Материалдар / "Ханзада мен ханшайым" сайысы

"Ханзада мен ханшайым" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

8-наурыз мерекесіне қарсаңында өткізілген

«Ханзада мен Ханшайым» сайысы.

Тақырыбы: «Ханзада мен Ханшайым»

Мақсаты: Тіл байлықтарын, өнерге деген талаптарын дамыту, өз-өзін бағалай білуге,өзгені сыйлауға тәрбиелеу.Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Түрі: ұлдар мен қыздар арасындағы сайыс.

1-жүргізуші: Құрметті аналар, апайлар, қыздар! Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын көктемнің алғашқы мерекесіне орай ортаңғы топтың балаларының арасында өткізгелі отырған сайысымызға қош келдіңіздер.

2- жүргізуші: Армысыз асыл халқым ақ жүректі

Баласына арнаған ақ тілекті,

Сыңға түсер достар арасында

Ер намысты, ер жүрек ұлдар келіпті

Жас ұлан ғой ертеңгі ел мақтаны

Қырандар ғой, көк аспаны,

Арта берсін абырой мен атақ даңқы.

Қарсы алайық құрметпен қыздарымызды

Ұстаңған қазағымның ата салтын,



Жансың лайым бәрінің жұлдыздары дей келе Ханзада мен Ханшайымдарымызды ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар! ( музыка әуенімен қатысушылар кезекпен ортаға шығады)

1-жүргізуші: Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші,

Ханзада мен Ханшайым деп жүрейікші.

Әділ қазы алқасынан әділдікті

Ал, балалар сәттілік тілейікші- дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділ қазы алқасымен таныстырайық.

1.Бұлақ ауылдық округінің бас маманы -Ертуғанова Жанар Шалабайқызы

2. Патриот орталығының әдіскері – Сейсенғалиева Динар

3. Әлия Молдағұлова орта мектеп мектепалды тобының тәрбиешісі -Ақжігітова Г.Т

Сөз кезегін «Балдырған» бөбекжайының директоры: Косниязова Г.Т беріледі.

2- жүргізуші: Қайсы әшші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам.

Талантарын табайы!- деп өнер сүйір қуім бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:

  1. Бөлім: « Тегімді менің сұрасаң» (өзін таныстыру)

  2. Бөлім: « Өнерлі бала- елдің көркі» ( өнер сайысы)

  3. Бөлім: « Бар ізгілік тек білімнен алынар» ( сұрақ-жауап)

  4. Бөлім « Балдырғанға сыйлаймын» ( қолөнер бұйымдары)

  5. Бөлім « Сұлулық сыры» ( сән үлгісі)

1-жүргізуші: Есте қалар бұл күндер

Бал-бұл жанған жыр күндер

Оза шапқан дүлділдер

Ойнап, тойлап күлейік

Жеңімпазды білейік,

Талапкердің бәріне

Шалқан шабат тілейік.

2- жүргізуші: Ақыл-көкі бойларына жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзіңмен

Тез арада таныстырып өтеді –деп сайысыиыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң» деп аталады.

Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.

Таныстыру. Өзімді мен таныстырсам

Әлиямын еркелеген

Қызымын мен Бибіжанның,

Бір үйдің кенжесімін.

Сайыста мен ән салайын

Би билеймін кідірмейін

Мені сүйген жүректердің Лүпілінен айналайын. ( Әлия)

Армысыздар үлкен-кіші көрермен

Кеңде емеспін Дәулет ұлың өнерден

Абай –әкем аты, анам- Күлайша,

Ән салып биде билеп беремін менде. ( Дәулет)

Әмірхан деген баламын

Айтқан тілді аламын,

Әліппен мен дос болып.

Мектепке мен барамын. ( Әмірхан Гүлім)

Ақ көңілді, ақ ниетті

Мен бүлдіршін баламын

Әке сөзін тыңдайтын

Мен бақытты баламын.

Анам бар Айзада дай мәпелеген

Ағам бар Нұрдәулеттей еркелеген

Бақытты отбасында еркін өскен

Мен баламын Сұңғатқызы Дильназ деген.(Дильназ)



Аспайтын – саспайтын

Жұмсағанды қашпайтын

Ата- әжесін қуантқан

Бекжан деген мен болам! (Бекжан)

Уа, жараңдар, жараңдар

Бәрің бері қараңдар

Әжесі баққан әлпештеген

Алдарыңа келіп тұр

Бір жапырағы Серіктің

Әзер Дәулет мен болам (Әзер Дәулет)



Сәлем берем иіліп қазылар алқасына

Ұшып шығам Балдырған бақшасынан

Ұлы қауім жиналған ортасына

Таныстырып өтейін мен өзімді

Әкем Жасшан мен анам Гүлмираның

Қызы Саида мен болам. (Саида)

Альдияр деген баламын

Айтқан тілді аламын,

Сырын білгім келеді.

Туған ел дала қаланың (Альдияр)



Үш қыз туған анам бар

Жұмаққа бірден баратын

Асқар таудай әкем бар.

Мен кенже тілін алатын

Әділқазы алқасына иіліп сәлем беріп тұрған

Мен баламын Ақнысан Әділханқызы

Сайысқа қатысуға келіп тұрған (Ақнысан)

Армысыздар, ата-аналар тәрбиешім

Бұл сайыста сыналар бағым менің,

Өздерңнен тұтанған мен бір жалын

Сұрасаңыз Гүлбану болады менің атым

Мен қазақтың қызымын қара көзді

Айтамын жүрегімнен жалын сөзді

Барша жұрттың алдыңда тізе бүгіп,

Баршаңызға беремін сәлемімді. (Гүлбану)



Исламбек деп атымды қойған

Өзіме сондай ұнайды.

Өскесін дәрігер болғанымды

Жүрегім қатты қалайды. (Исламбек)

Ата-әжесіне ермек болған

Рахман деп атымды қойған.

Азамат болу ойымды

Ізгілік бар бойымда. (Рахман)



Малғара болады руым

Амандықтың қызымын

Өнерімді көріңдер

Көріп баға беріңдер. (Салтанат)

Әке-шеше мақтаған

Амина қызы мен болам,

Тақпағым бар жаттаған,

Осы күнге сақтаған

Ән де айта аламын

Биде билей аламын

Өзім жап-жас болсамда

Таудай үлкен талабым

Жездібай болады руым

Қоныспектің қызы боламын

Өнерімді көріңдер

Көріп баға беріңдер. (Амина)



Армысың өнер сүйер халқым менің

Алдымен амандасу салтым менің,

Бір қызы Ақерке атты мен болам,

Қазақтың сақтаған салт-дәстүрін. (Фатима)

1-жүргізуші:

2-Бөлім: « Өнерлі бала-елдің көркі»

Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би-билеп ал біреуі ән салыпты,

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Сайыскерлер аянбай жан салыпты-деп өнер сайысына кезек береміз.

Гүлім-Әмірхан « Қазіргі заман биі»

Дәулет-Әлия « Ақ мама әні»

Дильназ- Бекжан «Қошақан әні»

Ақнысан – Альдияр « Жас дәуірдің түлегі» әні

Дәулет –Саида « Қара жорға биі»

Рахман- Салтанат « Тамшылар биі»

Гүлбану- Исламбек « би»

Амина –Ақерке « Апам үшін әні»



3-Бөлім: « Бар ізгілік тек білімнен алынар» ( сұрақ-жауап)

2-жүргізуші: Білім жолы сары жол,

Білімді адам бастар қол

Сұрақтарды тыңдап ал

Жауап беруге дайын бол.

  1. Қазір жылдың қай мезгілі?

  2. Сенің балабақшаның, тобының аты қандай?

  3. Біздің елбасшымыз кім?

  4. Тәрбиеші апайларының атын білесізбе?

  5. Рәміздерге нелер жатады?

  6. Аспазшы апайлардың атын ата?

  7. 1-ден 10-ға дейін санау?

1-жүргізуші:

4-Бөлім « Балдырғанға сыйлаймын» ( қолөнер бұйымдары)

Шеберлері өнер тамған қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан

Шебер қолдар өз-өнерін көрсетсін

Біз айтайық төрелігін соңынан

-деп қолөнер бұйыымдарын әділқазы алқаларына табастайық.2-жүргізуші:

5-Бөлім « Сұлулық сыры» ( сән үлгісі)

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменнен таласатын

Өнеріне сай келіп дайын тұрған.

Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынатын.

1-жүргізуші: Қазағымның жігіттерімен қыздары жұп болып сынға түсті.

Салт-дәстүрлер жаңарып еске түсті

Ханзада мен Ханшайым анықталсын сың сағатта

Бұл сағатты ата-ана көптен күтті

Қуаныш бүгін мынау құтты болсын

Қыздарымызбен, ұлдарымыз өсе берсін.

2-жүргізуші:Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші,

Әділқазыларға төрелік берейікші.

Жеңіп шыққан балаларға құттықтып сәттілікті тілейікші.

Келесі сөз кезегін әділқазы алқаларына беріледі.



1-жүргізуші: Жүзден жүйрік күшімен

Мыңнан тұлпар мықты шың

Құттықтаймыз ал енді Ханзада мен Ханымды

Өрге жүзіп өнері

Тауға өрлесін

Шоқтай болып жанады



ЖИ арқылы жасау
10 Қырқүйек 2018
7526
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі