жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
хх ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі посмадонизм
Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі
«Бекітілді» «Қарастырылды»
Мектеп директоры «Жас ғалым» ғылыми
Г.К.Калиева_________ қоғамның жетекшісі
« »_________2017ж Нұртазина Г.А_______
« »_________2017ж
Секциясы: Қазақ әдебиеті
Жобаның тақырыбы: XX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі
посмодернизм
Орындаған: Бердімұратұлы Құдайберген
9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Бердімұрат Сейфулла
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
Қазіргі қазақ әдебиетінің көтерер жүгі ауыр. Қамтыған тақырыбы да сан-салалы. 80-ші жылдардың аяғындағы қоғамдағы бетбұрыс әдебиет әлеміне, соның ішінде, қазақ поэзиясына, прозасына да үлкен жол ашты. Кеңестік кезеңде ауыздықталып келген сөз өнерінің тынысы кеңейді. Жабулы жатқан тақырыптардың аузы шешілді. Бүгінгі әдебиетші қауым сөзіне құлақ тоссақ Н.Оразалиннің: “Айдынды өткені мен айбынды дәстүрлері мол қазақ жырының бойынан нарық тудырған кескекті кезеңнің күнгей-көлеңкесі, шымырқантқан мінез көбірек байқалады”, - деуі жоғарыдағы пікірлеріміздің айғағы.
Қандай да болмасын әдеби мұраның бағасын тарих береді деп, бүгінгі қазақ поэзиясының тынысы турасында нақты ғылыми-зерттеудің сыбағасын ертеңгі күнге қалдыру әдебиетке жараспайды. Бүгін жазылып, сиясы кеппеген өлеңді талдап, жақсысын танып, жаманының кемшілігін уақыт оздырмай айтып жатқан тұста ғана қазақ өлеңінің бүгінгі тынысы айқындалмақ.
Зерттеу жұмысының өзектілігі де жоғарыда тізбектелген мәселелрден туындайды. Бүгінгі посмодернизимдік ерекшелікке ие проза мен поэзия, яғни, посмодернизидік ізденіске түскен өлең тынысына, және, ерекше проза жазған жазушылар шығармашылығына байланысты жазыла қойған ғылыми еңбектер жоқтың қасы.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Зерттеу жұмысында арнайы сөз болған белгілі ақындар Темірхан Медетбек, Несіпбек Айтұлы, Жүрсін Ерман сынды айтулы ақындарымыз бен, Асқар Алтай, Думан Рамазан сынды белді жазушыларымыз туралы арнайы зерттеулердің жазылмауы жұмыс тақырыбының өзектілігін,жаңашылдығын аңғартады.
Сенатор, ақын Н.Оразалиннің Қазақстан Жаузшыларының ХІІ құрылтайында айтқан бір сөзінде: «Соңғы жылдарда әдебиеттің үлкен мінберіне еркін көтерілген бұл буынның бергенінің де, берерінің де мол екеніне жалпақ жұрттың көзі жете бастады. 1984 жылдан бері «Мемлекеттік сыйлықтың ауылына бара асуы буылып келгенң қазақ өлеңінің жолын ашқан екі ақынның бірі тарихи әділеттілік тұғырына көтерілген ұлы суреткеріміз Мұқағали Мақатаев болғанда, екіншісі осы буын өкілі Темірхан Медетбек екенін сіздер жақсы білесіздер», - дегенін есте ұстауды жөн санадық. (Әдебиеттің иесі – халық, киесі – елдің рухы…)
Бүгінгі биіктен төл әдебиетіміздің тарихына көз тоқтатар болсақ, уақыт сілемі алыстаған сайын асқақтай түсер ұлы тұлғалар бейнесі төбе-төбе болып көзге шалынады. Өз заманының саңлағы атанып, туған халқының атын әлемге әйгілеген ұлылар болашақ буынның ұранына айналып, күннен-кұнге даңқы артып, үркердей жарқырай түспегі хақ. Мәселен, ХV ғасыр әдебиетін Асан Қайғы атымен атаймыз. ХVІІІ ғасырыңыз буырқанған Бұхар жырымен өрілсе, өткен ғасырдың аяғы- қазақ поэзиясының шыңы - ұлы Абай дәуірі.
ХX ғасырдың басында қазақ әдебиеті көп қуғын, зорлыққа қарамастан өркендеп, қанат жайды. Сан ғасырлардан бері “қазақ” деген атымызды өшірмей ХХІ ғасырға дейін жеткізген ақындарымыздың үлесі зор. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің туып, қалыптасу кезеңінде поэзия жанры жетекші қызмет атқарды. Төңкерістің рухын, идеялық бағытын, теңдік, бостандық ұранын халыққа бірінші жеткізген - қазақтың ұшқыр өлеңі еді.
Ақындар өлең тудырып, оны өмірге келтірушілер мен жасап - құрастырушылар болып екі топқа бөлінеді. Алдыңғылары нағыз ақындар да, соңғылары ақындар емес, яғни кәсіпқойлар.
“Нағыз ақындардың өлеңдері – жұмбақ әрі құпия, олардың түбіне жете алмай - қайта оқып, қайта-қайта оралуға мәжбүр боласың. Ал кәсіпқой өлеңін күнделікті мақала – фельетон секілді оқып, қажетті мәлімет аласың да қоясың”- дейді бүгінгі күн сыны.
«Нағыз прозаның өмірі ұзақ. Ол бірте-бірте, араға жылдар салып, жалпыдан-жалқыға көшеді де, жұмбақ әрі құпия прозаға айналады. Оның қайта-қайта оқылып, оқылған сайын әр қырынан көріне беруінің де сыры сонда болса керек, - деген қағида шымыр шындық
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мінденттері.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі өмір шындығын, посмодернизимді танудың негізгі мақсаты – қазақ әдебиетінің тарихи мәнін, танымдық – көркемдік сипатына сай шығармашылық болмысын терең де, жан – жақты ашуға ұмтылу. Себебі сол арқылы біртұтас ұлттық рухтағы тәрбиенің көкейкесті міндеттері орындалады. Ақындар мен жазушылардың посмодерлік даралығын әдеби мұрасындағы тақырыптық-идеялық ізденістер мен жанрлық көркемдік, стильдік ерекшеліктерін ашу, сондай-ақ ақындардың айтыстың дамуына қосқан үлестерін, ақындар мұрасының қазақ әдебиетінен алатын өзіндік орнын анықтау мақсатында төмендегідей міндеттерді шешу көзделінді:
-
Ақындардың шығармаларын жан жақты талдау арқылы оның әдеби процестегі маңызын көрсету.
-
Прозалық шығармалар ерекшеліктері тақырыптарына тоқталып, ондағы қозғалған мәселелерге баса назар аудару;
-
тақырыптық-идеялық бағдары мен көркемдік сипатын таныту, посмодернизимдік шеберлік сырын ашу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Қазақ жыры уақыт озған сайын кемелденіп, жаңа өрістер ашып, жаңа мінездер шығарып, бүгінгі қай озық әдебиетпен болса да иық теңестіре алатын деңгейге шығып келе жатыр. Поэзияның келбетін анықтайтын, жеткен жерін, шыққан биігін танытатын ең озық туындыларымыз, бұл сөзімізді дәлелдей түседі. Өткен өмір ақындары бар уақытта да халықтың мұң- мұхтажын, арман– тілегін жеткізуші, поэтикалық мұраны сақтаушы,таратушы болған. Қадым ғасырдан бастап-ақ олар бұқараның сый- құрметіне бөленіп, мәңгі өлмес дастандарды, жырларды өмірге әкелді. Қазақ халқының ақындары әрқашан да еліміздің қуанышы мен қайғысына ортақтасып, би-болысқа деген ыза-кегін бөліссе, қазан төңкерісінде іске асқан жарқын болашақты жырласа, бізге тек поэзия жанрынан ғана емес, тарих саласынан да мағлұматтар берері һақ.
Сонау, XV-XVІІІ ғасырлардағы Асан қайғы, Ақтамберді, Дулат сынды жырауларымыз, одан кейінгі кезектегі XІX –XX ғасырдың Мағжан, Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды алып қырандарымыздың өлмес туындылары айтарлықтай.
Осындай мәселелер төңірегінде ұлттық рухпен жазылған кез-келген шығарманың жарыққа шығаруға тиым салынды. Халықтың көзін ашуға бағытталған ақындарымыздың ақ өлеңдерін қараға бояп,жазушыларымыздың шыншыл туындыларын халыққа оқытпады. Міне, енді тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, қаламдарынан май тамған ақын жазушыларымыз жаңа постмодерлік тұрғыда ізденіп, туындылары жарыққа шығарылып, зерттеле бастады.
Ғылыми жобаның орындалуы бойынша кезеңдік жоспары
|
Кезеңдік тараулар мен тақырыптар |
Орындалу уақыты |
|
|
І. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әлеуметтік уақыт шындығы және әдебиет үрдісіндегі постмодернизим. |
2017-2018 оқу жылы |
|
|
1.1 |
Постмодернизимнің прозадағы көрінісі (Асқар Алтай шығармалары хақында) |
|
|
1.2 |
Прозадағы посмодернизимнің ұлттық нақышпен тұтастығы.(Думан Рамазан туындылары негізінде) |
|
|
ІІ. Постмодернизимнің поэзиядағы өзіндік қырлары |
2018-2019 оқу жылы |
|
|
2.1 |
Несіпбек Айтұлы өлеңдеріндегі ақын даралығы және постмодернизим . |
|
|
2.2 |
Жүрсін Ерман поэзиясы (Заман тынысы және сезім сұлулығы) |
|
|
2.3 |
Жырларында жарықтың жылдамдығы бар (Темірхан Медетбек шығармаларындағы шындық пен шұрайлылық) постмодернизимдік ерекшелік. |
|
|
III. Қорытынды |
2018-2019 оқу жылы |
|
|
3.1 |
Қазақ әдебиетінде қазіргі қазақ поэзиясының алатын орны |
|
І. Қазіргі қазақ поэзиясындағы әлеуметтік уақыт шындығы және оның әдебиет үрдісіндегі постмодернизим
Постмодернизим сөздікте заманалық мәдениеттегі әртекті ағым-бағыттардың жиынтығынан тұратын Постмодернизм жартылай сырын ішіне бүккен жұмбақ (өзіндік себептеріне байланысты) маргинальды құбылыс ретінде адамзат өмірінде басты орынды иеленуге талпыныс жасайды деп сипатталады. Оның нышан-белгілері: бұрыннан келе жатқан принциптер мен дәстүрлі мәдениетке байланыстылықты сынға алып, өз бойына санасыз, сынсыздықты (философия), пародиялау мен карикатуралауды (өнер) сіңіру болып табылады.
Философияда ол – "логоцентрліктен" айырылса, өнерде – әдемілік пен әсемдікті керек етпеуімен ерекшеленеді. Ескірген әсемдік туралы ұғымның орнына оны түбегейлі алмастыра алатын жаңа ұстанымның әзірге өмірге келе қоймауы постмодернизм бағытындағы түрлі ізденістерге қолбайлау болуда. Сондықтан постмодернизм қазіргі ұлт қоғамының әйел қылықтылығын символдандырып, жалқылықтан жалпылыққа өтуге шақырағанымен әзірше әйел наздылықты емес, бала қылықтылықты танытып отыр.
Қазақ әдебиетіндегі постмодернизм жазушыларымыз бен ақындарымыз тарапынан өзінің жаңашылдық эффектісін жоғалта бастады. Ал ғалымдарымыз тарапынан ол әлі күнге ұлт әдебиетіндегі бейтаныс жолаушыдай көрінеді. Иә, оның тілі дәстүрлі оқыраманымызға түсініксіз болып келіп, эстетикалық түсініктері аза бойын қаза тұрғызады. Айтары жоқ, постмодернизмде шын мәнісінде әдеттен тыс, оғаш жайттар жетіп артылады. Оны қолданушы қаламгерлеріміз эрудит, полиглот, кейбірде философ пен мәдениеттанушы іспеттес болып та көрінеді.
Оның ерек нышан-белгісі: көзіміз үйренген дәстүрлі «мен»-нен ада, оның «мені» көпқырлы, бет-бейнесіз, тұрақсыз, өзін дәйек сөзбен көмкерген; бейберекетсіздікті жаны сүйетін, тұмшаланған, қосылмайтын нәрселердің басын тоғыстыратын; бір мезетте әрі элитарлы, әрі эгалитарлы болып келетін, маргиналдыққа бой ұратын, түсінікті ұғымдардың шетін тұстарында сенделетін; рухани мәдениеттің дербес бөліктерінің арасындағы межені жоқ қылатын, иерархияны деиерхиялайтын, оппозицияны жұмсақтандыратын, барлық бірізділік пен бір мәнділіктен бой тартып, тотальдықтың кез-келген формасынан сырғақтайтын, релятивист; шығармашылық еркіндіктің қалау, ләззат және ойын түріне бас ұрып, ешкімге өз пікірін зорлап таңбай, қайта оқырманын өзіне еліктіруге бағыт ұстайды.
Өзіне тән сипаты: тәуелсіз, скептик, әужашыл, жасырын сентиментальды, толерантты; ұлттық дәстүрді берік тұтынған томағатұйыққа кей сәтте жаны қас. Сүйікті жан қалаулары: саяхат (мәдени кеңістікте), ойын (мәдени таңба, кодттар және басқаларымен), құрылым түзу/қайыра құрылым түзу (өрелілік//интеллектуальная комбинаторика), үлгілеу (мүмкін болған әлемді) болып келеді.
Постмодернизмді тек оның өзіне тән терминдері арқылы ғана ұғына аламыз.
Біз қазақ постмодернизмін транстарихи (трансисторический) және постзамани (постсовременный) дәуір феномені ретінде қарастырып, оның алдыңғы ілкі жағдаяттарын сөз ететін боламыз. Осы жолда түрлі ғылымдардың бір арнаға түйісуі бізге бағдаршам болады. Қазақ постмодернизмінің «ғұмырнамасы» өзін мәденифилософия, психоаналитика, әдебиеттану аясында бірлікте алғанда ғана айқын ұғынылады.
Біз қолымызда бар қазақи постмодерндік мәтіндердің барлығына интерпретация жасайтын болсақ, онда жеке тарау емес, тұтас жеке монография жазуға тура келер еді. Сондықтан біз постмодерндік терминдер аясында Асқар Алтайдың «Туажат» туындысының кейбір үзінділері бойынша ой толғағанды құп көрдік.
Адамзат баласы бірін-бірі ауыстырған көптеген мәдени дәуірлерді бастан кешті. Осы мәдени дәуірлердің ең соңғысы постмодерн атауын иеленді. Постмодерн өзінің кең мәнінде "соңғы он жылдықтардағы өркениеттің кең ауқымды жағдайы, барша мәдени көңіл-күй мен философиялық тенденциялардың жиынтығы" болып келетін тұтас мәдени-тарихи кезең дамуының аяқталып, эволюциялық дағдарыс жолына аяқ басып, қазақ әдебиетіндегі ХХІ ғасырдың постпостмодерніне алғышарт жасады. ХХ ғасырда үстемдік еткен идеялардың күл талқан болуы, адмзат санасының өзгеріске ұшырауы постмодерннің өмірге келуіне түрткі болды.
Бұрын бір-бірінен тысқары, дербес өмір сүрген діндер мен мәдениеттер арасында аралас-құраластық орныға бастап, енді әр ұлт пен оның зиялы қауымы саналатын өнер адамдары өзіндік жол-жосық табуға талпыныс танытып, адамзаттың сан ғасырлар бойы жиған барша құндылықтарын әлдебір ортақтастыратын идеология, дін, философия төңірегінде қайыра байыптаудан өткізе бастады. Осылайша, постмодерн өзін халықтар сұхбаттастығына шақыратын "трансмәдени және мультидіни феномен» ретінде танылды.
Немісше: Moderne – модерн, Жаңа Уақыт, заманалық; французша: modernité – заманауи деген ұғымды беретін постмодерн мен постмодернизм терминдерінің басын ашып алуымыз керек. Ғалымдардың барлығы постмодерннің негізінде постмодернизм терминінің өмірге келгендігін оны мәдениеттегі белгілі бір тенденцияларды айқындау үшін философия, әдебиет және өнерде қолданылатындығын сөз етеді.
Постмодернизм: 1) мәдениеттің жаңа кезеңде дамуын; 2) жаңаша ғылыми ойлау стилін; 3) заманалық түрлі өнер түрлеріне тән жаңа көркемдік стилді; 4) жаңа көркемдік бағытты (архитектура, бейнелеу өнері, әдебиет т.б.); 5) XX ғ. екінші жартысында орныққан көркем-эстетикалық жүйені; 6) осы құбылыстарға (философия, эстетикадағы) теориялық рефлексияны білдіреді. Қазіргі кезге дейін "постмодернизм" термині әлі толық орныға қойған жоқ. Кейде ол эстетика мен әдеби сында "постструктурализм", "поставангардизм", "трансавангард" (әсіресе бейнелеу өнеріндегі), "деконструкция өнері" териндеріне балама болып та қолданылып келеді. Осыған байланысты біз төл әдебиетімізде жаңа да, әлі толықтай зерттеле қоймаған, айқындай түсуді қажет ететін мәдени феноменмен бетпе-бет келеміз.
Осы терминнің пайда болу тарихына тоқтала кетер болсақ, Р. Паннвиц өзінің "Еуропа мәдениетінің дағдарысы" (1917) кітабында "постмодерн" терминін алғаш қолданды. 1934 жылы осы терминді модернизмнің дамуына қатысты Ф. де Онис, ал 1947 жылы батыс еуропа өркениетінің соғыстан кейінгі жағдайын нақтылау үшін Арнольд Джозеф Тойнби "Тарихи зерттеулер" еңбегінің алғашқы алты тарауында (1947) "пост-модерн" терминін пайдаланды.
Қалыптасып келе жатқан постмодернизм теориясы мен әсіресе әдебиеттің өзінің дамуына негізгі принципі мәтінге анализ жасау мен танымдық императив "постмодерндік сезімталдық" болатын деконструкция (франц. deconstruction) идеясы ұлт әдебиетінде Нұрдәулет Ақыш, Сәруар Қасым сынды теорияшыларға қатты әсер етті. Осы біз жоғарыда сөз еткен "деконструкция" терминін 1964 жылы Париж фрейдшілері мектебінің жетекшісі Жак Лакан енгізіп, ал, оны теориялық жағынан өзінің "Грамматология туралы" (1967) (Грамматология – адамдардың өзара қарым-қатынасындағы хаттың таңбалық жүйесі мен хаттың мәдениеттегі рөлі туралы постструктуралистік ғылым-Ә.Ә.) кітабында философ Жак Деррид тұжырымдады.
Бұл постструктуралистік-постмодернистік бағдардағы қазіргі заман әдебиеттанушыларының ғылыми пайымдауының өзіндік формасы болып табылады. "Постмодерндік сезімталдықтың" бірінші аспектісі әлемді құндылық өлшемдері мен мағаналық бағдардан ада хаос деп танитын «сенім дағдарысы», келесісі сын теориясында айқын танылған тек әдебиеттанушыларға ғана емес, философтар мен мәдениеттанушыларға да тән болып келетін «хат мәнеріне» немесе "метафоралық эссеистикаға" сүйенеді.
Бұл арада сөз гуманитарлық ғылыми білім саласындағы көркемдік әдістердің қолданылуы "поэтикалық ойлау" феномені турасында болып отыр. Джон Р. Серль кейіннен деконструкция "басым жағдайда логоцентристік тенденцияларды бұзуға бағытталған әлдебір көптеген мәтіндемелік стратегия" деп сипаттады.
Дж. X. Миллерше, деконструкция — мәтін құрылымының демонтажы емес, қайта оның бой көрсетуі болып табылады. Деконструкцияның ең басты міндеттерінің бірі "мәтіннің ішкі қарама-қайшылығын анықтап, автордың назарына шалынбаған жасырын мәнді аңғарудан..." тұрады.
Постмодернизмнің әдебиетінің шындық болмыспен арақатынасын, танымдық мүмкіндігін зерделеу төл әдебиетімізде бас ашық мәселе күйінде қалып отыр.
Бұрынғы дәстүрлі әдебиетте зерттеу өзегі реалдылық, әлеуметтік орта, табиғат пен адамзат әлемінің жаны болып табылады. Өнер әдіске, амал-тәсіл, көркем жинақтау типтеріне қарамай; әлемді тану, оның адекватты формаларын туындатудың; аморфты құрылымдарды қайыра өзгертіп, жетілдіріп, тәртіпке келтіре отырып, хаосты әсемдендірудің; ғибаратты нәрседен тәлім алудың; модерндендіріп, жаңалықты енгізіп отырудың; адамды ізгілендіріп, өнер әсемдігі арқылы жаны мен жүрегіне әсер етудің мәңгілік форумалығын өмірге әкелді.
Постмодердік эстетика алдына мұндай мақсат қоймайды деген ойлармен біз келіспейміз. Өйткені, ислам әлемінің постмодерні христиан дүниесінің постмодернінен өзгеше келбетте, өзгеше құндылықтарға иек сүйеген әдебиеттің мақсаты өмірді көшіру емес, өзінің бейнесі мен тұрқына қарай әлемді үлгілеу, жаңа үлгідегі әдебиетті өмірге әкелу болып табылады. Вяч. Курицыннің сөзімен айтсақ: «Реализм – әйелдің жастық шағы, реализм – ақыл тоқтату, декадентство – сары қарын әйелдің соңғы сезімдік сілкінісі, постмодернизм – ақылман қариялық» болып табылады ( Курицын Вяч. На пороге энергетической культуры // Лит. газ. 1990. N44. С. 4.)
Бұндай әдебиеттің басты принципі өмірге ұқсастықты жою, тек пен жанрлардың шекарасын тас-талқан етіп, әдістердің синкретизмін орнықтырып, себеп-салдар байланысынан қол үзіп, логикалық байланысты жоққа шығару. Ф. Ницшенің сөзімен айтсақ: қазіргі осы бағытта жазып жүрген қазақ жазушыларына «ешнәрсе себеп емес, ешқандай заң керек емес».
Біз айтқан қазіргі жаңа қазақ сөз өнерінің эстетикалық жүйесі көркем шарттылық формасын, гиперболизациялауды, метафоралық трансформацияны, аллегория жүйесін, контрастылық ойынды, абсурд формасын, гротеск, фантастиканы, философиялық-образдық қатарды күрделендіруді белсенді қолдануға құрылған. Бұндай қаламгерлік еркіндікке ие, басы асау ойын тетігі барлық деңгейде: оймен, сюжетпен, идеялармен, аксиологиялық санаттармен жан-жақты араласады. Әдебиеттің танымдық, коммуникативтік, тәлім-тәрбиелік, адамгершілік-этикалық, эстетикалық функциялары да бұрын болып көрмеген өзгеріске ұшырайды. Бұрын қаламгер оқырманына әлем келбеті мен адамзат туралы ұғымды сіңіруге талпынса, енді осы амал-тәсілдер өзгеріске ұшырап, қаламгер оқырманға өзінің интелектуалды ойынын таңады.
Әлем зор өзгеріске ұшырап, ақиқат қажетті емес, сардабал ой ғана керекті болып табылатын дәуірге аяқ басты. Әдебиет өз кезінде өмірді байыптай қараудың әдісі болып табылған миф сияқты көмескілене жойылып, адам тіршілігі ақылға сыйымсыз бола түсіп, қоршаған ортада абсурд пен көңілсіздік жағдаяты орнады.
Біз қазіргі қазақ әдебиетінің жай-күйін екі қырынан қарастыруға тиіспіз. Оның бірі – реалистік дәстүрден бас тартушылық, өрелілік қастандығы орын алады. Кейбіреулер мұны мәтіндемелік лағындық деп те атап жүр. Екінші жағынан – осы көркемдік жүйені кең ауқымды тарихи аяда мәдени құндылықтарға бас бұрған түрлі деңгейдегі дәстүрлерді байқастау, сыйымсыздықтың түрлі формаларын ұлт әдебиетіне енгізудің үрдісі, жаңа жағдайға бейімделушілік әрекеті үстіндегі дербес шығармашылық еркіндіктің қанат қағуы деп пайымдаймыз. Міне, осы кезде ғана бізге қазақ постмодернизмнің ұстанымы ұғынықты бола түседі. Аталған бағдарды ұстанушылар ештеңені жоққа шығармайды, ештеңені таңбайды, оймен ойнап, бұрын мүлдем болмаған жаңа мағаналық коннотация (лат. connotatio – қосымша мән, курсив менікі – Ә.Ә.) енгізеді. Л.Н.Дарьялованың пікірінше ой түйсек: постмодерншілер «классика үшін қан жұтады».
Замана ғалымында постмодерндік ізденістерді өтпелі құбылыс, сырқаттылықтың белең алуы, дағдарыс, өнер өнер үшін, көтеріліс үшін көтеріліс, ойын құрметіне ойын болып табылатын эстетикалық бас көтеру деп бағалайды. Қазақ әдебиетіндегі басты желі қашанда ауыл тірлігі ондағы адамдардың психологизмі мен әлеуметтік жағдайының өзектілігі болып келсе, постмодернизм бұған «асфальт балаларының» тірлігі мен қаладағы жаңа қазақтардың (бай мен кедей) және өмірден орнын таба алмаған зиялылар тағдырының бірінші кезектегі дүние екендігін қосты. Оның үстіне көбіне аға буын тарапынан постмодернизм туралы әңгіме көбіне эмоционалды-бағалаушы сипатта болып келеді. Сонымен бірге «сын үнсіздігі» (критика умолчания) ұғымы бар. Осы сын үнсіздігі нәтижесінде көптеген қаламгерлеріміздің шығармашылығы назардан тыс қалып келеді. Бұның жақсы жағы да бар, бұндай сын түрі оқырман қауым назарын аударып, өздерінше ой түюге жетелейді.
Постмодернизм қазақ әдебиетіндегі ең танымал факті ретінде көптеген қаламгерлеріміздің эволюциялық өсуін айқындап береді. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизмнің алатын орынын, оның өзінің алдындағы әдеби дәстүрмен байланысын анықтап, ең алдымен оның табиғатының мәнін, эстетикалық құндылықтарының, жаңашылдық деңгейін айқындаудың, типологиялық аясын белгілеп алудың қажеттілігі туып отыр.
Егерде постмодерндік көркемдік парадигмалары, қасиетті, сипатын батыс зерттеушілері Ихаб Хассан, Жан Бодрийяр, Жак Деррид, Жиль Делез, ТМД зерттеушілері М.Эпштейн, Н.Лейдерман, М.Липовецкий, М.Золотоносов, С.Чупринин, В.Курицын, А.Якимович т.б. қарастырды. Олардың зерттеулері бойынша постмодернизм түрлі деңгейлер бойынша белгілі бір типологиялық сипаттамаға ие болып келеді. Атап айтсақ, мазмұн деңгейінде: екіұштылық, түсініксіздік, қателік, ақ таңдақтық, емеуірін марапасы (культ), «ой шытырмандығы (лабиринт смыслов), «ой жарқылы» (мерцание смыслов) жағдайлары; аксиология деңгейінде: деканонизация, дәстүрлі құндылық орталықтарымен (адам мәдениетіндегі сакралдылық, эгос, Логос, авторлық приоритетпен) күрес, мейірімділік-зұлымдық, махаббат-жек көру, күлкі-қорқыныш, әдемілік-ұсқынсыздық, өмір-өлім оппозицияларының бұзылуы мен тас-талқан болуы.
Осы тұрғыда постмодернизм әлдебір мөлшерде философиялық «химералық», антижүйелікті танытады; композиция деңгейінде: үзіктілік, еркін монтаж принципі, қосылмайтынды қосылдыру, затты мақсатсыз пайдалану, сәйкессіздік, пропорцияның бұзылуы, бейүйлесімсіз еркін аморфты бейнелілік, деконструктивтік принциптің салтанат құруының көрінісі: хаостағы тас-талқандық, жаңа байланыстардың орнығуы; жанр деңгейінде: а) маргиналдылық дәстүрлі жанрлардың бүлінуінің нәтижесі, аралық форманың өмірге келуі, жанрлық синкретизм; ә) жоғары және төменгі жанрлардың мидай араласуынан бір жағынан – әдебиеттің беллетризацияланып, тәлімгерлік, байыптылықтан, оқиға қуушылық пен шытырмандыққа бой алғызуы, екінші жағынан – жанрлық диффузия; б) полимәтіндемелік, интермәтіндемелік, мәтін бойындағы беймәтіндік аллюзиялар, реминисценцияларға толылық, кең көлемді мәдениеттану конмәтіндерінің кезігуі; адам, тұлға, қаһарман, персонаж бен автор деңгейінде: адам туралы антропологиялық пессимизм, идеалдықтан трагедиялық приматтың басымдығы жөніндегі көзқарас. Иррационалдық бастау көздің, имманенттік сананың, апокалиптік өсір сезімінің, эсхатологиялық дүниетанымның салтанат құруы; эстетика деңгейінде: антиэстетикалық, шок, эпатаж, шақыру, дөкірлік, қатыгездік көзқарастары, патология мен антинормативтікке бой ұру, дәстүрлі әдемілік формасына, сәйкестік пен өлшемдестікке протест жасау; көркемдік принциптер мен амал-тәсілдер деңгейінде: а) инверсия (аударып төкеру, «айналдыру» принципі); ә) әлем мен адамның плюралистігін танытатын ирония; б) таңбалық сипат, мимесис пен бейнелеуіштік бастау көзден бас тарту, реалды дүниедегі хаостың салтанат құруын таңбалайтын таңбалар жүйесінің бүлінуі; в) психологиялық және символикалық тереңдеусіз үстіртін сипат. г) ойынды өнер мен болмыстың өмір сүруінің амал-тәсілі, әдебиет пен өмірдің өзара әрекеттестік формасы, шынайы ой мен сезімді жасыру мүмкіндігі, пафосты талқандаушы деп тану.
Социопсихологияда милленаризм деп аталатын постгуманистік дәуірдегі адамзаттың Апокалипсистік санасы өркениеттің соңғы сатысы туралы қарама-қайшылыққа толы түрлі ой-пікірдің туындауына түрткі болады. Адам ендігі жерде өзінің бұрынғыдай бағалылығын емес, жарымжандығын сезінеді де, антитұлға, антиқаһарман ретінде қабылдана бастайды. Осы арқылы шын мәнісінде, постмодернизм адам дербестігінің шекарасы мен мүмкіндігінің қайыра пайымдалуына жол аша білді. Өмірді осылай ұғынушылық кезінде қайыра байыптау нысаны тұрақсыздық, хаос, үзіктілік, мағанасыздығына айналады.
-
Постмодернизимнің прозадағы көрінісі (Асқар Алтай прозалық шығармалары хақында)
Асқар Алтай өз кейіпкері Байбура арқылы ұлттық антиқаһарманды әлемдік деңгейде, Батыспен терезесі тең деңгейде сомдап отыр. Осылайша адамды постмодерндік интерпретациялау бір жағынан – «жағымсыз кеңістік» (Розалинда Краус), «кездейсоқ механизм» (Мишель Скресс), «үзік адам» (Ж.Деррид), «теріс таңбалы координат жүйесіндегі адам» және т.б. айналады. Мысалға, Ролан Барт, тіпті субъекті өлімі туралы постулатын өмірге әкелді. Осылайша, Асқар Алтай бастаған қазақ қаламгерлері де, әлемдік үрдістен қалмай антропологиялық пессимизм философиясына толы туындыларын жазды, жазып та жатыр.
Соңғы онжылдықта Батыс Еуропа әдебиеттанушылары әдебиеттегі «түрліше адам» феноменін: Умберто Эко («Раушан атауы», «Фуко тілшігі»), Милош Кундера («Жан күйзелтер тіршілік жеңілдігі»), Патрик Зюскинд («Парфюмер») т.б. шығармашылығы бойынша зерттеуде. Біз бұның мәнісіне Асқар Алтайдың «Алтай новеллалары», «Казино» жинақтарына енген және «Туажат» жарияланымындағы түрлі жанрдағы туындылары арқылы бойлай аламыз.
Постмодернизмнің өзгешелігі өзіне дейінгі дәуірлердегі супер ақыл-ой формасына сенбейді. О.Ванштейн бұл турасында әдеттегі Құдай, Табиғат, Жан, Мән сияқты әдеттегі мифтемелер ендігі жерде қолданыстан қалып, бұрынғы белгісіздік, тылсымдық алаңының орнын әр адамның ішкі дүниесі басып, қаламгер үшін ендігі жерде: а) эстетикалық: әдемі-ұсқынсыз, идеалды-бейидеалды, айшықтылық-бейайшықтылық; ә) гносеологиялық: ұғынықты-ұғынықсыз, түпнұсқалылық-көшірмелік, бір мәнді-әр мәнді, орындылық-орынсыздық, қонымды-қонымсыз; б) моральдық-этикалық: имандылық-имансыздық, жақсы-жаман, қалыпты-оғаш, сакралданған-деструктивтенген; в) эмоциялық-бағалаушы: қызықты-қызықсыз, ұнамды-ұнамсыз, қабылдаймын-қабылдамаймындар түбегейлі өз мәнісін жоғалтады. Құндылықтың орнын ендігі кезде жаңашылық сипаты басады.
Авангардтық қашанда адамдар санасына әмбебеп әсер етуге талпыныс жасап отрады. Сондықтан, бұрыннан парадоксалды болып табылғандықтан дайын формулалар мен белгілі білім беруді ұсынбайды. Қайта оның мақсаты арандатушылық ізденіс, өрелілік әріптестігі, жаңа тәжірибе түрін өмірге әкелу, адам санасын кісі сенгісіз стресстік жағдайлар мен әлемдік катаклизмаларға дайындау болып келеді. Міне, осы бағытта төл әдебиетімізде Асқар Алтай өз жолын алғашқылардың бірі болып таба білді.
Осы кезеңдегі, яғни посткеңестік дәуірдегі әдеби бағыттарды физиологиялық проза (А.Генис), «отбасылық реализм», «метафизикалық сентиментализм» (Н.Иванова), эсхатологиялық, апокалипсистік проза (Е.Тоддес) т.б. деп атау қалыптасып отыр. Осы түрлінше аталған әдеби бағыттардың сілемі Асқар Алтай прозасында түгелге дердік ұшырасып отырады. Соның нақты дәлелі – «ТУАЖАТ (Тамұққа түскен сәуле)» туындысы.
Түркі ұғымында мәңгілік ғарасат майданы бар. Осы бір архетиптік ұғымды Асқар Алтай өз кейіпкері Байбураның аузына салады: «Соғыс аяқталмайды. Соғыстың аяқталуы – соңғы соғыстың басталуы... – деді өз-өзімен сөйлескендей байыппен. – Жаңа соғыс бұрынғы соғыстардан да жойқын... сұрапыл болмақ. Сұрапыл жалғаса бермек... Бұл адам баласына тән ашқарақ, аждаһа құбылыс. Тоятсыз нәпсі әрекеті. Нәпсісін тыя алмас пенде бейшаралығы. Сорлылыққа бас ұрған адамбыз». Біз бұдан қаһарынан әлем жұрты қалтыраған қазақтың бүгінгі ұрпағының пұшайман күйін, АЛАШ рухы атойлаған ертедегі жеңісті күндердің қайыра оралмайтын сезініп, ұлттық қасіретке бата түсеміз.
Асқар Алтайдың 2012 жылы Жұлдыз журналында жарық көрген ТУАЖАТ (Тамұққа түскен сәуле) атты шығармасын қазақ постмодернизміндегі ең үздік туындылардың қатарына еш іркілмей қосуға болады. Оның бас кейіпкері күдіксіз пенде – көлеңкелі адам: санда да, санатта да жоқ. Сұраусыз жан. Марқакөл қазағы Байбура.
Оның ұлт рухы екендігін швед қызының мына сөзі танытады: «Сен нағыз сарбазсың! Тәніңмен де, жаныңмен де... Сен соғыс үшін туғансың. Тұла бойың тұнған күрес... Жалдамалы Рим сарбаздары да сендей бола алмайды, қанша баптаса да. Саған соғыссыз күн жоқ. Соғысудан басқа мақсат та жоқ. Соғысу... соғыса беру. Өлсең де соғыста өлу... Иә, соғыста өлуің керек. Қаның қан тілеп тұр. Нағыз войн! Нағыз бөрі! Мыңжылдық сарбазсың...»...
Бұл шығарма бірін-бірі толықтыратын, бірін-бірі жоққа шығаратын «сана ағымы» мен «ұлттық жадының» шарпысуына құрылған кесек туынды. Шығарма бойында біз жоғалтқан баба қазақтың жаугерлік рухы атойлап жүреді. Бұл шығарманың басталуы мен аяқталуы жоқ. Тек онда ұлттың үзіктеніп берілетін мың жылдық тарихы бар. Өлу мен қайыра тірілу архетипінің шеберлікпен түрлі стильдерді тоғыстыра отырып берілуі бар.
Қазақтың сертке беріктігі Қозы көрпеш – Баян сұлу жырындағы ант үшін жанберген Сарыбайға қарама-қарсы тұлға Байбура. Бұның жалғыз қалуы антын бұзғандығында, бір Байбура емес, ұлт та ант бұзған дәуір болды. Соны бір арқылы мыңның атынан беру полифониялық мына жолдардан аңғарылады. «Ал сүйгені Алқабегім қойнына тығыла тұрып: «Бура! Енді қайтып бөріге жоламашы. Жоламаймын деп ант берші!.. Қасқырдың қарғысы қатты ғой.
Оған қайтып қатыгездік танытпашы!» деп жалынған. Сол сәтте бұл арсыз: «Алқа, жаным менің! Бөріге қайтып қол көтермейін, бірақ... сен... сен бүгінгі түн барыңды сыйлашы! Ант етейін, Болат досым ғой бөріні тірідей терісін сыпыртқан... қайтып қасқырға жуымайын!» деп үздігіп еді-ау. «Екеуіміздің болашақ ақжол тағдырымыз үшін... болашақ бақытымыз үшін бөріге қол көтермеші, Бурам! Болат бір арамза... Жоламашы! Ант етші! Мен сендікпін! Асықпашы! Аптықпашы! Әлі үлгересің ғой... Кезі келеді», –деген сүйіктісі.
Маусымның мұңсыз таңын Қарасеңгір тауының басында екеуі айқара құшақпен қарсы алған. Бұл бөріге қол көтермеске ант-су ішкен». Өз тотемін керексіз еткен дәуірдің төл перзенті – Байбура ұлттың жиынтық бейнесі. Оның өліп тірілуін – автордың ұлттық рухтың оянуын танытуға деген әдеби талпынысы деп қабылдағанымыз жөн.
«Осы ұлы түзде Байбура үйірден бөлініп қалған құландай жалғыз еді. Сол күні сұрапыл сын сәті соғатынын ол сезген жоқ. Алқаракөк аспан түнегін қия саулаған боз сәуле көктен түсер Ғайсадай ғайыптан оралатынын білген емес. Жер жігін жарып шығар Мәдідей состиып, жылан жұтқан жандай үн-түнсіз қалшиып тұратынын тағы ойламаған»,-деген жолдардан «көктен түсер Ғайсадай», «Жер жігін жарып шығар Мәдідей» сөз қолданыстары арқылы алаштық, исламдық діни ұғым-түсініктер сәтімен беріліп, бас кейіпкердің он жеті жасар жас жігіт аңшының жалғыздығының себебі турасында интермәтіндемелік түсінік береді.
Біз Байбураның жазушының бұған дейін жазылған «Алтайдың алқызыл модағайы» мифтік романындағы Ұлан аңшымен жақындастығы барын іштей сезе түсеміз, бар айырмашылық оның астындағы мотошана аңшылықты заман ыңғайына бейімдеп тұр.
«Бет-аузына дейін қой терілі жүнді бетперде киіп, көзіне жел өтпес жабық көзілдірік тағып алған аңшы жігіт қызу қуғынмен байқамапты, ұлан жазықтың қақ төріне орын тепкен ескі диірмен тұсынан бір-ақ шығыпты. Темір-терсегін тот басып, қауқиған тас қабырғалары қалған атам заманғы қырмандық төбесінен жалпылдап жалқы қарға көтерілді». Автор ескі диірменді шығармашылық фон ретінде тегін алып отырмағандығын аңғарамыз.
Біздің бір аңғаратынмыз Асқар Алтай өз кейіпкерілеріне түрлі адам ойы жете бермейтін қимылды, іс-әрекетті жасатады. Мұхамед-Садық Бабақожаевтың этнографиялық жазбаларынан «қазақтар лаңы тиген қасқырды ұстап алса, терісін тірідей сойып, қоя беретін оқиғаның болатындығын» жан жақты жазғандығын тарихтан білеміз. Енді осы оқиға ожар аңшы тарапынан еріккеннің ермегіне айналып, басқа қырынан суреттеледі. Енді осы интермәтіндемеліктен үзінді келтірейік:
«Саптама қонышынан білектей селебені суырып алды. Қынынан алған бойда бөрінің артқы сирағы байлауын кесіп жіберді де, тірідей соя бастады. Алғаш өткір болат жүзі тигенде сілкініп қалған қасқыр бәріне де шыдайтын шыңдауыл аң екенін сездіріп, қайтып бұлқына бермеді. Аңшы ет пен терінің арасын жұдырықтай іреп жатқанда да, көздері жалын шашып, бір тамшы жас та үзілмеді. Қара терге малшынған қап-қара танауынан бу бұрқырап, ақ қардың бетіне суық тер ғана тамшылады. Ол да қарға сіңбей қатып жатты».
Байбөрінің алапат ғажайыпқа кезігуін автор постмодернге тән стиль алмасуымен береді. Біз осы мезетке дейін реалды оқиғаның куәсі болып келсек, енді «фантастикалық реалдылық» әлеміне өтеміз. «Байбураға қарай ақ қардың бетін сәулелі нұрмен шомылдырып, беймәлім боз сағым ақты.
Түз тағысындай тегеуірінді, темір жүректі Байбураның қолқа-жүрегі алмас құйып жібергендей суып сала берді. Қарақшыдай қалшиып қатты да қалды. Қимылдауға дәрмен жоқ. Тек шегір көздері ғана сәулелі сағым соңынан ілескен.
Ал сағым сәуле болса, бұған құрық бойы жақын келіп, шеңберлей айналды. Бөрі басты сағым сәуле барыс құйрықтанып ұзара берді. Ол бөрі сәулелене сағымданып, ұзара өсіп, мұны шеңберлеп алды. Бөрі сұлбалы дөңгеленген алып сағым сәуле бел ортасынан ұзара өсіп кетіпті. Шеңберлей созылған бөрі сұлба құйрық тістесіп, мұны қытай қорғанындай қоршап тастапты.
Байбура бұл сұмдыққа «бір пәлеге ұрындым ба» деп әрі шошына, әрі таң қала қарап қалған. Үні де өшкен. Мұндай сиқырлы сұлба сағымдана сәулеленіп тұрғанда шапқан атша дүрсілдеген жүрегінің соғысын ғана естіді. Иен түз де құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Дүние дел-сал.
Сағымданған бөрі сұлбалы сәулеге телміріп қанша тұрғанын өзі де білмейді. Қолындағы селебе пышақты ұмытқан. Тек қара қарға қарқ етіп ұшып, қызыл шақа тартқан бөрі сүйегіне – жалаңаш астау басына барып қайта қонғанда ғана селк етіп ес жиғандай болды.
Сонда ғана өзінің шеңберлей қоршаған сағымды сәуле тұтқынында қалып, сиқырлы бөрі сұлба арбап алғанын білді».
Қазақ аңның киесі барына сенгендігінің шындығын автор арланды тірідей сойған Байбураның жолы болмайтындығын бірден аңғартқанымен оқырманға ұсынар ойын жалғыз бейіт арқылы ішіне бүгіп қалады. «Бейіт – атам заманнан тұрған Төребейіт екенін Байбура бірден түсінді. Ықтай-ықтай қиыс кетіпті... Ши арасында, аулақта жалғыз қарайып, дөңгелене орын тепкен айсыз, төбесінде тақиядай ғана тесігі бар, күмбезденіп салынған моланы Байбура бала кезінен білетін. Оқыралаған бұзау, сиыр жазда ішке қарай ашылатын есігін сүзіп, көлеңке іздеп ішіне кіріп кететін. Соларды өзі де талай айдап шыққан. Құрғақ, айдалада қурап, құлазып тұратын ескі, жетім бейіт болатын».
Қарға оятқан Байбура тағы бір ғажайыпқа кезігеді. Біз автор стилінен мистикалық реализм сілемдерін аңғарамыз.
«Арқасын қабырғаға тіреген күйі басын шалқайта көзін жұмды. Жарғақ құлағынан баяғы бір боранның ұлы сарыны шықпай қойды. Ұйқы қашып кетіпті. Шалқайған күйі жанарын ашты. Сол бір сәт Төребейіт күмбезі төбесіндегі тақиядай тесіктен аппақ нұр ішке қарай саулай құйылды. Әлгі бір боз нұр Байбура кірпік қағып үлгерместен қарсы алдында ақ сәулеге шомылған бөрі сұлбасына енді.
Бұл ұлылық қана орын тебетін ғарыш көгінен көктей өтіп, боз боран билік құрған байтақ жер төсінде иненің жасуындай жарықтан саулай түсіп, тәңірі иесі құдіретімен аң киесі – Ана-Бөрі сұлбасы боп оралған ғажайып құбылыс еді... Бөрі болмысты Бозие еді.
Аңшы бозбаланың үні үрейден өшіп қалды...» деп о дүниеге атандыра отырып, араға 23 жыл салғызып, бас кейіпкерді оқырманына «Мурад Мамедоғлы» деген әзірбайжандық құжатпен қайыра таныс етеді. Оның тісінің ауырып пломба салдыруға барғанда бұрынғы студенттік кездегі досы Болатпен ұшырасуын:
– Қайда тоқтадың? Түк өзгермепсің, Бура!
– Сонша неге таң қалдың? Өзгермесем...... – деп тығылып қалды.
Болат шылым тұқылын тағы бір құшырлана сорып, босағада тұрған қоқыс салар түбекке тастады.
– Сен аруақ болғалы қашан? – деді Болат, бірдеңе айта ма деп Байбураға қарады, бірақ ол өзіне таңдана көз салып тұр екен. – Құдайға рас, сені өз қолымызбен қойғанбыз. Ауылдағы зиратта – әкеңнің жанында жатырсың...
– Әкем қайтыс болып па еді?! – Байбураның дауысы бұзылып шықты». Бұл арада сұлу да сылқым, сырлы да тылсым қаладан Алқабегіммен қоштаса да алмай кеткен жігіттің қырықтың қырқасына іліккенде оралуы өзі туралы Болат досынан естіп білуі бәрісі бәрі жазушының өз бағыты мен жазу стилін тапқандығын аңғартады. Біз Асқар Алтайдан түрлі стильдердің алмасуын айқын аңғарып отырамыз. Автор орта дәулетті қазақ азаматтарының қазіргі қоғам туралы пікірін:
«– Е-е, Алматыны қойшы, адамдарды айтсаңшы! Қорқауға айналды... Ақша-ақша... ақша... Қайда бара жатырмыз? Түбі қайырлы болсын! Дағдарыс ақшалай емес, адами дағдарыс па деп қорқам. Қорқау емес пенде қалмай барады ғой.
– Ауғандықтар ақыр заманның бір белгісі дейді ондайды.
– Дәл өзі, Бура! Ақыр заман басталып кетті ме деймін. Ақыр заманды ақшамен өлшеу керек шығар... Қойшы, сол сайқал қағазды! Өзің туралы айтшы! Обед уақыты да таусылып барады. Осы уаққа дейін Ауғанда жүрдің бе?» деп орынды бере білген. Постмодернизмдегі айқын нышан әйтеуір бір мәтін бойында ақыр заман туралы пікірдің ұштығы қылтиюға тиістігін қаламгер оқырман сұхбаттастылығы арқылы тиімді пайдаланып отыр.
Автор осы сұхбат барысында қоғамда өз орын таппай қалған жандар турасындағы өз ұстанымын бас кейіпкерінің аузына салады.
– Жоқ, бауырым! – деді Байбура. – Сен бос өткізбепсің. Нағыз бос өткен өмір менікі... Әй, қойшы! Енді өкінгенмен қайта оны сүре алмайсың. Кетейік!
Ұлттық жады ешқашан ұмытылмайды. Ол жаңғырып отырады. Қазақтың қандыбалақ сарбаз болып, әлемді жаулаған ат үстінде тірлік кешіп, өмірін соғыс пен жорық үстінде өткізген кезінің жаңғырығын біз Байбураның бойынан табамыз. Ол тек киелі қасқырдың артынан кеткен жоқ. Қазақтың жаугерлігін алаш оқырманымен қайыра таныстыратын тарихи жадыны оралту үшін кетті. Енді осыны жазушы қалай беріп отыр соған тоқталайық: «Қу басын қорғасын оққа байлап жүрсе де, жат жұртта қалдырмасқа ант ішкен.
Сол жолда небір сұмдық-сойқанға барды. Жауының қызыл қанын ішті, жансерік жанның қамау терін сыпырды. Жат жұрттық боп өткен өмірі өзегін өртеп, туған елге деген сағынышы шемен-шерге айналып, бір күн, бір мүйнет те күдерін үздірген жоқ. Ішінен тынған сайын қас бөрідей қасарып, жат жұрттың жұлынын кеулеген қарабас құрттай қайқайып, ұлы мұхиттың мұнарлы тереңіне түнеген ақбауыр акуладай билеп бақты. Араны ашылған қандыбалақ сарбазға айналды».
Енді досының тек дәрігер ғана емес көлеңкелі бизнеспен айналысатынын қазақта жоқ үрдістердің жабайы капитализмен бірге алаш дәстүріне ене бастағаныдығын бас кейіпкер өзімен бірге төсектес болған әйелден көптеген өзі ұқпайтын, қарапайым ауыл адамы ұқпайтын жайттарды естиді. «Әлгі сұлу әйелдің соңғы сөзінен түк те түсінбегенін ойлады. Ақшасы несі, «еринтим» деген не екенін білмей дал болды... «Жигало» дегені кім? Болатты күтті. Ол да шұбалған ішектей шықпай-ақ қойды. Тәні тоңазыды».
Автор өзіне дейін БАҚ беттеріндегі «1986 жылғы желтоқсан оқиғасын» және Абайдың сөздерін коллажға айналдырып, сұхбаттастық әдісі арқылы оқырман назарына былайша ұсынады. «– Жә, Бура! Сен ренжіме! Өмір өзгеріп кетті ғой. Қызыл империя құлап еді, батысымыз шығыс боп шықты. Ақыр заман кезінде күн батыстан шығады деуші еді... Сол ғана қалды. Әйтпесе, әлгі үріп ауызға салғандай жас қатындарға не жетті?! Байға тигісі, бала тапқысы жоқ.
Еркек керек болса, ақша төлеп, өздері үйлеріне шақырып алады. О заманда, бұ заман – біз алғаш Алматыға аяқ басқанда мұндай сұмдықты көрмек түгілі, естімеген едік қой. Кешегі 86-ның қырғынында дүние осылай опалаң-топалаң болады десе, кім сенетін? Қолында өлер еді. Енді міне, есіміз ауып қалды... Қайта үрке қарап, үрейленіп отырған мына сен бақыттысың, бауырым! Сенің қайдан келіп, қайдан тұрғаныңды білмеймін, бірақ ішім сезеді, сен менен әлдеқайда тазасың... Жаның лас емес». Алматыдағы етегі бұзылған елдің әйелдерінің құтыруын бейнелейтін «еринтим – еркек-интим – интим еркек – бай әйелдерге барып тұратын еркектерді атағаны» атты авторлық соны сөз қолданысымен таныс болмыз.
Иә балық басынан шіриді деген ойды елге үлгі болатын алаш бәйбішелерінің етегінің ләззаттануын ғана ойлап кетуі санаға ауыр ой салады. Осы өмір шындығын автор тамаша бере білген. Болаттың «мен сені түрлі ауру жайлаған жезөкшеге емес, ақшадан басы айналып мауыққан бай әйелдерге апарам» деуі қаламгердің қазіргі қазақ қоғамының дерттерін жақсы білетіндігін аңғартады. Осы оймызды автор мәтінімен сабақтайық:
«Қайдағы жауапкершілік? Қазір кімде жауапкершілік бар? Әркім өз ойлағанын істеп жатқан жоқ па?! Жоғарыдағылардан бастап... «Балық басынан шіриді» дейді орыстар. Жауапкершілік болса, сен өстіп жүремісің? Не өлінің, не тірінің тізімінде жоқсың... Сөйтіп отырып, біздің мемлекет қызық, тірілердің санағын шығарамыз деп әуіре. Алдымен өлілерді түгендеп ал. Тірілер қашпайды. Он алты миллион болса да, он жеті миллион болса да... Тірілер тіршілігін істейді».
Қазақтың әскери рухы бойына жиналған кейіпкер арқылы автор оқырманмен тылсымдық ойын ойнауға көшуін Байбураның «ішкі монологы» арқылы аңғарамыз. «Талай мәрте сын сағаты соққан сәтте көктен түскен Ғайсадай сап ете қалатын бөрі болмысты боз сәуле – Бөрі-Ана ажал аузынан қағып қалды. Бөрі киесі – мұның иесі екен... Төребейіт төрінде жолығысып, тілсіз түсініскеннен бері Бөрі-Анадай Бозиесі иенде қалдырған жері жоқ. Жол таппай тұрған сәтінде көкмұнар арасынан боз сәуле болып бұлаңдап, алдына түсіп алшаңдай басатын. Бұл артынан көзсіз еруші еді... Өзіне ергендерді де ертуші еді.
Құз-қиялы тас соқпақ пен жапан даланың сұйық сүрлеуі – Байбура тағдырының жұмбақ жолы болып шықты. Сол жолды Бөрі-Анасымен бірге бөрідей боп басып өтті... Оқ пен оттың арасында суғарылды. Оқ пен оттан жаралғандай отамалы күйге енді. Отамалы сарбазға айналды.
Отамалы сарбаз отқа да, оққа да өзі айналды. Соғыс деген сайқалдың бар сұмдығын сезінген сайын, таным сүзгісімен түйсінген сайын өзі де бір жанкешті сұмдық болды. Ең қымбат – өмір... болса, сол өмірінің өзі соғыссыз күні батпайтын, таңы атпайтын мұғжиза хал кешті».
Қазақ адамды көрде жатса да тек жатқызбайтын жұрт осы қасиетімізді «Бішкек-Новосибрь» поезына отырғалы тұрған Байбураға Болаттың аузымен жеткізеді: «Білмеймін, Бура, сол кезден бері менің жүрегімде бір мұз моншағы қалды... Сені алғаш көргенде сұрағым келген, бірақ аядым. Өзімді де жайсыз сезіндім. Әкеңді естірткендей күй кештім емес пе?! Қазбаламадым... Ол Алқабегім екеуіңнің араңдағы жағдай ғой. Өзің білесің де... Дегенмен, ауылдағы жұрт сені «сатып кетті» деп жүр... Алаңға тастап кетіпті, Алқа қолға түсіп қалыпты. Сондықтан сорлады... Содан сотталды...» деп шығарып алған.
Біз Алқабегімінің түрмеден өзі көтеріліп аурып, ұл бала туып оралғанынан хабардар боламыз.
Арпалыс өмір мен тайталас қоғам есін алған Байбура туралы бұл хикаят оқырманмен ойынға құрылған қазақ әдебеиетінде соны үрдіс екендігін мәтін тереңінен бойлаған сайын анық аңара түсеміз.
Швед қызы Мария-Агатаның портретін жазушы: фольклорлық үрдіспен, қазақ жанына жақын қоңырқай түсті мол шашы да иығын жауып, тоқ балтыр, бүйрек бөксе, құмырсқа бел қыздың сұлу мүсіні қысыр жыландай арбады. Ақсары өңі ат жақты, пісте мұрынды, етжеңді ерінді келбет те келісті-ақ. Дауысы да ашық. Қимыл-қозғалысы да жас адамға тән жеңіл. Киім-киісі де жинақы, әскери,-деп стильдерді алмастыра отырып сипаттайды.
Сүйінбай Аронұлының «Бөрілі менің байрағым, Ұрандап алға тартқанда. Қозып кетер қайдағым» деген мәтіні қылаң беретін тұс турасында сөз етейік.
Мария-Агатаны федралдардың қолына түсірмей құтқаруда Байбураға тағы да Көк бөрі көмекке келеді. «Бұған таныс боз сәуле көк төрінен көк тұман тұтқан жерге – тап қарсы алдарына саулай құйылды. Лезде әлгі сәуле бозаң бөрі сұлбасына айналды. Құйрығы салбыраған боз бөрі бұларға басын бұра қарады. Шоқтай қызыл көздері жарқ етіп, үрейленіп тұрған Мария-Агата мен Мұхаммедтің мысын басты. Байбура ғана селт еткен жоқ. Ажал аузынан алып қалар Ана-Бөрі оралған еді.
Бозиесі бұлаңдай алға түсті. Көк тұман тұтқан дүниені көк төрінен түскен боз сәуле жарып барады. Соңынан сорлы пенделер еріп барады.
Ана-Бөрінің соңынан Байбура нық қадаммен алға озды...».
Ұлттық тотемді ұтымды қолдану арқылы жазушы тамаша туындыны өмірге әкеле білді. Оның дәлелі сюжет арнасы бойындағы бөрі бейнесі мен киесінің өз оқырманын елітіп отыруы. Және оқиға бір жерде өтпейді. Әлемнің әрқиырында түрлі тағдырларды тоғыстыра, ажырастыра өріліп, санаңа нұр құяды.
Асқар Алтай нәзік иірімді натурализм арқылы эротикалық көріністерді ұлттық нақышта шебер бере білетін жазушы екендігін мына бір эпизодтық-штрихтан аңғарамыз. «Қудың қауырсынындай аппақ дене жарқ етті. Толық та тік тұрған қаз омырау, қу мойын, кіршіксіз һәм тығыршықтай тән нәпсіні түртіп, Байбура сезімін қытықтап ала жөнелді. Қанша сабыр сақтап, байыз берем десе де, ағзаны алған нәпсінің ояну сезімі шыбын жанын тызақ қақтырып бара жатты.
Құстай қалқыған Мария-Агата ыстық су мен бұла сезімге малтығып жатқан Байбуралы тар астауға кеп тоғылды. Шолпыған су, алқынған дем, басқа шапқан қызыл қан, бойды қуалаған ышқын жан – бәрі жүйе-жүйкені қуалай келіп, бірі қырықтың, бірі отыздың ішіндегі екі тәнді балдай ерітіп әкетті.
Екеуі сүт пісірім уақыт тортасын айырған майдай шамырқанды... Толықсыған тән мен бұлықсыған жан да бірауық байыз тапты». Не болмаса: «Алакеуім бөлме.
Алқынысты дем басылған. Аңсарлы сезім байсал тапқан. Ақ жайма бетінде жалаңаш жатқан жандар бір-біріне тығыла түсіпті. Айқасқан тоқ балтыр мен ақ сазандай сан да сұлық. Екеуі де бір сәт тарпаң тәнге тыным, аусар жанға тыныс берген... Әзірде ғана Мария-Агатадай сұңғақ сұлудың қойнында ақ білегін жастанып, бұл дүниенің шырыннан тәтті ләззат құмары күйлеп, кәусарына қана алмай мас болып жатқан Байбура әп-сәтте өзгеріп сала берді» деген мәтіндерден Асқардың шынайы сөз зергері екендігін аңғармыз. Бейәдептік жасамай қазақтың асыл тілімен тән мен жанның астасып, бүк пен шік түсуін көркем кестелейді.
Ұлттық жадыда ерекше тылсымды жерлер, әлемнің кіндігі сияқты мифтік ұғым-түсініктер бар. Соның бірі – жер кіндігі саналатын – Мұзтау. Ол әлем мифолгиясында түрлінше аталғанымен географиялық орналасуы бәрібір қасиетті Алтай тауына бастап алып келеді. Автор осы турасында кейіпкер әңгімесі арқылы том-том кітапқа арқау болар мәліметті аз сөзге көп мағына сыйдырып береді.
– Бур, – деген осы сәт Мария-Агата, – неге үндемей қалдың?
– Үндегенде не деймін?
– Бірдеңе айтсаңшы!
– Айтатын не бар? Өзің айт, мен тыңдайын.
– Солай ма?! – Мария әрі таңырқай, әрі қулана жымиды. – Айтсам, – мен сенің Алтайыңда болғам. Белуха бауырында... рериховшылармен* бірге. Ресейліктер ертіп барған... Атқа салатын ерге ұқсайды ғой ол тау.
– Мұзтау, – деп қалды Байбура.
– Қалай? Қалай?
– Қазақтар «Мұзтау» дейді. Мұздан қаланған шың дейді.
– Өте дәл айтқан, – деп Мария-Агата да қостады, жалаңаш тәнін ақ сейсеппен қымтана түсіп. – Құдайдың көзі түскен жер. Сұмдық ұлылық бар ол өңірде... Алтай – жер бетіндегі адам тілмен айтып жеткізе алмайтын сұлулық пен ұлылық мекені... Оһ, эврика!».
Жазушы империя құлағаннан кейінгі дәуір турасындағы өз ойын оқырманына былайша ұсанды: «– Бәріне кінәлі – өзіміз... Сені Алтайдан, мені Стокгольмнен айдап келген тағдыр да, тәңірі де емес – қоғам мен адам... Бәрінен бұрын, «әділет айдап әкелді» деп алдаусыратып, өзімізді-өзіміз алдап, тентіреп жүрген екеуміз.
– Совет империясы, – деді Байбура, – империя құлаған соң осындай иесіз күйде қалдық». Иә, бүкіл дүние есінен ауысып қалғанда болып... Әлемдік... жоқ, қоғамдық баланс бұзылды...деген сезім Алтай Асқар кейіпкерлерінің бойын баурап алған. Біз жазушы шығармасынан империядан кейінгі дәуірдегі дал болып өзімізді, өз буынымыздың әрі-сәрі күйін, моралдық-психологиялық ахуалын танимыз. Біле түсеміз.
Асқар Алтайда алаштық және әлемдік мифтік, архетиптік ұғым-түсініктер мүлдем араласып кеткен, түп негізін қолға ұстатпайды. Біріне шап берсең, екіншісінің шеті қылтиып шыға келіп, оқырманмен армансыз ойын ойнайды, санаңды сарсылтып, ойыңды арбайды. Әлем және христиан мифологиясында «адасқан ұлдың оралуы» діни мотиві бар. Осы мотив «Туажаттың» лейтомотиві болып өрліп отырады.
«Сен еркексің... Еркек атаулы қазір аз. Әсіресе, Еуропада... Гейлер. Солар – билер. Олар билікте де көп... Сен, кешір мені!
Байбура ештеңе айтпады.
– Бур, менің Швециям сенің Алтайыңа ұқсайды. Суық. Қарлы, – деп әңгіме арнасын сезімталдықпен бұрып, Мария-Агата Байбураның мойнына асылды. – Отаныңа орал, бірақ сақ бол! Олар сені түсінбейді... Сен Иса-құдай сияқты «тіріліп» келіп тұрсың ғой. Ал олар оны кешірмейді. Сен жат жерде жоқ боп кетуің керек едің... Енді аяқ астынан пайда боласың. Шок! Саған ешкім де сенбейді. Сенен қорқады олар».
Еркексіз, қызтеке Еуропа мен Ер текті Жаугер Еуразия осылайша араға жүзжылдықтар салып, тағыда тарих сахнасын майдан даласында емес, төсек соғысында бас түйістіріп отыр.
Адасқан өмірінің ақ түтегінде пана болған Төребейіт. Шыңғыс хан тұқымы – Әбілпейіс төре ұрпақтары көтерген Төребейіт. Атам қазақтың жер-суын кие тұтуының, билеушілерін көкке көтеруінің этнографиялық келбетін танытады.
Шизоанализ қолданысын әлдебиетімізде терең пайдаланып, шығармасының бойына ендіріп жүрген санаулы қаламгерлеріміздің бірі – Асқар Алтай. «Он жетісінде бұған да пана болды ғой. Пана ғана емес, алай-дүлей ақ боран өмірінің ақтүтегінде адастырмай алып жүретін Бозиесі – Ана-Бөрісін көк төрінен шақырған да осы төре мола. Боз боран дүниеде бозбала Байбураны Ана-Бөріге тәңірідей табыстап жіберген де осы Төребейіт.
Жеті қат көк төріндегі бөрі сұлбалы періштелер мекен еткен ұлы әлемнен көк жасын боп жерге түсіп, Төребейіт ішінде жол таба алмай жатқан Байбураны жетектеп әкеткен бурыл Ана-Бөрісі емес пе?! Сонда кім қол ұшын созып еді? Ешкім де... Жалған жамалында Төребейіттен Бозиесімен аттанған Байбура тамұқ дүниеде тосылып қалмапты, туған жер төріндегі Төребейітіне аман-есен қайта оралыпты. Ана-Бөрісі тағдырының талай тар кезеңінде ғайыптан тап болып, өмірінің сын сағаты соққан сәтінде көктен түскен Ғайсадай адал серік болып, талай мәрте ажал бұғалығынан айырып алды ғой. Қылша мойнынан шылбырлап, өлім өрті қаулаған, зұлымдық жаулаған тозақ ошақтарының ортасынан, залымдық жайлаған пенделер қылкөпірінің үстінен алып өтті ғой.
Жамбасына мамық төсектей жайлы тиген қамыс маты үстінде жатып, басын жол сөмкесіне жастаған Байбура көзін күмбездің тақиядай боп көрінген тар тесігіне қадаған. Ақ сүттенген аспан да ыстықтан әуірлеп, жанарына тиянақ болмады.
Киелі Бозиесі жайлы, текті Төребейіті туралы әрі-сәрі ойланып жатып, салқын-сабат молада көзі ілініп кетті. Ала таңнан аптығып, тоқтаусыз жүрген жайсыз жүрістен тұла бойы босап, маңғаз ұйқыға кеткенін өзі де сезбей қалды. Жол соғып тастаған тәні талмаусырап, жаны рақат тауып жатыр». Біз қаламгердің туындысын көлемді етіп беріп отруымыз оның мәтінін әдеби талдауда бұзып жарып қолданатын болсақ, онда автордың айтар ойын, оқырманымен ойынын келте қайырып, мәселенің не туралы өрбіп отырғандығын аяқсыз қалдырамыз.
Кейіпкердің түс көру арқылы, ғажайып әлемге ену арқылы, тотемнің қошеметіне бөлену арқылы біз ата-бабамыздың бағзы мифтік ұғым-түсінігінің әлемінің есігін ашамыз. Осы әлемнің есігін ашып берген авторға оқырман ретінде мың мәртебе алғысымызды айтып, өзімізше ой өрбітіп, қиял шарықтатып, қаламгер туындысының қосалқы туындыгеріне айналып шыға келеміз. Міне, осылайша қазақ постмодернизмінің тамаша туындысы бойындағы жасырын арналардан алаштық рухы алаңсыз іздеп, сана ағымымен сан саққа ой жүгіртуге көшеміз.
Автор түс көрудің артын ата-баба сенімі дәуіріндегі есте жоқ ескі кезеңдегі түсінігімізге Байбураның желмен ұшып кетуі, оның әкесінің сайтанды ұстап алуы сияқты ұлттық коларитке толы Габриел Маркес шығармаларында ашылмай қалған тылсымның қазақ әдебиетіндегі шынайы ашылуына ұластырады. Сонымен бірге «Ерекше өмірге келу» мифтік сюжеті қазақи қалыпта тамаша өріледі. Күллі ауыл күдер үзсе де, әкесі үмітін үзбепті. Алып қара құйынның ізімен індете іздеген әкесі жөргектегі ұлын тапса да, жарын таба алмапты бірақ... Жарын жалған дүние – жалмауыз әлем ылым-жылым жұтты, қайтейін!
Анасы аспанға ұшқан бойы үшті-күйлі жоғалыпты. Қара құйын көтеріп кетіпті.
Көкке көтерілген аяулы шешесі – Анаиесі сол кеткеннен мол кетті...
Байбура анасыз өсті. Аналық сезімге аңсар күймен балалық шағы да өтіпті. Ана-Бөрі ғана аңсарын басып, анасын жоқтатпапты.
Қазір де қасында шоқиып отыр – бөрі сұлбалы Бозиесі...»
Байбура жай кейіпкер емес, қазақ постмодернизміндегі магиялық реализм дәстүрінде ұлттық ерекшелігімізді толыққанды танытатын ілкі қаһармандардың бүгінгі заман адамның бойына барша болмысы тоғысқан кейіпкер.
Медет нағашысының не ойлап отырғанын бір құдай білсін, ал Байбура бетегелі бұйрат төмпешіктерге тесілген күйі: «Менің орнымда кім жатыр? Қандай пенде? Кешегі күндегі өзі секілді бір жас боздақ па? Әлде ауғандық моджахедтің бірі ме?! Бәлкім, Ауғанстан жерінің бір уыс құмды топырағы мен жалпақ-жалпақ тарғыл тасы салынған, адам тәнінсіз мырыш табыт жатқан шығар?!..» – деген ойлар торып алды.
Әке қабірінің басында болған қазақты көз алдыңызға елестіп көріңізші, қанша жасқа келсе де, өзін балаша сезініп, жатқан жері жанаттағы жаннан қолдау күтеді. Міне, бұл біздің перзент ретінде әке қабірі басында болғандағы өзіміздің кім екенімізді, мына жарық дүниеде не үшін жүргенімізді сезінетін айтып жеткізе алмайтын тылсымды түсінетін сәтіміз. Дәл осындай сезімді біз Байбурамен бірге бастан кешеміз. Не істеп не қойдық деп Аллаһ пен әкеміз алдына есеп береміз.
«Ал әкесінің басында белгі де жоқ. Атаусыз қалыпты. Басына әскерилер қойған темір жұлдызды үшкіл бағанға «Байбура Майданов» деп ата тегі жазылыпты. Нағашысын ертіп алған Байбура әкесінің және өлдіге санап қойғызған «өзіндей» жат мүрденің басына құран оқытқызды. Жетпістен асып кеткен нағашысы мақамын ұзақтан созып, дұғасын алыстан қайырып, алақанын мол жайып, жүзін сыйпады. Селдір сақалын тарамдап қойып, жер таяна орнынан тұрды.
– Әкең, сенің «жат» сүйегің келісімен ұзаққа шыдамады. Бетін теріс бұрып, ағайын-туғанмен де араласпай, құдайдан өлім тілеп жатып алды. Айналасы алты айда жамбасы жерге тиді. Басын да қарайта алмадық, – деп өзін кінәлай сөйледі. – Қол қысқа, қайтейін!».
Бұрын бірін-бірі көрмеген қосыла алмаған қос ғашықтың кездесуіндегі қуанышты сәтке ақылы мен санасы үйренген оқырманын Асқар Алтай мүлде басқа психологиялық жолға түсіреді. «Көз... Өзіне өте таныс көз кіреш-кіреш торлап тастаған темір шабақты ашық терезеден тесіліпті де қалыпты. Мұны тас балбалдай мелшиткен де осы көз. Тәңірім-ау, мынау Алқабегім жанары ғой!.. Алқабегім... көзі ғана қалыпты. Қарақаттай көзі ғана... Ол да үсік шалғандай көмескі. Баяғы ақықтай жалтылдаған, гауһардай жарқылдаған жанар жоқ. Отсыз. Сәулесіз. Үмітсіз. Жанарының жиегін әжім торлап, қарашығын мұң басқан.
Байбура аң-таң күйде үрейлене, күдіктене, барлай қарады. Тез ойлайтын өзіне тән күймен ой ағыны сынаптай ағып өтіп, ағып өтіп кетті. Сол... соның өзі... Қалай ғана өзгеріп кеткен?! Кәрі кемпір ғой. Шашы да күмістей. Қалайша? Не болған? Жағы қудай. Жаны... жаны нудай... жұмбақ еді ғой. Нәзік еді. Қатал еді, қайратты еді Алқабегім... Қайран, Алқабегім!
– Жоғал! Албасты! – Әйелге тән – адамға тән ащы дауыс құлағын кесіп өтті. – Сайтан!.. Жолама! Жоғал, малғұн!
Алқабегімнің сұмдық сұры мен ауыр сөздері Байбураның қара тас боп қатқан жүрегіне инедей қадалды. Жанарына оқыс жас толды». Әкесінің моласының басында көзі дымқылданбаған Байбураның жанарының жасқа толуын автор шеберлікпен бере білгендігін көреміз. Күтпеген кездесу есеңгіретіп тастаған Байбура балбалдай қалшиып қалған қалпы, баяғы он алты-он жеті жастарындағы көкіректері қуанышқа толы, жүректері махаббатқа толы күйде жолығысатын сәттері әлі күнге сағымдай оралып, санасын сағыныштай билеп алатын еді...
Қаншама жылдар өтсе де сол бір сәулелі, махаббатты сезім күйі Байбураның көкірегінде қоламтадай қоздап жататын. Сөнбей-ақ қойған. Тап қазір сол қасиетті сезім мұздай суынып, бойын белгісіз бір ызғар қарып өтті. оқырман санасы селт етіп, жүрегі қан жылап қояр берді. Осылайша автор біздің ырқымызды билеп, санамызбен ойнайды. Өз ойын таңады. Бұның бәрі қаламгердің қуатты қаламының құдіретін таныта түседі, талантына табынта түседі.
Жазушы бізді саяхаттың қиял кемесіне мінгізіп, Байбурамен бірге бірде бүгінге, бірде 1986 жылға сапар шектіріп отырады.
«Байбура бөрі болмысты боз сәулеге тағы ерді…
Боз сәуле ілезде Алматының қақ төріндегі Брежнев алаңына* алып келді. Түн. Желтоқсан айы. Алапат үскірік. Алаңда Алатаудан ескен ызғырық. Табан асты тайғақ. Теңіз толқынындай толқыған жұрт. Сермелген қарулы қол, серпілген кеуделі көкірек. Жұлынған қара шаш, жарқ-жұрқ еткен жанар».
Бізді таңқалдырғаны жазушының қаламынан шыққан жолдар өзгертусіз алынып, сол қалпында қолдануға сұранып тұрады. Тіпті өзгенің сөзін өзіңдікі етіп берудің жолын да нұсқайды.
Әттең! Әттең-ай! – деді өкси күңіреніп, іштері қан жылап тұрса да өзгелер тіс жармады. – Бұл күнді ұмытпаңдар!.. Қарусыз қан майданның құрбандарын ұмытпаңдар, жігіттер! – Тісін қышырлата сөйледі әлгі: – Не үшін? Кім үшін? Жазығымыз не? Өртеніп барам, бауырлар! Өртеніп барам... Қарусыз... қап! «Орыспен дос болсаң, балтаң беліңде болсын» деген. Қап!
Ұлт күйініші белгісіз қазақтың аузынан шығып, егемендік дәуірге жол нұсқап тұр. Тағдыр тауқыметін тартқаны аздай терроршы деп айыпталған Байбура ҰҚМ қызметкерлерінің қолынан қашып асау Ертіске өзін атады. Осы қысталаң кезде оған тағыда көмекке Ана-Бөрі келеді. «Тап осыны күткендей бозамық бір сәуле көгілдір су әлемін тіліп, мұның көз алдында көлбеңдей жүзген боз бөріге айналды. Кесе көлденеңдеген Ана-Бөрі емшектері тербеліп, құйрығы солаңдап, соңынан ерте жүзді. Байбура бурыл тартқан Бозиесі соңынан ере жүзді. Өзіне етене таныс көкмұнар әлемге енді...»...
Ертісте аласұрған адасқақ ұлын айлалы Ана-Бөрі тағы да ажалдан құтқарып қалды. Ит көйлекпен туған Байбура тура келген ажалды бұл жолы да тұңғиықта тұтылтып, қара үздіріп кетті. Оқырман жүрегі орына түсті. Жаны жай тапты.
Біз Асқар Алтайдың қай шығармасын оқысақ та, онда міндетті түрде империялық амбициядағы ұлыорыстық пиғылдағы жандарды кезіктіріп отырамыз. Қуғыншылардан қашып құтылған Байбура соққан Слаявнка аулындағы кержақ шал соның бірі. Ол «Бродячий басурман!..» деген кержақ шалдың кемсіту үнін де құлағы шалып, тағдырына налиды.
Кейіпкерлері турасында прозалық поэзиямен ой төгілткенде Асқар Алтай сөзден маржан тізеді. ...Ол екеуі де жарық дүниеге келгенде бақытты еді. Бақытсыз болғандары кейінірек. Көк аспандай кіршіксіз еді. Кірлегендері кейінірек. Қандай кесек ой.
Туындылардағы жолдары тап бір қаламгер жазбағандай, кейіпкердің аузынан өздігінен ағылып шығып жатқандай сезімге оранасың. Осы шығармадағы «Шын сүйгендердің қосыла алмауы» мәңгілік мотиві алдын ала белгі жайттай Соңғы қоңыраудан кейінгі эпизод арқылы беріледі. « Мен саған алданышпын... Иә, иә! Аз күнгі алданышпын. Ермекпін… Айдалада шашылып қалар алқамын…
Екпеттеген күйі екі иығы солқылдап, жылап жатып еді-ау мұның су жаңа костюмінің үстінде – тапталған шұғынық гүлінің жұпар иісі аңқыған түнгі ауаға тұншығып... Бұл не дерін білмей абдыраған. Алқабегімнің мойыл қара шаштарын саусағымен үн-түнсіз салалай берген. Сондай бір сұмдық сиқырлы балдай тәтті, мұздай салқын сәтті бастан кешкен.
Алқабегімнің айтқаны келді ғой ақыры. Ол бұған бозбала шағындағы аз күнгі алданышы болыпты. Тағдыр атты қатал әмірші екеуін екі айырыпты. Болжалсыз өмірге екеуі де ерттеулі аттай жегіліп, бірі егіліп, бірі бүгіліп күн кешіпті. Ех, арман-ай!».
Кіндігінен тараған ұлы бар екендігін Байбура түсіндегі аяны арқылы сезеді. «Сол-ақ екен Байбура тап өңіндегідей көрінетін өзге бір ұлы әлем – түс әлеміне еніп кетті... Ана-Бөрі болып келген қасиетті Бозиесі құдіреттің күшімен жұмбақ құбылыс жалт еткен дүниеге ертіп кетті.
Түсіне Алқабегім кірді. Ақиқатында, Алқабегім басынан кешкен қиямет-қайым өмірдің өткеніне Байбура түс арқылы өзі оралып, санасында сәулелене көрініс тауып еді...
Алқабегімнің өңі қудай екен. Көгілдір бөлме ішіндегі операция үстелі үстінде жатыр. Бас жағынан жарық лампалы шарайна төніп тұр. Жанары жұмық. Тұмсығы томпиған аппақ демалтқыш аппаратпен тұмылдырықтаулы. Екі жағынан қатарласа тұрған ақ халатты дәрігерлер қызу қимылдауда.
Олардың ақ қолғап киген қолдары қып-қызыл қан. Кенет кіндікке дейін жарылған жатыр ішінен жармақ сәбиді суырып алды. Оны төмен жақта тұрған біреуісіне бере салды. Ол жармақты бір қолынан көтеріп тұрып сілкіп қалды да, құйрығынан тартып-тартып жіберді. Үсті шырыш пен қан-қан жармақ сол сәт жан кіргендей шыр ете түсті.
Жармақ сәбидің жан шырылын күтіп жатқандай, Алқабегім оқыс көзін ашып алды да, қайта жұма қойды. Оны бірақ жанталаса тігіп жатқан дәрігерлер байқамай да қалды. Іле Алқабегімнен әлдебір сағым сияқты сәулелі сұлба бөлініп, төбеге қарай көтеріле ұшты». Бұл туынды толып тұрған тылсым мен алаштың жан сырына толы. Оның тереңіне бойлау үшін авторлық ойынның жетегіне адаспай ере білу керек.
Асқар Алтайдың табиғи шеберлігі оқыс оқиғаларды, оғаш кейіпкерлерді сюжет өзегіне енгізу арқылы кесек оқиға туындата алу. Әйелдің зорлануы қазақ әдебиетінде Ақбілектен бастау алады. Ал өлген әйелдің зорлану оқиғасы қазақ әдебиетінде мүлдем ұшыраспаған шетін оқиға автор осы шетін оқиғаны ардан аттамай, әдеби кескіндей алған.
Қортық Орақбай Алқабегім жатқан жансыз тәнді арбасы үстіне аудара салып, әкете жөнелді. Оның соңынан ұшып Алқабегім рухы да ілесті.
Қортық, мәйіт, рух – үшеуі де төмендегі салқын жертөлеге лифтімен түсті. Мұнда мәйіттер ақ матаға оралған күйде су төгілген цемент еден бетінде шашылып жатыр екен.
Әлі суынып үлгермеген Алқабегімнің жып-жылы тәнін арбадан аударып тастауға ерінгендей, Орақбай қортық бір мезгіл дағдарып тұрды. Жан-жағына мысықша ұрлана қарап-қарап алды. Ешкімнің жоғына көзі жеткендей болды ма, кенет өзінің иығынан келіп тұрған арба үстіне секіріп мінді. Сол бойда шалбарының ауын ағыта бастады.
Бір сұмдықты түйсінген Алқабегім рухы оқыс сілкінді. Ол әлі де ауын ағыта алмай әлектеніп, арба үстінде, мәйіт тізесінде шоқиып отырған Орақбай жүзін шапалағымен тартып өтті. Қортық бетін әлдеқандай жылы леп жанап өтті. Ол да аңырып қалды да, шешеден бір боқтап жіберіп, ауының түймесін үзіп жіберді. Енді рух та шыдай алмады білем, әлі суынып үлгірмеген тәніне Алқабегім қалай қойып кеткенін өзі де сезбей қалды. Сол сәтте тұла бойы тіксіне шымырлап, жаны ышқына қиналып, төмен жағында томардай шоқиған қортықты шірене тепті.
Ет пен сүйектен біткен бұла тәнде ыстық қан жүгіріп, бұлшық ет ширығып, сана да саралана берді. Алқабегім оқыстан басын көтеріп отырды. Ал Орақбай қортық болса, оқыс жан кіріп, тұтқиылдан тірілген мәйіттен зәре-иманы ұшып, шығар есікке қарай еңбектеп бара жатты.
Біз еңбектей қашқан қорқыт Орақбайды оқыған сәтте қыз арының кір шалмағандығына шаттанамыз. Осы мәтіннен ләззат алу әдеби тәсіл арқылы автор оқырманын жоқ жерден қайғы бұлтынан арылтып, қуаныш пейішіне ендіреді.
Қазір ұлттың пейлі тарыла бастаған кезеңде алаштық рухтан адаланбаған жандардың бар екендігін «Найман бауырсақ» арқылы ұқтырады. «Байбура өзін Өскеменнен «Рахман бұлағы» шипажайына демалуға келе жатқан адам ретінде көрсетті. Найманның түйе бауырсағы – найман бауырсақтан қарбыта асап, бал татыған бесті қымыздан шоң шынымен сыздықтата сімірді. Сарайы ашылып, қарағай арасына көлеңкелетіп тігілген салқын-сабат киіз үйде маңдайынан тер бұрқ ете түсті. Картоп пен тау сарымсағы араластырыла қуырылған қойдың қуырдағын да сылқитып алды. Таң атқалы оразасын ашпаған азамат атжалмандай жалмаңдады. Үй иелері де құдайы қонаққа құрақ ұшты».
Әбділда егерь аузымен Ұлттық рухтың мұжылуы ұлттық деңгейде берілсе:
Бектұр, бауырым! Бұл Алтай ғой. Оның жұмбағы да, жұмағы да баршылық. Тек байқай біл. Көз керек. Өкінішке қарай Мұзтаудай арудың көлге түскен сұлу сұлбасы ғана біздікі...
Шыңдар ұлы болғанмен, ұлт ұлы бола алмай тұр. Ұлылардың орнын басқан бір заман ғой... Ел етекке қарай еңкілдей көшкен, жер жетімсіреп қалған бір уақ. Біреу Сырдан, біреу қырдан ауып жатыр. Қайда барарын құдай білсін?!
Адами рухтың мұжылуы басқаша аңыста беріледі: «Жалпы, еркек әйел мен ажалға асығады» осылайша автор жеке мен жалпыны шеберлікпен пернелейді.
Ауған жерінде соғыста өткен сержант Байбура Майдановтың жан беріс жан алыс сәтін шебер суреттей келе, кейіпкердің ішкі монологына орын береді.
Бақытты еді-ау бозбала шағы!.. Бақытты еді-ау бойжеткен бағы!.. Ару Алқабегім! Бәрі де бүгін түс секілді. Иә, түс екен тағдыр деген. Бұл күнде сансыраған санасында түс болып түнеген тайғақты тағдыр кешіпті бұл.
Менің көзіме қан толып кеткен... Мына бейбіт өмірге үйрене алмай жатырмын. Ұйықтасам түсімнен шықпайды... деп Мария-Агатадай ару алдында өз сырын ағытады.
Қылыш пен Етекті таңдау, яғни нәпсі мен соғысты таңдаудың арасындағы арпалыс кейіпкер монологты түрінде төмендегіше төгіледі:
«...Нәпсінің құлымыз. Ал нәпсі соғысы ешқашан тоқтамайды. Адамның араны – өзінің ажалы... Арсыз аран арам тәнін жалмап алған. Шыбын жаны шыққанша нәпсінің тұтқыны. Нәпсі тұтқыны – соғыс тұтқыны... Бәрі де нәпсі айқасының тұтқыны. Мен де алдаспан аранның, тойымсыз нәпсінің сардарымын... Мынау кең дүниеге туғаннан тұтқын болғым келмеген. Сондықтан да туғаннан өзімді туажат сезіндім. Амалым қанша?! Қаншама қайқы күндерді бастан кештім... Бостан емеспін бірақ... Тағдырыма тұтқынмын. Иә, мына алақандай көлге тұтқын болған, тәуелді болған қалтылдақ қайық секілдімін».
Одан әрі Байбураның ұлттық күрсінісі басталады. Ұлттың жатқа кеткен есесі қаламгер қаламымен ақ қағаз бетіне төгіледі:
Өзімді қаусаған қарттай сезінем. Ойым он тарапқа, санам сан тарапқа бөлінеді. Елім – еңіреулі көрінді, ерім – езулеулі көрінді. Өзім ерттеулі секілдімін... Бәрі де өзгергендей, бір қарасам; бәрі де өзгермегендей, бір қарасам... Елдің ері мойнына кеткендей. Тіпті, арғымақ Алтайдың күн шапағымен алтын жапқандай ажарланатын, ай нұрымен күміс қақтағандай шалынатын алып ері – Мұзтау да жатқа кетіпті... Жатжанды болып алыппыз. Сонда не үшін тірі жүрміз деген ой келеді маған, Мария?! Тірі тұлыппыз...». Иә, біз қазір тұлыпқа мөңіреген халықпыз деген ащы ойға берілеміз. Автор «тұлып» символы арқылы қазақтың басынан өткерген Алтай үшін сан ғасырлық шайқастың шежіресінен хабардар етеді.
Сонымен бірге постмодерн стиліндегі газеттік коллаждау Байбураның тұтқынға түскен кездегі өмірін беруде орынды қолданыс табады. Біз сол дәуірдегі АҚШ-КСРО жасырын соғысының куәсі боламыз. Кітабын оқымасақ та, 1986–1988 жылдары Ауғанстанда болған француз репортері Ален Гийо – есімінен, тұтқындағы сорлы солдаттарды өздеріне тартушы барлау қызметкерлерінің іс-әрекетіне куәгер боламыз. Асқар Алтай бізді осылайша деректі проза айдында жүзгізеді.
Сонымен бірге біз басында Асқар Алтайдың шетін оқиғаларды шығарма тініне енгізудің қазақ прозасындағы қас шебері екендігін сөз еткен едік. Осы ауған жеріндегі оқиғаға да тап сондай элементті енгізеді. Жиырмаға жуық көкпаршы-бұзқашы бұзықтар мал орнына адамды тақымға тартқан сұмдық басталды да кетті. Байбура мен Виктор қалшылдап қоя берді. Куницын жұдырығын түйген қалпы көзі аттыларға қадала қатып қалған. Ал басқа тұтқындардың бірі елеуірлей боқтықпен сыбап жатса, бірі өз шашын өзі жұлған.
Тамшы су тимеген алаңды топырлаған тұяқ кесті. Шаңдақ шаң пердесін тұтты. Есіріп алған адамдар мен еліріп алған аттар екілене ұмтылысқан. Тірідей көкпарға тасталған тән сүт пісірім уақытқа ғана шыдады. Кергіге түскен Хромов Герасимнің бұты – бұт, қолы – қол бөлініп, қан-жын қарны ақтарылып, ат тұяғында тапталып жатты...».
Тек бүгінгі емес, келешекте автор мәтіні ішінде астасып жатады. Қасірет-қайғыға толы ауған жұрты – адамзат құрбаны, қанға шыланған ауған жері – соғыс полигоны... Мұнда келген келімсектер – орысы бар, орманы бар; американдығы бар, албастысы бар; жаһилы бар, жарымесі бар – адам баласы арасынан шыққан әзірейілдер: қанға тоймас қорқаулар...жайында, ауған жерінде болған кеңес тұтқындарының көтерілісі бәрісі бәрі Байбураның түсімен беріледі...»
Бұл арада біздің оймызға «Алпамыс» батыр жырындағы Ұлтанның жеті жасар Жәдігерді көкпарға тартпақшы болған әрекеті оралады.
«Алакөлеңке бөлме. Ай сәулесі ауып, құба таңның бозамық жарығы кеулепті.
Мария-Агата да оянды. Байбураға таңырқай қарады. Тоңазып қалған тәнін жылытқысы келгендей, жігіттің кеудесіне айқара аунады. Жас әйелдің қол торсықтай аппақ анары дертеді. Дерткен омыраудың түймедей қоңыр үрпі уыз толғандай шертеді. Танауын аталық бұғыға еркелеген Алтайдың ақ маралындай еркек иегі астына тығып, тістелей аймалайды».
Асқар қазақ әдебиетінің барша дәуірінің, барша кезеңінің өзіне тән стилін шеберлікпен меңгергендігін:
«Көк тұман түсіп, Көкбөрі ана оралып,
Елеспен бірге елім деп жүрген кезбе ем...»-деген Байбураның ауған жерінде шығарған өлеңі мәтін бойында беруімен танытады. Сол сәтте оқырман жадына «Бақытсыз Жамал» сияқты алғашқы қазақ романдары оралары хаһ.
Автор тек кейіпкер сөзін психологиялық сезімділікпен беріп қоймайды. Сонымен бірге оның бойына түрлі мәдениет пен түрлі ұлттардың салты тоғысқан ақпараттар ағынын да енгізеді. Мысалға: Жаралы жолбарыс секілді жан-дүниесін жыртқыштық жайлап алған тағы ғой, жанкешті сарбаз ғой... «жазым етер» деген күдік көмейіне іркілді. Мария-Агата аузын жиып, тілін жұтып қойды. Жаннан безген жаннан бәрін күтуге болады. Кісі қанын жүктеген пенде емес пе бұл, «Абельді өз қолымен өлтірген Каин» деген ой найзағай отындай санасында жарқ етті».
Туажат адам тудырған қиянкескі қоғам, туажат пенде тіксінген қияметті дүние жалғаса берері хақ. Ал Туажат – осы бір оспадар сұмдығын жасырған жалған дүниеге, озбыр қылығын жасырған қоғамға жат жаниесі. Ендігі уақытта қорланған сезімі, қор болған сенімі жүрегін суынтқан Туажат шыдай алмас... Алапат әрекетке белін байлар, ірі іске басын шалар. Кейіпкердің ой шарыпысы жазушының қаламынан туындаған от шарпысына ұласып, қып қызыл өрттің ішінде қалған беймаза туажат кейіпкермен қимай қоштасып әрі-сәрі күй кешеміз..
Қорыта келгенде, осы кітаптың соңғы бетін жабарда сезінерміз бас кейіпкердің аты мен тегі кодтанып беріліп отырғандығын ұғынамыз. Байбура Майдановты әр оқырман өзінше тәпсірлегенмен, бәрінің интерпретация бір-бірінен алыс кетпейді. Майдан даласында қаһарлы Бурадай кәр шашқан бабалар аруағы қонған жан санамызда көрініс табады. Қазақ екенімізді мимызға ұмытылмастай шегелейді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген