ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек? эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек? эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Мектептің жүрегі ол ұстаз. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ пен ел тағдыры тұрады. Әсіресе, білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім керек. Қазіргі мұғалімді - оқытушы, ұстаз ғана емес, ол- зерттеуші, қоғам қайраткері, жаңалықты дәріптеуші деп білеміз. Өйткені осы күнгі білім, барлық бастамалар мұғалім арқылы жүзеге асады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек?


Мемлекет мәдениетінің айнасы - мектеп. Мектептің жүрегі ол ұстаз. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ пен ел тағдыры тұрады. Әсіресе, білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім керек. Қазіргі мұғалімді - оқытушы, ұстаз ғана емес, ол- зерттеуші, қоғам қайраткері, жаңалықты дәріптеуші деп білеміз. Өйткені осы күнгі білім, барлық бастамалар мұғалім арқылы жүзеге асады.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?» «ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?» деген үш мәселе алдыда тұр. Әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.

Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – инновациялық жаңалықтарды, ақпараттық технологиялардың теориясын жетік біліп практикада қолданатын, әр сабағын қызықты өткізіп оқушылардың қызығушылығын арттырып, үнемі өз білімін жетілдіріп отыратын тұлға болуы тиіс. Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.

ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – жалқаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің болашағының келбеті. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың, яғни жаңашыл мұғалімнің қолынан келеді дегім келеді. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.

Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын.

Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жағын бағдарлай білетін, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.  

 

 Алуакасова Эльмира Кайыргелдыкызы

2019 жыл.

                             

 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
1319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі