Материалдар / "Химия - қызықты әлемінде" интеллектуалды сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Химия - қызықты әлемінде" интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2020
2111
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Химия – қызықты әлемінде

Мақсаты:

1.Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

2.Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.

3.Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта, флипчард.

Жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, құрметті оқушылар! Елбасымыз өз жолдауында Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі ең біріншіден білім беру саласында қатысты екендігін қадап айтқан болатын. Алдыңғы қатарлы елдермен бәсекеге қабілетті болу үшін де сапалы білім болуға тиіс екендігі бұлжымас заңдылық. Сапалы білім – саналы ұрпақ. Ендеше, осы мақсатта өткізгелі отырған «Химия – қызықты әлемінде» интелектуалды сайысына қош келдіңіздер!

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, алдымен сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырсақ. /Сайысқа қатысушылар таныстырылады/

8-сынып оқушылары: ...........................................................................................

9-сынып оқушылары: ...........................................................................................

10-сынып оқушылары: ...........................................................................................

Жүргізуші: Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділ қазы алқасы,

Сайыс болған жерде төреші болатыны даусыз. Сайысымызға бақылау жасайтын тәуелсіз сарапшыларымызды таныстырып өтсек. /Сарапшылар таныстырылады/

1..........................................

2..........................................

3..........................................

4.........................................

Жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың.

Қиындықтан өткізер,

Жастықтың ойы қайдасың.

Жүректі түртіп қозғамай,

Ғылымның біліп пайдасын.

Дүниенің көркін болжамай – деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайымызды бастаймыз.

Көңілді тапқыштар білімділер

Бар өнерін алдарыңа салады

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күннің жеңімпазы болады

Әр топ басшысы өздерінің топтарымен таныстырады.

І-кезең.Таныстыру.

Әр топ басшылары өз топтарын таныстырып өтеді.

Жүргізуші: Сайысқа қатысушыларды сайыс барысымен таныстырып өтсек.

/Сайыс кезеңдерімен таныстырылады./

1.Топты таныстыру.

а) топтың аты (химияға байланысты болу керек)

б) топ басшысын сайлау

в) топтың ұраны

г) топтың эмблемасы

2.«Әріптер сөйлейді» (сұрақ-жауап)

Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.

3«Полиглот»

4.Кім тез, кім жылдам? (сұрақ-жауап)

5.«Қара жорға би» (формула табу)

6.«Жұмбақтар әлем»

7.Топ басшылар сайысы

Жүргізуші: Адамнан ғылым айла асырмаған

Құпиясын құлыптап жасырмаған

Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп

Бір жұмбағын ашайық ашылмаған – дей келе келесі тапсырма бойынша әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.

«С» әрпі

1.Химиялық элемент (сутегі, скандий)

2.Күрделі зат (су, сірке қышқылы)

3.Металл (сынып)

4.Қышқыл (сірке қышқылы)

5.І валентті элемент (сутек)

6.Физикалық құбылыс (судың қатуы)

7.Натрий гидроксиді (сілті)

8.Судың агрегеттық күйі (сұйық)

«К» әрпі

1.Жай зат (күкірт)

2.Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІV) оксиді

3.Бейметалл (көміртек, күкірт)

4.Сілтілік металл (калий)

5.Екі валентті элемент (калий)

6.Химиялық құбылыс (көмірдің жануы)

7.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)

8.Химиялық байланыс (ковалентті)

«М» әрпі

1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)

2.ІІ валентті элемент (магний)

3.Физикалық құбылыс (мұздың еруі)

4.Атомдар нені құрайды (молекула)

5.Темір қандай затқа тартылады (магнитке)

6.Калий перманганаты (марганцовка)

7.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)

8.Темір (металл)

Жүргізуші: екінші кезең «Полиглот». Полиглот – лат. тілінен аударғанда көп тілді ғылым деген мағынаны береді. Аты айтып тұрғандай, әр топқа 4 сұрақтан қойылады. Шешімін тауып оны қазақша, орысша, латынша атауларын аударып айтасыз. толы жауапқа 30 ұпай, екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде жауап берсе 10 ұпайға ие болады.

І-топ:

1.Өшпейтін өмір жоқ

Сынбайтын..... жоқ. (темір – железо - феррум)

2.Өзім газбын менімен демаласын

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі - кислород - оксигениум)

3.Өзі ауыр металға жатады,

Емшілер қорықтық құюға жаратады. (қорғасын - свинец - плюмбум)

ІІ-топ:

1.Арпа бидай ас екен

Алтын....... тас екен (күміс - серебро - аргентиум)

2. Ең жеңіл элемент болып саналады

Периодтық жүйе осыдан бастау алады (сутегі - водород - гидрогениум)

3.Сым болып ұзақ созылып

Өзкізем тоқты бойдан мен

Жеткізіп, әнді хабарды

Риза етем көпті мен (Мыс - медь - купрум)

ІІІ-топ:

1.Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді.

Салмақты адамды мақтауды да келістіреді (Ж: күміс - серебро - аргентиум)

2.Өзі ауыр металға жатады,

балалар осы металды құйған сақамен атады. (Ж: қорғасын - свинец - плюмбум)

3.Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түріне қарасақ алтынға ұқсайды.(күкірт - сера - сульфур)

Жүргізуші: үшінші кезең «Кім тез, кім жылдам?» (сұрақ-жауап)

Оқушыларға сұрақтар қойылады жауабын тез-тез орын ауыстыру арқылы көрсету керек.

І-топ:

1.Салыстырмалы атомдық массасы 14-ке тең қандай элемент? (Азот)

2.Ең оңай балқитын металл? (Сынып)

3.Күрделі бөлінбейтін бөлшек? (Атом)

4.Инертті газды ата? (Неон) (А, З, С, Т, Ы, О, П, Н, М, Е)

ІІ-топ:

1.Кез-келген заттың оттегімен әрекеттесуі (Жану)

2.Ең жеңіл металл? (Сутек)

3.Аса бағалы метал? (Алтын)

4.Машина мен трактордың жаны, қара металлургия наны? (Темір) (Ж, А, Н, У, Е, К, Л, Т, М, Ы,С, Р, І)

ІІІ-топ:

1.Жылу мен жарық бөле жүретін реакция? (Жану

2.Салыстырмалы атомдық массасы 81-ге тең қандай элемент? (Бром)

3.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? (моль)

4.4 период 6 топтың қосымша топшасында орналасқан элементі ата? (Хром)

(Х, Р, О, М, Б, Л, Ь, Н, У, А)

Жүргізуші: Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар.

Біреуінің қатты істейтін миы бар,

Кезекте жұмбақтарды шешу.

І-топ:

1.Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге (су)

2.Ол болмаса астың дәмі кірмейді,

Кім бар екен әлемде оны білмейтін (Тұз)

3.Салмағың бар өлшесем,

Көрінбейсің көзге сен (Ауа)

ІІ-топ:

1.Тоң май деп, ұстап жүрме кетіп,

Денеңді күйдіретін күлдіретіп,

Ерітінді мөп мөлдір, судан тұнық

Алатын майға қосып, сабын етіп (натрий гидроксиді)

2.Ауаны шарлап кездеседі,

Таза күйде пайдасыз,

Білгіш болсаң айта ғой

Қосылысы - өмір өзегі. (Азот)

3.Жалыны бар түтіні жоқ

Ыдысқа күйе қонбайды

Қандай отын ойланшы сен

Жанса күлі қалмайды. (Газ)

ІІІ-топ:

1.Бірінші бөлігім тасқын су,

Екінші бөлігім малға салынатын ен (селен)

2.Қоссаң кірді кетіріп,

Ішсең тәбет келтіріп,

Шыны ыдыста тұрғаны,

Асхана үй тұрағы (Сірке суы)

3.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты, жылуды анық

Қандай зат құрал жасар соны құйып? (сынап)

Жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан жеткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай, - демекші оқушыларымызды «Оксидтер» ойыны ойнауға шақырамыз. Ол үшін мына металдар мен бейметалдардың оттекпен қосылысын, оксидтер болып бір-бірімізбен жұптарымызды табамыз. Тапқан жұптарымызбен бәріміз «Қара жорға» биіне билейміз.

(Са, О, Аl2, О3, Nа2, Мg, О, Ғе, О) Жауабы: СаО, Аl2О3, Nа2О, ҒеО.

Жүргізуші: Таң қалдыршы қауымды бұл топ басшы,

Сен тобының бетке ұстар ел басы.

Бір білімнің топқа ортақ тілі – сен,

Даңқы болар сайыстың бұл білімгер.

Әр топ басшыларына «Иә және жоқ» сұрақтары.

І-топ:

1.Сутегінің валенттілігі бірге тең? (иә)

2.Н2О күрделі зат? (иә)

3.Ең ауыр металл осмий? (иә)

4.Ең жеңіл темір металл (жоқ)

5.Периодтық жүйедегі элемент 109 саны бар? (иә)

ІІ-топ:

1.Темір қосылыстарындағы 6 валентті болады? (жоқ)

2.Қалыпты жағдайдың мәні 44,9 л/моль? (жоқ)

3.Бейорганикалық қосылыстардың 5-ке жіктеледі (жоқ)

4. «Атом» сөзі грекше бөлінбейтін деген сөз (иә)

5.Химиялық таңбаның алдына қойылады индекс? (жоқ)

ІІІ-топ:

1.Германия елімен аталатын элемент франций? (жоқ)

2.Күкірт қышқылының қалдығын сульфат деп атайды?

3.Период саны 8? (жоқ)

4.Атом құрамындағы электрондардың таңбасы оң болады (жоқ)

5.Магний, кальций, стронций, барий сілтілік жер металдары? (иә)


Қорытынды”.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!