«№ 73 мектеп - лицей» КММ
Астана қаласы

Химия пәнін үш тілде оқытудың алғы шарттары
Дайындаған: химия және биология пәндерінің мұғалімі
М.Ж.Саурбаева
2025-2026 оқу жылы
ХИМИЯ ПӘНІН ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
Жоба авторы: М.Ж.Саурбаева химия және биология пәндерінің мұғалімі
КІРІСПЕ
Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға назар аударып «Еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі. Елбасы жүктеген тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай «Барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% – ағылшын тілін меңгеруі тиіс» делінген. Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді.[2]
Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.Кез-келген қоғамда азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі факторлары өз елінің тіліне деген құрмет болып табылады. Бала тілді неғұрлым ерте жастан үйренсе, соғұрлым ол оны жеңіл меңгереді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Білім беру саласына үш тілге үйретуді енгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің алдына қойылған міндет - тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Сонымен, әр білім беретін, балаларды тәрбиелейтін мекеменің басты міндеті - Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс. Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл өтпелі кезеңнің талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс істесін, үштілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілмен таласпай, керісінше, сол мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына қызмет етуде құрал ретінде пайдаланылу керек. Тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта елiмiзде тiл саясаты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тiкелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында тiл саясатына, оның iшiнде қоғамдағы мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру мәселесiне тоқталмай өткен емес. Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында:Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi – ұлтаралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» -деген болатын.[4]
Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болыр отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қазметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. [1]
Жобаның өзектілігі: Қазақстанның жаһандану жағдайында ұлттық білім жүйесі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады. Ол жауапкершілігі мол,өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізуде. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде орта мектептерде көрініс тауып отыр. Маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайу факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаһандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Осы ретте химия пәнін үш тілді ұштастыра оқыту қажеттілік болып отыр және жұмыстың көкейтестілігі де осында.[4]
Жобаның мақсаты: орта мектепте химияны үш тілде оқытудың ерекшеліктері ен алғышарттары әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Жобаның міндеттері:
-
Химияны оқытуда үш тілді қолдану және үндестіре отырып оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
-
Үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және химия саласына байланысты тілдік қорын дамыту;
-
Химия пәнін орыстілі және ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре өткізу тиімділігі;
-
Химия пәніндегі жиі қолданылатын сөздермен глоссарий жұмыстарын жүргізу нәтижелілігі.
Күтілетін нәтижесі:
-
Үш тілді кіріктіре оқыту оқушылардың танымдық қызығушылығын, тілдік сауаттылығын және білім сапасын арттады.
-
Үш тілді пайдалана отырып химияны оқыту оқушы білімінің шеберін кеңейтеді, білім қолданысын халықаралық деңгейге жеткізеді.
-
Үш тілде білімді болу басқа елдермен бәсекелесуге қабілетті арттырады, еліміздің дамуына үлесін қосуға дайындайды.
Зерттеу нысаны: №127 жалпы орта мектептегі химия пәнін үш тілде оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Орта мектепте көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген көптілді шәкірттерді шыңдау мақсатында химия пәнін үш тілде оқытуды ұйымдастыру.
Зерттеу әдістері: химия пәнін оқытуда үш тілде білім беруде қарастыру; үш тілде оқыту тиімділігі мен маңыздылығын көрсету, орта мектепте химия пәнін үш тілде байланыстыра оқыт тәжірибесін зерделеу, сауалнама жүргізу, оқушылардың химия ұғымдарын өзге тілде меңгеруін бақылау, тілдік қиындықтары мен ерекшеліктерін анықтау, өзін-өзі бақылау әдестері педагогикалық бақылау және педагогикалық эксперимент өткізу, оны сапалық және сандық талдау, алынған нәтижені көрнекі түрде көрсету қолданылады.
Жобаның ғылыми-жаңалығы:
-
Химия пәнін оқытуда үш тілде білім берудің жаһандық маңыздылығы мен білім берудегі тиімділігін анықтау;
-
Орта мектепте химия пәнін оқытудың белсенді әдістері мен оқушыларға ағылшын, орыс тілдерінде оқытудың әр түрлі деңгейлеріне сәйкес ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктерін ұсыну;
-
Химияны орта мектепте оқыту жағдайында аудио, бейне кешенін-оқушылардың ауызша, жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту мақсатында қолдану;
-
Химияны оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтор арқылы әлемдік химия жаңалықтарын, химия пәнін өз бетімен қосымша үйренудің түрлі әдіс-тәсілдері, комуникативті бағыттағы оқыту элементтері кең қолдану, тілге байланысты жүйелі жетілдіру жұмыстарды жүргізуге ұмтылдыру.
Практикалық маңыздылығы:
Химия пәнін үш тілді үндестіре отырып оқыту – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетіні белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, өзге дамыған елдермен білім бәсекелестігіне түсе алатын, еліміздің химия саласын дамытуға үлес қоса алатын, көптілді және көпмәдениетті құзыреттіліктерді игерген жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту болса, екінші жағынан орыс тілінің жаһандану экономикасындағы ғылыми ақпарат алудағы желісін кеңейту.
Елімізде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Бұл еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Көптілділік – заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқалармен салыстыру арқылы ған , әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлтық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады. Көптілді оқыту –жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани адамгершілігін артыру үшін, бүгініг тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек етіп жан-жақты өмір болу қажет. Заман ағымына лайықты қазіргі алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елеміздің өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал жасайтын елемездің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тәрбие беретін мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің көзіндей жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін сыйлайтын, басқаға өзін таныта , сыйлата алатынрухани дүниесі бай білімді, білікті болуы шарт.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ. Химия пәнін үш тілде үндестіре оқыту
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында аталып көрсетілгендей: «Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Білім алушылар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзіреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі.» [3]
Сондықтан осындай талаптарға сай оқушыларға білім беру еліміздің мемлекеттік білім беру саясатының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
ҚР Жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында: «Жаңа формацияның мұғалімі – кәсіптік дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға», - деп көрсетілген. Осыған орай, өмірде өз орнын тауып, экономикалық тұрғыдан еркін ойлау қабілеті бар, проблемалық жағдайлардан шығудың жол-жобаларын таба білетін, істің нәтижесін алдын ала болжай алатын жастарды оқытып-тәрбиелеу мақсатына жету үшін мына жағдайлар ескерілуге тиіс:
-
Білім беру барысында ғасырлар бойы жиналған жалпы адамзаттық құндылықтарды психология-педагогикалық тұрғыдан қалыптастыру тәсілдерін кеңінен пайдалану;
-
Қазіргі кездегі ақпараттық технология мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, пәндерді кіріктіре оқыту арқылы студеттердің құзіреттілігін арттырып, оларды шығармашылық дербестікке жеткізу;
-
Оқушылардың қатынастық (коммуникативтік) мәдениетін қалыптастыру, көптілді білім алуын және пәнді үш тілде меңгеруін қамтамасыз ету.
-
Пән бойынша теориялық-практикалық негізгі білімді үш тілде оқытуды қарастыру;
-
Оқушылардың пәнді үш тілде түсіне және түсіндіре білу мүмкіндігіне жеткізу
Білім беру саласында пәндерді кіріктіре оқыту тәсілі қазақстан меектептерінде жиі қолданылады. Бұл оқушының тек бір пәнді ғана меңгеріп қоймай, барлық пәндерді бірдей меңгеруіне көмегін тигізбек. Нақтырақ айтсақ кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді. (3)
Еліміздегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі кіріктіру, кіріктіре оқыту республикамызда А.А.Бейсенбаеева, Қ.А.Аймағамбетова, Ә.Мұханбетжанова, Ә.Түркіменбаев және өзге де ғалымдардың еңбектерінің зерттеу объектісі болып табылады.
Қазіргі оқыту үрдісі пәндердің мазмұнын кіріктіру өзектілігін одан әрі арттырып, осы үрдісті ақпараттық оқыту құралдарымен пән мазмұнына сай жасақталу мәселесін шешумен ұштастыруды керек етіп отыр. Өйткені, ақпараттандыру – бүгінде қоғамдық өмірдің өзге салаларындағыдай білім берудегі страатегиялық мақсат-міндеттерді орындауды интенсивтендіруге мүмкіндік беріп отырған бірден-бір үрдіс.[1]
Тірек – сызба - 1

Осы ретте химия пәнін орыс және ағылшын тілі пәндерімен ақпараттандыру негізінде кіріктіре оқыту тиімді:
-
Химия пәнінде қолданылатын негізгі терминдердің ағылшын және орыс тіліндеріндегі аудармаларымен бірге үйрету, глоссариймен жұмыс істеу;
-
Ақпарат көздерін пайдалану, ондағы мәліметтерді үш тілде пайдалану;
-
Пәндерді кіріктіруде мазмұндық-құрылымдық тетіктерді пайдалануға негіздеп қолдану;
-
Пәнаралық кіріктіру, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып үш тілдің үндесуін қамтамассыз ету.
Қазіргі кезде қазақстан мектептерінде математика, физика, биология және химия пәндерін ағылшын тілінде оқыту қолға алынып жатыр. Бұл бір жағынан қиын болғанымен, қажеттіліктен туындап отыр. Ал егер сабақ барысында ағылшын, орыс тілдерімен байланыстыра өткізетін болсақ, осы бастамаға қолдау жасап, азғантай болса да көмегімізді тигізген болар едік.
Пәнаралық кіріктіру арқылы материал мазмұнының тереңдігін және оны саналы меңгеруді қамтамасыз ете отырып, оқушылардың өздік жұмыстарының орындалу деңгейін көтеруге қол жеткізсе болады. Мұнда ақпараттық, негізінен компьютерлік құралдарды белгілі бір әдістемелік ұстанымдарға сәйкес оқытуды интенсивтендірудің, яғни сапалық жағынан арттырудың маңызы көп. Химия пәнін оқытуды кіріктірудің оңтайлы жолдарын ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға болады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда бүкіл әлемдік білім беру кеңістігінде, оған сәтті ену бағытын ұстанған біздің еліміздің ақпараттандыру білім беруді демократияландыру, іздендіру, гуманитарландыру, оқу мазмұнын саралау меен кіріктіру секілді басты білім беру үрдісі болып табылады. Химия пәнін кіріктіре оқыту барысында тақырып бойынша тиісті бөлімдерді игеруі жақсарады, олардың кіріктірілген пәндерге деген танымдық қызығушылығы артады, сонымен қатар олардың ақпараттық, қатынастық және проблемаларды шешу білік-дағдылары шыңдалады: ақпарат көздерін тиімді пайдалану әдістерін игереді, оны жасауға дағдыланады, теориялық материалды іс-тәжірибеде қолдану шеберлігін арттырады.
Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту тарихына көз жүгіртсек. Бұл идея Я.А.Коменскийден басталады. Ұлы дидакт: «Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол байланысы көрсетіле отырып оқытылуы қажет», - деген болатын. Атақты педагог пәндердің арасындағы байланысты пайдаланып кіріктіре оқыту негізінде оқыту үрдісінің біртұтастығын қалыптастыруға қол жеткізуге болатынын айтты. Осы идеяға көптеген педагогтар қосылып, оны одан әрі дамытты. Кіріктіре оқыту идеяларын В.Я.Стахарин, Н.Ф.Бунаков, В.И.Водовозов, т.б.педагог ғалымдар жалғастырып, пәндерді кіріктіре оқыту әдістемелерін ұсынды. Үздіксіз білім беру теориясында 1980-жылдардың соңында білім беру мазмұнынын одан әрі дамуының негізгі жолдарының бірі (саралаумен бірге) болып көрсетілген кіріктіру қазіргі таңда оқу-тәрбие процесін технологияландырудың бірден-бір шарты болып табылады. Этимологиялық мағынасы («интеграция» - лат. Untegratio) «қалпына келтіру» «толықтыруды» білдіріетін ұғым педагогикада бірнеше тұрғыдан қаралады:
-
Кіріктіру – оқытудың жүйелік принцпіне сай жақсы ойластырылған, жіті қарастырылған педагогикалық үрдіс;
-
Кіріктіру – мазмұндық қайталауларды болдырмау; оқу үрдісінде бағдарламадағы пәндерді логикалық негізделеген бірізділік принципіне қарай құрастыру және түрлі пәндерді оқытуда «шекаралық білімді» үйлестіру арқылы қол жеткізуге болады;
-
Кіріктіудің маңызы, кіріктірілетін пәннің оқу жоспарына сәйкес оқушылардың сапалы білім ала отырып, өздерінің танымдық қабілеттерін дамытады, табиғаттың біртұтас ғылыми бейнесі жөнінде түсінік қалыптастырады, алған білімдерін болашақта тиімді пайдалануға, оны дамытуға қажетті білік-дағдыларды бойына сіңіреді.
-
Пәнді шет тілдерімен кіріктіру арқылы бүгінгі оқушы , ал ертеңгі маман иесі өзге елдердің мамандарымен бәсекелесуге қабілетін арттырады, өзге мемлекеттердің мамандарынан үйренуге жол ашылады.[6]
-
Түрлі пәндерді кіріктіру материалдық дүние мен оны кешенді танып білу мүмкіндіктерінің жалпы әдіснамалық бірлігі принципіне негізделеді. Сондықтан да жаратылыстану пәндерін, соның ішінде, химия пәнін ақпараттандыру негізінде ағылшын және орыс тілдерімен кіріктіре отырып оқыту табиғат, қоғам, болмысты, олардың өзара диалектикалық байланысын тұтас қабылдап, студенттердің жүйелі ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді және оқушының білім сайысында халықаралық деңгейде бәсекеге түсуіне мүмкіндік береді.
ІІІ. ХИМИЯ ПӘНІН ҮШ ТІЛДЕ ҮНДЕСТІРЕ ОҚЫТУ
Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қрапайым көрсетулероқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сабақ барысында қосымша білім берілетін химиялық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тиігзеді.
Қ
азақстан Республикасының шетелдермен халықаралық байланыстары
күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шетел тілін
білетін мамандар қажет-ақ. Мектепте көптілді білім бере отырып
тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс. Бір жағынан
мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту болса, екінші жағынан орыс
тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін
жаһандану экономикасындағы ғылыми-ақпарат алудағы желісін
кеңейту.[5]
Тірек-сызба - 2
Химия пәнін үш тілділікте үндестіре оқытудың алғышарттары мен әдістемелік негізділігінің тиiмдi жолдары мен әдiс-тәсiлдерiн талдап көрсетуге және оның артықшылығын дәлелдеуге тырыстық. Эксперименттiк-тәжiрибелiк жұмыстар үш кезеңде жүргiзiлдi.
I-кезең (2015 -2016 жж.) педагогикалық эксперимент сабақтары жүргiзiлу үшiн сыныптар таңдалынып, оқушылардың химиялық бiлiмдердi меңгеруi, теориялық бiлiмдi практикада пайдалана бiлуi, оқушының пәнге қызығушылығы, бiлiмдi есте сақтау қабiлеттiлiгi деңгейi, орыс және ағылшын тілдерінің сауаттылығы анықталды. Сонымен қатар эксперименттiң I-шi кезеңiнде педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдебиеттермен танысып, оқулық мазмұнының өзгеруiне байланысты химия пәнiн оқытуға қазiргi кездегi қойылатын дидактикалық талаптарды анықтауға тырыстық. Оқушылар бiлiмiн байқау үшiн сауалнама, әңгiме, байқау, қорытындылау әдiстерiн пайдаландық.
II-кезең (2015-2016 ж.) теориялық әдiстемелiк материалдар жинақтау жұмысы бастау алды. Бақылаушылық және зерттеушілік мақсаты айқындалды. Эксперименттiк сабақтардың тақырыптық жоспары жасалды.
III-кезеңде (2015-2016 ж.) Шымкент қаласы №127 жалпы орта мектепте эксперименттiк жұмыстар жүргiзiлдi. Эксперименттiк топ пен бақылау тобы анықталып, эксперименттiк топта химияны оқытуда үштілді үндестіруде интерактивті әдіс-тәсілдермен кiрiктiре отырып білім беру жүзеге асырылып келеді. Ал, бақылау тобында бiлiм беру бұрынғы пайдаланылып жүрген оқулықтар, жұмыс дәптері негiзiнде дәстүрлі әдістермен ұйымдастырылды.
Негiзiнен ғылыми-зерттеу кезiнде мектептегi бақылау жұмысы екi бағытта жүргiзiлдi:
Бiрiншiсi – анықтаушы бағыт. Мұнда – жеке оқушының химия пәнiне деген ынтасын және жалпы сынып ұжымының пәнге қызығушылығын зерттеп бiлуге тырыстық. Мектептiң педагогикалық үдерісiн, атап айтқанда, жалпы бiлiм беретiн мектеп бағдарламаларында (химия) және оқулықтарындағы химиялық ұғымдар мен түсiнiктердiң берiлуi және зертханалық білік, дағдыларының қалыптасуы тұрғысынан қарастырдық.
Екiншi бағыт бойынша оқу үдерісінде мектеп химиясы курсының оқу-әдiстемелiк құралмен қамтамасыздану деңгейiн және эксперименттiң оң нәтиже беруiне ықпал жасайтын педагогикалық мүмкiндiктердi айқындау, тиiмдi әдiс-тәсiлдердi саралау жүзеге асырылды.
Оқушылардың ой-өрiсiн дамыту мақсатында оқу құралдарын, кешендердi пайдалана отырып, зат туралы ұғымды толық игертiп, олардың белсендiлiгiн арттыру мақсатымен сабақ барысында тәжiрибе қою, бақылау жүргiзу, талқылау жасау, қорытындылау жұмыстары кеңiнен ұйымдастырылды. Бұл оқушылардың теориялық бiлiмдi дұрыс меңгерiп, оны қолдану бiлiктерiнiң қалыптасуына әсер еттi. Ұғымның мазмұнын, елеулi белгiлерiн, мәнiн ашу үшiн мысалдар келтiру, анықтама беру, ұғымдар жүйесiндегi орнын табу арқылы оны iс-жүзiнде қолдану бiлiктерiн дамытатын жаттығулар орындалды. Интерактивті оқудың түрлі : «Т-кестесі», «Үш қадамды сұхбат», «Кластерлер», «Шағын топтағы жұмыс», «Пікірталас», «Топтық зерттеу», «Эссе» т.с. сияқты тәсілдері оқушы жұмыс дәпетімен бірлікте пайдаланылып, сабақ барысында барынша пайдаланылды.
Химия пәні бойынша әр сабақта тақырып бойынша глоссарий қолдануға болады. Глоссарий ағылшын сөзінен алынған glossary сөздікпен деген мағынаны білдіреді. Әр өткен сабақта оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру және ойлау жүйесін тереңдеті, химия тілінде үш тілде сөйлеуге үйрету мақсатында глоссарийді қолдануға болады. Негізгі химиялық ұғымдарды алдымен ағылшын және орыс тілінде аудармасын беріп, содан соң қазақ тілінде түсіндірмесін беруге болады. Мысалы, «Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңына кіріспе. Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы,»металдар мен бейметалдар, екідайлы қасиет көрсететін элементтердің тотары туралы түсіндіреледі. Д.И.Менделеевтің өмірбаяны мен еңбек жолы туралы толық түсінік беріледі. Химиялық элементтердің периодтық кестесі жалпы түсінікті үш тілде мәтін ретінде бере отырып, үш тілді қолдану үшін тапсырмалар беріледі.
-
Қажетті сөздерді пайдаана отырып мәтінді толықтыр.
(жіктелуі, кестесі, жүйеленуі, қасиеттері, заңдылықтары, table,classification, Law, system, properties, классификация, закона, систему, таблица, свойства)
Химиялық элементтердің периодтық _____________ химиялық элементердің _________________ Д.И.Менделеев ашқан периодтық заңның кестелік бейнесі. Менделеев элементтерді периодық __________ орналастырғандаолардың атом салмақтарының өсуіне, сонымен қатар олардың химиялық өзгеруіндегі периодты ___________ сүйенді.
Периодическая _________ химических элементов ___________ - это таблица периодического __________ который создал Д.И.Менделеев установил элементов в периодическую _____________ на основании периодического закона изменения ______________ химических элементов и зависимость различных свойств элементов от заряда атомного ядра от их атомного веса.
The periodic __________ of chemical is the ____________ of chemical is a table of Periodic ______________formulated by D.I.Mendeleev. Mendeleev organized the elements in the periodic ___________ on the basis of their atomic numbers, growing of their mass and recurring chemical __________ according to the Periodic Law
ІІ. Химиялық элементтерді қазақша, ағылшынша және орысша атауларымен сәйкестендір.
Oxygen sulfur gold iron tin copper silver hidrogen cardon
Сера углерод кислород серебро медь водород железо олово золото
Мыс темір сутегі күкірт күміс көміртегі оттегі алтын қалайы
![]()
Глоссариймен жүргізілетін жұмыстар.
ІІІ. Мына химиялық ұғымдарды үш тілде үйрен.
Технология – Technology – табиғи және жасанды жолмен алынған шикізаттарды өндіріс және халық тұтынатын өнімдерге өңдеу әдістері мен үрдістерін зерттейтін ғылым саласы.
Шығын коэффициенті – Росход коэффициента – the flow coefficient – бір массалы немесе көлемді дайын өнім алу үшін қажетті шикізаттың санын белгілейтін көрсеткіш.
Айналу немесе жанасу дәрежесі – degree of rotation and touching – реакциялық қондырғыдан реагенттің бір жүріп өткндегі өнім.
Материалдық баланс – материальный баланс - material balance – стехиометриялық заңға бағынып, материалдық есептеме негізінде құрылатын технологиялық көрсеткіш.
Химиялық реакторлар – химические реакторы – chemical reactors – диффузия, жылу алмасу, араластыру т.б. секілді физикалық құбылыс химиялық өзгеріс тудыруға қажетті жағдай жасайтын, нәтижесінде белгілі массадағы немесе көлемдегі негізгі өнім алынатын аппаратты атайды.
Өндірістік пештер – производственнные печи - Industrial furnace – отынның жануы немесе электр энергиясын қолданып, заттарды жылумен өңдеу арқылы физикалы немесе химиялық өзгерістерді жүзеге асыру.
Катализ – Catalysis – катализаторлық заттардың реагенттермен аралық химиялық реакцияға түсу арқылы катализ процесін өзінің құрамын қайта қалпына келтіру арқылы аяқтап, реакция жылдамдығын өзгерту.
Судың кермектілігі-вода интерстициальная – water interstitial – 1 литр судағы кальций және магний иондарының мг-эквивалент мөлшері.
IV. Сөздерді аудармаларымен сәйкестендір.
Ұяшық Product продукт
Өнім Interact кислород
Оттегі Shell движение
Негіз Oxygen Кислоты
Қышқыл Molecule Ячейка
Қозғалыс Bases Молекула
Қосылыс Motion Основание
Әрекеттесу Compound Взаимодействие
Молекула Acids Coединение
V. Химиялық элемент таңбалары. Кесте толтыру.
Бұл кесте бойынша мұғалім кез келген кестедегі қажетті бағандарды толтырта алады. Элементтердің қазақша атауын,орысша және ағылшын тіліндегі атауын, элемент таңбасын, оқылуын немесе салыстырмалы атомдық массасын толтыруға болады. Сонымен қатар тапсырмадағы бағандар да мұғалімнің қалауына қарай таңдалып алынады. [8]
Кесте -1
|
Қазақша атауы |
Орысша атауы |
Ағылшынша атауы |
Элемент таңбасы |
Химиялық элементтің оқылуы |
Салыстырмалы атомдық массасы |
|
Сутегі |
Водород |
|
H |
Аш |
1 |
|
Оттегі |
Кислород |
|
O |
О |
16 |
|
Сынап |
Ртуть |
|
Hg |
Гидраргирум |
201 |
|
Алтын |
Золото |
|
Au |
Аурум |
197 |
|
Көміртек |
Углерод |
|
C |
Це |
12 |
|
Калий |
Калий |
|
K |
Калий |
39 |
|
Мыс |
Медь |
|
Cu |
Купрум |
64 |
|
Темір |
Железо |
|
Fe |
Феррум |
56 |
|
Күміс |
Серебро |
|
Ag |
Аргентум |
108 |
|
Қорғасын |
Свинец |
|
Pb |
Плюмбум |
207 |
|
Азот |
Азот |
|
N |
Эн |
14 |
|
Барий |
Барий |
|
Ba |
Барий |
137 |
|
Йод |
Йод |
|
I |
Йод |
127 |
|
Мырыш |
Цинк |
|
Zn |
Цинк |
65 |
|
Хлор |
Хлор |
|
Cl |
Хлор |
35,5 |
|
Фосфор |
Фосфор |
|
P |
Пэ |
31 |
|
Фтор |
Фтор |
|
F |
Фтор |
19 |
|
Марганец |
Марганец |
|
Mn |
Марганец |
55 |
Мектептегі білім алушылар арасында өтетін білім сайыстары мен пәндік кештердің де оқушылар болашағына әсері мен берері мол. Осындай кештер арқылы оқушылар білмегендерін үйреніп, білгендерін шыңдап жатады. Қазіргі кезде мектептерде өтетін білім сайыстары мен пәндік кештерде қазақ тілі мен қатар өзге тілдердің қолданысы кеңінен тараған. Мектеп оқушыларының өзге тілдегі тапсырмаларды орындауға деген қызығушылықтары да байқалып жатады, себебі мектеп оқушыларының арасында өзге тілдегі тапсырмаларды орындауға деген қызығушылықтары да байқалып жатады, себебі мектеп оқушыларының арасында өзге тілді өз беттерімен үйренушілер де көп. Осындай ұйымдастырылған кештің бірі химия кеші. Әдетте пәндік кештерге оқушылар сынып аралық немесе сынып ішінен құрылған топпен қатысады. Бұл топтар арасында өтетін сайыс. «Полиглот» деп аталады. Полиглот – лат. тілінен аударғанда көп тілді ғылым деген мағынаны береді. Бұл сайыс шарты бойынша оқушылар аудармамен жұмыс істейді. Осындай бір кештерге арналған тапсырмаларды жұмбақ немесе мақалар арқылы құрастыра отырып, қажетті жауапты үш тілде беру сұралады. Мысалы:
-
Өшпейтін өмір жоқ
Сынбайтын ....жоқ (темір – железо – iron Fe)
-
Өзім газбын менімен демаласын
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі-кислород-oxygen O)
-
Осы затпен ескі үйді аластайды
Түріне қарасақ алтынға ұқсайды (күкірт-сера-sulfur S)
-
Арпа бидай ас екен.
Алтын ..... тас екен. (күміс-серебро-silver Ag)
-
Сым болып ұзақ созылып
Өткізем тоқты бойдан мен
Жеткізіп, әнді хабард
Риза етем көпті мен (мыс-медь-copper)
-
Тіршілікті ешқашан қолдамайды
Сондықтан ол ауаның бөлігін көп құрайды (азот-азот-nitrogenium)
-
Бірі жанып, бірі қолдап жануды,
Екі элемент бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді, сөндіруге көп адам,
Қосылсын алып соған ағылды (оттек, сутегі және су. Кислород, водород и вода. Oxygen, hydrogen and water)
-
Өзім газбын менімен дем аласың,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі, кислород, oxygen)
-
Кең әлемді кернейді,
Бірақ көзім кқрмейді (ауа, воздух, air)
-
Иісі де, дәмі де жоқ ұсталмайды,
Ол болмаса, тіршілік өмір де жоқ.
Ол болмаса отын да тұтанбайды,
Қалада қарауытып көмір боп шоқ (оттегі, кислород, oxygen) [5]
-
Полиглот сайысы: «Таңбаны оқып, қазақша, орысша, ағылшынша атау». Әрбір оқушыға бір элементтің таңбасы көрсетіледі.
Au- алтын – аурум Si – кремний – силициум
С – көміртегі – корбанеум Fe – темір – феррум
Hd – сынап – гидраргирум Zn – мырыш – цинк
Сu – мырыш – купрум Pb – қорғасын-плюмбум
Қазіргі кезде оқушыларға пәнді қазақ тілімен бірге орыс және ағылшын тілінде оқытудың әр түрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Сондай-ақ оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдері, комуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ ашық сабақтар, пікір-сайыстар, семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары. Қажетті тәжірибелерді орыс тілінде немесе ағылшын тілінде тыңдап жасауға тура келетін кездер де кездеседі. Себебі іздеген материалды қазақ тілінде таба алмаған жағдайда басқа тілді қолдануға тура келеді. Бұл тек химия пәні ғана емес, барлық пәндерге қатысты жағдай. Сондықтан да мектеп пәндерін орыс және ағылшын тілдерімен байланыстыра оқыту маңызы зор. Осыған орай ағылшын тілінде берілген видео тәжірибені оқушы тыңдап түіну арқылы жасауға мүмкіндігі болу үшін химиялық ұғымдардың атауларын орыс және ағылшын тілдерін меңгерген болуы шарт.
Сондықтан үш тілді білім беру:
-
Әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту;
-
Әр оқушының жееке қабілеттерін үш тілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау;
-
Әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың жобалары.
Үш тілге негізделіп құрастырылған мәтінмен жұмыс жүргізу
Қазіргі кезде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім алу кеңістігіне бағытталуда. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерінде зерттеушілік, ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына, пәніне деген сүйішпеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. [13]
Қазіргі таңда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын мұғалім өз еркімен таңдайды. Орта мектепте білім алушы оқулық мазмұнынан тек ақпарат пен дайын білімді алумен ғана шектелмеуі тиіс, ол білім алушының қабілеттерін жан-жақты дамытатындай, өз қызығушылықтарын іске асыруға, шығармашылық ойлауын және өмірлік құзіреттіліктерін қалыптастыруға көмектесетіндей, сонымен бірге алған білімі өмірдегі өз қажеттілігіне жарамды болғаны жөн. Сонымен қатар қазіргі заман талабына сай білім мазмұнын іске асыра отырып, оқушылардың жалпы ақпарат көздерінен алған мәліметтерін бір жүйеге келтіріп, сабақ барысында пайдалану мүмкіндіктерін қаарастырып, күнделікті өздері қолданып жүрген интернет жүйесін, сонымен бірге мобильді телефоннан пайдаланатын аударма қызметтерін сабақ барысында қолдануды қалыптастырсақ, оқушы сабақтағы күнделікті бос әрекетінен гөрі қажетті мәліметтер мен сөздерді іздеуге ауысар еді. Оқытушылардың бүгінгі күні оқыту үрдісінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден дер кезінде хабардар болып отыруы – сапалы білім берудің кепілі. Пән апталықтарының өткізілуі білім алушының пәнге деген ықыласы артып, қызығушылықтары анықтала бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Мұндай жұмыстар оқушы білімін дамытып қана қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Оқушы бойындағы бейімділік пен икемдікті дамыту мақсатында аударма жұмыстары да қосымша тапсырма ретінде беріледі. Қазіргі таңда оқыту үрдісін жоспарлау, қолдану және бағалаудың тиімді әдістерін ұсынушы жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп, негізгі мақсаты – өз бетінше дами алатын жеке кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті оқушы. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән беерілуде. Алайда, бізде қазақ және орыс тілдерін игеру сияқты ағылшын тілін үйрену, сондай-ақ осы тілде сабақ беру бірден жүзеге асуы мүмкін емес. Оның қиындығын барлық мұғалімдер сезініп отыр. Ал сабақ барысында ағылшын, орыс тілдерін пайдалана өткізу үш тілде оқытуға біртіндеп көшуге көмегін тигізеді. Көптілді білім беру жүйесі аясында білім білім саласындағы көптеген жұмыстар жүргізілуде. Осы негізде ағылшын тілінде сабақ беретін пән мұғалімдері дайындалуда. Кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген мұғалімдер де жоқ емес. Қазіргі кезде мамандардың өндірістің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық кеелісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаһандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады. Қазіргі таңда оқушыларға компьютермен, интернетпен, интерактивті тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. Көптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ өтіп, оның қаншалықты тиімді екенін дәлелдеді. [9]
Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан саралап алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді шешуге болады және талқылайды. Компьютермен бала жазады, оқиды, түрлі тестер орындайды. Техникалық құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу материалдарын алдын-ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң өзінен-өзі жасауға тырысады, қызығады, жасамай, үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның алдында бәріі дайын тұр. Сонымен қатар мұғалім қазіргі мектептегі ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қодана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық технологияны пайдалана білуі қажет. Бұл мәселе білім беруді ақпараттандырудың қажетті шартына айналып отыр. [13]
-
Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр.
-
Жалпы айтқанда көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуге жол ашады. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
-
Химияны оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту жолын студенттердің ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін калыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп білеміз. Қай пәнде болмасын сабақ барысында тақырыпқа негізделген мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мәтінді үш тілге негіздей отырып жұмыс істеу, оқушылардың тақырыпты меңгеруіне көмегін тигізумен бірге, өзге тілдерді ғылыми тілде үйренуіне ықпал етеді.
-
Ағылшын тілінде берілген мәтінді оқып шығып, түсінгеніңді кестеде бергіле:
Oxygen is a colorless, tasteless gaseous chemical element which appears in great abundance on Earth, trapped by the atmosphere. Many people are familiar with oxygen, because it is a vital component of the respiration process, without oxygen, most organisms will die within minutes. A number of form of oxygen and oxygen compounds can be found in nature. Oxygen can also be isolated and sold in pure form for an assortment of uses and was first isolated and identified in 1774. The atomic number of oxygen is eight and it is dentified by an O symbol on the periodic table of elements. Кесте - 2
|
Cөйлем шындық немесе жалған |
Yes |
No |
|
Мәтін оттегі элементі туралы |
|
|
|
Оттегі түссіз, иіссіз және дәмсіз |
|
|
|
Оттегі ақ түсті |
|
|
|
Оттегі қышқыл дәмді |
|
|
|
Оттегі химияның ең маңызсыз элементі |
|
|
|
Оттегі жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді |
|
|
|
Тіршілік иесі оттегісіз де өмір сүре алады |
|
|
|
Оттегінің атом саны 12 |
|
|
|
Оттегі периодтық кестеде О әрпімен белгіленеді |
|
|
|
Жер бетінде өте көп мөлшерде оттегі болады |
|
|
|
Тіршілік иесі оттегісіз өмір сүре алмайды |
|
|
|
Оттегі бірінші рет 1947 жылы анықталған |
|
|
Сөз тіркестерін анықтап, орыс және қазақ тілдеріндегі аудармасын жаз:
Chemical component химический элемент химиялық элемент
Vital element жизненно важный компонент ______________
Respiration abundance _______________________________________
Great process _______________________________________
Oxygen number _______________________________________
Atomic in nature _______________________________________
Found compounds _______________________________________
Сөзге сәйкес жалғауын жалғап, орыс және қазақ тілдеріндегі аудармасын жаз:
Color oust түссіз безцветный
Odor less ___________ ________________
Gase less ___________ ________________
Assort ic ___________ ________________
Period ance ___________ ________________
Abund ment ___________ ________________
Organ isin ___________ ________________
Atom ic ___________ ________________
Мәтінді мына сөздердің аудармасымен толықтыр:
(Түссіз, химиялық, оттегі, ағза, табиғат, атомдық, кесте, қосылыстар, атмосфера)
Oxygen is a ________, odorless tasteless gaseous __________ element which appears in great abundance on Earth, trapped by the __________ Many people are familiar with_________, because it is a vital component of the respiration process; without oxygen, most _________ will die within minutes. A number of form of oxygen and oxygen ___________ can be found in _________. Oxygen can also be isolated and identified in 1774. The ____________ number of oxygen is eight and it is identified by an O symbol on the periodic _______________ of element.
Сабақ барысында оқушылар арасында лездік сұрақтар арқылы да тілдік қорын молайтып, химиялық ұғымдарды ағылшын тілінде меңгеруіне мүмкіндіктер туғызуға болады. Бұндай тапсырмаларды сабақты қорытындылау кезінде қолданған жөн. Кейде топтар арасында өтетінжарыс кезінде де өте тиімді, әрі оқушы білімін әділ, әрі жылдам бағалауға мүмкіндік береді.
-
Натрий - сілтілік металл
-
Лакмус – индикатор
-
Катализатор – реакцияны жылдамдатады
-
Оттегі – газ
-
Ингибитор – реакциияны тежейді
-
Метан – қаныққан көмірсутек
-
Қара алтын – мұнай
-
Аргон – инертті газ
-
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерісі – алмаз, графит
-
КОН – сілті
-
НСl – қышқыл
-
Феррум – темірдің латынша аты
-
Менделеев болжаған 3 элемент – галий, скандий, германий
Пәнді үш тілде кіріктіре оқыту – бұл бір оқу материалының үш тілде негізделіп берілуі, жалпы білімнің үш тілде тоғысуы, бір-бірімен етене байланысуы. Үш тілде ұштастыра өткен сабақтар оқушыға толық түсінік береді, заттар мен құбылстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді. Олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісіммен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді. Атап айтар болсам 9 сыныпта «Темір» тақырыбын кіріктіре оқыту оқушыларға металдар жөніндде мол мағлұмат береді. Мысалы
Кесте - 3
-
Темір
Железо
Iron
Темір химиялық элемент
Железо – химический элемент
Iron is chemical element
Fe таңбасымен белгіленеді. Реттік нөмірі 26
Обозначаятся символом Fe. Атомный номер 26
With the symbol Fe
Atomic number 26
Таралуы жағынан ол металдар арасында бірінші элемент
Один из самых распрастраненных в земной коре металлов
It is a metal in the first transition series
Ол элементтердің периодтық жүйесіндегі төртінші элемент
Четвертый элемент периодической системы химических элементов
It is the fourth element of the periodic table of elements
Сызықтарға тиісті сөздерді жаз: metal, periodic, fourth, chemical, first.
Iron is a _________ element with the symbol Fe atomic number is 26. It is a ___________ in the transition serias …. It is the element of the table of elements.
Сызықтарға тиісті сөздерді жаз: символом, железо системы атомным распространенных ___________ химический элемент, обозначается ___________Fe с ___________ номером 26. Один из самых __________ в земной коре металлов. Четвертый элемент периодической ____________ химических элементов.
Темір туралы қызықты мәліметтермен танысып, қазақ тіліне аударыңдар

«Темір және оның маңызды қосылыстары» тақырыбына үш тілді үндестіре оқыту және дәстүрлі оқытудың салыстырмалы көрсеткіші
Кесте - 4
|
сыныбы |
Қатысқан оқушылар саны |
Сабақтың түрі |
5 |
4 |
3 |
2 |
Үлгерімі |
сапасы |
айырмашылығы |
|
|
үлегірімі |
сапасы |
|||||||||
|
9 «А» |
20 |
Үш тілде үндестіре оқыту |
5 |
10 |
5 |
- |
100% |
75 |
Жоқ |
15% |
|
9 «Б» |
20 |
Дәстүрлі оқыту |
2 |
9 |
9 |
- |
100% |
55 |
жоқ |
|
Үш тілде үндестіре оқыту:
-
Білім сапасы көтерілді;
-
Ағылшын, орыс тілдерімен салыстыра жұмыс жасау қабілеті қалыптасты.
-
Ізденушілік қабілеті артты, мұғалім еңбегі жеңілдеді.
-
Ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттерді қолдануға бейімделді.
-
Пәнге деген қызығушылықтары қалыптасты.
-
Білім сапасы дәстүрлі оқытумен салыстырғанда 15% көтерілді.
-
Пәнді интернет жүйесін пайдаланып үйренуге үмтылысы байқалды.
Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту арқылы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сабақ барысында қосымша берілетін химиялық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның болашағы жасөспірім, жас ұрпақтар біз оларға болашақта үлкен сенім артамыз. Олардың сол сенімді орындауы үшін біз оларға үлкен жол көрсетуімі керек. Қазір мектепте берген білім әрбір баланың санасында қалып қояды, олар оны орындауға, алған білімін өз болашағына азық етуге, ел болашағына пайдалануға барынша тырысып бағады. Қазіргі кездегі халықаралық байланысты жоғары деңгейде дамығандығын және соңғы кездерде шет елдерде білім алудың жолға қойылып отырғандығын ескеретін болсақ, әр оқушының алған білімі пайдалы жүзеге асатындығын және оның тек өз елінде ғана емес әлем деңгейінде жарамды болатындығын қарастырған жөн. Оны әрбір оқытушы өз ісімен, шеберлігімен оқушыға жеткізе отырып, оны жан-жақты тәрбиелеп санасына құйып отыруы қажет. Міне сонда ғана қазақтың туын көкте желбіретіп, биіктерге асқақтатады және де білімді де білікті жастар саны артады деп сенемін.
Химия пәнін үш тілді үндестіре отырып меңгерту үшін стандарттық бағдарламаны игеруде оқушыны қалыптастырып, оны қызықтыру үшін тілді игертудің оңай жолдарын, тәсілін табу мқғалімнің шеберлігіне байланысты. Мектеп оқушылары заман ағымына сай күнделікті өмірде аз ана тілдерімен бірге орыс және ағылшын тілдерін де жиі қолданылады. Ол-заман талабы, өмір қажеттілігі. Химия пәнінде басқа тілді қолдану оқушылардың қызығушылығын арттырып, өзі өмір сүріп отырған ортада еркіндікке бейімдеп, өзін танып біліп, кез келген әрекетке жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарау деңгейіне жеткізеді.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін интерактивті әдіс-тәсілдердің тіимді пайдасы бар. Бұл сабақтарда, интерактивті тақта көмегімен тәжірибелер жасап, сұрақтарға жауап беріп жауабының дұрыстығын бірден анықтауға мүмкіндігі болады. Сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі толықтыруға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.
-
Химияны оқытуда үштілділікті енгізу және оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыратындығы дәлелденді.
-
Үш тілді кіріктіре оқыту оқушылардың танымдық қызығушылығын, тілдік сауаттылығын және білім сапасын арттырды.

Жалпы пәнді үш тілде оқыту қазіргі кезде көп қолдауға ие болып отыр.
Бұл қажеттіліктен туындады. Мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларға көптеп қатысуда, ал осы олимпиадалар мен ғылыми жобалар ағылшын тілінде қорғауды қажет етеді. Көп жағдайда химия пәнін жақсы меңгерген оқушылар ағылшн тілін жетік білмегендіктен осындай мүмкіндіктерге қол жеткізе алмай жатады. Осы кедергілерді жою мақсатында, мектепте өтілетін пәндерді үш тілге негіздей отырып өткізген тиімді.
Үш тілді қатар игеру біздің тіліміз бен мәдениетіміздің дамуына кедергі келтіреді деген де күмән бар. Ол да негізсіз емес. Қайткенменде де ұлт болып осы мәселені терең ойластыруымыз керек. Біздің ойымызша, заманымыздың осындай өктем талабына кезігіп отырған, оларға өз жауабын тауып отырған басқа елдер тәжірибесіне тереңірек үңілуіміз керек. Әрбір ұлттың тек өзіне тән, басқаларда жоқ рухани қоры, мәдени дәстүрі бар. Дегенмен әлемдегі әлеуметтік жаңғыру үрдісі оларды бірінің ізімен бірі жүруге, бірінің тәжірибесін бірі айталауға шақырады, тіпті мәжбүр етеді десек те болады. Қазақстан өзінің мәдени болмысын сақтау мәселесімен кездесіп отырған жаһандағы жалғыз елемес. Көптеген елдердің де алдында осы мәселе тұр. Тіл де, мәдениетте те мәңгілік бір қалпын сақтамайды, олар да дамиды, өмірде болып жатқан құбылыстарға сәйкес жаңғырады.
Сонымен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытындылай келе, шұғылалы күніміз шуақты, қыран құсымыз қанатын кең жайсын десек, барлығымыз жұмыла жұдырық болып Елбасымыздың ұсынған көп тілділік саясатын бір кісідей қолдап, межелі нәтижеге жету үшін барлығымызда өз үлесімізді тигізуіміз қажет-ақ! Сондай-ақ сөзімнің соңында «Өз тілің бірлік үшін, Өзге тілің тірлік үшін керек»-дегім келеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Білім. ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-сараптамалық журнал, №3 2008ж.
2. «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР Президенті
3. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2014.
4. Қазақстан Республикасының Призендеті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы. Астана, 2007ж.
5. «Химия мектепте» жураналы сәуір-мамыр 2003ж
6. «Химия мектепте» жураналы 2010ж. №2 12 бет
7. «Химия мектепте» жураналы 2011ж. №2 23 бет
8. « Химия мектепте » журналы 2006ж-2. 44 – 64 бет.
9. Жұматаева Б.Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы. // Биология және
салауаттылық негізі-2005.-№2.- Б.34-44.
10. Ж. Мұханбетов «Топқа бөліп оқыту» Алматы №5 2005ж. 16 – 18б.
11. Интернет желісі www. google.ru. «http://study-english.info/vocabulary-elements.php#ixzz45bvoeV8W http://study-english.info/ »
12. «Мектеп және жоғары оқу орындары: Ой қозғағыштар, ізденістер,
табыстар» // Алматы. «Кәсіби даму мектебі» 2005ж
13. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құралдар. №1, 2, 3, 4. 1998
14. Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов. Жалпы химия. – А.: Рауан, 2001.
15. М.З.Қамалов, М.Д. Джусубалиева. Химиялық элементтер қасиеттерінің
энциклопедиялық анықтама таблицасы.- А.: Қайнар, 1993.-49 бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз