Химия пәнінде математиканы байланыстыра оқытудың маңыздылығы
Дағыстан Аман, магистрант
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны
Аннотация. Мақаланың басты тақырыбы химия пәнінің адам өмірінде алар айшықты орынын дәлеледеу. Оған қоса, пәнаралық байланыстың артықшылықтарына тоқталу. Математиканың химия пәнін игерту барысында ұтымды тұстарын айтып, әдіс-тәсілдерді көрсету.
Кілт сөздер: білім, пәнаралық байланыс, химия, математика, оқушы, есеп, әдіс-тәсіл
Химия пәні өзіне тән артықшылықтары мен қызықты мәліметтерге толы сабақ ретінде белгілі. Оқушылар аталмыш пәнмен тек жоғары сыныпта танысып, жан-жақты зерттей бастайды. Әрине, бастапқыда атауы да, өзі де жұмбақ сабақтың, уақыт өте келе оқушыларды өзіне жіпсіз байлап, ерекше қызығушылықпен орындалатыны рас. Әсіресе, түрлі теңдеулер, зертханалық жұмыс пен маңызды ақпарат пәннің біздің өмірімізде қаншалықты маңызға ие екендігін айқындап бергендей.
Жалпы, айтар болсақ, философияда физика мен математикаға қарағанда химия мәселесі алдыңғы қатарда орналасқан. Олай дейтін себебіміз, жердегі бар байлықтың игерілуі, адамзат игілігіне жаратылуы тікелей аталмыш пәнді тереңірек зерттеп, ден қоюында жатыр. Кез-келген елдің экономикасының ілгері басып, алға қарай жылжуында химияның алар орыны ерекше. Табиғаттағы тұнған тамаша қорды ұтымды пайдаға жарату, өндіріс өнеркәсібінде жүзеге асыру барысы барлығы дерлік, осы пәннің төңірегінде іске асады. Сондықтан, жаратылыстану пәндерінің арасында химия ерекше рөл атқарып, өзіне тән салмақтылығымен ерекшеленеді.
Барлық философиялық сұрақтар секілді, химия пәні туралы мәселе де тарихи маңызға ие. Абсолютті идеяның қалыптасу тарихын бейнелейтін Гегельдің «Логикасынды» объективтілікті үшке бөліп қарастырады: механизм, химизм және организм. Механизм – бұл өзара «рухани байланысы» бар бөлшектердің қосылысы. Механизмде ішкі тұтастық болмайды. Химизм бөлшектердің табиғатынан туындайтын біртұтастықты білдіреді.Механикалық қосылысқа қарағанда, химиялық қосылыс өзінің комбинацияға жатпайтын спецификациясына ие.
Жалпы, химия дегеніміз - заттар, олардың қасиеттері, құрылысы мен өзгеріске ұшырауын, оған әсер ететін факторларды анықтап, құбылыстарды зерттейтін ғылым. Айта кетейік, әр зат өзіне тән физикалық қасиеті бойынша, яғни түсі, реңі, қалыбы, пішіні, қайнау температурасы, тығыздығы, балқуы, жылу және электр өткізгіштігі т.б. және химиялық қасиеттері, басқа заттармен әрекеттесу, реакцияға түсу, белгілі бір өнімге айналу тәрізді ерекшеліктерге ие.
Жалпы, химия пәні өзіне тән көптеген қызықты мәліметтерге толы пән. Оны оқушылардың бойына сіңіру барысында жан-жақты әдіс-тәсілдерді ескергеніміз абзал. Әсіресе, оны тереңірек оқыту мақсатында, пәнаралық байланыс негізінде, өзге сабақтармен кіріктіре отыра білім беру үлкен маңызға ие. Осы қатардың ішінде, математика сабағын химия пәнінде қолданудың да орыны ерекше.
Білім алушылардың химияны оқуды кіріспес бұрын математикадан және физикадан алған білімдері анықталады. Химия пәнінің мұғалімі олардың тапсырмаларды шешу үшін қабілеті мен талпынысын анықтайды. Математика мен физиканың ережелері мен заңдары физикалық білім алу кезінде барлық ғылымға тараған [1].
Математика пәнінің химия ғылымымен байланыстылығы химиялық практика жүзінде кездесетін есептерінде пропорция құру, математикалық өрнектер арқылы есептер шығару және геометриялық графиктер қолданылғанынан байқауға болады. Есептерді шешудің тәсілдерінің бірі, яғни, пропорция құру ғана жиі қолданылады, оқушылардың математика пәнінен алған дайындығы, көбінесе ескерілмейді. Математиканың амалдары, өрнектері, графикалық алгоритмдік әдістер, физикалық шамалар және олардың белгілеулері тиімді пайдаланылмайды. Соған байланысты химия пәнін оқытуда математикалық өрнектер көптеп қолданылады. Есептің химиялық жағын жан-жақты талдап, нақтылы түсінуге жете назар аударылмайды. Оқушылар есепті мұғалім көрсеткен бір тәсілмен ғана шығарып, өздерінің белсенділігін көрсете алмайды, жауабының дұрыстығын кері есеп құрастыру арқылы тексермейтіндігі себепті, қазіргі кезде химия пәнін математикамен тығыз байланыстырып білім беру жіті қолға алынған. Бұл кемшіліктерді болдырмау үшін сан есептерін химияны оқыту барысына енгізу, шешу тәсілдерін және әдісін меңгеру керек.
Математиканы оқытудың негізгі мақсаттарының бірі – оқушыларды логикалық тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, соған байланысты оқушылардың нақты шешім қабылдау қасиеті артады.
Химия курсының мазмұнына сан есептерін кіргізу реті бағдарламаның жеке тақырыптарында көрсетілген. Белгілі бір тақырыпта енгізілген есеп типі одан кейінгі тақырыптарда жүйелі түрде дамытылуы қажет. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулерді мысалға алып, мұны бағдарламада жүзеге асыру ретін көрсетейік.
Химиялық теңдеулер бойынша есептеулердің жеті түрі үш сыныпқа бөлініп берілген. Қалған тақырыптарда өтілген типтерге есептер шығарылады. [2,3,4]
Математика сабағы оқушыларға ерте сыныптан оқытылатынын ескерсек, оны игеру, қабылдау балалар үшін аса қиынға түсе қоймайды. Сондықтан, химия сабағында математиканы біріктіре оқытудың өзіндік артықшылықтары да орын алатыны анық. Әсіресе, екеуіне ортақ дүние, есептер шығару барысында өзінің көп көмегін тигізбек.
Есептерді дұрыс шығарудың қажетті шарты нақты жүргізілген математикалық есептеу. Есептерде келтірілген барлық мәндер анықталған өлшемдермен беріледі. Осылайша, технохимиялық таразылар зат массасын - +0,01мл-ге дейінгі дәлдікпен, ал аналитикалық таразылар +-0,0001г дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді. Ал мензурка мен целиндр зат көлемін +-1 мл-ге дейін, ал бюретка +-0,01 мл дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді. Есептердегі мәндерді нақты өлшеу оң таңбалы сандардың көмегімен көрсетіледі. [5]
Химиялық есептердің шешімінің дұрыстығын есептер мен жаттығулар жинағындағы жауаптары бойынша тексереді. Көптеген жағдайларда тексеру мақсатында математика сабақтарында кері шешілген есептерді шығарады. Егер есеп күрделі және оны бір – екі пропорциямен шешу мүмкін болмаса, онда есептерді шешудің алгебралық тәсілдері қолданылады. Осы жағдайда, алгебраның басқа әдістерін, сызықтық теңдеулерді және теңсіздіктерді пайдалану қолайлы.
Бұл пәннен есептерді шешу кезінде әртүрлі обьектілердегі құрамдық бөліктердің қатынасын табуға арналған есептеулерді жүргізу қажеттігі туындайды. Әртүрлі обьектілер ретінде химиялық қосылыстарды, заттардың қоспаларын, қорытпаларды қарастыруға болады. Химиктерге ғана емес, әртүрлі кәсіп иелеріне – агрономдарға, дәрігерлерге, металлургтер мен геологтарға осы түрдегі есептерді шешуге тура келеді.
Аталмыш сабақта есептерді шығару мақсатқа сай алгебралық тәсілдерді қолдану арқылы іске асады. Бұл жағдайда зерттеу және есептер қатарын талдау формула құру және соңғы формулаларды белгілі мәндер немесе алгебралық теңдеулерді шешумен үйлестіріледі. [1]
Химия пәнін математикамен байланыстыра өтудің өзіндік артықшылықтарына тоқталсам:
1. Оқушылардың танымдық және логикалық қасиеттерімен қатар шығармашылық қабілеттері де дамиды
2. Есепті өзгеше қырынан тануға мүмкіндік алады;
3. Жылдам ойлау,тез нәтиже шығаруға дағдыланады;
4. Оқушылардың мәліметтерді өздігінен ізденуіне ықпал етіп, есепті түрлендіруге жағдай жасайды;
5. Ақпараттық технологияларды пайдаланып, тиімді әдіс-тәсілді меңгереді;
6. Қос пәнді біріктірі өткізу барысында оқушылар жан-жақты болуға талпынып, біліктіліктері артады;
7. Химия пәніне деген қызығушылық артып, ынта көтеріледі.
Сол себепті, пәнаралық байланыстың сабақ барысында қаншалықты ұтымды екендігін алға тартқым келеді. Әр ұстаз тек оны дұрыс жүзеге асырып, тиімді пайдалануы қажет. Көп жағдайда, оқу барысының жетістікке қол жеткізуі тікелей ұстаздың құзіреттілігінде. Сондықтан, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», дегендей шәкірттерінің бойына талмай білім нәрін сіңіретін ұстаздар қатары көп болсын.
Өз кезегінде білімнің шамшырағын жағып, болашақтың іргесін қалайтын, бүгінгі жас буын екені анық. Олай болса, ұлт ұландарын тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті.
Тұңғыш Президент, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясықалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдарын айта отырып, бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», деген болатын.
Олай болса, көзі ашық, көкірегі ояу, білімі мен біліктілігі бір бойына тоғысқан,болашақта ұлт дамуына өз үлесін тигізетін ұландарды тәрбиелеу басты мақсатымыз!
Әдебиеттер:
-
Ерыгнн Д.П., Шишкин Е.А.,Химия пәнінен есептер шығару әдістемесі: Оқу құралы педагогикалық бпғыттағы биология және химия пәндері студенттердің қолданылуына арналған М.:Просвещение, 1989.-176 с.:
-
Әлімқұлова Э.Ж. Химияны жаратылыстану пәндерімен байланыстыра оқыту негізінде студенттердің экологиялық білімін жетілдіру. Пед.ғылым канд.диссер., Алматы, 2005 г.-№9№-20 б.
-
Нурахметов Н.Н., Сарманова К.А., Джексимбина К.М..және т.б.: Жалпы білім беретін орта мектептің химия пәнінен 8-9 сыныптарына арналған бағдарлама.-Алматы,2006 г.-32 б.
-
Бекишев К., Ниязбаева А.И., Нурахметов Н.Н. Формирование профессиональных умений будущего учителя химии на основе химического эксперимента //Вестник КазНУ,2008г.-№5.-55 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз