Хаттама үлгісі .Лессон стади

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Хаттама үлгісі .Лессон стади

Материал туралы қысқаша түсінік
Хаттама үлгісі .Лессон стади
Материалдың қысқаша нұсқасы

орта мектебіндегі «Lesson study» өткізуге арналған отырыстың

хаттамасы

Қатысуға тиісті: 7

Қатысқандар: 7

Күн тәртібі:

1.«Lesson study» жайлы түсінік беру.

2. «Lesson study» нұсқаулығымен таныстыру.

3. «Lesson study» зерттеу сабақтарын жүргізетін мұғалімдерді анықтау,жоспарлау;

1-ші және 2 ші сұрақ бойынша 2 деңгей мұғалімі Ә. Г дөңгелек үстел өткізді:

Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл тәсіл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр.

Lesson Study деген ол зерттеу сабағы дегенді білдіреді.

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.

Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды

Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.

Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.

Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.

Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.

Lesson Study-ді талқылайды.

Презентация арқылы түсіндірді.Мұғалімдермен практикалық жұмыстар жүргізілді.

3. «Lesson study» зерттеу сабақтарын жүргізетін мұғалімдерді анықтау,жоспарлау;

Сонымен «Lesson study» зерттеу сабақтарын келесі мұғалімдер өткізеді деп жоспарланды. Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы 10 «Ә»сыныбын зерттеу нысаны ретінде алды.А,В.С оқушыларды анықтады.

1.М -қазақ тілі пәнінен

2.Ж-тарих пәні мұғалімі

Шешім:

-Сабақ өткізуге дейін кездесу,өткізілетін сабақтың жоспарын біріге отырып құру;

-Зерттеуге кіретін оқушыларын анықтау,сабаққа қолданылатын оқытудың тиімді тәсілдерін бірлесе отырып талдау;

-Смарт мақсат жайлы түсінікті пысықтау;

-Зерттеуге қолайлы орта құру;



Жиналыс төрайымы

Жиналыс хатшы:





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2025
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі