400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХХ ғасырдың басында қазақ даласында саяси – әлеуметтік, қоғамдық өзгерістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың симболизмі туралы Әлемдік әдебиеттану ғылымының негізгі нысандарының бірі болып қала беретін көркем ағым- бағыттар мәселесі ұлттық әдебиеттану ғылымы үшін де өзектілігінен айырылмас емес. Аталған мәселе ауқымынан қоғамдық жағдай, оның әдебиетке әсері, көркемдік ізденіс, әдеби байланыс, ағым-бағыттардың ұлттық әдебиеттегі көрініс ерекшелігі секілді маңызды проблемалар бой көтереді де, аталған ізденістер арқылы ақын,оның заманы, көркем әлем, әдеби процесс тәрізді күрделі әдеби құбылыстарға баға беруге мүмкіндік туады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХХ ғасырдың басында қазақ даласында саяси – әлеуметтік, қоғамдық өзгерістер.

ХХ ғасырдың басында шығыста атап айтқанда қазақ даласында саяси әлеуметтік, қоғадық жағдайда елді серпілтетіндей біршама өзгерістер болды. Отаршылдыққа әбден мойын сұңған ел, араға 50-60 жылдай уақыт білімді қазақ зиялы қауымы, қоғам және саяси қайраткерлер шықты, ел мүддесін қорғап саяси партия құрылды. Елдің саяси-сауаты ашылды, газет- журналдар шығарылып, кітаптар бастыру қолға алынды. Ең бастысы елді басқара білетін көзі ашық Патшалық Ресей Думасына депутат болған, жарты әлемге төңкеріс жасаған Ленинмен Сталинмен тең дәрежеде сөйлесетін тұлғалар шықты. Осы аталған аз ғана жетістіктер романтик ақынды оптимистік рухқа жетеледі. Осы жағдай ақынның ішкі жан-дүниесімен үндесіп жатқан лирикалық кейіпкерді туғызды.

Қап –қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры,

Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы.

Күншығыста ақ алтын бір сызық бар

Мен келемін, мен пайғамбар – күн ұлы. [11,52].


Өзім-күнмін, өзім - от,

Сөзім,қисық көзімде – от.

Өзіме өзім табынамын.

Жерде жалғыз тәңірі – от,

Оттан басқа тәңірі жоқ [11,52].


Әй, сен, кел, кесел Күнбатыс!

Бұл жатуың қай жатыс,

Жоғал жылдам жолымнан!

Болмаса, қорықсаң өлімнен

Үмітің болса өмірден,

Ұста менің қолымнан [11,54].

Кейіпкердің тұлғалануына жол ашылғанын әрбір өлеңнің шекарасындағы оптимистік, қаһармандық рухтағы көтеріңкі леп себепші болып тұр: Алғашқы өлеңнің шегінде өзінің шыққан «жері мен тегін » Күншығыстан және күн ұлы екенін айтып қана қойған кейіпкер, екінші өлеңдегі, өзінің көзге көрінетін нақты пішіні от түрінде танылады. Бүкіл құрылымға тең идея-образ-от кейіптеу арқылы жанды сипат алған. Мағжанның стилдік бір ерекшелігі болып табылатын кейіптеу бұл шығарманың да көркемдігіне тірек болған. Жанды сипат алған лирикалық тұлға үшінші өлеңде тікелей әрекетке көше бастауға дайын:

Желкілдеген туменен,

Жер қайысқан қолменен.

Күл қылайық қаласын

Құл қылайық баласын [11,54].

Өлеңнен-өлеңге көшкеде дамып, күрделеніп,нақтыланып отырған, лирикалық кейіпкердің толық іс-әрекетімен танылған, көзге өзгертуші күш-от,жарық –нұр ретінде көрінгенінен байқауға болады.

Отқа табыну,Тәңірге табыну Мағжанның басқа өлеңдерінен де бой көрсетеді.

Әдемі отпен аспаның,

Бәрі жасық басқаның.

Жалын жұтам – тез тоям.

Әулием, ием құтыма

Теңсіз тәңірім отыма

Әлсін – әлсін от құям [11,49].

«Материалды дүние рухани асылды басады деу,адамзат қоғамында бастапқы рух, идея деп түйсіну романтизмнің философиясының негізінде жатыр. Не нәрсе сол рухқа көлеңке түсірсе, ол романтиктердің қатал сынына ұшыраған». Автордың лирикалық қаһарманы дүниені өзгертетініне қашанда сенімді. Тіпті үш өлеңді бір топқа әкеліп жатқан идея осы. Сонымен қатар шығармада бір-біріне қарама –қарсы контрастар бар: Күнбатыс – Күншығыс, Қараңғы – жарық, Түн – Күн.

Осы қарама-қарсы контрастардың қайшыласуынан шығарманың экспрессивті - эмоцоналды мәнді арта түскен. Автор жарықты жырлағанда жарқырап, жайнай өзінің субьективті сезім жүйесін сіңіре отырып жазған. Түнді жырлағанда да оған деген жек көру эмоциясында жасырмайды. Бұл жерде контраст композицияның доминаты ретінде авторға дүниетаным негізіндегі қоғамдық қайшылықтарды көруге мүмкіндік береді. Ал контрастарды бір – бірінен асыра, екіншісін әлсірете суреттеу арқылы автор өзгермелі әлем мен ( батыс өркениеті құлайды, шығыс белең алды деген түсінік) өзгерген дүниетанымды (қоғамдық –әлеуметтік қайшылықтардан туындаған жаңа пікір) жеткізуге мүмкіндік алған. Шығармаға Мережковскийдің өлеңінен эпиграф алынған. Бұл эфиграф өлеңдердің құрылымына тамыр теуіп, идеяға тікелей араласып тұр. Эпиграфтағы «шығысқа көзін тіккен түн баласы» Мағжан өлеңінен орын алған. «Соғыс- күнбатыстан келе жатқан қараңғылық жолындағыны қиратып, тәңіріні табанына салып таптап, жұлдыздарын өшіріп келе жатқан жойқын күш деп бағаланады. Біреудің қанын бекерден төгу, біреудің байлығына көз аларту, оны тартып алғысы келу, құран мен інжілді аяққа таптау – империалистік соғыстың әділетсіздігі». Үш өлеңнің формалық ерекшелігінде де өзгешелік бар. «Пайғамбар» өлеңі 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылса, «От» пен «Күншығыс» өлеңі Абай әкелген формалық ерекшелікте жазылған. Осылайша өлеңдердің лирикалық тұлғасының ішкі логикалық, динамикалық эволюциясына әсерін тигізген. «Пайғамбар» өлеңіндегі әрбір өлеңнің алғашқы шумағындағы қайталаулар ойды нақтыландыруға әсерін тигізеді.

Мағжан шығармасындағы лирикалық қаһарманның ересен күштің иесі екенін Қуандық Мәшһүр Жүсіп «... ол шеккен қиындықтың кесек екендігімен түсіндіреді. Өмір ауыртпалығын жеңілдетпеу арқылы лирикалық қаһарманды алып айқасқа әзірленген ақын тосқауыл атаулыны түйіндеп, шартты образ түрінде алады - бұл жинақтау, шарттылық зобалаң атаулыны көзге көрінерлік, назар аударарлық етіп зорайта бастайды» [14,23].

Әлемдік әдебиеттану ғылымының негізгі нысандарының бірі болып қала беретін көркем ағым- бағыттар мәселесі ұлттық әдебиеттану ғылымы үшін де өзектілігінен айырылмас емес. Аталған мәселе ауқымынан қоғамдық жағдай, оның әдебиетке әсері, көркемдік ізденіс, әдеби байланыс, ағым-бағыттардың ұлттық әдебиеттегі көрініс ерекшелігі секілді маңызды проблемалар бой көтереді де, аталған ізденістер арқылы ақын,оның заманы, көркем әлем, әдеби процесс тәрізді күрделі әдеби құбылыстарға баға беруге мүмкіндік туады.

Мағжан поэзиясындағы символизмнің көріну ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы біз ақынның қазақтың ұлы мәдениетінен сусындаған, шығыс пен батыстың, орыс әдебиетінің қазынасын сіңірген ұлы тұлғалар қатарына жататынын аңғардық.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі