«АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» тақырыбындағы СЫНЫП АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ І-ші ОТЫРЫСЫ
ХАТТАМА
АТА – АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ № 1
«12_»қыркүйек 2025 ж
Күн тәртібінде:
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысын ұйымдастырудың басымдықтары туралы.
2. Сынып ата-аналары комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы.
3. Сынып ата-аналары комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.
Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту
Қатысқаны 5 адам
Өткізу форматы: офлайн
Мақсатты аудитория: Сыныптың ата-аналар комитеті
Ұзақтығы: 45 минут
Сынып жетекші: Тараза Қаныбекқызы келген ата-аналармен амандасып, Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жаңа оқу жылында жаңа табыстарға жетіп, балаларымыздың жетістіктеріне бірге куә болайық дей келе шаттық шеңберін құрып,бір-бірлеріне шынайы лебіздерін білдіріп, психологиялық ахуал қалыптастырды ұл-қыздарының мінез- құлықтарымен іс - әрекеттерімен таныстырып жайғасты. Ата-аналар бірін бірі жақсы таниды.
Жаңа оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы өз жұмысын бастағаны туралы айта отырып, Отаншылдыққа тәрбиелеу керектігімізді айтып өтті, тәрбиеде жиі кездесетін келеңсіз жағдайлардың, мектепте ақша жинауға жол берілмейтінін, ата-аналардың балаға қымбат телефон, ал ата-аналар ысырапшылдыққа жол бермеуі тиіс екендігін атап өтті.
ҚР «Неке және отбасы туралы» кодексіне сәйкес, әр ата-ана баласының денсаулығы, тәрбиесі, қауіпсіздігі мен білім алуына толық жауапты. Бұл міндет орындалмаса, ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны. Кәмелетке толмаған баланың түнде үлкендердің қарауынсыз жүруі айыппұл мен материалдық жауапкершілікке әкелетіні. Ата-ана – тек асыраушы емес, баласына бағыт беретін, болашағына жауапты тұлға. Әкелердің ата-аналар комитетінің жұмысына белсене араласуы – баланың оқуындағы жетістігі мен тәрбиесіне тікелей оң әсер ететіні. Біз сыныпта да, мектепте де ата-аналар комитетінің қатарында әкелерді көргіміз келеді, өйткені әке тәрбиесі – баланың тұлғалық дамуы мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуында ерекше рөл атқаратыны және мектеп формасы – тәртіп пен ұқыптылықты айқындайтын, оқушының назарын сабаққа шоғырландыратын, әлеуметтік теңдікті сақтайтын, мәдениетті қалыптастыратын белгі. Ата-ана баланың таза, ұқыпты формада келуін қадағалап, ұлттық нақыштағы киімге қолдау көрсетуі жас ұрпақтың дәстүрге құрметін арттыратыны. PIRLS 2021 халықаралық зерттеуінің нәтижесі ата-ананың кітап оқуға деген қызығушылығы баланың оқу үлгеріміне тікелей әсер ететінін дәлелдеп отыр. Кітапты жақсы көретін ата-ананың баласы орта есеппен 524 балл жинаса, оған мән бермейтін ата-аналардың балалары 478 баллмен шектелген. Демек, ата-ананың кітап оқуға ынтасы – баланың білімге құштарлығының қайнар көзі, жөнінде айтып өтті. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында орталықпен қатар «Даналық мектебі» ата-аналар клубы да жүйелі жұмыс атқаруда. Ай сайын ата-аналар үшін бала тәрбиесіне байланысты маңызды тақырыптарда тәрбиелік сабақтар, тренингтер, кездесулер өткізіліп, жеке және топтық кеңес беру қызметтері ұсынылатындығы, қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында балалар арасындағы буллинг әлеуметтік мәселе болып отыр. Ата-аналар баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге, мектепке барудан бас тартуына, тұйықталуына және үрейлі күйге түсуіне ерекше назар аударуы тиіс. Осы мәселенің алдын алу мақсатында мектебімізде «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы іске асырылуда. Ата-аналардың осы бағдарламаға белсенді қатысуы – баласының қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне қосқан үлесі туралы айтып өтті.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып ата-аналары комитетінің төрағасы мен алқасын сайланды. Ата-аналар комитетінің төрағасы: Хабидуллина Асел
Мүшелері: Хуатбек Ботагоз
Күн тәртібінің бірінші-екінші мәселесі бойынша мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысын ұйымдастырудың басымдықтары туралы және сынып ата-аналары комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы айтылып сабақтарға ата-аналардың қатысу кестесі жасалды. Ата-аналар комитеті – мектеп пен ата-ана арасындағы алтын көпір. Биылдан бастап комитет жұмысы трансформацияланып, ата-аналар тек көмекші емес, мектеп өмірінің белсенді бастамашысына айналады. Бұл – баланың жан-жақты дамуына ықпал етіп, мектеп өміріне ата-аналарды шынайы серіктес ретінде тартуы
Жиналыстың шешімі:
1. Сынып ата-аналары комитетінің төрағасы мен алқасын сайлансын 2.Мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысын ұйымдасту кестелері құрылып, қызметтері үйлестірілсін.
3.Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне жүктелсін.
Сынып жетекші: Файзуллина Т.Қ
Ата – аналар комитеті: Хабидуллина Асель
Хуатбек Ботагоз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
хаттама

шағым қалдыра аласыз