400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химия пәнінен мектепішілік олимпиада 9-сынып (дұрыс жауаптарымен)

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен 9-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары. Тапсырмалардың ұпайлары көрсетілген, сонымен қатар шығарылу жолы және қалай бағалануы керегі жайлы да толық жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Химия пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары

9-сынып жауаптары



1-тапсырма. (3 ұпай)


Массасы 4,6 г сілтілік металды йодпен әрекеттестіргенде 30 г металл йодиді түзілген. Реакцияға қандай сілтілік металл алынған?

Жауабы:

2Ме + I2 = 2MeI (1 балл – реакция теңдеуін жазғаны үшін)

2х ---- 2(х+127)

4,6 -----30 (1 балл – дұрыс пропорция құрастырғаны үшін)

х = 23 натрий (1 балл – жауабын тауып, натрий екенін анықтағаны үшін)


2-тапсырма. (5 ұпай)


28 г темірді хлормен әрекеттестіріп 77,7 г темір (II) және темір (III) хлоридтерінің қоспасы алынған. Алынған қоспадағы темір хлоридінің массасын есептеңіз.

Жауабы:

Fe + Cl2 = FeCl2 (1 балл)

2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3 (1 балл)

x + 2y = 0,5

127x + 325y = 77,7 (1 балл – жүйені дұрыс құрғаны және шешкені үшін)

m(FeCl2) = 12,7 г (1 балл – темір (ІІ) хлоридінің массасын тапқаны үшін)

m(FeCl3) = 65 г (1 балл – темір (ІІІ) хлоридінің массасын тапқаны үшін)


3-тапсырма. (4 ұпай)


464 г темір қағынан темірді тотықсыздандыру үшін жұмсалатын алюминий салмағын есепте.

Жауабы:

3Fe3O4 + 8Al = 9Fe + 4Al2O3 (2 балл – реакцияны жазғаны үшін, теңестіргені үшін)

464 г ---- х г

696 г/моль ---- 408 г/моль (1 балл)

m(Al) = 272 г (1 балл)


4-тапсырма. (3 ұпай)


Мына бейметалдардың қайсысы кәдімгі жағдайда: B, H2, O2, Br2, Cl2, Si, Kr, C, I2


а) газ – H2, O2, Cl2, Kr (1 балл)

ә) сұйық – Br2 (1 балл)

б) қатты – B, Si, C, I2 (1 балл)


5-тапсырма. (5 ұпай)


Түрөзгеріске сай реакция теңдеулерін жазыңдар:


CuO → CuSO4 → CuCl2 → Cu(NO3)2 → CuO → Cu


  1. CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O (1 балл)

  2. CuSO4 + 2HCl = CuCl2 + H2SO4 (1 балл)

  3. CuCl2 + 2HNO3 = Cu(NO3)2 + 2HCl (1 балл)

  4. 2Cu(NO3)2 = 2CuO + 4NO2 + O2 (1 балл)

  5. CuO + H2 = Cu + H2O (1 балл)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
35 ұстаз жүктеп алған
29.10.2024
2093
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі