрлік пен ерлік түгілі мешкейлікті де, дүние қоңыздықты да жеңе алмады. Термездің базарында бір саудагердің бұны көргенде жалма-жан саусағынан жүзігін шеш іп алып, жұтып жібергені бар. Бұл қасындағы сарбазға тап сол бойда мұнша дүниеқоңыз саудагердің іш ін жарғызып, жүзікті таптыртып алды. Мына біреу күлгін жақұт сол. Бұның əскері өткен жерде неше мың адамның саусағы қырқылды! Сол бір топар қолдардың ұзын-ырғасы қанша болғанын жүзік артқан түйелердің санына қарап санайды. Осынша жаны қас топар қолдардың дəл қазір бұған жеңгізбегені рас. Бірақ бұл артынан əскеріне қолы топар кісі көрсеңдер, əйел болса - қарынын жарып, жатырын алып тастаңдар, еркек болса - ұстап алып, ақта қылып жіберіңдер деп жарлық шашты. Бас имеген топар қолдардың тұқымы өздерімен құриды. Бұл салған ойран-бүліктердің тұсында тек басын баққандардың ғана қол-аяғы сау қалады. Басын баққандар тек басын бағатындарды туады. Сөйтіп, бұдан былай дүниеде тек басын бағатындар ғана өмір сүреді. Басын бағатындардың мойын-омыртқа сүйегі осал болады. Сосын бұл, бұның анау Шағатай, Үгедей, Жошылары, олардың жер бетінің түкпір-түкпірінде өсіп-өрбитін шашыранды тұқымдары өңшең құрттаған шыбыштың құйрығындай шыбындаған бастарды ғана көреді. Шыбындаған бастар маңайында не болып, не қойып жатқанын жөнді көре алмайды. Олар сөйтіп тек бастан ғана емес, көзден де айрылады. Бұның тұқымына бас пен көздің қажеті шамалы, жабырлайтын аяқ пен қимылдайтын қол табылса болғаны. Ол он саусағындағы сақиналардың аман-есен орындарында тұрғанын көрген сайын көңілденіп сала береді. Бүгін бір түс көрді. Түсінде енеден туғандай тыр жалаңаш, қардай аппақ еті бар, ай десе аузы, күн десе көзі бар бір сұлу мойнына оратылып, құшып жүр. Түсінде көңілденгендіктен бе ұйқыдан да жадырап оянды. Мынау шаршы дүниенің төрт бұрышының сұлулары түгел бас қосқан гаремінің есігіне бас сұқпағанына да біраз болып барады. Қартаяйын дегені ме, солардың көбінің аты-жөнін ұмытып та қалыпты. Соңғы кезде алыс жорықтан жүріс өтіп кетіп, сыр алдырып алмайын деп, ешқайсысын қасына шақыртпаған-ды; түсінде жалаңаш сұлу көріп жүргеніне қарағанда, шамасы, əлі де бір түндік қауқары болғаны ғой. Ол Касар мергенді шақыртып түсін жорытып алайын деп бір оңтайланды да, сосын өмір ш іркіннің өзі де көрген түстей емес пе, қай түсіңе нанарсың деп тағы ойлады. Баяғыда қуғын көріп, ел асып, жер асып жүргенде бір қуыста ұйықтап жатып, түсінде айдалада қурап қалған өз қаңқасына құзғын қонып отырғанын көріп, шошып оянғаны бар. Бірақ арада ай өтпей жатып, ақ киізге көтеріп, хан сайланды. Қоңырауын шылдыратып, есік алдындағы жасауылды шақырды. Оның əкелген киімі мұп-мұздай екен. — Бұнысы қалай? - деп сұрады. — Бүгін түнде қар жауды, — деді жасауыл. Ойына жыл сайын қан сонарда қасына Касар мергенді ертіп, аңға шығатын əдеті түсті. II Аңға шыққанда қашан да Касар мергенді бір елі жырақ жібермей, қасында ұстайды. Мергендердің жақын жүргенінен алыс жүргені қауіпті, мерген еместердің алыс жүргенінен жақын жүргені қауіпті. Жатаған болса да, жауырыны қалақтай шағыр атының осы көл дария көшелілігін ұнатады, Көшелі аттың үсті өз үйіңнің төріндей; тұрқы келте ат мінсең, құрдым құздың ернегінде тұрғандайсың. Бүгін күн тіпті тамаша екен. Алыс қырандар ала балақтау, ойға қар тегіс түсіпті. Көзіңді көлегейлегенімен дүниенің бəрін жұмсартып, балбыратып жіберетін іркілдек сүт тұман төңіректі түгел перделеп, кілкіп тұр. Қос ат сол енді ұйып келе жатқан сүт кілегейді кеуделеп жыртып, жымысқы жықпылы көп жермешел таудың қойнауына енді. Қасындағы нөкерін аңды үркітпеске, тынышын бұзбасқа, тек алыстан бас-көз боп жүруге, кейінірекке тастап кеткен. Касар мерген бұның ел-жұрттан безіп, тау мен тасты паналап жүргенде қасына ерткен жолдасы еді. Онда мерген бұдан қаймықпайтын. Елсіз тауда екеуінен басқа жан жоқ болған соң, бір-бірімен емін-еркін сөйлесе беретін. Əккі аңшы ұлы билеуш іге талайталай атып алған киігін тасытып, тезегін қалатып, тамағын пісірткен-ді. Артынан өзі хан болып сайланған соң, ол алыс тауда жападанжалғыз жүретін аңшы досын қасына алдырды. Касар мерген сары ала шатырдың іш іне кіріп келгенде, қақ төрде шалжиып отырған бұны көріп, екі қолын бірдей созып, ентелей ұмтылды; кірген беттен сампылдап сөйлеп, саңқылдап күлді. Шатыр іш індегілер: «Апырау, мына неменің есі дұрыс па?» - дегендей, көздерінің аласымен қарап, айран-асыр болды. Арада екі-үш күн өтпей жатып, аңшы досы шатырға тағы келді.
— Сый-сыяпатыңа тəңірі разы болсын, тауыма қайтам, - деді. — Тауыңда нең қалып еді? - деп сұрады бұл. — Əй, билеуш ім-ай, сен нені білейін деп едің. Жақпар тастың арасынан шалқи соққан желде қу тезектің түтінін иіскеп отырып, терлептепш іп ішетін арқардың күйік дəм сорпасын сағындым, жамбасымды қыз-қыз қайнатып, қыдықтап жататын аю терісі бөстегімді сағындым, екі аяқты отқа қалап, емін-еркін қақырынып-түкірініп отыратын қара лашығымды сағындым, - деді. Сонда бұл қарқылдап күлген-ді. Касар мерген бұртиып, лəм-мим деместен сырт айналып шығып кетті. Бұл сары ала шатырдың есігін жұлқып ашып шығып бара жатқан досының артынан көзінен жас аққанша, іш ін басып күле берді, күле берді. Сонда шатырында отырған өңшең игі жақсылардың бұлардың қайсысының есі ауысқан дегендей, екеуіне алма-кезек жалтаң-жалтаң қарасқаны əлі есінде. Бір күндері сусылдаған сары жібек шатырдың іш інде қараптан-қарап отырып өзі пұшайман болды. Қаншама үлде мен бүлдеге оранса да, омырауына төскейдің қоңыр салқыны тимеген соң, үсті-басы ду-ду қышитынды шығарды. Ондайда жалма-жан саусақтарын көкірегіне көсіп-көсіп жібергелі қолын көтеріп алған бойы, көздері бір өзіне қадалған шонжарлар есіне түсіп, көсе иегіне үрке біткен екі-үш жирен түкті қышыр-қышыр үйкелеп, қолын кері тартып əкететін-ді. Күні бойы бұл шатыр толы шонжарларды аңдиды, олар бəрі жабылып бұны аңдиды. Тақтың тауқыметін сонда аңғарды. Касар мергеннің тауға неге қайтқысы келгенін де сонда түсінді. Қасындағы мызылыпсызылғандар əбден мезі қып бітті. Қажет десе қалжыңдасып ішек-сілесі қатқанша күле де алмайды. Бұл əншейін езу жиырса, олар шетінен күлімдеп қоя береді, ал енді жазатайым қарқылдап күле қалса, көздері тас төбелеріне шығып кетеді. О жазғандар езулері желімделіп қалғандай тек жымиғанды ғана біледі. Ондай ерігіп кеткен сəттерінде бұл атын алдырып, түмендерді аралауға шығады. Əскерін аралап жүргенде, түмен басыларының шатырына түспей, шолғыншылар қосы тұратын қарауыл төбенің басына барып ұйықтайды. Қарауыл төбені шырқ айнала түнгі аспанның жұлдыздарындай əскер қостарының оттары құжынайды; төбеде - жер қайысқан қалың қолдың ығы-жығы қостарының отындай жұлдыздар самсайды; біреулері əлі маздап тұрса, енді біреулері жер ошақта қалған қозадай солғын бозарады. Баурайда аттар пысқырады. Қостардың басындағы сан қилы сөздер, сан түрлі дауыстар араласқан алашабыр жабыржұбыр əңгімені қырдың түнгі самалы біресе қағып əкеліп құлағыңның түбінен самбырлатса, біресе талықсытып, түу-түу алысқа, шалғайға алып қашады. Ара-тұра жел жақта жайылып жүрген жылқылардың мұрын жарар күлімсі иісі мүңк ете қалады. Ащы тер, қажымас қайрат, алыс жорықтардағы сан қилы жолдардың шаңы, сан қилы шөптің нəрі ию-қию араласқан сол бір иіс - мынау маужыраған бейқам түнді серпілтіп кететіндей сергектіктің, сақтықтың, бұл маңай қанша жайлы, қанша рақат болса да, ертең тағы жорық барын, алда талай азапты кешу, арпалыс тұрғанын сездіріп, бір түрлі айбындырып тастайтын қатыгез рухтың қаһарлы сесіндей. Аспан мен жердің ара-шегі жойылып, төңіректегі тұтасқан қалың мұнар мен жымыңдасқан оттарды көргенде ол жер басып тұрғанын ұмытып, сонау көз ұшында еміс-еміс жымыңдасқан жұлдыздардың ортасындағы хақ тəңірдің өзіне айналып кеткендей сезінеді. Сонау төбесіндегі, мынау іргесіндегі жыбыр-жыбыр көп от бұған тауап етіп жатқан көп ғаріптің жалбарыныш шырағындай; оларды осылай моншақтай тізіп маздататын да, бір үпіріп өш іріп тастайтын да құдірет тек өзі сияқты. Осылай аспан мен жердің арасына сыймай, кеудесін кернеп, алып-ұшып бара жатқан желкілдек көңілін су сепкендей баса қоятын да əлгі бір келте самалға ілесіп мүңк ете қалатын күлімсі сілті иіс. Ол иіс бұның танауына мынау көкірегіңді, кеудеңді шайып жатқан саумал ауадан бетер жағады. Ат қосшыларын шақырып, төбенің басына ақ шаңқан киіз жайғызып, төсек салдырады, жел жағына өзінің ертұрманын қойғызады. Төсегін шыр айналдыра жылқының қылынан жаңа есілген қыл арқан тастайды. Жылқының тер иісі мен қылтанақ қылынан қашпайтын мақұлық жоқ көрінеді. Қараңғы түнде үрей тудыратын ібіліс-пəлекеттер де айғыр жылқының ащы тер иісіне алмайды деседі. Бұл осындай қара түнде қапысын тауып кете ме деп қауіптенетін оқыс пəлекеттерінен жылқының күлімсі иісімен қорғанады да, жұмыр бастылар тарапынан келетін қатерден шыр айнала қоршап алып, таң атқанша кірпіктерін бір ілмейтін қырық жасауылы қорғайды, ал алда-жалда олардан келер пəле болса, оны əрі құралайды көзінен ататын мерген, əрі қараңғы түнде құмырсқаның жорғалағанына дейін сезе қоятын саққұлақ аңшы Касар досы бір өзі көріп алады. Бұл қанша қаннен-қаперсіз ұйықтап жатса да, таң сібірлесе болды, біреу түртіп оятқандай төсегінен атып тұрады. Қалың қос тегіс оянып болғанда, ол ат үстінде жүреді. Қапелімде оның қайда түнеп шыққанын да өз нөкерінен басқа ешкім білмей қалады. Əскерді аралай берсе, тіпті де шаршамайтын түрі бар. Бірақ қайта-қайта қостарына соғып, қайта-қайта табақтас бола берсем, қауқылдасқан қалың қолды бойыма үйретіп алам ба деп қорқады. Тіпті түмен басылардың да шатырына отырып жарымайды; қона қасы əзірлеп қалбаңдасып қалған талай қосқа тоқтамады да. Əскер басыларын өз шатырына аз жинайды. Көбіне біріндеп шақырып, жеке мəслихаттасады. Түмен басыларын айда-жылда болмаса, көбіне-көп бір-бірімен кезіктіре бермейді. Өз шатырында болатын ұлықтарға да барынша іш алдыртпауға тырысады. Бұның мінез-құлқына бой үйретіп, сыралғы болып алғанын байқаса, дереу шатырдан аластаудың қамын ойлайды. Шатырдан аласталғандар содан қайтып бұның көзіне түспейді. Сондықтан да шығар, бұның шатырында қызмет атқаруға жұрттың тап онша құлқыны құри қоймайтын тəрізді. Дүниеде билеуш і атаулы бет-ажары келіскенмен, денесінде тыртығы бар сұлу əйелмен бірдей ғой. Əлгіндей əйел сыртынан алдына келген еркектің құлқынын құртып, құмартқызып отырғанмен, іш інен əлем-жəлем боп, қорынумен болады. Сұлулығыма табынған еркек денемдегі мінімді біліп қоймаса екен деп қуыстанады. Өйткені, əлгі міні əйгілі болған күні сұлу аты да құриды. Билеуш ілер де сыртымен ықтырып отырғанмен, іш інен сескенеді, бағыныштысын бойына дарытқысы келмейді. Ал сарай маңының сабылмаларының да нəпсіқор еркектердей қашан барлық гəпті біліп болғанша өліп-өшетін ежелгі əдеті бар. Сондықтан да бұл бағыныштысының қасы мен қабағын алдымен өзі аңдиды; егер ол алда-жалда мұның бір сырына түсініп қалса, дереу көзін құртады. Əйтпесе, өзіне қауіп. Өйткені билеуш інің тағдыры да сұлу əйелдің тағдырындай. Қай күні жұрт оның ісі мен қылығына таңданудан қалса, сол күні оның да дəуренінің өткені. Ол талайларды тамсантумен келеді. Əуелі өзімен қырғи қабақ болған ағайындарын алдап таңырқатты; олардың ауыздарын алып алған соң, дереу бастарын жалмап таңырқатты. Сосын біреуді орынсыз мадақтап, біреуді жазықсыз жазалап таңырқатты. Ол үш ін істегенін жұрттың мақұлдаған-мақұлдамағаны бəрібір, əйтеуір таңырқаса, таңданса болды. Қайта оған сол жұрттың құптағанынан гөрі
ұқпағаны керегірек. Ол шатырына ойындағысын айтпай танып отыратын сұңғылаларды жуытпайды, не істесе де таң-тамаша қалып отыратын жұмыр түйсік, маубастау адамдарға көбірек үйір. Қасынан Касар мергенді тастамайтынының да бір себебі сол. Касар мерген құм үстінде құмырсқа жорғалап келе жатқанын сыбысынан біле қоятын аңшыл, бірақ жұрттың не ойлап, не қоятынында атымен жұмысы жоқ. Оның үстіне хан отырған сары ала шатырдан гөрі қасқыр мен сілеусін қаптаған құз-қия шатқалдарға құмар. Ол өзгелерді сəл нəрсе үш ін жер қаптырып жататын қатыгез ханның өзіне елден ала бөтен неге қаны қата қалғанына қашан да қайран. Касар мергеннің осы күнге дейін жыланды тірілей жұтып, шоқ шайнайтын тибет көз баушысы Эрен мен өз əмірш ісінің осы мінезіне түсіне алмай таңырқаумен өмірі өтіп барады. Əлгі бір ұлы əмірш інің басқан ізін жырға қосып, дастан қылып отыратын ақындардың өлеңдері оған əуелі əншейін жел буаз сөз сияқты көрінетін еді, қазір оларға да ынт-шынтымен ұйитын болды. Мінекей, Касар мерген қасында, төңірегіне құлақ түріп, тың тыңдап келеді. Түнде қар жауған соң, бұйығып қалған аңдар əзір бой сергіте қоймаған. Андау-андау араны көп қара шатқалға енді жетті. Жақпар тасқа өрмелей өскен қарағай мен самырсынды қар кеміп алыпты. Сəл лып еткен лептен сүмелек қар сусып төгіледі. Қан сонардың мамық мұнары да сейілмепті. Күн жылы. Екі ат шатқалдың шатқаяқ жолынан аяқтарын санап басады. Барған сайын бұлтарыс көбейіп, жол қиындай түсті. Қапталдан тау өзені жолықты. Сайдың сонау тұңғиық табанында ұлпа қарды жидіте тіліп ағып жатқан қап-қара судан бу бұрқырайды. Сай бойындағы əлдебір тасқын желкелеп айдап əкеліп тастаған шомбал-шомбал қой тастар келте тонынан бөксесі көрінген алыптардай үсті ағарып, асты қарауытып, дөңкиіп-дөңкиіп жатыр. Анандай лепіре, лекілдеп аққан тентек ағынның қасында, жол бойында мертіккен аттай теңкиіп жатқан неткен ерсі. Өмір де осы бір ескі арнаның алдамшы ағынындай. Сонау қырық үйіріліп, бұрқырап-сарқырап жатқан ақ түтек су осыдан қай жерлерге дейін барады. Жауды жапырып, жөңкіген қолдай өңмеңдеп аға береді. Қай құздан бас алып, қанша жартасқа айбат шегіп, қанша қой тастың басынан қарғып өткенімен жұмысы жоқ. Осы бетімен лағып барып, шалқып жатқан шалқар айдынның құшағына еніп, із-түзсіз жоғала ма, жоқ жол-жөнекей құмға сіңіп құри ма - оны да ойламайды. Сыңайы, осы бəр-бəрімізді өңмендетіп қойған өмір ш іркіннің өзі де, түптеп келгенде, тап осы ағын судай баянсыздық, сылдыр-сұйық патуасыздық шығар. Ағын суға, əйтеуір, аққан мұрат болса, өмір ш іркінге де, əйтеуір, өткен мұрат. Адам пақыр да ағын суда жан жағынан ықтырмалап, тықсыра қуған толқынның жойқын пəрменінен жаны кіріп, делебесі қозып, делбеңдей беретін қу жаңқа тəрізді ғой: о да басын тасқа ұрып, суға ұрып жөңки беретін көп нөпірдің іш іне бір түскен соң, алды-артына қарап жарымайды. Ол пақыр да мынау желкелеп қуған нөпір тірліктің баянсыздығын, өз қарекетінің пəтуасыздығын анау жағаға шығып қалған қой тастай сазға отырған күні бір-ақ біледі. Бірақ енді кері ағатын су, қайта бастайтын дəурен жоқ. Сол жеткен жерінде зорыққан нардай мəңгі-бақи шөккенің; сол арада су шаяды, жел қағады, тозасың, тозаңға айналасың. Бағзыда асқар таудың бір шыңынан үзіліп түскен жұмыр тас күйіңе қайта орала алмайсын: жолағанды кесіп кетер өткір пышақтай қырың болса, су шайып, жел жалап тегістейді, зіл батпан салмағың болса, бір күні күзді күнгі қаңбақтай қаңғалақтап қалғаныңды өзің де байқамайсың. Пенде біткеннің бəрі де əлгіндей пенде екенін қашан бетінен əр, бойынан əл кеткенше біле бермейді. Баяғыда өзін ақ киізге көтеріп хан сайлаған пенделер талай əмірш іден ауыздары күйсе де, мұның ертең не істейтінімен шаруасы болды ма? Жоқ. Тек бір-екі ру басы, олар да əншейін пенделікке басып, бұдан сырт айналып безіп кетті. Бұл сонда: «Пенде екенің рас болса, еміңнің не екенін мен де білемін», - деп қалған. Артынан басқа пенделерді аузына қаратқан күні, оларды соңынан қуып барып, ауылдарын шауып талапайға салып, қара қан жұтқызып қайтты. Содан бері мынау аспан астының біраз жерін көзімен көрді. Талай əмірш інің ақ ордасына атын сарытты. Соның бəрі бұның қаһарын асыра түсті. Бүгінде оның атын естігенде əзірейілдің атын естігендей шошынбайтын пенде кем де кем. Сұлу өзінің ажарын, батыр өзінің қайратын, шешен өзінің тілі мен жағын қандай қызықтаса, бұл да айбарын, қолындағы өктем билікті сондай қызықтайды. Сұлу өзінің ұнағанынан, батыр өзінің жеңгенінен, шешен өзінің сөзінен қандай лəззат алса, бұл да ел біткенді бағындырып, жұрт біткенді қалтырататын қаһарынан сондай лəззат алады.
II. Зерттеу бөлімі:
4.1. Шыңғыс хан өмірінің беймәлім беттері;
Шыңғыс хан шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп, о дүниеге аттанғаннан кейін де, тарихта түйіні бүгінге дейін шешілмей, тіпті шешілуі неғайбыл өз өмірінің беймәлім беттерін қалдырып кетті.
Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей аса мол құпиясы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді. Ол өте сұңғыла, ақылды адам болған. Оның бойынан қатыгездікпен басқа елдерді жаулап алудың неше түрлі әдістерімен қатар, еркімен берілген халықтарға зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы өзінің нояндарына берген бұйрығы туралы аңыздар да айтылады. Шынында да, ол қатыгез, жауыз, жабайы, надан болса, неге оны бүкіл әлем «екінші мыңжылдықтың тұлғасы ретінде» мойындап отыр. Оның ұлылығы ерте ме кеш пе тарихта өз атының қалатынына сенген. Сол кезде біреу мақтап-жақтар, ал екінші керісінше пікірде болуы мүмкін ғой. Мұндайда достарыңнан гөрі қастарыңның көп болатындығы тарихтан белгілі. Сондықтан Шыңғыс хан досқа да, жауға да өз өмірінің кейбір сәттерін құпия ұстаған.
Шыңғыс хан шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп, о дүниеге аттанғаннан кейін де, тарихта түйіні бүгінге дейін шешілмей, тіпті шешілуі неғайбыл өз өмірінің беймәлім беттерін қалдырып кетті.
Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей аса мол құпиясы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді. Ол өте сұңғыла, ақылды адам болған. Оның бойынан қатыгездікпен басқа елдерді жаулап алудың неше түрлі әдістерімен қатар, еркімен берілген халықтарға зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы өзінің нояндарына берген бұйрығы туралы аңыздар да айтылады. Шынында да, ол қатыгез, жауыз, жабайы, надан болса, неге оны бүкіл әлем «екінші мыңжылдықтың тұлғасы ретінде» мойындап отыр. Оның ұлылығы ерте ме кеш пе тарихта өз атының қалатынына сенген. Сол кезде біреу мақтап-жақтар, ал екінші керісінше пікірде болуы мүмкін ғой. Мұндайда достарыңнан гөрі қастарыңның көп болатындығы тарихтан белгілі. Сондықтан Шыңғыс хан досқа да, жауға да өз өмірінің кейбір сәттерін құпия ұстаған.
Ұлы қаған о дүниелік болғанымен, киелі рух адамзаттың ойына орала береді. Ол туралы мыңдаған кітаптар мен ғылыми мақалалар, бірнеше кинофильмдер мен пьеса қойылымдар шығарылды. Шамамен осыдан екі жүз жыл бұрын қағанның мүрдесін іздеу басталғаннан бері жүзге жуық экспедиция ұйымдастырылып, қыруар жұмыстар жасалғанымен, сол баяғы ашылмаған құпия ашылмай келеді. Бұл мәселеге кейін оралармыз. Алдымен Шыңғыс ханның өмірі, шыққан тегі жөнінде соңғы кезде кәсіби тарихшыларымызбен қатар әуесқой тарихшыларымыздың да (М.Мағауин, Қ.Данияров, М.Қарғабаев, М.Қожырбайұлы, т.б.) үлкен ықыласпен қалам тартқанын атап кеткен жөн. Осы авторлардың еңбектері ықылым заманнан айтылып, тарихи қалыптасқан пікірлер мен тұжырымдарға жаңаша көзқараспен қарауға итермелейді. Қазақ тарихшылары кейінгі кезде Шыңғыс ханды әрісі түрік, берісі қазақ ету, тіпті керей, адай, найман, қоңырат, меркіт, т.б. рулардың біріне жатқызу ойларын ашық айтып та, жазып та келеді. Дегенмен, оның дүниеге моңғол болып келіп, моңғол болып озғанын ұмытпауымыз керек.
Шыңғыс ханның шығу тегіне байланысты соңғы кезде әлем ерекше қызығушылық танытуда. Моңғол зерттеушілері Шыңғыс ханды моңғол десе, қытайлық тарихшылар оның тегін қытай халқынан іздестіреді. Украин зерттеушілері де қағанның тегінен дәмелі. Мәскеулік генетиктер Моңғолиямен шекаралас болған Тува, Бурятия және Қалмақстан тұрғындарының 1,7 пайызында, тіпті, Алтай қазақтарында қағанның ДНК-сы 8,3 пайыз деп әлемге жар салып отыр. Шыңғыс ханның жоғарыдағы аты аталған халықтардың тегіне жататындығы туралы ешқандай тарихи дерек жоқ. Айтатындары - олардың халқының кейбіреуінде Шыңғыс ханның ДНК-сы (V хромасома) бар дейді.
«Ал енді осыны айтып отырған ғалымдардың қолында Шыңғыс ханның өзіне тән ДНК бар ма? Әрине, жоқ. Моласы, сүйегі табылмаған соң ДНК қайдан болсын?» деп тұжырымдайды ғалым Төреғали Тәшенов. ДНК оның қай жақындарынан алынғаны да белгісіз.
Осы сияқты бір топ батыс ғалымдары Еуразияның әр бөлігінен 18 халық өкілдері ер-азаматтарының ДНК-сына зерттеу жүргізгенде, көпшілігінің қан құрамдары бір-біріне өте жақын, тіпті ұқсас, бір «отбасының» жандарындай болып шыққаны АҚШ-тың «Адам генетикасы» журналында басылды. Олар Каспий теңізі мен Тынық мұхиты аралығындағы бүгінгі 16 миллионға жетіп жығылатын адамға ұрық қалдырған феномен Шыңғыс қаған деген қорытынды жасаған. Демек, бұл да ғылыми негізге сүйенбеген ақпар. Бірақ соңғы шыққан ғылыми жұмыстарға сүйеніп талдау жасауға, ойлануға, жаңа көзқарастар туғызуға, жеке пікір айтуға әркім де ерікті, тек тарихи принциптер мен заңдылықтар және деректер негізінде болуы керек. Сонда оны негізсіз ешкім меншіктенбес еді.
Сонымен, Шыңғыс ханның тегі кім?
Әкесі Есүкей - Қиат руының Бөржігін әулетінен. Күні бүгінге дейін осындай пікір қалыптасқан. Онда Шыңғыс ханның да тегі осы Бөржігін. Шешесі Әуелен, бәйбішесі Бөрте әрісі түркі, берісі қазақ тайпаларымен туыстас Қоңырат руының қыздары екені «Моңғолдың құпия шежіресі», «Алтын топчы» шежірелерінде, моңғол мен Шыңғыс хан тарихын зерттеп жүрген көптеген авторлардың еңбектерінде жазылған. Осыларға сүйеніп тарихтың терең қойнауына көз жіберсек, Қиат руы Шыңғыс хан дүниеге келгенге дейін үш жүз жыл бұрын Әмудария мен Сырдария арасындағы Мәуеренахр аймағында өмір сүрген. Қиат дейтін қала да болған. Бұл - ежелгі түрік тайпаларының мекені. Осыдан Шыңғыс ханның арғы тегі түріктер емес пе екен деген ой көптеген ғалымдардың (олардың ішінде осы жолдардың авторы да бар) көкейінде ұялайды да тұрады. Түрік түрік болып аталғанға дейін Қытайдың солтүстігі мен қазіргі Моңғолия жеріне ежелгі түрік тайпалары қалай барған? Біздің пікірімізше, ғұндардың Ұлы қоныс аударуынан бұрын ежелгі түрік рулары мен тайпалары осы аймаққа қоныс аударуы мүмкін деген ой туындайды. Түріктерден қорғану үшін салынған Ұлы Қытай қорғаны да осының айғағы сияқты. Олардың көптігіне таң қалған жергілікті тайпалар немесе түріктердің өздері көшпенділерді «мың қол» деп атап кеткенге ұқсайды. Осы тұста мынадай да ой келеді. Ежелгі моңғол жеріндегі тайпалар алыс-жақын жерлерге жорық жасап, көптеген сарбазды тұтқындап, соларды «мың құл» деп те атауы мүмкін ғой. Олар жергілікті тайпалармен сіңісіп, көпшілік болып «мың құл» атанып, кейін «моңғол» сөзіне айналуы да мүмкін. Ғалымдардың басым көпшілігі Шыңғыс хан тарих сахнасына шыққанға дейін еш жерде, ешбір деректе «моңғол» атауы кездеспейтінін алға тартады. Қазақ халқын құрайтын тайпалардың санатына кіретін рулардың ішінде де «моңғол» тайпасы жоқ. «Көшпенділер үшін «моңғол» сөзі рулық немесе тайпалық ұғымды білдірмейді», - дейді М.Қарғабаев өзінің «Көшпенділер атлантидасы» атты еңбегінде. «Моңғолдың құпия шежіресін» жазғандар да моңғол туралы еш мәлімет бермейді. Авторлар Шыңғыс ханның этникалық тегін жазуды мақсат етпегенмен, ондағы кейіпкерлердің барлығы (ру-тайпалар, жеке тұлғалар) түркі ғұрыптарын ұстаған және есімдерінің түбірі де түріктерге жақындау. Шыңғыс ханның өзі алыс жорықтарға шығарда, кейде бір төтенше жағдайлар болғанда, биік төбеге шығып, түріктерше мойнына бұршақ салып Көк Тәңірге жалбарынатын болған. Мысалы, Шыңғыс хан әскерінің батысқа ұзақ жорық жасар алдындағы осындай сәтті «Шыңғыс хан» телехикаясында анық көрсеткен. Сонда, түркі тілді ортада моңғол тайпасының, кейін моңғол империясының ғайыптан тайып қайдан тап бола кеткені түсініксіз. Бұған себеп, көптеген қазақ тарихшыларының пікірі бойынша орыс тарихшылары мен аудармашылары «Құпия шежірені» орысшаға аударғанда (XIX ғ.) «мың қолды» немесе «мың құлды» «моңғолдар» деп моңғол халқын ойлап тапқан сияқты. Бұл Шыңғыс ханның түркілік еместігін дәлелдеу үшін жасалған әрекет деп айтудан басқа амал жоқ. Жазба дерегі болмаса халық та жоқ деп есептейтін еуроцентристік көзқарастың ықпалы сезіліп тұр.
Ғалым М.Қарғабаевтың ұзақ уақыт жүргізген зерттеу жұмысында Шыңғыс хан Арыс бұтағының Жалайыр тармағынан тарайтын түркі деп нақтылайды. Тайпаның аты ағайынды Жал және Айыр аттарының біріктірілген түрімен аталады. Рудың таңбасы айыр түрінде беріледі. Мұндай таңба Шыңғыс хан заманынан да көп уақыт бұрын болған. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары ата-бабаның дәстүрін бұзбай әрқашан жалайырдың осы белгісін күні бүгінге дейін сақтап келеді деген уәж айтады автор.
Ал мағынасы одан да тереңірек, Шыңғыс ханды тікелей біздің арғы Ұлы бабамыз етіп сендіргісі келген ақтаулық Мәмбеткерім Қожырбайұлының «Шыңғыс қаған - менің ұлы бабам» атты материалы «Алтын Орда» газетінің 26-30 нөмірінде (2008 ж.) жарияланған. Автордың пікірінше, арғы түріктерді былай қойып, Ұлы қағанды Қазақ - Кіші жүз - Байұлы - Адай - Келімберді - Мұңал екендігіне еш күмән келтірмейді. Әрине, Мәмбеткерімнің бұл тұжырымына кінә қоюға болмайды. Автордың өзі айтқандай «тектінің текті ұрпағы» болып жатсақ, асқақтана мақтануға болады ғой. Осы арада Талдықорған қаласынан Айдын Бекжановтың «Шыңғыс хан қазақ болса, моңғолдар кім?» (Алтын Орда, 31 шілде - 6 тамыз 2008 ж.) деген сұрағына жауап іздеген жөн сияқты.
Шыңғыс ханның тегі туралы әлі де талай еңбектер жазылып, әртүрлі талас пікірлер туындар. Өйткені кім де болса, әсіресе ғалымдардың өз көзқарастарын білдіруі - құптарлық іс. Бұл мәселенің шешілу кілті - біздің пікірімізше, ұлы қағанның сүйегін тауып, оған тегін анықтайтын (ДНК) талдау жасалып, бұлтартпайтын дәлел анықталмайынша, әрқилы жорамалдар жалғаса береді.
Күні бүгінге дейін қаған ғұмырнамасындағы құпиясы - өлімі мен денесінің қайда жерленгендігі. Шыңғыс хан таңғұттармен біраз соғысып, Қытай жерінде азын-аулақ демалып жатқанда, елге келіп жүрген саудагерлерден Жошы өзінің ұлысынан тыс жерлерді басып алып, аң аулап, сән-салтанат құрып жүр дегенді естиді де, оны өзіне шақыртады. Жошы келмейді. Ашуланған қаған Жошының желігін басу үшін әскерін жиып, аттанады. Жошының келе алмауының басты себебі - ол ауыр дертке шалдығып, төсек тартып жатыр еді. Дертінен айықпай о дүниелік болады. Жошының өлімінің себебі әлі де беймәлім. Кейбір аңыздарда ол аң аулап жүргенде, абайсызда серіктерінің садағының оғынан жараланған, ол асқынып өлімге алып келді десе, келесі бір аңызда құланның айғыры бір қолын шайнап тастап, содан жазылмапты дейді. Әрине, бұл келтірілген себептерден адамның өлуі әбден мүмкін. Бірақ шындыққа жақыны - Жошы обадан қайтыс болғанға ұқсайды. Оның сүйегі - Ұлытауда.
Отандық тарихта қалыптасқан пікір бойынша, Жошы 1227 жылдың жаз айларының басында (кейбір деректерде мамыр) қайтыс болды десе, «Шыңғыс хан»телехикаясында 1226 жыл деп аталады. Сонда Шыңғыс хан бір-бір жарым жыл баласының қазасына бармағаны ма? Шындыққа жуыспайды.
Жетпіс жастан асқан шағында денсаулығының сыр бере бастауы және үлкен ұлының қайғысы Шыңғыс ханға оңай тимесе керек. Қалай болғанда да тұңғыш баласының өлімі қағанның қабырғасын қайыстырады. Денсаулығының нашарлауына қарамастан аңыз бойынша Жошыны жерлеуге атқа әрең отырып барып, кейін қарай арбамен алып қайтқан. Деректер бойынша, ол жол үстінде 1227 жылдың 25 тамызында қайтыс болған. Ал кейбір деректерде осы жылдың шілде айында деп те жазады. Жошы мен Шыңғыс ханның өлімінің арасы екі-үш айдан аспаған.
Шыңғыс хан өлімінің себептері жөнінде де аңызға негізделген әртүрлі пікірлер бар.Мысалы, белгілі саяхатшы италиялық Марко Поло ол уланған жебенің оғынан қайтыс болған десе, Рим папасының Моңғолиядағы елшісі болған Джованни дель Плано Карпини ханның өлімі найзағай түскеннен болды деп жазып кеткен.
Ежелгі моңғолдардан сақталған аңыз бойынша, Шыңғыс хан таңғұттарды тас-талқан етіп жеңгеннен кейін, таңғұт патшасының Күрбелчин атты сұлу әйелін алған көрінеді. Кек алу мақсатында ол қағанды тістеп алып, жарасы асқынып, іріңдеп содан қайтыс болыпты дейді. Содан кейін Күрбелчиннің өзі сол маңдағы өзенге суға батып жоқ болады. Ал ресми мәліметтерде хан аң аулау кезінде аттан құлап өлген делінген. Біздің пікірімізше, Шыңғыс ханның өлімін тездеткен тұңғыш баласы Жошының қайғысы.
Жошыны жер қойнауына беріп кері қайтып келе жатқан қаған жол үстінде о дүниелік болғанын айттық. Аңыз бойынша, оның өлгені құпия қалуы үшін жолда кездескендердің барлығын өлтірген. Шыңғыс ханның сүйегін моңғол жеріне апармай, Ертіс өзенінің бойындағы Шыңғыстауда жайлауда отырған бәйбішесі Бөртеге жеткізіп, күзет қойып, осы жерден қағанның өлімі туралы жария етіледі. Жер-жерден халық келіп, қағанмен қоштасу Шыңғыстауда болған сияқты. Қоштасу рәсімінен кейін аза тұтқан, жиылған елдің ығайлары мен сығайлары біртіндеп тарай бастайды. Ойланайық оқырман! Солардың өзінен Шыңғыс ханды қайда жерлейтіндігі құпия болғандығын аңғарамыз.
Ендігі үлкен мәселе қайда жерлеу керек?
Шыңғыс хан жаулап алған жерлердегі қатыгездігі үшін моласын қорлауы мүмкін деген оймен өз денесін ешкімге көрсетпей, белгісіз етіп қоюды талап еткен деседі. Ондай жағдай көшпенділердің тарихында болып тұрған. Әсіресе, хандардың, патшалардың, кісі ақысын жеп, елді зар еңіреткен байлардың молаларын бұзып, қорлаған жағдай ежелгі Моңғол, Қытай шежірелерінде айтылады.
Шыңғыс хан аса құпия жағдайда жерленгендіктен, күні бүгінге дейін оның моласы беймәлім. Осының төңірегінде кейбір деректер мен ел аузында әр түрлі аңыздар бар. Ол аңыздардың мазмұны әр түрлі, көп жағдайда біріне-бірі қайшы.
Көп тараған аңыздардың бірі - Шыңғыс ханның Бұрқан-Қалдұн тауының маңына жерленуі. Өзін жерлейтін жерді көзінің тірісінде өзі таңдап алған екен. Шыңғыс хан бірде аң аулап жүріп, жалғыз өсіп тұрған ағаштың түбінде демалып, жан-жағына мұқият зер сала қарап тұрып: «Осы жерге мені жерлейсіңдер, естеріңе сақтаңдар! Бұл жерге белгі қойылсын!», - дейді жалғыз өсіп тұрған ағашты нұсқап. Рашид-ад-Диннің мәліметі бойынша, ұлы хан өзі көрсеткен жерде жерленген дейді. Жерлеу рәсіміне қатысқан адамдардың барлығын қырып тастаған. Шыңғыс ханның өсиеті орындалды, оның денесінің Бұрқан-Қалдұн тауының қай жерінде екенін бүгінге дейін ешкім білмейді. Хан жерленген соң, ол жерге оқ атса өтпейтін қалың ағашты ну орман пайда болған.
Келесі аңыз бойынша, бір түрік қолбасшысы ханның денесін Моңғолияға жеткізіп, төрт жерден көр қаздырып, төртеуіне төрт табыт салып көмген. Ханның денесі қай табытта екенін ешкім білмеген. Сол жерден үйір-үйір жылқы айдатып, молалар жермен-жексен болып, әбден тапталған кезде, ал енді табыңдар дегенде, ешкім хан сүйегі жатқан жерді таба алмаған. Жерлеуге қатысқандардың барлығы өлтірілген. Кейін Хэнтэй жерінің біраз бөлшегін қасиетті деп жариялап, ол жерді басқан адамды қарғыс атады деп санаған. Бұл да Шыңғыс ханның моласын іздемесін деген мақсатпен таратылған аңыз болуы мүмкін.
Тағы бір аңызда Шыңғыс ханның денесі Онон өзенінің арнасында су астында жатқан көрінеді. Бейіт қазу үшін өзенді басқа арнаға бұрып, жерленгеннен кейін оны қайта өз арнасына жіберген дейді. Тіпті, мынадай да аңыз бар. Қағанның қай жерге жерленгенін білдірмеу үшін денесін бір жыл бойы бальзамдап (моңғолдар ол кезде денені бальзамдауды білмеген), түйенің қомына салып алып, ел аралап жүрген. Ана жерге, мына жерге жерленді деп лақап таратқан.
Марко Полоның жорамалы бойынша, «моңғолдар барлық ұлы басшыларын, қағанның ұрпақтарын үлкен Алтай тауының баурайына жерлеген. Шыңғыс хан қай жерде өлсе де, бәрібір оның денесін сол Алтай тауына әкеліп қоюға тиіс» дейді.
Ғалымдар Шыңғыс ханның денесі үш өңірдің бірінде жерленуі мүмкін екенін айтады. Біріншісі - Ішкі Моңғолия, екіншісі - Чита облысының (Ресей) оңтүстігі, үшіншісі - атақты адамдардың жерленген жері табылған Биндер тауының етегі. Алғашқы екеуіне қарағанда, соңғы болжам шындыққа жақындайды, өйткені, Шыңғыс хан дәл осы өңірде дүниеге келген. Кіндік қаны тамған жерге жерлеу де көптеген халықтардың, әсіресе, түріктердің салтында бар емес пе? Археолог ғалымдар Биндердегі қорымның бір зиратынан табылған қару-жарақтар мен әшекейлі заттар Шыңғыс хандыкі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
Осы үш өңірдің қатарына Қазақстанды да қосуға болатын сияқты. Себебі қаған қайтыс болған кезде Аягөз маңында Бөрте бәйбіше жайлауда отырғанын, Шыңғыс ханның осы маңда да көз жұмуы, оны бәйбішесіне алып келуі мүмкіндігі туралы айтқанбыз. Қай халықтың да өлген адамды кешіктірмей туған жер қойнауына беруі ертеден келе жатқан салт-дәстүр. Қағанды туған жеріне жеткізудің қашықтығына және ауа-райының ыстығына байланысты әрі қарай жүру қиын болғандықтан, үлкен ұлы Жошының сүйегінің Ұлытауда жатқанын ескеріп, оның денесін сол Аягөз маңында жерлеуі мүмкін. Ал, М.Қожырбайұлы «бабамыздың моласы Ақмола облысы, Атбасар үйезінде, Бағаналы-Балталы деген найман жайында, Қаракеңгір бойында сырлаған кірпіштен салған ескі екі бейіт бар: Алаш және Жошы хан. Міне, осы Алаш хан мазары деп жүргендеріміз Шыңғыс хан бабамыздікі» дейді. Сонда Ұлы таудағы Жошының қасына жерлеген болады ғой. Бұған не айтамыз? Шыңғыс ханның моласын жоғарыда аталған екі өңірден де іздеу ақиқаттан алыс кетпейді.
Шыңғыс ханның сүйегін табу үшін моңғолдармен қатар америка, жапон, француз, орыс ғалымдары да біраз тер төккен. Іздеу-зерттеу жұмыстары әлі жалғасуда. Оның өмірін 20 жылдан бері зерттеп жүрген америкалық ғалым Клавдистің пікірінше, бұл жұмбақ ұзаққа созылмайды.
«Ана тілі» газетінде (2009 ж., 21, 22 сандары) филология ғылымдарының докторы, халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, түрколог Қ.Сартқожаұлының«Шыңғыс хан мазары табылды» деген мақаласы жарық көрді. Айтса нанғысыз. Мақаланың мазмұны қысқаша мынаған саяды.
Ұлы қағанның мүрдесін іздеген жүздеген экспедициялар мен жеке саяхатшылардың ішінен бір ғана адам, ХХ ғ. басында (1903 ж.) Кентай жотасындағы Бұрқан-Қалдұн тауына барып, тұрғын халықтармен етене араласып, ел аузындағы аңыздарға сүйеніп, Шыңғыс ханның мазары осы таудың үстінде деген тұжырым жасап, болашақта зерттеу үшін жолсапар белгілепті.
XVIII ғасырдың аяғында туып, XIX ғасырдың орта шеніне дейін өмір сүрген моңғолдың ғұлама тарихшысы әрі жазушысы Ванчинбал «Көк судар» (Киелі шежіре - бәріміз білетін «Моңғолдың құпия шежіресі» негізінде жазылуы мүмкін) деген тарихи еңбегінде Шыңғыс ханның мүрдесін Бұрқан-Қалдұн тауының басына жерлеп, үстіне тастан үй салған. Мүрдені шынар ағаштан әдемілеп жасалған сандыққа (табыт) салып, оны үш жерінен алтын белдікпен орап (түріктерде, мұсылмандарда бар ғұрып), оны айналмалы механизмге орнатып жерлеген. Ол қандай механизм? Қандай заңдылыққа сүйеніп жасалған, ол 365 күннің бірінде шығысқа қараған сәтте ашылуы мүмкін дейді. Оны қалай есептеп шығаруға болады деген сұрақтар ойға келеді. Мүрденің басы күншығысқа қарамаса ашылмайды да, табылмайды, табылған жағдайда ашуға болмайды дейді. Өйткені, ондай жағдайда күтпеген табиғат апаты, соғыс, індет ауруы болуы мүмкін. Табытты ашатын күншығыстан көк бұқа мініп келген, сақалы белуарына дейін түскен қарт адам болатын сияқты. Қандай халық болмасын, мүрденің басын батысқа бағыттап жерлейді. Өлген дененің қозғалмайтыны өзінен-өзі түсінікті. Бұл да сол Қаған мүрдесін іздетпеудің, таптырмаудың аңызға айналған амалы болса керек. Осындай ел аузындағы аңыздар мен дәстүрлерге, басқа да деректерге молынан хабардар болған және ұлы бабасының өсиеті мен тәрбиесін көрген, кішкентайынан бабасының Шіветі-Қайрхан тауының басына ертіп апарып, тастан жасалған алып кешенді көрсеткенін, «бұны сырт адамға айтуға, көрсетуге болмайды, мұнда аса үлкен құпия жатыр. Осы құпияны ашуға атсалыс», - деген тапсырмасын ұмытпай, ер жеткесін оны орындауда моңғол азаматы Нямаагийн Даваа хан мазарын табу үшін үлкен іске кіріседі. Ең әуелі Шіветі-Қайрхан тауындағы кешенді қазу кезінде Білге қағанның мүсінін табады. Одан кейін Моңғол үкіметінің рұқсатын алып, Бұрқан-Қалдұн тауының үстіндегі биіктігі - 12 метр, ұзындығы - 280 метр, көлденеңі - 190 метр кешенмен екі жыл бойы айналысып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Георадиофизик, археолог, радиометр мен радиомагниттік бақылау әдістемелері арқылы жүргізілген сараптамалардың нәтижесінде, таудың үстіндегі кешеннің астында 30 метр тереңдікте бағалы металл және сүйек орналасқан табыттың суретін шығарады. Осы Шыңғыс ханның мүрдесі деген қорытындыға келеді. Бұл жерде мынаны ескерген жөн. Сол маңда Шыңғыс ханға дейін де, кейін де ұлы адамдардың жерленуі мүмкін ғой. Оның мазарын қазып, сүйектің дәл қағандыкі екендігіне көз жеткізбесе, бұл да сол аңыз күйінде қалып қояры хақ. Бұл бір. Екіншіден, ол мазар Шыңғыс хандыкі деп қазуға моңғол халқы рұқсат бермесе, автор айтқандай, әлі де мың жылдар бойы құпиясын сақтап, аңыз болып қала берер дегенімен толықтай келісуге болады.
Зерттеуші ғалымдар қағанның мүрдесін іздегенде Бөртенің қайда жерленгені туралы мүлдем ескермейтін сияқты. Бөрте Шыңғыс ханнан кейін қайтыс болса, оны Қағанның қасына жерлеу ақиқатқа жақындау келмей ме?
Ұлы ханға байланысты көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқанбыз. Солардың бірі - Шыңғыс ханның суреті. Бұл туралы И.Қабышұлы «Шыңғыс хан суреттерінің сырына үңілсек» (Егемен Қазақстан, 2002 ж., 30 қараша) деген мақаласында оның төрт суреті көрсетілген. Солардың екеуіне зейін салайық. Үшінші суретті негізінен Еуропа мен орыс тарихшылары қолданған болса, төртіншісі ислам дініндегі түркі елдерінің пайдаланып жүрген тұрандықтар салған сурет.
Шыңғыс ханның суреті жайындағы құпия екі суретіне байланысты. Осы екеуін мақаламызға енгізіп, басқа екеуіне қызығушылар И.Қабышұлының жоғарыда көрсетілген мақаласынан не осы жолдар авторының «Тұғыры биік тұлғалар» кітабынан қарауына болады.
Біздің 1990 жылға дейін Шыңғыс хан суреті деп немересі Құбылай орнатқан Юан ұлысын құртқан,қытай әскерінің қолбасшысы Го-цы-синнің суретіне (1-сурет) табынып келіппіз, яғни оның дұшпанын дәріптеппіз.
Қытайда әркез билеуші хандардың және ханшайымдардың суреттері сақталатын мұражай болған. Оған кез-келген адам кіруге, көруге тиым салынған. Бірақ, әйгілі француздың миссионері А. Гюбрек амалын тауып кіріп, мұндағы суреттердің дұрыс-бұрыстығына мән бермей, Қытайдың қылқалам шеберлерінің ең озық дүниесі деп 1-суретті асыра мақтаған.
1968 жылы этнограф-зерттеуші Л.П. Сычев «Шыңғыс хан және оның мирасқорларының суреттері» деген мақаласын «Народы Азии и Африки»журналына жариялайды. Бұл сурет Юан ұлысын талқандаған Қытайдың Мин патшалығының қолбасшыларыныкі болып шығады. Кейін бұл суретті Чин ұлысының суретшісі Шангуан Жоу салады да, баспаханадан көбейтіп, әлемге таратады. Осылайша, Шыңғыс хан деп сеніп келген сурет қытайлық Жу Юан Жан салған Го-цы-синнің суреті болып шығады.
Ал Юан ұлысының хандары мен ханшайымдары суреттерінің арасынан табылған суретке (№2) зер салайық. Ғалымдардың пайымдауы бойынша, бұл суретті Шыңғыс ханның немересі Құбылайхан Юан ұлысының дәуірлеп тұрған шағында Жалайыр Қара Қасен дархан (моңғолда ұстаны - «дархан» деп қастерлеп «дархан хун бурхан ухаантай» - ұста ұлықтардан да ұтқыр ойлы деген) салған болуы керек. Ол мәрт, жомарт, абыз, ақылгөй ғұлама, ғажайып суретші адам болған. Оның салған суретінде Шыңғыс хан басына айқара жапқан ақ құндыз тұмақ, үстіне қаусырмалы орама жағалы ақ шапан киген кең маңдайлы, келіскен келбетіне ақ бурыл сақалы жарасқан, оң құлағының артында сырғаға ұқсаған дөңгелене түйілген шашының шеті қылтиған, тұмақ астынан самайына қарай қос кекілін жара тараған, терең ой үстінде отырған адам бейнеленген. Шыңғыс хан замандастары оны көбіне осылай бейнелейтін және «Шыңғыс хан» телехикаясында осындай көріністер жиі көрсетілген.
Шыңғыс ханды көзбен көрген қытайлық Чан-чун әулиенің «ол етжеңді, толық денелі, қой көзді, қоңырқай жүзді, ажарлы адам», «Құпия шежіреде» Есүкейге қоңыраттың Дей шешені: «Балаңның көзі отты, жүзі нұрлы екен, құда болсақ қайтеді?» дегенінен басқа оның бет-бейнесі, кескін-келбетін суреттеген бірде-бір дерек жоқ. Сондықтан да жалайыр Қара Қасен дархан салған суретті қағанның шынайы бейнесі деп қабылдауға болатын сияқты.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: Шыңғыс ханның өмірі тарих қойнауына тереңдеген сайын, оның беймәлім беттері де қоюлана түседі, ал олардың сырларын ашу алдағы ғасырлар еншісіне тиері сөзсіз. Олай болып жатса, ол сол кезеңнің ұлы кереметтерінің арасынан орын алатынына күмән жоқ.
ІV. Қорытынды:
Қарапайым халық дегеніміз: «Біз, Отырар қариялары, М. Мағауиннің «Шыңғыс ханның шарапаты» атты мақаласын оқып, жағамызды ұстадық... Шыңғыс ханды «бізге азаттық әкелуші» деп жариялау – барып тұрған әділетсіздік әрі біздің әлі жеке ұлт боп ұйымаған дәуірімізге баға берушілік, нығыздап айтсақ, сауатсыздық дер едік.» (11) – дейді. «Шыңғыс ханның арғы тегі қият, ал қият пен қыпшақ бірге туысады. Негізінен, батыс пен орыс зерттеушілері Шыңғыс ханның бізге туыс екенін жасыруға тырысты ғой. Тіпті, түркі дегенді айтқызбай, оны моңғол деп атады. Артында Алтын Орда деген мемлекет қалды. Ол – қыпшақ мемлекеті еді... ал енді әлгі «Отырардың күйреуіне» қайтып келсек, оны экраннан алып тастайтын кез жетті. Ол ешқандай патриоттық рух бермейді, қайта оқушыны шатастырады» (12).
Міне, Шыңғыс хан туралы баспасөз беттеріндегі пікірлер. Бұл әрине тарихи таным тұрғысынан алғанда қазақ қоғамының қазіргі бейнесі, түсінігі. Қандай шығармалар болмасын, белгілі бір идея тұрғысынан туылатындығын ескерсек, біздің келтірген пікірлер (келтірмегеніміз қаншама) болашақта жазылатын шығармалардың сұлбасы деуге болады. Қалай болған күнде де, Шыңғыс хан аңыз арқылы әдебиетімізге келген, орын алған. Енді заманауи ауқымды шығармалар арқылы көркем әдебиеттің төріне шығады. Аңыз ақиқатқа айналады. Сөзімізді Мағжанның сөзімен түйіндейік: «Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер, Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер. Шыңғыстай данышпанның құр аты да, Адамның жүрегіне жігер берер»
Ұсыныс:
- Әбіш ағамыздың шығармалары арасынан қазақтың сол замандағы тіршілігі туралы мәліметтер топтастырылса;
- «Ханша Дария» романы бойынша қойылған пьеса Қазақстан бойынша ауылдарды аралап көрермендерге жол тартса;
V.Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мағауин М. Он үш томдық шығармалар жинағы, 8том. – Алматы: Қағанат, 2002.
2. Зәкенұлы Т. Көк бөрілердің көз жасы. – Алматы: Олжас, 2002.
3. Шаханов М. Ғасырларды безбендеу. – Алматы: Жазушы, 1988.
4. Кекілбаев Ә. Дала балладалары, 2том. – Алматы: Жазушы, 2001.
5. Қабышұлы И. Шыңғыс хан.// Егемен Қазақстан, 24-тамыз, 1992.
6. Дюсенбаева Ж. Ә.Кекілбаевтың шығармашылығындағы тарихи тұлға және көркемдік жинақтау: док.диссертация. – Алматы, 2009.
7. Дүйсенбаева Ж. Ә.Кекілбаев прозасы. Халықтық аңыздар және көркемдік шешім: канд. диссертация. – Алматы, 1999.
8. Мағауи М. Шыңғыс ханның шарапаты. // Жұлдыз. – №3. – 2002.
9. Мағауин М. Ешкі жетектеген екеу. // Алтын Орда, 1-қараша, 2002.
10. Шаханов М. Құлдық сана формуласы немесе Шыңғыс ханды пір тұтушылар әлегі. // Қазақ әдебиеті. – №1. – 2002.
11. Ордабаев Қ., Әдіһам Шілтерханов. Оңтүстік Қазақстан, 6-маусым, 2002.
12. Жұмаділов Қ. Мен не жазсам да көзбен көргенімді, куә болғанымды жаздым. // Айқын, 28-наурыз, 2006.
13. Жұмабаев М. Шығармалар, 1том. – Алматы: Білім, 1996.
Мазмұны:
Жоспары
І. Аннотация
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері..............................................
ІІ. Кіріспе:
2.1. Ә.Кекілбаевтың «Ханша Дария» романы жайлы мағлұмат..........1 - 2 бет
ІІІ. Негізгі бөлім:
-
«Ханша Дария» шығармасына қысқаша мазмұны................3 - 5 бет
IV.Зерттеу бөлімі:
-
Шыңғыс хан өмірінің беймәлім беттері........................8 – 10бет
V.Қорытынды...........................................................................................11 - бет
VI.Пайдаланылған әдебиеттер................................................................12 - бет
8