Материалдар / Химия кереметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химия кереметі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Химия кереметі" сыныптан тыс сабақтарда жас мамандарға көмек береді, пән апталықтарында өткізуге болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
1413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі: 2.02.2017ж

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: «Химия кереметі»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
3. Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Күтілетін нәтижесі:
1. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдері толығады, теориялық білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдысы қалыптасады.
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейі артады, қоршаған ортаға көзқарастары қалыптасады.
3. Химия пәніне деген қызығушылықтары артады.
Сабақ көрнекілігі: Интерактиві тақта, слайд, суреттер, шарлар, қима қағаздар. қызықты сұрақтар салынған конверттер, химиялық құрал - жабдықтар мен реактивтер.
Сабақ түрі: сыныптан тыс сабақ

Барысы:

Жүргізуші : Көруге бұл сайысқа жиылғандар,

Д. И. Менделеевке құрметпенен сиынғандар.

Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар! Деп

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біздің бүгінгі химия пәнінен өткелі отырған сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыз мынандай кезеңдерден тұрады:

1. Таныстыру , Үй тапсырмасы

2. «Ойлы болсаң, озып көр» (сұрақ -жауап)

3. Есептер сыры (Әр топқа 2 есептен беріледі)

4. Химиялық жұмбақтар

5. Топ басшылар сайысы

6.Логикалық тапсырма

Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысты бастамас бұрын әділқазыларымызды сайлап алайық.

«1»

«2»

«3»

Сайысқа алты адамнан құралған екі топ қатысады.

«Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық», - деп,

Кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

1 кезең таныстыру, үй тапсырмасы

Жақсы,ойыншыларымызбен таныс болдық.

2-кезең «Ойлы болсаң, озып көр» Қызықты сұрақтар қойылады

Енді ойын шартымен таныстырып өтейік.Мен сіздерге сұрақ қоямын. Сіздер сұрақты аяғына дейін тындайсындар да жауап дайын болса қол көтересіздер. 1 минут ішінде кім бірінші көтереді сол каманда жауап береді топ басшысы кім жауап беретінің айтады. Әр сұрақты ойлануға 1 минут беріледі.Жауаптарыңыз дұрыс болса,тобынызға 1 ұпай аласыз.Ал,егер қателессеңіңіздердер , бұл сұраққа жауап беруге қарсы топ мүмкіндік алады.

Ойын шарты түсінікті болса,бастайық! Іске сәт!

«Білім-теңіз,түбі де,шеті де жоқ » Ю.Балассағұни

Әр топ өз білімімен ұпай жинайды

Сұрақтар: 1-топ

  1. Нитраттар қиярдың қай бөлігінде көп болады? қабығында

  2. Экологиялық ең таза отын? сутегі

  3. Суды зарарсыздандыруға пайдаланады, бірақ ешқандай дәмі қалмайтын зат? озон

  4. М.В. Ломоносовқа мамандығыңыз кім  деген сұраққа қалай жауап берді? химик

  5. Химиялық элементтердің символы ретінде  элементтердің латынша атының басқы әріптерін ұсынған ғалым? Бородин

  6. Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын металл, оны қай жерде пайдаланады? сынап

  7. Қышқылдығы өте жоғары топырақты өңдеуге арналған зат? ізбес

  8. Жерде ең көп тараған элемент? оттегі

  9. Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде белгілі тұрағы жоқ

  10. элемент? Сутегі

2-топ

1. Ең жеңіл және ең ауыр металл? Литий және осмий

2.Қандай алтын күмістен «арзан»? «Сусыған алтын»

3.Ас содасы мен кір жуатын соданы тәжірибе арқылы қалай ажыратуға болады? қыздыру

4.Көйлектегі сияның дағын қалай кетіруге болады? Шавель қышқылы арқылы

5.Калий селитрасы мен поташты тәжірибе арқылы ажыратуға болады?

Туз қышқылы арқылы

6.Натрий сульфидіне тұз қышқылымен әсер еткенде қандай газ бөлінеді? Оның иісі қандай? Күкіртсутек ашыған жұмыртқаның

7.Бірінші дүниежүзілік соғыста химиялық қару ретінде пайдаланған газ.

хлор

8.Қандай затты жанбаса да, сумен сөндіреді? Сөндіргенде қандай зат түзіледі? Қандай сүтті ішпейді?

9.Бактерияларды жоятын қасиеті бар металл. күміс

10.Қосылысы жүйке жүйесін тыныштандыратын қасиеті бар галоген. бром

4-кезең Есептер сыры

1-есеп

800г мыс (II) оксидін сутекпен тотықсыздандырғанда түзілген мыстың

массасы?

2-есеп

Массасы 6 г алюминий мен мыстан тұратын қоспаны тұз өңдеді.

Қышқылымен өңдеді?

Нәтижесінде 3,7 л сутегі түзілді. Қоспадағы алюминийдің массалық

үлесі?

«Піскен жұмыртқанын қабығын сындырмай аршу...»
Бұл тәжірибені жүзеге асыру үшін алдымен шыны стаканға жартылай (жұмыртқа бататындай) НСІ ерітіндісін құямыз. Содан соң осы ерітіндіге бұрынырақ піскен жұмыртқаны саламыз салған кезде жұмыртқа стаканда тынымсыз қозғала бастайды. Бұл құбылыстың болу себебі жұмыртқаның сыртындағы СаСО3 тұз қышқылымен әрекеттесіп, соның нәтижесінде көмірқышқыл газының түзілуімен түсіндіріледі. Осы құбылыс нәтижесінде барлық СаСО3 тұз қышқылында еріп, жұмыртқаның қабығы аршылады. Содан соң жұмыртқаны стаканнан қысқышпен алып су құйылған стаканға саламыз.
2НСІ + СаСО3 → СаСІ2 + Н2О + СО2


5- кезең Химиялық жұмбақтар

1.Табылса бұрын там - тұмнан

Қазір көп әрбір өлкеде,

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде. (Алюминий)



2.Алтын менен күмісті кім білмейді.

Қолда барда қуанып кім күлмейді,

Химиктерге жақпайтын не сыры бар

Әрқашан «жаман металл» құрғыр дейді. (Активсіз металл)



3.Қымбат деп айтатындай емес алтын,

Сонда да тапты игілік одан халқым.

Апарып Айға елімнің туын тікті

Жемісін ақыл - ойдың елдің салтын. (Темір)



4.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты, жылуды анық

Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (Сынап)



5. Бірінші бөлігі көп емес,

екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада ,

өзі химиялық элемент.

ойлаңызшы бұл қай элемент? (Азот)







6 кезең –Топ басшылар сайысы

  1. Ас содасының формуласы
    (NaHCO3 натрий гидрокарбонаты)
    2. Жарықтың әсерінен ыдырайтын қышқыл
    ( Азот қышқылы)
    3. Ең қатты металл
    (Хром)
    4. Құмның негізгі бөлігі неден тұрады?
    (Кремнезем немесе кремний оксиді)
    5. Судан қорқатындар немесе ерімейтіндер
    (Гидрофобтылар)
    6. Ең жеңіл металл
    (литий, сілтілік металдар)
    7. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады
    (фтор, F)
    8. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар
    (тұз қышқылы, HCL)
    9. Ең қиын балқитын металл
    (вольфрам)
    10. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат
    (ас тұзы, NaCl)



Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым - зия
Жаңалып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.

Логикалық сұрақтар



1. Бұл элемент адамзат қоғамымен бірге жасасып, талай ұлы өзгерістерге куә болып келе жатқан көнекөз химиялық элемент. Оны қашан, қалай, кім ашқаны жөнінде нақты дерек жоқ Әр ел тілінде түрліше аталып, түрліше таңбаланып келді. Бір халық күнге теңесе, тағы біреулері – тұзға, қуанышқа, сәулеге, жарыққа теңеді. Ал химиктер оны көз тартатын, сұлулығы мен тұрақтылығына сәйкес «металдар патшасы» деп атаған. Бұл қай элемент? Алтын


№4 Бұл элемент те оның қосылыстары да адам баласына өте ерте заманнан белгілі болды. Европалық елдерде аңызға айналған «антимоний» деген құпия аты да бар, ол «сопыларға қарсы құрал» деген мағынаны білдіреді. Өйткені оның қосылыстары сопыларды емдеу кезінде кері әсер етіп, өлімге душар еткен. Ал, алхимиктер бұл элементті «химия жыртқышы» деп те атады. Бұл қай элемент? Сурьма
Қорытынды: әділ қазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептейді
. Қай топтың жинаған ұпайлары көп болса, сол топ жеңіске жетеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!