Темирбекова Алма Сагынгановна
«Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназиясы» КММ
Химия пәнінің мұғалімі
Химия пәнін оқытудағы тиімді әдістер
«Педагог - әрдайым қоғамнан бір қадам алда болуы тиіс,
жаңашылдық рух, білуге құштарлық басым болуға тиіс»
Аннотации:
Химия жаратылыстану ғылымының цикліне жататын оқу пәні болғандықтан, оқушылардың санасында дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Химияның басты жетекші компоненті, әрі оның оқу пәні ретінде атқаратын қызметін анықтаушы – пәндік ғылыми білім болып табылады. Химия пәнін заманауи технологиялармен өткізу қазырғы заман талабы. Бұл мақалада химия пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың әдіс – тәсілдері мен маңыздылығымен тиімді жақтарын көрсетеді.Сабақ барысында АКТ – ны пайдаланудың оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруы. Әр түрлі интернет сайттарын тиімді пайдалану, қағаз басты мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуі көрсетілген. Мұғалімдердің уақытты үнемдеуі, тақырыпты нақты әрі түсінікті өткізуі көрсетілген.
Кілт сөздер: жаңа технология, АКТ пайдалану, бағдарлама ,білім беру,
дидактика, технологиялық құралдар, интерактивті тақта, көрнекіліктер, ашық сабақтар,даму, дискриптор, кері байланыс орнату, шығармашылық,анықтама.
Әлем дамып жетілу үшін қажетті ғылым түрлері бар. Сол ғылымның падишасы – химия саласы болып табылады. Химия қазіргі таңда барлық саланы қамтиды. Химия –біздің өмірімізде күнделікті қолданатын заттарымыз да, косметикада, медицинада, өндірісте қолданылып, дамудың негізіне айналды. Сондықтан оқушыларды химия ғылымына қызықтыру пән мұғалімінің шеберлігін талап етеді. Бұл тұста оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту маңызды рөл атқарады.
Әр сабақ түрленіп, түрлі әдіс – тәсілдерді, платформаларды пайдаланған кезде қызықты өтері анық. Сол себепті ұстаздар қауымы әр сабағын түрлендіруге тырысады.
Үй тапсырмасын пысықтау маңызды. Әр сабақта түрлі әдістер арқылы өткен тақырыптарды еске түсіре отырып, үй тапсырмасын пысықтауға арналған бірнеше әдіс – тәсілдер бар. Мысалы, «Өрмекші торы» әдісі. Мұғалім жіптің бір ұшын жанында отырған баланың саусағына орап өткен тақырыпқа байланысты сұрақ қояды, оқушы жауап берген соң келесі оқушыға лақтырады. Осылай тапсырмаларды орындаған кезде өрмекші торы шығуы тиіс. Келесі әдіс «Алтын балық» мұнда мұғалім АКТ арқылы экранға аквариум суретін қойып, тапсырмалар ұсынады. Дұрыс жауап берген оқушы алтын балыққа ие болып, келесі тапсырманы өзі таңдау құқығына ие болады. «Үш шеңбер» әдісі арқылы өткен тапсырманы біріншіу білу деңгейінде, келесі салыстыру арқылы, үшінші қолдану арқылы кезең бойынша күрделене түсетін тапсырмаларды орындайды. Бұл әдісті қорытынды сабақта қолданған жөн.
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «Қос жазба күнделігі» , «Шыңға шығу», «Електен өткізу» әдістері тиімді болып табылады. «Қос жазба күнделігі», «Табақ тарту» әдістері ұқсас. Бұл әдістер ЖИГСО әдісіне жақын. Екі әдісте де оқушылаир өнім жасай отырып, бір- бірінің жұмысын толықтырады. «Шыңға шығу» әдісі жеке, жұптық, топтық тапсырма ретінде орындауға болады. Бұл әдісті қорытынды сабақта да қолдануға болады. Әр тапсырма жеңілден күрделіге қарай беріледі. Блум таксономиясының кезеңдеріне сәйкес құрылады. Сол арқылы өткен тақырыпты толық зерделеуге болады.
Химия пәні болғандықтан қызықты тәжірибелерді көрсету маңызды болып табылады. Сондықтан «Үш саты» әдісін қолданғанда оқушылар тақырыппен танысады, теориялық білімді жинақтайды, зерттейді, үшінші кезеңде тәжірибе жұмысын жасау арқылы қорытынды жасайды. Өмірмен байланыстырып, күнделікті тұрмыста қалай пайдалануға болатынын нақтылап, түйінді ой ұсынады.
Сабақты қорыту мақсатында оқушыларға «Мені тап», «Қазына аралы»,
«Сиқырлы себет» «Құнды пікір» әдістері сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге, ой қорытуға көмектеседі. «Мені тап» әдісінде мұғалім қабырғаларға тақырыпқа сай түрлі дұрыс және бұрыс жауаптарды жапсырады. Оқушылар барлық жауаптарды оқып, дұрыс деп тапқан жауапты қабырғада қалдырып, дұрыстығынайтып дәлелдейді. Бұрыс жауапты қабырғадан алып тастайды. Қазына аралында әр оқушы сынып бөлмесіне жасырылған өз аты бар тапсырманы тауып, жауап беруі тиіс.
«Сиқырлы себет» әдісінде мұғалім оқушыларға өткен тақырыптарға сай пікірлер жазылған стикерлер салынған себетті ұсынады. Әр пікір екіге бөлініп салынған. Оқушылар дұрыс пікірлерді тауып, біріктіру керек. Қате пікірлер жинақталып, не себепті қате екенін дәлелдейді. Осы әдісті «Дамино» ойыны арқылы да жасауға болады. «Құнды пікір» әдісінде оқушы сабақ соңында барлық оқушының айтқан ойларын жинақтап, жүйклкп толық жауап беруі тиіс. Бұл әдіс оқушылардың көшбасшылық қасиетін дамытып, ойлау, жүйелеу қабілеттерін жетілдіреді.
Сабақтағы кері байланыс оқушы үшін нені оқығанын, не себепті оқығанын, тақырыпты қаншалықты меңгергенін білдірсе. Мұғалім үшін рефлексия болып табылады. Мәселен «Көңілді вагондар» әдісі арқылы оқушылар сабақта не ұққанын қысқа да нұсқа айтады. Әр оқушы өз жауабын айта отырып, вагондар ретінде тіркеліп сыныпбөлмесін айналып шығады. Осы уақытта олар нені ұққанын, нені меңгермегенін мұғалім бақылап өзіне рефлексия жасауына болады. Бір жағы сабақкөлемінде шаршаған оқушылардың көңілін көтеріп, келесі сабаққа жақсы көңіл – күймен баруына себепкер болады. Немесе «Сиқырлы қобдиша» әдісі бұл оқушылардың жеке мұғалімге өз ойларын жеткізуге, ішкі сырларын ашуға, мұғалім мен оқушыны жақындастырып, қолайлы орта тудыруға да мүмкіндік береді.
Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Оқытудың жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы.
Осы талаптарды орындауда ұстаздарға көмекші болар бірнеше платформалар бар. Мысалы, Google Classroom, Moodle, немесе Microsoft Teams сияқты платформаларда оқушыларға арналған жеке оқу траекторияларын құруға болады. Мұғалімдер үлгерімі төмен оқушыларға күрделілігі әртүрлі тапсырмалар беріп, олардың деңгейіне сәйкес материалдар ұсына алады.
* Quizlet, Word Wall сияқты қосымшаларды қолдану арқылы сөздік қорын жаттауға арналған карточкалар жасауға болады. Бұл оқушылардың жаңа сөздерді оңай меңгеруіне көмектеседі.
2. Интерактивті тапсырмалар мен ойындар:
* Kahoot немесе Quizizz платформалары арқылы викториналар ұйымдастыру. Ойын түріндегі бұл тапсырмалар оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, оларды белсенділікке шақырады.
* LearningApps платформасында әртүрлі интерактивті тапсырмалар мен жаттығулар жасауға болады. Бұл оқушылардың оқу материалын тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.
3. Бейнематериалдар арқылы оқыту:
* YouTube платформасындағы қазақ әдебиетіне арналған арналар мен бейнелерді пайдалану. Мысалы, белгілі шығармалардың қысқаша мазмұны, авторлардың өмірбаяны, шығармалардың талдауы туралы бейнематериалдар оқушылардың материалды түсінуіне көмектеседі.
* Edpuzzle платформасы арқылы бейнематериалдарға сұрақтар енгізіп, оқушылардың түсінігін тексеруге болады.
4. Тесттер мен бағалау құралдары:
* Google Forms немесе Socrative арқылы онлайн тесттер мен сауалнамалар жасауға болады. Бұл оқушылардың білім деңгейін тексеріп, олардың қай тақырыпта қиындық көріп жатқанын анықтауға көмектеседі.
* Formative платформасы арқылы нақты уақыт режимінде оқушылардың тесттерін бағалап, дер кезінде кері байланыс беру мүмкіндігі бар.
Аталған әдістердің бірнешеуіне түсінік беріп кетер болсам, Kahoot әдісі – бұл ойын түрінде білім беру мақсатында қолданылатын интерактивті платформа. Kahoot оқыту процесін қызықты әрі тиімді етуге мүмкіндік береді, әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданған кезде ерекше пайдалы. Бұл әдісті қолдану ерекшеліктері мен артықшылықтары мыналар:
Kahoot әдісінің ерекшеліктері:
Ойын арқылы оқыту: Kahoot платформасы арқылы мұғалімдер сұрақ-жауап түріндегі викториналар ұйымдастырады. Бұл викториналар ойын элементтерімен біріктірілгендіктен, оқушылардың қызығушылығын арттырып, оларды белсенділікке ынталандырады.
Интерактивтілік: Оқушылар Kahoot-қа жеке құрылғылары арқылы (телефон, планшет, компьютер) қосылып, жауап береді. Мұнда әр сұрақтың дұрыс жауабын тапқан оқушылар ұпай жинайды, ал ойын соңында ең көп ұпай жинаған оқушылар жеңімпаз атанады.
Қазіргі таңда білім алушылар үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Әр мектепте зертханалық сыныптар, оқулықтар, интернет парақшалары мен жоғарыда ұсынылған платформалар. Ал химия пәнін оқыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын жетілдіру бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Пәнге қызықтыру арқылы өмірге дайындау мен қатар ғылымныңдамуына да үлес қосуымыз мүмкін. Сондықтан әр мұғалім алдында отырған оқушысына білім беруде сабақтарын түрлендіре отырып, пәнге қызығушылығын оятып, зерттеуге бағыттаса, болашақ ғалымдар да шығары анық. Әр әдіс оқушының қызығушылығымен қатар білімін жетілдіріп, ой тастап, ойлантуы тиіс, сонда ғана сабақтағы уақыт бос өтпеген болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану.
Педагогикалық альманах,№3-4,2010. А.Ғабитқызы. Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар.
Қазақстан мектебі, №11,2012. Б.Ибраимова.Ақпараттық технология -нәтижелі білім берудің көзі.
Қазақстан мектебі,№6,2012 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. М.Ж.Жадрина. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер.
Открытая школа,№5,2004.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Химия пәнін оқытудағы тиімді әдістер" тақырыбында мақала

шағым қалдыра аласыз