Интерактивті
химия курсының артықшылықтары
Заманауи, ыңғайлы және қызықты
химия курсы пәнді түсінікті әрі көрнекті ету үшін
жасалды. Бұл топтама – оқушылар үшін оңтайлы құрал, ал
мұғалімдер үшін керемет көмекші.
Бұл кешенді халықаралық
ғалымдар ұжымы мемлекеттік және халықаралық білім беру
стандарттарына сай жасаған.
Бағдарламаның басты
артықшылықтары:
-
жоғары деңгейдегі
интерактивтілік;
-
кешеннің барлық операциялық жүйелер және
құрылғылармен үйлесімділігі;
-
тәжірибелердің видео, слайд-шоу, анимация,
үшөлшемді модель түрлерінде берілуі.
Курс оқушылардың жаратылыстану-ғылыми бағытындағы
бейімдерін жетілдіреді және химияның басқа пәндермен байланысын
түсінуге көмектеседі.
Егер оқушы мен компьютер
арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұндай оқытуды интерактивті
деп атайды. Әдетте, мұндай қарым-қатынас оқушылар қандай да
бір тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады.
Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше
тапсырманың жауабын табуға үйрету. Оқушыларға дайын жауаптарды
берген кезде олардың ақыл-ой белсенділігі өспей қалады. Ал, әлдебір
мәселені өздері шешіп үйренген кезде ақыл-ой белсенділігі артады.
Интерактивтіліктің түрі анықталған, олар:
Реактивті интерактивтілік: оқушылар бағдарлама
ұсынған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмалар реті белгілі бір
ережеге сүйеніп, өте қатаң түрде анықталады (оқытудың сызықтық
моделі);
Іс-әрекетті интерактивтілік: оқушылар
бағдарламаның жұмыс істеуін өздері басқарады. Олар тапсырмаларды
ұсынылған ретпен орындауды не бағдарлама көлемінде өз бетінше
іс-әрекет етуді өздері шешеді (оқытудың сызықтық емес моделі).
Сызықтық емес модель қашықтан оқытуда тиімді
болады;
Өзара интерактивтілік: оқушы
мен бағдарлама бір-біріне бейімделуге қабілетті («Басқарылатын
ашықтық» модель). Бұл модель оқып-үйренушіге кездесетін әртүрлі
кедергілерді жеңе отырып зерттеу жүргізуге, жеке есептерді шешуге
мүмкіндік береді. Бұндай түрдегі бағдарламаларға жаттықтыратын және
практикумдық оқыту бағдарламалары және т.б. мысал бола
алады.
Бұл модельдердің үшеуінде де
оқушы және бағдарлама тарапынан бақылау деңгейі
әртүрлі. Реактивті деңгейде оқып-үйренушінің іс-әрекеті
бағдарламамен анықталады. Ал, іс-әрекеттік, әсіресе, өзара
деңгейлерде басқару және қимыл-әрекет қолданушының өз еркінде.
Курсқа және ақпараттың мазмұнына әсер ету үшін интерактивтіліктің
кең мүмкіндіктері бар, олар: экрандағы объектілерді тінтуірдің
көмегімен басқару, айналдыру жолағының көмегімен экранда жылжу,
анықтамалықтың сұхбаттық қызметі, кері байланыс, құрылымдық өзара
әрекет, рефлексивті өзара әрекеттер.
Осы айтылғандардан оқу
процесінде белсенді оқыту әдістерін қолдану соңғы кезде өзекті
мәселеге айналып отырғаны белгілі. Әсіресе химия пәні үшін маңызы
зор. Ондай белсенді оқыту әдістеріне
жататындар:
Іскер ойын-ІО;
Блиц ойын-БО;
Дәріс жағдаят-ДЖ;
Рөлді ойнау-РО;
Миға шабуыл-МШ;
Дөңгелек стол-ДС;
Прессконференция –ПК;
Интервью дәріс-ИД;
Пікір сайыс-ПС;
Визуальды дәріс-ВД;
Дәріс провакация –ДП және
т.б.әдістерді кеңінен қолдануға
болады.