
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
химия пәнінен есептер
Жылу эффектісіне байланысты есептеулер:
-
Термохимиялық теңдеуі берілген C+O2=CO2+402,2кДж. Егер реакция нәтижесінде 106 кДж жылу бөлінетін болса, жанған көмірдің массасын есептеңіз;
-
Егер жай заттардан 9 г су түзілгенде 143 кДж жылу бөлінген болса, реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар:
-
Егер термохимиялық теңдеуі C+O2=CO2+402,2кДж болса, 2г көмір жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңіз:
-
2H2S(г)+3O2(г)=2SO2(г)+2H2O+1166 кДж теңдеуі бойынша 11,2 литр (қ.ж.) күкіртсутек жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңыз:
-
C6H12O6+6O2=6CО2+6H2O+2820 кДж термохимиялық теңдеуі бойынша 705 кДж жылу бөлінген болса, тотыққан глюкозаның массасын есептеңіз:
-
Құрамында 10% қоспасы бар 0,5 тонна ізбісті толық ыдыратуға қажет энергия мөлшерін есептеңіз. CaCO3=CaO+CO2 - 180 кДж
-
Термохимиялық теңдеуі S+O2=SO2+297кДж болса, 16 г күкірт жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңіз;
-
Метан жануының термохимиялық теңдеуі CH4+2O2=CO2+2H2O+880кДж. Зат мөлшері 0,25 моль метан жанғанда бөлінген жылу мөлшерін анықтаңыз;
-
Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі 2C2H2+5O2=4CO2+2H2O+2610кДж болса, 2,5моль ацетилен жанған кезде бөлінген жылу мөлшерін есептеңіз;
-
1 моль сұйық судың түзілу жылуы 286 кДж тең болса, 7,2 г су түзілгенде жұмсалатын жылу мөлшерін анықтаңыз;
-
Термохимиялық теңдеуі C+O2=CO2+394кДж болса, 197 кДж жылу алу үшін жұмсалатын оттектің (қ.ж.) көлемін анықтаңыз;
-
2SO3=2SO2+O2-198кДж термохимиялық теңдеуі бойынша 8 г күкірт (ҮІ) оксиді әрекеттесуі кезінде жұмсалған жылу мөлшерін есептеңіз:
Химиялық реакцияның жылдамдығына есептеулер:
?- реакцияның жылдамдығы,
γ- температуралық коэффициент (Вант- Гофф коэффициенті),
Т2-Т1- бастапқы және соңғы
температураның айырымы.
-
Температураны 10оС градусқа көтергенде реакция жылдамдығы үш есе артатын болса, температураны 150оС-200оС-қа дейін көтергендегі реакция жылдамдығын анықтаңыз:
-
Температуралық коэффициенті (γ) 4-ке тең болса, температураны 10оС-тан 40оС-қа көтергендегі реакция жылдамдығын анықтаңыз:
-
Температура 30оС-қа төмендеп, жылдамдық 27 есе азайғанда температуралық коэффициент нешеге тең болады.
-
Температураны 500С -тан 900С-қа көтергендегі (γ=2) реакция жылдамдығының артуын есептеңіз;
-
Температураны 200С-қа төмендеткенде, реакция жылдамдығы 16 есе кемісе, реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең;
-
Температураны 500С-қа төмендеткенде, реакция жылдамдығының (γ=3) кемуін анықтаңыз;
-
Химиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ=2 . Егер температураны 200С-тан 400С-ге дейін көтерсе, реакция жылдамдығы қанша есе артады.
-
Реакцияның жылдамдығы 81 есе артса, γ=3 болғанда онда температураны неше градусқа жоғарлатылған.
-
Егер температураны 300С-қа көтергенде реакция жылдамдығы 64 есе артса, онда реакцияның температуралық коэффициентін анықтаңыз;
Зат тығыздығына
есептеулер:
-
50 мл спирт (ρ=0,8г/мл) алу үшін глюкозаның массасын есептеңіз:
-
91 мл 25% барий хлориді ерітіндісімен (ρ=1,144г/мл) әрекеттесетін натрий сульфатының (моль) зат мөлшерін анықтаңыз:
-
Тығыздығы ρ=0,88г/мл, 44,32 мл бензол жарық қатысында хлормен әрекеттескенде түзілетін гексахлоранның массасын есептеңіз:
-
Құрамында 32,4% крахмалы бар 1т картоптан ашу арқылы 200 л спирт (ρ=0,8г/см3) алынғаны белгілі болса, этил спиртінің шығымын есептеңіз;
-
88г триброманилин алу үшін 35%-ті бром суының (ρ=1,02 г/см3) қажет көлемін есептеңіз;
-
Тығыздығы 0,8г/мл 110мл сірке қышқылының этил эфирін алу үшін қажет сірке қышқылының массасын есептеңіз;
-
40г кальций карбонаты мен 30%-тті 160мл тұз қышқылының ерітіндісі (тығыздығы 1,15г/мл) әрекеттескенде түзілген газды натрий гидроксидінің артық мөлшеріндегі ерітіндісі арқылы өткізгенде алынған тұздың массасын анықтаңыз;
-
1 литрінде 224 HNO3 (ρ=1,12г/мл) бар ертіндідегі азот қышқылының массалық үлесі;
-
Фенолдың этанолдағы 9,4% ерітіндісі металл натриймен әрекеттескенде 3,36л сутек алу (қ.ж.) үшін ерітіндінің жұмсалған (ρ=0,9 г/мл) көлемі;
-
Құрамында 30% крахмалы бар, картоптың 1 тоннасынан алынатын 100л этил спирті (ρ=0,88г/мл) алынса, өнімнің шығымын анықтаңыз;
-
Тығыздығы 0,69 г/см3 этил спиртінің 100 мл-ін дегидраттағанда алынатын (қ.ж.) этиленнің массасын анықтаңыз;
-
Көлемі 266 мл тығыздығы 0,88 г/мл бензолды нитрлеу үшін 75% - тті, тығыздығы 1,445 г/мл азот қышқылының көлемін анықтаңыз;
Газдардың салыстырмалы
тығыздығына есептеулер:
-
Аммиактың сутекпен салыстырғандағы тығыздығы:
-
Құрамында көміртектің массалық үлесі 0,857, ауа бойынша тығыздығы 1,93-ке тең циклоалканның формуласы
-
Егер құрамында көміртек 39,9 %, сутек 6,73 %, ал оттек 53,3 % болып және молекулалық массасы көмірқышқыл газының салыстырмалы молекулалық массасынан тығыздығы 4,091 есе ауыр болса, бұл заттың молекулалық формуласы:
-
Оттек бойынша тығыздығы 1,75 болатын циклоалканның 2,8 грамын жаққанда 4,48 л көмірқышқыл газы және 4,5 г су түзілген болса, оның формуласы
-
Сутек бойынша тығыздығы 15,5-ке (қ.ж.) тең аминнің 5,6 литрін жағуға жұмсалатын оттектің көлемі
-
Көлемі 5,6 л және ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,45 – ке тең көмірсутекке қосылатын бромның массасы;
-
Азот бойынша тығыздығы 2,5 – ке тең циклоалканды жаққанда жұмсалатын ауаның көлемін (ауадағы оттектің массалық үлесі 20%) есептеңіз;
-
Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,517 болатын алканның 22г толық жағу үшін жұмасалған (қ.ж.) оттектің көлемін есептеңіз;
-
3,4 г азоты бар органикалық зат жанғанда 4,7 г су мен 6,6 г көміртек (ІV) оксиді түзілген. Осы заттың сутек бойынша тығыздығы 22,5 болса, молекулалық формуласы:
-
Көмірсутектегі көміртек пен сутектің массалық үлестері 92,31% және 7,69%. Сутек бойынша тығыздығы 39-ға тең көмірсутектің формуласы:
-
Сутегі бойынша тығыздығы 22,5-ке тең, көміртегінің массалық үлесі - 0,535, сутегінің массалық үлесі - 0,155, азоттың массалық үлесі 0,312 болатын қосылыстың молекулалық формуласы:
-
Құрамындағы көміртектің массалық үлесі 85,7% және сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 28-ге тең көмірсутек:
-
Сутек бойынша тығыздығы - 14-ке тең 28 г белгісіз көмірсутек жанғанда 4,8 л көмір қышқыл газы мен су булары бөлінген болса, заттың молекулалық формуласы:
-
Егер құрамындағы көміртек 39,9%, сутек 6,73%, ал оттек 53,3% болып және молекулалық массасы көмірқышқыл газының молекулалық массасынан тығыздығы 4,091 есе ауыр болса, бұл заттың молекулалық формуласын анықтаңыз;
Ертіндідегі еріген заттың
массалық үлесіне есептеулер:
-
160 грамм ерітіндіні суалтқанда 40 г құрғақ тұз қалады, ерітіндідегі ерігіен заттың массалық үлесін анықтаңыз:
-
5г мыс купаросын 35г суда еріткенде тұздың ерітіндідегі массалық үлесін есептеңіз:
-
5% ерітінді дайындау үшін 2г қантты ерітуге қажет судың массасын табыңыз:
-
513 г дистильденген суда 27 г тұз ерітілді. Алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептеңіз:
-
10%-тік ерітіндісін әзірлеу үшін 250 г суда еритін тұз қышқылының массасы:
-
Ішінде натрий гидроксидінің 20%-дық үлесі бар 500 г ерітінді берілген. Осы ерітіндіні суалтқанда алынатын заттың массасын есептеңіз:
-
Еріген заттың массалық үлесі 30% болатын 200г ерітіндіге 100г су қосқанды түзілген ертіндідегі еріген заттың массалық үлесін анықтаңыз:
-
Массасы 500г 10%-тік күкірт қышқылы ерітіндісі берілген, егер ерітіндіге 0,5 л су қоссақ онда ерітіндінің концентрациясы қандай болмақ:
-
24,6г MgSO4*7H2O – ны 55,4 мл суда еріткенде түзілген ерітіндідегі магний сульфатының массалық үлесін анықтаңыз:
-
10%-тік ерітіндісін әзірлеу үшін 161 г Na2SO4*10H2O–ын ерітуге қажет (мл) судың көлемін табыңыз:
Зат шығымына
есептеулер:
-
39 г бензолды хлорлағанда 0,25 моль хлор бензол алынса, түзілген заттың шығымын есепте:
-
Егер шығымы 90% болса, 36 г глюкозадан алынатын сүт қышқылының массасын анықта:
-
Шығымы 60 пайыз болса, 520 г ацетиленнен алынған сірке альдегидін тотықтыруға жұмсалатын күміс оксидінің массасын тап:
-
20кг алюминий оксидінен 10 кг алюминий алынды. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтаңыз:
-
Нитрлеу реакциясы кезінде 78 г бензолдан 98,4 г нитробензол алынды. Нитробензолдың шығымын анықтаңыз:
-
Егер шығымы 75% болса, онда 18 г глюкозаны тотықтырғанда түзілетін күмістің массасын есептеңіз:
-
5,64 кг техникалық темір (ІІ) сульфидін ауада өртегенде, шығымы 75% болған қатты өнімнің (ҒеО) зат мөлшерін анықтаңыз:
-
8,8 г сірке альдегидін күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотықтырғанда 10 г сірке қышқылы түзілді. Сірке қышқылының теориялық шығымын есептеңіз:
-
Лабораторияда 46 г толуолдан 52 г бензой қышқылы алынған болса, өнімнің шығымын анықтаңыз:
-
Егер шығымы 74% болса, онда 23г құмырсқа қышқылы мен пропанол әрекеттескенде түзілетін эфирдің массасын есептеңіз;
-
180 г пентаннан дегидрлегенде 147 г циклопентан алынса, онда оның шығымын анықтаңыз;
-
15,6г бензолды нитрлегенде шығымы 90% нитробензол алынды. Оны әрі қарай тотықсыздандырғанда шығымы 75% анилин алынды. Алынған анилиннің массасын анықтаңыз;
Қоспаға байланысты есептеулер:
-
Құрамында 50% целлюлозасы бар 200кг ағаштан алынатын этанолдың массасын анықтаңыз:
-
Тазалық дәрежесі 75% болатын 64 г темір дисульфидін ауада өртегенде түзілетін газ тәріздес өнімнің (қ.ж.) көлемін есептеңіз:
-
Құрамында 10% қоспасы бар 0,2 тонна әктасты толық ыдыратқанда бөлінетін көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемін анықтаңыз:
-
Құрамында 5% бромы бар 160г бром суын түссіздендіретін этилен алуға жұмсалатын этанолдың массасы:
-
Құрамында 90% метаны бар 1м3 табиғи газдан алынған ацетиленді гидратациялағанда, өнім шығымы 70% болса, түзілетін ацетальдегидтің массасын есептеңіз:
-
Құрамында 95% метаны бар табиғи газдан 300л (қ.ж.) ацетилен алынған болса (шығымы-60%), жұмсалған табиғи газдың көлемін есептеңіз;
-
15 г мыс пен мырыш құймасын күкірт қышқылының ерітіндісімен өңдегенде 2,24л (қ.ж.) сутек бөлінді. Құймадағы мыстың массалық үлесін есептеңіз.
-
1кг қызыл теміртастан (құрамында 0,75 массалық үлесте Fe2O3 бар)алуға болатын темірдің массасы;
-
Егер құрамында 20% изопрен бар 1кг көмірсутектер қоспасынан 0,06кг каучук алынғаны белгілі болса, изопренді каучуктің шығымы;
-
1кг техникалық кальций карбиді сумен әрекеттескенде 300л ацетилен алынды (қ.ж.). Кальций карбидіндегі қоспалардың массалық үлестерін анықтаңыз;
-
Ацетиленнің 2,8л (қ.ж.) алу үшін 20% қоспасы бар техниклық кальций карбидінің қажет массасы;
-
Көміртек кқнцентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде көлемі 40,32л (қ.ж.) CO2 және SO2 газдарының қоспасы түзілген болса, реакцияға түскен көміртектің массасын анықтаңыз;
Авогадро саны бойынша
есептеулер
-
0,5 моль алюминий хлориді молекуласындағы хлор атомдарының саны;
-
Судың 15,05*1023 молекуласының массасын есептеңіз;
-
Фосфор (Ү) оксидінің 9,03*1022 молекуласының массасын есептеңіз;
-
Метанның 3,01*1024 молекуласында болатын сутек атомдарының массасын есептеңіз;
-
0,49 кг фосфор қышқылының молекула саны;
-
1,6г мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндімен әрекеттескен темір тақташадан ерітіндіге өткен темір атомдарының саны;
-
Зат мөлшері 2 моль темірдегі атом саны;

