"ХХІ - ғасыр көшбасшысы" ҰОҚ жоспары. Мектепалды даярлық тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ХХІ - ғасыр көшбасшысы" ҰОҚ жоспары. Мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық топтарына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары. Балабақша тәрбиешілеріне арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші/Воспитатель: Қайырбаева Гүлдана Мемлетханқызы

Білім беру саласы/ Образовательная область: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/Раздел организованной учебной деятельности: Қоршаған ортамен танысу

Кіріктіру/Интеграция: Таным (қмұқ); Коммуникация (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет); Денсаулық (қауіпсіз мінез – құлық)

Тақырыбы/ Тема: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Білімділік міндеті/ Образовательная задача: Өзінің жасын, толық аты – жөнін, тегін, балабақша, топ атауын, нөмірін, өзінің мекен – жайын айта білуді жетілдіру. Заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын анықтап, сипаттама беріп, оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйретуді жалғастыру.

Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Жолда жүру ережелері, жол, бағдаршам белгілері, көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсініктерін дамыту. Еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Әнұран орындау ережесін үйретуді жалғастыру. Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануларын қадағалау. Кейбір кәсіптік және аулшаруашылық мамандықтары туралы білімдерін жетілдіру. Жұмбақ шеше алу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача: Ересектердің еңбегіне құрметпен қарай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ используемый материал: көліктер пазл, медальдар, шляпа, кітап, домбыра, жейде, интерактивті тақта, ойынға қажетті музыкалар

Тілдің үштұғырлығы/ Полилингвальный компонент: Кітап – книга – а book, Домбыра – домбра – dombra, Жейде – пиджак – jacket


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І.Кіріспе бөлім:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына қош келдіңіздер. Сайысқа 3 топ қатысады: Балаларға пазыл беріледі. Пазылды құрастыру арқылы топ болып бірігеді.

1-топ: Автобус құрастырады, «Жерде жүретін көлік»

2- топ: Ұшақ құрастырады, «Әуе көлігі»

3- топ: Кеме құрастырады, «Су көлігі»

Сайыс 3 айналымнан тұрады: 1) «Бәйге»; 2) «Жорға»; 3) «Дода»

Сайысты бастамас бұрын қатысушы топтармен таныс болайық. Топ капитандары отырған орындықтың артында «Микрафон» суреті болады, сол орындыққа отырған балалар топ капитаны болады.


ІІ.Негізгі бөлім:

1.Мнемокестемен жұмыс:

Мақсаты: Өзінің жасын, толық аты – жөнін, тегін, балабақша, топ атауын, нөмірін, өзінің мекен – жайын айта білуді жетілдіру.

Шарты: Әр топ капитандары топтарын, өздерін мнемокесте арқылы таныстырады.


  1. Айналым: «Бәйге»

Мақсаты. Жолда жүру ережелері, жол, бағдаршам белгілері, көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсініктерін дамыту. Еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Әнұран орындау ережесін үйретуді жалғастыру.

Шарты: Балаларға әр түрлі жол жүру ережелері, бағдаршам, көлік құралдары, рәміздер туралы сұрақтар беріледі. Балалар алдарында тұрған түймешені басып жауап береді. Жауап берген топ жұлдызша жинап отырады. Сұрақтар:

  1. Бағдаршам не үшін қажет? (бейне сұрақ)

  2. Қазақстан Республикасының әнұранының орындау ережесі? (бейнесұрақ)

  3. Қандай жол белгісі жетіспейді, орналастыр (интерактивті тақтада тапсырма)

  4. Суретпен жұмыс: Бұл не? Сипаттап айт (Елтаңба)

  5. «Не жетіспейді? тап» (Туда күн жетіспейді)

  6. Жұмбақ шешу: Үтікке міндім, Мұхитта жүздім. (кеме) (аудио)

  7. Қандай жол белгісі жетіспейді, орналастыр (интерактивті тақтада тапсырма)

  8. «Бұл дұрыс әрекет пе? Бұрыс әрекет пе? Неге?» Суретпен жұмыс, (жолдан дұрыс өтпеген баланың суреті)

  1. Айналым: «Жорға». ТРИЗ технологиясы: «Заттарды сипаттау»

Мақсаты: Заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын анықтап, сипаттама беріп, оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйретуді жалғастыру.

Шарты: Педагог заттарға байланысты жұмбақ оқиды, балалар шешуін тауып, сипаттап айту керек. Музыка қосулы болады, балалар айналып билеп жүреді, музыка тоқтағанда балаларда тоқтап, алдында көрсетіліп тұрған белгіге сай затты сипаттайды.

Жұмбақтар:

1.Қабат-қабат қаптама.

Ақылың болса аттама. (Кітап – книга – а book)

2. Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпке ұнаған. (Домбыра – домбра - dombra)

3. Қолы бар,

Саусағы жоқ.

Мойны бар,

Басы жоқ. (Жейде – пиджак - jacket)

  1. Айналым: «Дода». Д/О: «Өз заттарын тауып бер»

Мақсаты: Кейбір кәсіптік және аулшаруашылық мамандықтары туралы білімдерін жетілдіру.

Шарты: Әр түрлі мамандықтардың суреттері тұрады, қажетті заттарын сызық арқылы тауып қосады.

Д/О: «Жұбыңды тап»

Мақсаты: Көлік құралдарының көптүрлілігі, әр түрлі мамандық иелері туралы ұғымдарын дамыту.

Шарты: Балаларға арнайы көлік түрлері, мамандықтардың суреттері беріледі. Балалар әр мамандықты өзінің арнайы көліктерімен жұптастырады.

ІІІ.Қортынды бөлім: «Көңілді шляпа» ойынымен қорытындылау.

Мақсаты: Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануларын қадағалау.

Шарты: Музыка қосулы болады, балалар шляпаны бір – біріне жібереді, музыка тоқтағанда шляпаны ұстап қалған бала оқу қызметінде қиналған, қиналмағандығы туралы айтып қорытынды жасайды.

Жинаған жұлдыздарын санау. Балаларды «ХХІ ғасыр көшбасшысы» деген медальмен марапаттау.


Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білу / Знать: Кейбір кәсіптік және аулшаруашылық мамандықтары туралы, жолда жүру ережелері, жол белгілері, көлік құралдарының көп түрлілігі туралы, еліміздің рәміздері, әнұранды орындау ережесі туралы, кейбір кәсіптік және аулшаруашылық мамандықтары туралы біледі;

Түсінуге тиіс / Иметь: Заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарды; заттардың қандай материалдан жасалғандығын, оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс түсінуге тиіс;

Істей білу керек / Уметь: Өзінің жасын, толық аты – жөнін, тегін, балабақша, топ атауын, нөмірін, өзінің мекен – жайын айта білуі керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2020
793
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі