Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың көмегі зор деп ойлаймын, себебі көптеген сайтқа тіркелушілер көреді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Әмір Темір атындағы №3 жалпы орта мектеп







Информатика пәнінің мұғалімі:Қонысова И.

Сыныбы: 7-8 сыныптар



Түркістан

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» (интеллектуалды ойын)


  • Білімділік:
     Оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Балалардың дүниетанымын кеңейту. Ана тіліне және басқа ұлт өкілдерінің тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар алдында тіл мәртебесін көтеру. Ана тілдеріне деген мақтанышын ояту. Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде  пайдалануға үйрету.Өз сөзін дәлелдей білу дағдысын жетілдіру, өз көзқарасын жеткізе білу, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру және сөздік қорын байыту.


  • Дамытушылық: Эмоционалды – танымдық ортасын кеңейту. Көңіл қоя білу, ойда сақтау, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, тиянақты сөйлеу әдеттерін жетілдіру.


  • Тәрбиелік: Мақал – мәтелдер арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.


  • Көрнектілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сигналдық дөңгелекшелер, қоңырау, сыйлықтар, мадақтама қағазы, алғыс хаттар, тест тапсырмалары

Армысыңдар, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар.

Бүгінгі біздің сайысқа қош  келіпсіздер!

Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұқсат    етіңіздер.

 

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек.

 Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.


1 кезең БӘЙГЕ

2 кезең ҒАЖАЙЫП ҮШТІК

3 кезең ДОДА

4 кезең Тапқырлық

5 кезең ЖОРҒА

1 кезең «Бәйгеде » берілген сұрақтарға тетікті бірінші болып басқан оқушы жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса,келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 10 баллдан есептеледі.

2 кезең «Ғажайып үштікте» оқушылар жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударады.(қазақша,орысша,ағылшынша)

3 кезең «Додада» балдық жүйелермен тақырыптар беріледі.Қалаған тақырыбы және балдық жүйесі бойынша сұраққа жауап бере алады.Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады.

4 кезең «Тапқырлық » ережесі бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 10баллдан есептеледі.

5 кезең «Жорға» ережесі бойынша оқушыларға логикалық сұрақтар қойылады.

Ойын толық, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толық жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.


«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды ортаға шығарайық. Ойынға 6 оқушы қатысады.

  1. 8 А сынып оқушысы – Тұрысмаханбетова Маңғаз

  2. 8 А сынып оқушысы – Валихан Назым

  3. 7 Ә сынып оқушысы – Масан Ақерке

  4. 7 Ә сынып оқушысы – Бесата Гүлназ

  5. 7 Б сынып оқушысы – Абишева Қарақат

  6. 7 Б сынып оқушысы - Усенова Гүлназ


Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз

Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз

Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз -дей келе  біз  «БӘЙГЕ»  кезеңін бастайық.

БІРІНШІ КЕЗЕҢ

«БӘЙГЕ»

Физика

1. Ағаш зат па, нәрсе ме? (Зат )

2. Күштің өлшем бірлігі ?  (Ньютон)

3. Бірінші космостық жылдамдық ? (8км∕с)

4. Еркін түсу үдеуінің мәні ? (9, 8м∕с²)

5. Дене қызуын өлшейтін құрал ?  (температура)

6.Ең үлкен ғаламшар ? (юпитер)

7.Ең үлкен екі таңбалы сан ? (99)

8.Орын ауыстыруды сипаттайтын шама ? (жол)

9.Тығыздық дегеніміз не ? (дененің массамы мен көлемге қатынасын айтамыз

10.Дефформация созі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны береді ? (созылу)

Информатика

1. Қоршаған орта туралы мәлімет?. (АҚПАРАТ)

2. Суретті жылжытқанда соңында із қалдыратын перне ? (КУРСОР)

3. Интернетке қосылу құрылғысы? (МОДЕМ)

4. Адам мен компьютер арасындағы байланыс? (ИНТЕРФЕЙС)

5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы? (МОНИТОР)

6. Интернет туралы не білесің ? (БҮКІЛӘЛЕМДІК ЖЕЛІ)

7. Монитор қандай құрылғы? (ЭКРАНҒА АҚПАРАТТЫ ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛҒЫ)

8. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы? (ПЕРНЕТАҚТА)

9. Жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ? (ТЕРЕЗЕ)

10. Ақпаратты ұзақ сақтауға арналған жад? (ТЕСЖ)
Келді кезек жұмбақтарды шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе.

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ

«ҒАЖАЙЫП ҮШТІК»

Жұмбақтар:
1. Бар ма жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің? (ауа-воздух-air)

2. Аса қажет өмірде халық үшін
Пайданалар күн сайын жарық үшін (ток-ток-energy)

3. Жоқта өзіңде бас та, қас та,мойында,

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш-линейка-a ruler)

4. Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю бар, арыстан

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу кім болды? (сегіз-восемь- eight)

5. Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың (Тұз, соль, salt)

6. Жылт – жылт еткен, жылғадан өткен,
Базарды басқан, кентті кешкен (Су, вода, water)

7. Тілдерімен жүреді, уақыт біледі. (Сағат, часы, clock)

8. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама (Кітап, книга, book)

9. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың. (Мектеп, школа, school)

10. Жаза – жаза жалықпаған,
Жазу жазып арықтаған. ( бор, мел, chalk)

Мәңгі  бақи  есте  қалар

Ғажайып  бір  сайыс  болсын

Білімдірек  шәкірт  озар

Қиынырақ  сұрақ  болсын – деп біз  енді  сайысымыздың  келесі  кезеңіне  келдік.

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ

 «ДОДА»

Физика – 10

Еркін түсу үдеуінің сән мәні неге тең?

Физика – 20

Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым?

Физика – 30

Серпімділік күшінің ағылшынша баламасы?

Информатика – 10

Монитор қандай құрылғы? (экранға ақпаратты шығару құрылғысы)

Информатика – 20

Операциялық жүйе нешеге бөлінеді? (3)

Олар қалай аталады? (ядро,драйвер, интерфейс)

Информатика – 30

Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым? (Информатика)

ӘР ТҮРЛІ – 10

«Жеті жарғы» жинағының авторы кім? (Тәуке хан)

ӘР ТҮРЛІ – 20

ҚР Президентінің резиденциясы қалай аталады?

ӘР ТҮРЛІ – 30

Іле –Алатауы етегінде орналасқан қала?

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ

«ТАПҚЫРЛЫҚ»

1. Кесіндіні өлшейтін құрал? ( сызғыш )

2. Сұйықтың көлемін қандай құралмен өлшейді? (мензурка)

3. Оптика,статика,динамика, механика, энергия-бұл аталған ғылым салалары мектепте қай пәнге қатысты? ( физика )

4. 63 құрама сан ба? ( ия )

5.Жарық жылдамдығы нешеге тең? (3 * 108 м\с)

6. Принтердің неше түрі бар? ( 3 түрі бар )

7.Дене қызуын сипаттайтын шама (температура)

9. Сол жақтағы символды өшіретін перне (Backspace)

10. 5-ке қарама-қарсы сан ( -5 )

11.Ток күшін өлшейтін құрал (амперметр)

12. Иілгіш диск қалай аталады ( дискета )

13. Ең үлкен екі таңбалы сан ( 99 )

14.Ең үлкен ғаламшар (юпитер)

15. Word бағдарламасында не орындалады (Жазу)

16.Оң жақтағы символды өшіретін перне (Delete)

17. Орын ауыстыруды сипаттайтын шама? ( жол )

18. Ең кіші екі таңбалы сан (10)

19.Ең кіші ғаламшар (меркурий)

20. Моңғол мемлекетінің негізін қалаушы? (Шыңғыс хан)

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асыл тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зула жатыр,                                                                         

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.   

БЕСІНШІ КЕЗЕҢ

«ЖОРҒА»

  1. Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрыңғы жасынан 2 есе артық болады.Ол қанша жаста? (3-те)

2. 5 адам кездесіп қалып бір-бірімен қол алысып амандасты.Барлығы қол алысу саны қанша?(10)

3. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ. 20 минут ұшады, алкері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесін? (екеуі тең)

4.Оның үш күйімен біз жиі кездесеміз? (су)

Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
Бүгінгі көріп тамашалаған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып, тыңдағандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2018
786
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі