хаттама үлгі

Тақырып бойынша 26 материал табылды

хаттама үлгі

Материал туралы қысқаша түсінік
хаттама жазу үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хаттама

Қатысуға тиіс:

Қатысқаны:

Күн тәртібінде:Сабақ зертеу бойынша

1) “Даналар мектебі” клубының жетекшісі Ш.Қ.Пірімбетова жалпы клуб жұмысымен таныстыруы.

2) мектеп инспекторы Е.Б.Өндірбай отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталды.

3) Педагог-психолог Ш.Ерназарова психологиялық тұрғыдан қолдаудағы бағыт-бағдары.

4) 9 сынып жетекшісі А.Жакипова әкенің бала тәриесіндегі рөлінің құндылығы туралы мәлімдемесі.

5) Рефлексия.

Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні «Даналық метебі» жобасы аясында Отбасы құндылықтарын күшейту , бала тәрбиесіндегі ата-аналар қауымдастығының, әкелер жауапкершілігін арттыру мақсатында 9 сынып жетекшілері А.Жакипова М. Отарбаева М.Сақтағанова М.Наржанова Ұ.Сүлейменовалардың ұйымдастыруымен «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» тақырыбында әкелер жиналыс өтті. Жиналыста бірінші болып балалардың бос уақыттарын әкелерімен бірге тиімді ұйымдастыру, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың жолдары туралы мәселелер талқыланды. Балаларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз, әрі ыстық байланысты ұғындыру.

Бала тәрбиесіне қашан да жауап­кершілікпен қараған абзал. Үнемі баланы бақылауда, қадағалауда ұстап, өмірлік бағыт-бағдар берген дұрыс. Күнделікті перзентінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын, іс-әрекетін зерделей алған ата-ана саналы ұрпақ тәрбиелеп шыға алады. Әркез әкелер қауымы барлық жауапкершілікті әйелдерге жүктеп қана қоймай, өз міндетіне тілекелей жауапты болғаны абзал. Осы күні күрделі мәселеге айналған бала тәрбиесінде ескерілетін маңызды фактор жетерлік. Мәселен, өскелең ұрпақты білімге, өнерге, спортқа баулу мәселесі күн тәртібінен түспейді. Сонымен бірге тәрбиесі қиын баланы түзеу де оңайға соқпасы анық, – деді мектеп инспекторы Е.Б.Өндірбай.

Әрине, баланы жан-жақты дамыту­ға, ой-өрісін кеңейтуге байланысты кешенді жұмыстар жүргізілуі керек. Қазіргі уақытта сан түрлі теріс пиғылдағы іс-әрекетке баратын жасөспірім қатары көбейген. Сондықтан әкелер қауымы баланы еңбекке бейімдеуді қолға алу керектігін 9 а сынып оқушысының әкесі тілге етті. Өз кезегінде бейнекөрініс арқылы оқушылардың әкесімен өткізген бір күні аясында баланы кәсіпке, еңбекке, өнерге баулу барысы көпшілікке көрсетілді. Бұл ретте, әкелер қауымы бала тәрбиесіне қатысты өз ойларын ортаға салды.

Бала тәрбиесіне қашан да жауап­кершілікпен қараған абзал. Үнемі баланы бақылауда, қадағалауда ұстап, өмірлік бағыт-бағдар берген дұрыс. Күнделікті перзентінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын, іс-әрекетін зерделей ал­ған ата-ана саналы ұрпақ тәрбиелеп шыға алады. Әркез әкелер қауымы бар­лық жауапкершілікті әйелдерге жүктеп қана қоймай, өз міндетіне тілекелей жауапты болғаны абзал. Осы күні күрделі мәселеге айналған бала тәрбиесінде ескерілетін маңызды фактор жетерлік. Мәселен, өскелең ұрпақты білімге, өнерге, спортқа баулу мәселесі күн тәрті­бінен түспейді. Сонымен бірге тәрбиесі қиын баланы түзеу де оңай­ға соқпасы анық, – Ш. Ерназарова

Бірнеше бағытта бала тәрбиесіне қатысты өзіндік көзқарастарын танытқан ер азаматтар осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса деген тілек білдірді. Ал сынып жетекшілер әкелерге арналған логикалық сұрақ пен ойын ұйымдастырды. Ынты­мақтастыққа, тұтастыққа үндейтін жиналыс тренингте әкелер белсенділік танытты.

Қорытынды сөз мектебіміздің тәрбие -ісі жөніндегі Ш.Қ.Пірімбетова

Баланы тәрбиелеуде отбасының ең басты тірегі- әке .

Баланы жастан бақпасан

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,-

дегендей баланың ыстық - суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата - ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата - ана. Сондықтан ата - ананың үлкен мақсаты - өз баласын үлкен әріптен жазылатын Азамат етіп тәрбиелеу. Сіздің балаңыз – еліміздің ертеңгі болашағы.Біз бүгін әр сыныптан шақырылған бірнеше әкемен жүздесіп отырмыз. Сіздер айтқан кез келген ұсыныс-тілек алдағы уақытта шешімін табатын болады. Келесі кездесуде әке мен баланы барынша жақындастыруға арналған тапсырмалар ұйымдастырылатын бо­ла­ды.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2024
307
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі