400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химия пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тапсырмалар жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Химия пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық

сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар»

"Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

химия пәнінің мұғалімі Боксенова Ардак Габитовна

Бүгінгі таңда білім беру саласында функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмаларды күнделікті сабақтарда қолдану өзекті мәселелердің бірі. Әзірлеуде оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығының даму деңгейін анықтау мақсатында химия мұғалімдерінің сабақ жоспарларына енгізу үшін тапсырмалардың мысалдары келтірілген. Химия сабағында оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

Тапсырмалар жинағы арқылы оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылығын арттыру мақсатында бейімдеп оқиды. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда әр тақырыпқа арналған тапсырмалар жинағы 8-9 сынып оқулығына сай құрастырылған. Тапсырмалар жинағы оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және функционалдық сауаттылығын дамытады. Пән мұғалімдеріне көмекші құрал ретінді пайдалануға болады.

Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі – олардың пәндік білім мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі келесі кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір тақырыпқа берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек. Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті боп саналады. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда әр тақырыпқа арналған тапсырмалар жинағы 8-9 сынып оқулығына сай құрастырылған. Мысалы мына тапсырманы судың кермектігі тақырыбын өткен кезде оқушыларға беруге болады.

5-1 Елестетіп көріңізші, орман жолдарында ұзақ жүру кезінде радиаторға таза су құю керек. Бұл аймақтағы табиғи су тек бұлақ және құдық, өте қатты. Қолыңызда реактивтер болмаса, қандай жағдайында радиатор үшін суды қалай жұмсартуға болады?

Жауап: Алдымен суды отқа қайнату керек, содан кейін оттан күл жинап, суға қосу керек. Шүберек арқылы сүзіңіз немесе тұндырғаннан кейін үстіңгі қабатты абайлап төгіңіз. Күл құрамында кальций мен магний тұздарын тұндыратын калий карбонатының едәуір мөлшері бар.

5-2 Екі үй шаруасындағы әйел кір жууға дайындалып жатты. Біріншісі суды 60 градусқа дейін қыздырып, кірді салды, екіншісі суды 5 минут қайнатты, содан кейін 60 градусқа дейін салқындатты , содан кейін ғана жууды бастады. Киімді кім жақсы жуады ? Мұны қандай қарапайым тәжірибемен дәлелдеуге болады және оны қалай түсіндіруге болады?

Жауабы: Сабын және басқа жуғыш заттар жұмсақ суда әлдеқайда тиімді. Судың кермектігі оның құрамында кальций мен магний гидрокарбонаттарының болуына байланысты, олар қайнаған кезде карбонаттар түрінде тұнбаға түседі:

Ca(HCO3)2 = CaCO3+H2O+CO2

Mg(HCO3)2 = MgCO3+H2O+CO2

Суды 60 градусқа дейін қыздырғанда бұл реакциялар болмайды және су қатты болып қалады. Сондықтан кірді суды қайнатқан үй шаруасындағы әйел жақсы жуады.

Заман көшіне ілесу талабының бірі –оқу үрдісінде жаңа әдіс – тәсілдерді пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқанын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Бүгінгі таңда оқушыларымызға білім беру сапасын көтеру және олардың білімі терең, ойы ұшқыр, функционалдық сауаттылығы жоғары адам болып қалыптасуына ықпал жасау біздің міндетіміз деп ойлаймын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
45 ұстаз жүктеп алған
30.11.2023
1318
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі