Химия пәнін оқытуда білім
алушылардың қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын арттыру
жолдары
Ильясова Сауле
Айтуаркызы,
химия пәні
мұғалімі
Қостанай облысы әкімдігі білім
басқармасының
«Бейімбет Майлин ауданы білім
бөлімінің
Сапар Ерғалиев атындағы жалпы
білім беретін мектебі» КММ
Химия –табиғатты, заттардың
құрылысы мен қасиеттерін, олардың өзара әрекеттесу заңдылықтарын
зерттейтін ғылым. Бұл пәннің ерекшелігі – теория мен практиканың
тығыз байланысында. Дегенмен, көптеген оқушылар химияны қиын әрі
түсініксіз пән ретінде қабылдайды. Осыған орай, оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттыру – олардың білім деңгейін көтерудің
басты факторы.
Оқушылардың қызығушылығын
арттырудың маңыздылығы білім сапасын арттырады. Қызығушылық білім
алудағы мотивацияның негізгі көзі болып табылады. Химияны оқытуда
қызығушылықты арттыру мынадай нәтижелерге
әкеледі:
- Оқушылардың пәнді меңгеру
белсенділігін арттыру;
- Теориялық білімнің өмірлік
маңыздылығын түсіндіру;
- Білім сапасын көтеру және
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мұғалім оқушылардың
қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сүйене отырып, білім беру
процесін тиімді ұйымдастырғанда ғана сапалы нәтижеге қол жеткізуге
болады.
Оқытудағы қызығушылықты
арттыру әдістері:
-
Практикалық және
эксперименттік жұмыс.
Химия пәнін зертханалық және
сарамандық жұмыстар мен көрсетілімдерсіз елестету мүмкін емес.
Химия сабағында эксперименттер жасау оқушыларға теорияны көзбен
көру және оны шынайы өмірмен байланыстыру мүмкіндігін береді.
Қарапайым тәжірибелер: мысалы, ас содасы мен лимон қышқылының
әрекеттесуі, сутегінің жануы сияқты эксперименттер арқылы сабақта
алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алады. Зертханалық
жұмыстар арқылы оқушыларды ғылыми зерттеушілікке баулуға болады,
ғылыми жобаларға қатыстырып, білімдерін шыңдауға болады және
күрделі эксперименттерді топтық жобаларға айналдыруға да
болады.
-
STEM-технологиялары.
STEM- технологиясы арқылы
білім беру тәсілдері ғылым, технология, инженерия және математика
ғылымдарын біріктіріп, оқушыларға білімді өмірде қолданудың тиімді
жолдарын үйретеді. Химия пәнінде STEM тәсілдері келесі форматта
қолданылуы мүмкін:
- Қалдықсыз өндіріс моделін
жасау;
- Қоршаған ортаны қорғау
жобалары;
-Химиялық реакцияларды
модельдеу үшін компьютерлік бағдарламаларды
қолдану.
3. Ойын
элементтері
Химияны оқытуда сабақта ойын
элементтерін қолдану оқу процесін қызықты әрі жеңіл
етеді:
- «Химиялық элементтерді тап»,
«Металдар мен бейметалдар», «Органикалық заттар мен бейорганикалық
заттар» викторинасы;
- «Құрамды дұрыс құрастыр»,
«Формуласын тап», «Физикалық және химиялық құбылыстар» сияқты
ойындар;
- Рөлдік ойындар: мысалы,
химиялық зауыт қызметкерінің, химиялық зерттеуші, химиялық инженер,
биотехнолог рөліне ену.
4. Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар (АКТ)
Цифрлық құралдар арқылы
сабақта білім алушылардың қызығушылығын арттырудың тағы бір тиімді
жолы.
Виртуалды зертханалар:
оқушылар эксперименттерді қауіпсіз ортада қызыға орындай
алады.
Анимациялық видеолар: химиялық
реакциялардың жүру барысын білім алушыларға түсіндіру
үшін.
Онлайн платформалар:
интерактивті тапсырмалар мен тест тапсырмаларын орындау
үшін.
5. Химияның өмірлік
маңыздылығы арқылы білім алушыларға химиясыз өмірді елестетудің өзі
болмайтынын айқындайды.
Химияның күнделікті өмірдегі
рөлін түсіндіру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырады:
Химия және медицина:
дәрі-дәрмек өндірісінің негіздерін
түсіндіреді.
Химия және экология: қоршаған
ортадағы ауаны және суды тазарту әдістерін жатқызуға
болады.
Химия және тамақ өнеркәсібі:
тағам құрамындағы химиялық заттардың маңызы мен рөлін
біледі.
6. Интеграцияланған
сабақтар
Химияны басқа пәндермен
байланыстыру білім алушының пәнге деген қызығушылығын
арттырады.
Мысалы: Биология: адам
ағзасындағы жүретін үздіксіз химиялық процестерді
қарастырады.
География: минералдар мен жер
ресурстарының химиялық құрамын зерттейді.
Физика: химиялық құбылыстардың
физикалық негіздерін зерттейді.
7. Мұғалімнің шеберлігі және
білім алушылармен қарым-қатынасы да пәнге деген қызығушылықты
арттырады.
Мұғалімнің педагогикалық
шеберлігі білім сапасын арттыруда шешуші рөл атқарады.
Қызығушылықты ояту үшін мұғалім:
Оқушылардың қажеттіліктері мен
мүмкіндіктерін түсінуі қажет;
Креативті және инновациялық
әдістерді қолдануы қажет;
Оқушылардың жетістіктерін
мадақтап, ынталандыру жүйесін қолдануы
қажет.
Оқушылармен сенімді
қарым-қатынас орнату– оқытудың тиімділігін арттырудың маңызды
шарты.
Қорытынды
Химия пәнін оқытуда білім
алушылардың қызығушылығын арттыру – сапалы білім берудің негізгі
жолы. Оқу процесін қызықты әрі мазмұнды ұйымдастыру арқылы білім
алушылардың пәнге деген оң көзқарасын қалыптастыруға болады.
Практикалық жұмыстар, ойын әдістері, АКТ құралдары және өмірлік
маңыздылықты көрсету арқылы химия пәні білім алушылар үшін тек
ғылыми теория ғана емес, қызықты әрі пайдалы ғылым ретінде
қабылданады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған
нұсқаулық
2. С.Бержанова З. Оқу үдерісін
технологияландыру мәселелері // Химия мектепте/ №1.2014
19-22б
3. М.Ж.Жадрина. Жалпы білім
берудегі жаңа үрдістер.// Открытая школа,
№5,2004.
4. З. О. Өнербаева. Химия
мектепте 2011 жылы Алматы қаласы
5.Химия сабағында инновациялық
әдістер мен білім технологияларын пайдалан у жолдары. //Педагогика
мәселелері. - № 4, 2013 жыл, 56 б.