Материалдар / хаттама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

хаттама

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып оқушыларының ата- аналарының жалпы жиналысының хаттамасын жазу үлгісі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1096
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиелік мақсаты: Балаларға Отанды сүюге,тілді құрметтеуге,тәуелсіздікті бағалай білуге,осы ерлік жолында күрескен ерлерді,қаһармандарды әрдайым есте ұстап,үлгі ете білуге үйрету.Балаларды ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды,елін сүю,халқына қызмет етуге тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу-қызметінің жүрісі: Құрметті балалар.1991-ші жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады.Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол тайғақ кешуден сүрінбей өтіп Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастыққа өз орны бар абыройлы мемлекетке айналды.Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Аспанымыз ашық,еліміз аман болса бұл мақсатқа жетеміз деп сенеміз.Сол болашақтың тірегі бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер,балалар.

Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.Тәуелсіз мемлекетіміздің

ең басты белгілері:Желбіреген көк туымыз,Елтаңбамыз және Әнұранымыз.

Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып «Әнұран»тыңдайық.

Енді балалар,осы Тәуелсіздікке,бүгінгі мерекеге арнаған тақпақтарымыз,әндеріміз бар соны ортаға салайық.

Ақшолпан: Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында,

Көгереміз,көктейміз.

Ерасыл: Шуағынан сәуле шашқан күні бар

Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай

Қазағымның желбіреген туы бар.



Кәусар: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы

Ол баршаға еркін өмір сыйлады.



-Рахмет балалар Тәуелсіздік алғалы бері тіл туралы көптеген кедергі,қиындықтарға кездесіп келеміз.Олай болса біздің балалар тіл туралы қандай тақпақтар біледі екен тыңдап көрейік.

Нұрайым: Қазақ тілім-саялаған нұр бағым,

Қазақ тілім-ана тілім ардағым.

Рахман: Сүйсең Отан- анаңды,

Сүйерсің ана тіліңді

Қадірлесең халқыңды,

Білесің ана тіліңді.

Ән «Елтаңбасы елімнің»

-Біз бүгінде,Тәуелсіз ел деп Отанымыздың жасампаз болуын ұлының ұлағатты,қыздарының инабатты,халқының салауатты болуына барлық мүмкіндік барын білуіміз қажет.Сондықтан мемлекетімізді мақтан етеміз.Еліміздің егемендік алуы,халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты.Ол баршамыздың бейбіт өмірде еркіндікті аңсаған ақ ниет,ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.Еліміздің Тәуелсіздігі үшін ата-бабаларымыз жылдар бойы күрескен.Сондықтан сендер де Отанымызды,ұлтымызды,тілімізді қорғайтын өр қазақ,ер қазақ болып өсулерің керек.Елдікке жетпей,теңдікке жетпейтінімізді жадымызда сақтайықБүгінде біз Тәуелсіз Отанымыздың мерекесін атап өтіп жатырмыз.Мерекеміз құтты болсын!

-Желтоқсан оқиғасы-еліміздің болашағы,бостандығы,егемендігі үшін болған күрес.Қазақ халқын барша дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары: Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхамбетжанова,Ербол Сыпатаевты еске алып,олардың рухына тағзым ету парызымыз деп санаймыз.Біздер бүгін қазақ елінің тыныштығы,тәуелсіздігі үшін,солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтерген апа-ағаларымыз туралы кеңінен танысатын боламыз.Ұзақ жылдар бойы аңсаған ата-бабалар арманы елімізге оңайлықпен келмеді.Соның бір айғағы -Желтоқсан қозғалысы болатын.

Суреттерден Астана қаласы.Елбасының,рәміздерді,әр ұлт өкілдерін көрсету.

Ән «Отан»

Бақдәулет: Отанды біз атамекен

деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Нұрәділ: Отанды жас-кәрімізде,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәрімізде

Туып өмір сүреміз.

-Біздің елордамыз Астана қаласы.Ол бұрын Ақмола деп аталған.Астанамыз жылдан-жылға көркейіп,әсемденіп келеді.

-1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды.

-Алматы қаласындағы Республика алаңында Қазақстанның тәуелсіздігі құрметіне «Алтын адам»ескерткіші орнатылды.

-Балалар,біздер еліміздің негізгі белгілерін біліп қана қоймай оларды қастерлеуіміз қажет.Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Кеңбайтақ елімізде барлық ұлт өкілдері тең дәрежеде,олар да да Қазақстанды құрметтейді,қастерлейді.

Ойын«Достар алаңы»

-Балалар бүгін біздер Тәуелсіздік батырларын еске алдық,әрдайым Қайрат,Ләззат,Сәбира,Ербол атты аға-әпкелеріміз сынды еліміздің жарық жұлдыздары болыңыздар! Еліміз тыныш болсын!

«Әнұран»

























«Балдаурен» бөбекжайы













«Тәуелсіздік ел-тілегі»

«Қызғалдақ» ортаңғы тобына арналған тақырыптық оқу-қызметі





















Тәрбиешілер: Кенжеғалиева.М.Ж.

Абдолова.Г.М.

2017-2018 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!