ХІХ ғасырдың 80 -90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалардың одан әрі жалғасуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХІХ ғасырдың 80 -90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалардың одан әрі жалғасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
1886 -1891 жылдардағы «Басқару туралы ережелер...», Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтары, реформалардың мазмұны мен салдары туралы негізгі идеяларды оқып, меңгереді. Тақырып мазмұнын 1867-68ж. реформалармен салыстырып,өзгерістерді анықтай отырып негізгі идеясын түсініп,ой тұжырымдайды.Білмін практикада қолданады Оқушылар осындай білімдерді меңгереді
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ №

Пән аты: Қазақстан тарихы тарихы

Сыныбы: 8

Сабақтың аты

ХІХ ғасырдың 80 -90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалардың одан әрі жалғасуы

Сілтеме

8сынып Қазақстан тарихы оқулығы, Авторы;Ж.Қасымбаев ,А.Қайыпбаева, З.Қабылдинов «Атамұра»2012ж.

Жалпы мақсаты

**Мәтінмен жұмыс жасай отырып жаңа тақырыпты өздіктерінен оқып үйрену, тақырыптың негізгі идеясын ашу. Қазіргі өмірмен байланыстыру.

** Өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру және өз ойын еркін айту дағыларын дамыту.

**Жұппен жұмыста өзара сыйластыққа, басқалар пікірін бағалауға үйрену

Күтілетін нәтиже

Жұппен жұмыс жасау дағдылары дамиды, басқалар пікірін тыңдай білуге үйренеді, интербелсенді және қалыптастырушы бағалау тәсілдері арқылы тақырыпты өздіктерінен оқып үйреніп, өз ойын ашық айтып, дәлелдеуге дағдыланады.

Негізгі идеялар

1886 -1891 жылдардағы «Басқару туралы ережелер...», Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтары, реформалардың мазмұны мен салдары туралы негізгі идеяларды оқып, меңгереді. Тақырып мазмұнын 1867-68ж. реформалармен салыстырып,өзгерістерді анықтай отырып негізгі идеясын түсініп,ой тұжырымдайды.Білмін практикада қолданады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Тапсырмалар

Блум таксономиясы. «Сұрақ қою »техникасы. Венн диаграммасы. Тұлғаны таны.Тест.

критериалдық бағалау, кері байланыс:

КӨРНЕКІЛІКТЕР (РЕСУРСТАР):

САБАҚТЫҢ ТҮРІ:

Қазақстан тарихы оқулығы, \ЦОРы.\Электронды оқулық, карта, презентация



Жаңа білім беру

КЕЗЕҢДЕР

МҰҒАЛІМ ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ІС-ӘРЕКЕТІ

Ұйымдастыру


Міндеттерін бөлісу.

Қалыптастырушы бағалаудың критерилері мен балдық жүйесін белгілейді, тапсырма беру кезеңінде тақтаға жазады,таныстырады.

Оқушылар бағалауға қатысып отырады.


Білу. Білім көлемін зерделеу

«А»


Үй тапсырмасын сұрау.

1860-1870 жылдардағы қазақтардың азаттық күресі

Кестемен жұмысты тексеру. «Кезектескен интервью»әдісі

Сұрақтар

1867-1868жж.Орал,Торғай облыстарында болған көтеріліс

Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс

1

Көтерілістің себебі:



2

Сипаты:



3

Қозғаушы күші:



4

Барысы:



5

Жеңілу себебі:



6

Тарихы маңызы:



«Сұрақ қою» техникасы. «Анықтауыш сұрақтар»

«Сұрақты қағып ал» әдісі. -1868ж.ақсүйектердің ауылына да шабуыл ұйымдастырды,себебі:

-Патша үкіметі Орал,Торғай даласына жазалаушы әскер жіберді,себебі:

-Қазақ даласында болып жатқан толқуларды Хиуа хандығы естіп,оларды көтеріліс жасауға арандатты,себебі:

-Көмекке келген Хиуалықтар бір айдан кейін кері қайтып кетті,себебі:

-1869ж.Хиуа шекарасына көшіп кеткен қазақтардың едәуір бөлігі қайта көшіп келуге мәжбүр болды,себебі:

-Адайлар 90мың қой мөлшерінде контрибуция\соғыс шығындарын\ төлеуге мәжбүр болды,себебі:

-1870ж.көтеріліс басшылары Хиуа хандығы аумағына өтіп кетті,себебі

-Жергілікті халық пен қоныс аударып келген шаруалар арасында қарым-қатынас нашарлады,себебі:

-ХІХғас.соңында «жалдамалы жансыз агенттер»тобын құрып,мәліметтер жинады,себебі:


Оқушы жауабын «Толықтыру »сұрақтарын мұғалім қояды.


Мысалы:қазақтардан тағайындалған екі жансыз «Өте сенімді» адамдар неге жасырын тағайындалды деп ойлайсың? Егер олар ашық түрде көмектессе қандай жағдайға ұшырар еді?

Критерий: ескертіліп отырады

Жауап нақты:

Ойын еркін жеткізе алды:

Себебін анықтай алды:

3 ұпай

Формативті бағалау. «Үш шапалақ»


Жаңа тақырыпты айқындау: «Ой шақыру»

1886ж.2маусым-Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже.

1890ж.ақпанда «Закаспий облысын басқару туралы Уақытша Ереже»

1891ж.наурызда «Ақмола ,Семей,Жетісу,Орал,Торғай облыстарын басқару туралы Ереже»бойынша Дала генерал-губернаторлығының құрылуы

\презентациядан картадағы әкімшілік-территориялық бөліністі көрсету.

Жылдарға назар аудара отырып, «қандай жаңа тақырып туындауы мүмкін»-деген сұрақ арқылы ойларын сұрау.

Формативті бағалау. «Үш шапалақ»





Кесте бойынша жұптағы оқушылар бір-біріне сұрақ қойып,жауаптарын тексереді.





«Сұрақты қағып ал» әдісі.

Оқушылар шеңберге тұрады.Допты мұғалім бағыттап бір оқушыға лақтырады.Ол допты қағып алып сұраққа жауап береді.Оқушы жауабынан кейін ол допты келесі оқушыға бағыттап лақтырады. Ойын сұрақ біткенше жалғасады.









Қабілетті және белсенді оқушылар жауап береді.


Оқушылар бағалауға қатысады.






Логикасы шапшаң оқушылар жаңа тақырыпты айтады.


«ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалардың жалғасуы»


Түсіну

«В»

Проблеманы шешу:

Жаңа тақырыпты менгеру.



Жаңа сабақ тақырыбы : ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар

Сабақ мақсаты мен мазмұнына қысқаша тоқталу

Табыс критериін белгілеу

Сабақ жоспары: «Топтастыру» әдісімен тақтаға жазу

-Реформалардың мазмұны. -1886 -1891 жылдардағы «Басқару туралы ережелер...»

-Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтары

-1867-1868жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер



-Дәптермен жұмыс (тақырып жазу)


Оқушылар өздігінен мәтінді оқиды, содан кейін мәтін мазмұны бойынша әртүрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беруге дайындалады.

Қолдану:

«С»

Тақырыптың басты идясын

табу

Тапсырма :

-Қазсқатандағы 1886-1891 ж. ережелер бойынша болған жаңа әкімшілік-аумақтық бөліністерді кескін картаға белгілендер, картадан көрсетіңдер, Ереже бекітілген жылдарды жазыңдар.

Оқушылар картамен жұмыс жасап,жазады, белгілейді.

Картадан көрсетеді.

Талдау

«Д»

1867-1868жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістерді салыстыру

алыстырмалы талдауға арналған сұрақтар беру\

1886-1891жж. ереженің атауындағы «уақытша» сөзі алынып тасталды,себебі:\ 1867-68жж. «Уақытша ережелерді» аздаған өзгерістермен заңды тұрғыда бекітті.Сондықтан... \

Тапсырма: ереженің атауындағы «уақытша» сөзі алынып тасталу себебін ашып, 1886-1891жж. «Уақытша Ережелердің» ерекшелігін, өзгерістерді анықтаңдар.

Топтық жұмыс: «Венн диаграммасы»

1. Аумақтық өзгерістер: - І топ

2. Басқарудағы өзгерістер-ІІ топ

3. Сот жүйесіндегі өзгерістер:-ІІІ топ

4. Салық жүйесіндегі өзгерістер:- ІУ топ

3 ұпай

Мазмұнын түсінді:

Салыстырмалы сұрақтарға жауап тапты:

Ережелер арасындағы өзгерістерді айқындады:


1. Аумақтық өзгерістер: ІІ Александар патша 1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868ж.21-қазан «Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ережелер» жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Олар- Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына - Ақмола, Семей, Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал, Торғай, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді.1870ж.Маңғыстау приставтығы -Кавказ әскери округына, ал 1872ж. Бөкей ордасыАстрахан губерниясына қарады.

1886ж.2-маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже» бекітілді.\ ІІІ Александр патша жарлыққа қол қойды\Ол бойынша үш генерал-губернаторлық қалды, бірақ Түркістан генерал-губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып, Батыс-Сібір ген-губ-на берілді. Түркістанға Ферғана, Самарқан облыстары еніп, енді үш облыстан тұрды. 1891ж. 25-наурызда «Ақмола, Семей,Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» бекітілді.Ол бойынша 1891ж. Орынбор мен Батыс-Сібір генерал губернаторлығы біріктіріліп, Дала генерал губернаторлығы деп аталды. 1891-1897жж. аралығында оның құрамында 5 облыс болды, ал 1897ж. Дала генерал губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып, қайтадан Түркістан генерал губернаторлығына берілді. Нәтижесінде, 1897ж. екі генерал губернаторлық төрт облыстан тұратын болды. 1890жылғы «Закаспий облысын басқару туралы Уақытша ереже» бойынша Закаспий облысы 5 уезден тұрды: Мерв, Теджент, Ашхабад, Маңғыстау,Красноводск .


2. Басқарудағы өзгерістер: 1867-1868жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды (генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты - әскери-губернатор,уездді- уезд бастығы, болысты-болыс, ауылды- ауыл старшыны басқарды). 1886-1891жж. ережелер бойынша генерал-губернаторлықтарды басқаратын генерал-губернаторлардың билігі күшейтіліп, дара билеушіге айналды. Яғни, шексіз билік берілді. Облыс орталықтарында- полицейлік басқармалар, уездік қалаларда –полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқығы жағынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл, әрине қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.

3. Сот жүйесіндегі өзгерістер: Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Оның ішінде, христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеткерліктер атқарудан бас тарту қылмыстары билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868жж. ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болатын. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметі уездік начальник тарапынан қатаң бақыланып отырылды.

4. Салық жүйесіндегі өзгерістер:1867-1868жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал губернаторлындағы қазақтар 3 сомнан, Түркістан генерал губернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. Ал, 1886-1891жж. ережелер бойыша, түтін салығына земстволық алымдар қосылды. Олардың мөлшері жылдан-жылға өсіп отырды. Земстволық салық жергілікті әкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды. Әрбір қазақ шаңырағы мынадай мөлшерде салық төлеп тұрды: түтін салығы- 4 сом, земство салығы -1 сом 25тиын, қоғамдық салықтар (жеке салықтар) -1 сом 25 тиын, мектептерге-50 тиын, барлығы -7 сомды құрады. Отырықшы аймақтарда жер салығы белгіленіп, жер өңдеуші салықты ақша түрінде күзде төлеуге тиіс болды.

1868 (210-бап) және1886 (270бап)- жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.
























Салыстырмалы талдауға арналған сұрақтар жауабын зерттейді,салысты рады, анықтайды, түсінеді, қорытын дылайды




Венн диаграммасын толтырып,қосымша сұрақтар құрасты рып,жауап береді.


























Венн диаграммасын толтырып,қосымша сұрақтар құрастырып,жауап береді.













Венн диаграммасын толтырып,қосымша сұрақтар құрастырып,жауап береді.










Венн диаграммасын толтырып,қосымша сұрақтар құрастырып,жауап береді.


Жинақтау

Қорытындылау.

І.Қорытындылау: СКТ

«Реформалардың салдары»

Shape1 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Қазақ өлкесі Ресей империясының отар ретіндегі шет аймағына түпкілікті айналдырылды.

Өлкеге басшылық жасау бір орталыққа бағындырылды.

Реформаларды жүзеге асыру аяқталды.

Ресей шаруаларын Қазақстанға жаппай қоныс аудар үрдісі арта түсті.

Шаруа бастығы лауазымы пайда болып \1902ж.\ полиция қызметкерінің беделімен теңесті.Ауыл старшындары мен болыстардан полиция қызметінің міндетін алып тастады

Жауап дұрыс:1ұпай

ІІ.«Тұлғаны таны» Реформа авторларының және Ресей патшаларының суреттерін көрсету,суреттердегі бейнелерді сипаттау арқылы айқындауға баулу.

Мысалы:1865ж. қазақ өлкесінің ерекшелітерін зерттеу оны басқару туралы жоба әзірлеу мақсатында «Дала »комиссиясын құрған Ішкі істер министрі - жауабы: \Гирс\

Ресей патшаларына арналған сипаттау:

1.1867ж. «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге»қол қойған Ресей патшасы - жауабы:

\ІІ Александр\

2.1886ж.2 маусымда Түркістан өлкесін басқару туралы жарлыққа қол қойған Ресей патшасы- жауабы: ІІІ Александр

Жауап дұрыс:1ұпай


ІІІ. ТЕСТ-жалпы тақырып бойынша алынады.13сұрақ,нұсқасымен

1.ХІХ ғасырдың 60 жылдарында қабылданған «Ережелерді» заңдастыру созылды:

А) 10 жылға жуық

В) 15 жылдай

С) 20 жылдан астам

D) 22 жылға

Е) 25 жылдай

Дұрыс жауап: С



2.1886 жыл 2 маусымда бекітілген Ереже

А) «Орынбор қазақтарының Ережесі»

В) «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы»

С) «Түркістан өлкесін басқару және онда жер, салық өзгерістерін енгізу туралы»

D) «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы» Ереже

Е) «Сібір қазақтарының жарғысы»

Дұрыс жауап: С


3.1891 жылғы «Ережеге» сай Дала генерал-губернаторлығына кірген үш облыстың орталығы болған қала

А) Торғай

В) Орынбор

С) Омбы

D) Семей

Е) Ақмола

Дұрыс жауап: С


4.1891 жылы «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны

А) Уездік сот

В) Халық соттары

С) Бітістіруші сот

D) Облыстық сот

Е) Соттардың төтенше съезі

Дұрыс жауап: В


5.1891 жыл 25 наурыздағы Ереже бойынша құрылған Дала генерал-губернаторлығына кірген облыстар:

А) Ақмола, Семей, Жетісу

В) Орал, Торғай, Ақмола

С) Түркістан, Сырдария, Қостанай

D) Орынбор, Өскемен, Ақмола

Е) Ташкент, Жетісу, Орал

Дұрыс жауап: А


6.1886 жылдан бастап Түркістан өлкесіне енген облыстар

А) Ақмола, Семей

В) Орал, Торғай

С) Сырдария, Ферғана, Самарқан

D) Жетісу, Сырдария

Е) Верный, Әулиеата

Дұрыс жауап: С


7.1886 жылғы «Ережеге» сай уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны:

А) Соттардың төтенше съезі

В) Билер соты

С) Халық соты

D) Бітістіруші сот

Е) Уездік соты

Дұрыс жауап: А


Критерий: Бағалау шкаласын пайдаланады

«5»-13 , «4»- 12-9 , «3» - 8-6.

Ойларын,түсініктерін жеке өзі қорытындылайды. Жазады.Жауап береді.








Жадыға бейнелерді сақтау тапсырмаларын орындайды.












Слайдтан қарап тест жазбаша орындап, өткізеді.


Қалыптастырушы бағалаудың критерилері мен балдық жүйесін пайдаланып, ,өзін өзі және басқаларды бағалауға қатысады


Бағалау

Әкімшілік территориялық реформалардың Ресей империясы үшін пайдалы жақтары болды ма? Қазақстан үшін қаншалықты зияны болды? Баға бер.


Кері байланыс

мұғалімдердің бүгінгі сабақта өз білімін қадағалау мен бағалауға көмектесетін әдіс.


  • Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің?

    Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың?


    Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің?

өз ойларын стикерге жазып қалдырады.

Үй тапсырмасы


Тақырыпты оқу. ХІХ ғасырдың 80 -90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалардың жалғасуы































8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 28. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар

ХІХ ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстанда жүргізілген бұл реформалардың сипаты мен маңызын, оның мақсаты Қазақстанды басқарудың саясижүйесін өзгерту екендігін түсіндіру, бұл реформалардың ерекшеліктерін айту және 1822 ж. «Ережемен» салыстыра отырып, оның отарлық сипатын ашу;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, олардың тарихи үрдістерге қысқаша мінездеме беріп, қорытынды жасай білуге үйрету, оқушыларды ізденіс жұмыстарына ынталандыру, олардың мәселелерді шешудегі жеке көзқарастарына орынды баға беру;

  • Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: әкімшілік-аумақтық бөлініс, генерал-губернаторлық басқарудың ерекшеліктері, сайлау жүйесі, міндеткерлік түрлері, контрибуция, қазақ ауылдары өміріндегі капиталистік қатынастардың дамуы мен әсері.

Сабақтың барысы:

І.Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

І. ХІХ ғ. 60- жылдарындағы әкімшілік реформалар.

  • Қазақстан аумағындағы патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың мақсаты, себептері мен реформалаудың басталуы.

  • Қазақстанның 1867-68 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісі.

  • Басқару құрылымының ерекшеліктері

  • Денсаулық сақтау, жерді пайдалану салаларындағы реформалар.

  • Реформалардың отаршылдық сипаты.

ІІ. ХІХ ғ. 80-90 жылдардағы әкімшілік реформалар.

  • Торғай және Орал облыстарында көтерілістердің басталуы.

  • Маңғыстаудағы көтеріліс.

  • Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары

  • ХІХ ғ. 80-90-жылдардағы әкімшілік реформалар.

Сабақтың бірінші бөлігі- Қазақстандағы саяси және әлеуметтік –экономикалық жағдайға сипаттама беріледі. Мұнда Қазақстанда бұл кезеңде реформа жасауға қандай жағдайлар түрткі болғанына тоқталу керек.

Алғышарттар:

Қазсқстандағы басқару жүйесін реформалау уақыт жағынан Ресейдегі крепостнойлық правоның жойылу кезеңімен сәйкес келеді.

Ресейдегі ХІХ ғ. ортасында жүргізілген буржуазиялық реформалар осы кезеңде Қазқстанда болған процестерге тікелей әсерн тигізді.

Капиталистік қатынастардың даму жағдайындағы Қазақстанда 1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар империяның шаруашылық даму мақсатымен сәйкес келмеді.

Қазақстанда әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізудің себептері:

  • Хан билігінің сақталуы пата үкіметіне аймақты жаппай отарлауға бөгет болды.

  • Реформаға дейін Қазақстан екі генерал-губернаторлыққа (Орынбор және Батыс Сібір) бөлінді, ал ХІХ ғ. 60- жылдарының ортасында Ресейге Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтары қосылды, бұл өз кезегінде жаңа аймақтарды Ресейдің басқа аймақтарындағы басқару құрылымдарына жақындату міндетін жүктіді.

  • Ресейдің еуропалық бөлігіндегі дамушы өнеркәсіпке барған сайын арзан шикізат пен жұмысшы күші қажет болды.

  • Қазақ халқы үшін біртұтас салық жүйесін енгізу қажеттігі туындады.

  • Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жерсіз шаруаларды Қазақстанға оранластыру ұйымдастарылды.

Картаны пайдалана отырып, Қазақстандағы реформаға дайындық пен оны өткізудің хронологиялық байланысын көрсетеді.

Жылдар

Жоба авторлары

Құжаттың аты

Реформаны жүргізу шаралары

1865 ж.

1867 ж.

1868 ж.

1869 ж.




Сонан соң кестенің көмегімен жаңа реформа бойынша Қазақстанның әкімшілік-аумақтық басқарылуындағы ерекшеліктерді ашамыз.

1867-1868 ж. реформалар

Тараулар

Мәні

Маңызы мен салдары

  • Реформаның мақсаты

  • Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі

  • Басқару ерекшеліктері

  • Сайлау жүйесі

  • Фискальді жүйе және міндеткерліктер

  • Денсаулық сақтау

  • Жер пайдалану



Кесте құру немесе оқиғалардың логикалық тізбегін жасау оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі.

Тақырыпты бекіту: (дамытушылық сипаттағы тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі.)

  1. Патша әкімшілігінің Қазақстанда 1867-68 ж. жүргізген реформаларының отаршылдық сипаты болды. Осыны дәлелдейтін деректерді келтіріңдер.

  2. Бұл реформалар барлық қайшылықтарды шеше алмағынамен, Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етті. Осыған мысал келтіріңдер.

Тараулар

1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Ереже»

1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы Ереже»

1867-1868 ж. реформалар

Жалпы сипаттама

  • Мақсаты

  • Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

  • Басқару ерекшеліктері

  • Сайлау жүйесі

  • Сот жүйесі

  • Фискальды жүйе мен міндеткер-ліктер

  • Денсаулық сақтау

  • Жер пайдалану

  • Нәтижелері мен маңызы





Үйге тапсырма:

  1. Қазақстанда 1822,1824 ж. және 1867-68 ж. патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың ерекшеліктеріне тоқталып, жалпы сипатын анықтаңдар.

Сабақтың екінші бөлігі.

Үй тапсырамсын сұрау:

  1. Қазсқатнда 1867-1868 ж. реформаны жүргізгенде патша әкімшілігі қандай мақсат көздеді?

  2. Реформаның отаршылдық сипаты неде?

  3. Кестенің толтырылуын тексеру (оқушылар тақырыптық кестелер толтырғанда мұғалім олардың білімі мен іскерлігін бақылай алады).

Оқушылардың «ХІХ ғ. 80-90 ж. әкімшілік реформалар» тақырыбы бойынша практикалық жұмысы

Алдымен сынып алдана төмендегідей міндет жүктеу керек:

  • ХІХ ғ. 60- жылдары жүргізілген әкімшілік реформалар жартылай ғана болды. Біріншіден, олар өмірге бірден енгізілген жоқ, ол ең алдымен оған қарсы шыққан қазақ шаруаларына байланысты болды.

  • Екіншіден, қазақ ауылына жан-жақтан әсер еткен капиталистік қатынастар барлық салада тиісті өзгерістер әкелді.

Сондықтан 1880-90 ж. патша үкіметі жоғарыда көрсетілген және басқа да жағдайларды есепке ала отырып, аяғына дейін жеткізуге мәжбүр болды. Осыны дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.

1-топқа тапсырма:

Оқулықтан Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер туралы мәтінді оқыңдар және оларға 1867-1868 ж. реформалардың әсері болды ма, соны анықтаңдар, пікірлеріңді деретермен дәлелдеңдер.

Оқушылар көтеріліс тарихын мына жоспар бойынша қарастырады:

  • Көтерілістің себептері;

  • Сипаты;

  • Козғаушы күштері;

  • Басшылары;

  • Негізгі оқиғалары;

  • Жеңілу себептері;

  • Тарихи маңызы.

2-топқа тапсырма:

Оқулықтан Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс туралы мәтінді оқыңдар және оған 1867-68 ж. реформаның әсері болды ма, соны анықтаңдар. Пікірлеріңді деректермен дәлелдеңдер.

Оқушылар көтеріліс тарихын мына жоспар бойынша ашады:

  • Көтерілістің себептері;

  • Сипаты;

  • Козғаушы күштері;

  • Басшылары;

  • Негізгі оқиғалары;

  • Жеңілу себептері;

  • Тарихи маңызы.





Оқушылардың жұмыстарының нәтижелерін талқылағаннан кейін, Қазақстандағы 80-90 ж. реформалардың жылдамдатылу себептерін көрсету:

  1. Қазақстанды үш генерал-губернаторлыққа бөлу Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды көшіру мәселелерін жүйелі әрі тез шешуге бөгет жасады;

  2. Орта Азия әскери жолмен Ресей империясына қосылды, бұл аса үлкен аймақта басқаруда біртұтас жүйе жасауды және қаражатты үнемдеуді талап етті.

  3. 1867-68 ж. Ереже ең басынан уақытша сипатта болды.

Тапсырма: Оқушылардың оқулық мәтінемен жұмысы

  1. 1886 және 1891 жылдардағы әкімшілік басқаруды 1867-68 ж. реформалармен салыстырыңдар.

  2. Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?

  3. Бұл өзгерістердің мәні неде?

  4. Қазсқатандағы 1886-1891 ж. ережелер бойынша болған жаңа әкімшілік-аумақтық бөліністерді картадан көрсетіңдер.

Үйге тапсырма: Қазақстанның 1867-68 ж. реформа бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісін картаға түсіріңдер

  1. Қазсқатанның 1886-1891 ж. ережелер бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісінің сызбасын картаға түсріңдер.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
2427
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі