400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХИМИЯ ПӘНІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен есеп шығарудың таным процесіндегі ролі өте зор. Есептер шығару кезінде оқушылардың ойлау қабілеті тез дамиды. Сол себепті де оқушының танымдық қабілетін артыруда математика есептерін шығара білуіне мән берілсе, физика, химия есептерін шығаруда білім алушы қиналмайды. Сандық және сапалық есептер шығару өте маңызды орын алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Колледж «Семей» мекемесі.











ХИМИЯ ПӘНІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ.







Құрастырушы: химия пәнінің оқытушысы

Карипова Мария Мухаметкалиевна





Есеп шығара білу жаттығу

нәтижесінде қалыптасатын өнер.

Д.Пойа.

Алғы сөз

Химия пәнінен есеп шығарудың таным процесіндегі ролі өте зор. Есептер шығару кезінде оқушылардың ойлау қабілеті тез дамиды. Сол себепті де оқушының танымдық қабілетін артыруда математика есептерін шығара білуіне мән берілсе, физика, химия есептерін шығаруда білім алушы қиналмайды. Сандық және сапалық есептер шығару өте маңызды орын алады.

Химия пәнінен есеп шығара білу үшін оқушы білімі терең химиялық формулалар мен теңдеулерді қатесіз жақсы жаза алумен қатар химиялық түрлі заңдылықтарды меңгере білуі тиіс. Химиялық формулаларды еркін жаза алумен қатар олардың атауларын, қасиеттерін тани білу керек, есептің шартын түсіне отырып оған теңдеу құра білу маңызды.

Химияның есептерін шығара білу көпшілік жағдайда оқушының математикалық және физикалық сауаттылығына тәуелді болып жатады, олай дейтін себебіміз сол екі пәнге жақсы қабілетті оқушы химия есептерін тез меңгере алады. Бірақ бір қиыны химия пәнінде элементтер олардың валенттілігі бойынша формула мен теңдеулер құрастыру маңызды болғандықтан, оқушы көбіне осы жағынан қиналып қалады.

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал бейорганикалық және органикалық химия пәндеріне берілген есептерді шығаруда мектеп оқушылары мен кәсіби білім беруде 1-2 курстың білім алушыларына арналады.

Әдістемелік құрал есептердің шығарылуда негізгі бағыт-бағдар беретін, жас оқытушылардың оқу материалдарын игертуде әдістемелік құрал болып табылады.

















Бейорганикалық және органикалық химия пәндеріне берілген есептерді шығару нұсқасы.



Есеп: №1. Магний хлоридінің 10% -к 240 гр. ерітіндісіне 60 гр. тұз қосылды.Алынған ерітіндідегі MgCl2 –нің массасы?

Шешуі: 240гр.- ның 10 пайызын табамыз: 240 х 0,1 24гр. Жалпы ерітіндінің массасын табамыз: m 24 г + 60 г = 84гр.

W = 24 / 84 x 100= 28 %

А.28 % В. 15% С. 20% Д. 12 % Е. 10 %

Есеп:№2. Массалық үлесі 0,2 натрий гидроксидінің 600 гр. ерітіндісіне массалық үлесі 0,2 азот қышқылының 800 гр ерітіндісі араластырылғанда түзілген тұздың массасы?

Шешуі:

NaOH + HNO3 = NaNO3 + HOH

m1 = 0,2 x 600 = 120

m2 = 0,2 x 800 = 160

V1 = 120 / 40 = 3

V2 = 160 / 63 = 2,5

m1 = 3 x 85 = 255 гр.

m2 = 2,5396825397 x 85 = 215,9 гр.

Жауаптар:

А. 208,9 гр В. 295,9 гр. С 251,9гр. Д 215,9 гр. Е 282,9 гр.

Есеп: №3. Құрамында 45 % күкірті бар 1 т пириттен шығымы 98 пайыз болса, түзілетін күкіртті газдың массасы ( т) ?

Шешуі: Алдымен реакция теңдеуін жазып аламыз:

4FeS2 + 11O2 = 2Fe2O3 + 8SO2

1 т = 1000 кг. Бұдан масса тауып алсақ: 1000 кг х 0,45 = 450кг.

450 кг. -------------- Х кг.

0.480 кг. ------------- 0.512 кг.

Х = 480 кг.

480 кг. ---------- 100 %

Х кг. ---------- 98%

Х = 470, 4 кг. Тоннаға айналдырсақ : Х = 0,47 т

А 0,47 т В 0,78 т С 0,98 т Д 0,68 т Е 0,88 т

Есеп: №4. Мүсәтір спиртін алу үшін 5,6 л (қ.ж) аммиак 200 гр. суда ерітілді. Алынған ерітіндідегі аммоний гидроксидінің массалық үлесі?

Шешуі: Алдымен реакция теңдеуін жазып аламыз:

NH3 + HOH = NH4OH

5,6 л -------------- Х

22,4 л ------------ 17 г/ моль

Х = 4,25 гр. Бұдан жалпы сумен қосқандағы масса: 204,25 грамға тең.

4,25 гр. ------------- Х

17г/ моль ---------- 35г/моль

Х = 8,75гр.

Бұдан мүсәтірдің массалық үлесін табамыз:

W = 8,75г / 204,25 х 100 % = 4,28 %

А 4,28 % В 4,22 % С 2,80 % Д 1,83% Е 5,31%

Есеп:№ 5. Метан мен этаннан тұратын қоспаның сутек бойынша тығыздығы - 10, көлемдік үлестері.

Шешуі: Метан мен этанның орташа молярлық массаларын оның сутегі бойынша тығыздығын пайдаланып анықтаймыз.(жүйе құру)

Морт(СН4; С2Н6;) = Мн2 * Дн2 = 2г/моль * 10 = 20г/моль

{ M1 * Y1 + M2 * Y2 = Морт(СН4; С2Н6;)

{Y1 + Y2 = 1

Орындарына қоямыз:

{ 16 * Y1 + 30 * Y2 = 20

{ Y1 + Y2 = 1 Y1 = 1 - Y2

16 * ( 1 - Y2 ) + 30 Y2 = 20

14 Y2 = 4 Y2 = 0,29 немесе 29%

Y1 = 0, 71 немесе 71%

А. 70,4 % В. 55,5 % С. 71,0 % Д. 29,0 % Е. 69 % F. 41% G. 29,6 % H. 44,5 %

Есеп:№ 6. 32 гр. темір (III) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда 21,28г темір түзілді. Темірдің шығымын есептеңдер?

Шешуі: Реакция теңдеуін жазамыз:

Fe2O3 + 3C = 2Fe + 3CO

32г. ------- X x = 22,4 г.

160 г/моль ----- 112 г /моль

= 21,28 / 22,4 x 100 % = 95%

А. 90 % В 95 % С 75 % Д 80 % Е 85 %



Есеп:№ 7. Метанолдың массалық үлесі 0,2 – ге тең 300 гр. ерітіндісін даярлауға қажетті судың массасы?

Шешуі: Метанолдың формуласы: СН3 ОН

m = m1 * w = 300 г * 0,2 = 60 г.

m = m1 - m2 = 300 г. – 60 г. = 240 г.

А 240 г. В 450 г. С 280 г. Д 300 г. Е 60 г.

Есеп:№ 8. 4,6 г. Қаныққан бір атомды спирт натримен әрекеттескенде ( қ.ж.) 1,12 л сутек бөлінген. Спирттің молярлық массасы?

Шешуі: Реакция теңдеуін жазамыз:

2CnH2n+ 1OH + 2Na = 2 CnH2n+1 ONa + H2

4,6 г. 1,12 л

X 22,4 л

X = 92 г.

Реакциятеңдеуібойыншаекіеселенгендіктенекігебөлеміз.

А..46 г. В 56 г. С 76 г. Д 87 г. Е 62 г.

Есеп:№ 9.Көмірқышқылгазынтолықкетіргенше 46 г. ДоломиттіCaCO3 * MgCO3қаттықыздырғанда жоғалтатын массасы ?

Шешуі: Реакция теңдеуін жазамыз:

CaCO3 * MgCO3 = CaCO3 + MgCO3

CaCO3 = CaO + CO2

46 г -----------X

184 г/моль -------- 44 г/моль

Х = 11г.

А 5,5 г. В 24 г. С 44 г. Д 11 г. Е 66 г.

Есеп:№ 10. 1 моль азот пен 3 моль сутек әрекеттескенде 2 моль аммиак түзілген.

Азот пен сутектің әрекеттескендегі қатынасы және аммиактың массасы...

Шешуі: Реакция теңдеуін жазамыз сол бойынша молдік қатынастарын анықтаймыз.

N2 + 3H2 =2 NH3

1 3 2

28г/моль 6г/моль 34 г.моль

A) 3:1:3 51г. NH3

В) 3:1:2 17 г. NH3

С) 3:1:1 17 г. NH3

Д) 1:1:3 34 г. NH3

Е) 3:1:2 17г. NH3

Есеп:№ 11. Массасы 0,7 г екі валентті металл қышқылмен әрекеттескенде 280 мл. Сутегі газы бөлінген. Металдың формуласы?

Шешуі: Реакция теңдеуін жазамыз:

Me + 2HCl = MeCl2 + H2

0,7 г 280 мл 0,28 л.

Х 22,4л

Х = 0,7 г * 22,4 л / 0,28л = 56 г/моль

А) FeB) CaC) ZnD) AlE) K



Есеп:№ 12. Бейтараптанукезінде 5,3 г. Сусызсоданыалмастыраалатынсақардыңмөлшері?

Шешуі: Формула бойынша:

Na2CO3 = 5,3 г./ 106 г/моль = 0,05 моль

А 0,05 моль В 0,15 моль С 1,07 моль Д 1,04 моль Е 1,08 моль



Есеп:№ 13. 190 г. 2 пайыздық амин сірке қышқылының ерітіндісімен әрекеттесетін пропанолдың массасы:

Шешуі: Реакция теңдеуін жазамыз:

H2N CH2COOH + C3H7OH = H2N CH2-CООC3H7 + HOH



m = m1 * w = 190 г * 0,02 = 3,8 г.

3,8 г. --------------- Х

75 г/ моль. ---------- 60г/моль Х = 3,8 г * 60г.моль / 75г/моль = 3,04 г.

А 3 г. В36 г. С 12 г. Д 6 г. Е 56 г. F. 48 г. G. 9 г. H. 24 г.

Есеп:№ 14. Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі:

2Н2 + 5О25СО2 +2Н2О + 2600 кДж

25 % қоспасы бар 36 л. ацетиленді (қ.ж. ) жаққанда бөлінетін жылу мөлшері?

Шешуі: Берілген реакция теңдеуі бойынша прапорция құрастырамыз:

2Н2 + 5О2 5СО2 +2Н2О + 2600 кДж

100 % - 25 % = 75 % қалады, 0,75 * 36 л = 27 л.

Бұдан прапорция

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
16.11.2021
1613
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі