2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Химия пәнінен МОДО тапсырмалары.

Химия пәнінен МОДО тапсырмалары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен 2024-2025 ж МОДО тапсырмалары.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



9.2А Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Тотығу- тотықсыздану реакциялары

Тотығу- тотықсыздану реакциялары- ең кең таралған реакциялар.Табиғатта, техникада олар маңызды рөл атқарады әрі тіршіліктің негізі болып табылады. Тыныс алу, тірі организмдердегі зат алмасу, заттардың шіруі, ашуы, фотосинтез процестері тотығу- тотықсыздану процестерімен тығыз байланысты. Отын жанғанда, шойын болат өндіргенде және т.б құбылыстарда тотығу-тотықсыздану процестері жүреді. Олардың көмегімен көптеген бағалы заттар алынады және элементтердің табиғаттағы айналымы жүреді.

  1. Келтірілген реакциялардың ішінен тотығу- тотықсыздану реакцияларына жатпайтынын анықтаңдар:

А) 2Na + Cl2 = 2NaCl

ВПрямая со стрелкой 1 ) NaCl + AgNO3 =NaNO3 + AgCl

С) S+O2 = SO2

D) Zn +2 HCl = ZnCl2 + H2

E) CuCl2 + Fe = FeCl2 + Cu

2. Электрондарды қосып алатын молекулалар, атомдар және иондар қалай аталады:

A) тотықтырғыш

B) тотықсыздандырғыш

C) тотығу

D) аниондар

E) катиондар

3. Мына қосылыстарды қай элементтің тотығу дәрежесі нольге тең

A) H2S

B) N2

C) Na F

D) CaF2

E) HJ

4. Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі 

A) үнемі оң

B) бірде оң, бірде теріс

C) үнемі теріс

D) нольге тең

E) бірге тең

5.Мына электрондық формула 1s22s22p2 сәйкес келеді:
А) калий атомына; В) S 
6+ ионына; С) азот атомына; D) көміртек атомына; E) О2- ионына.
1-в,2-а,3-в,4-а,5-д

Химиялық байланыс

Химиялық байланыс — молекуладағы атомдарды бір-біріне байланыстырып ұстап тұратын күш. Атомдардың өзара байланысуы көп жағдайда сыртқы электрон деңгейінің қатысуымен жүзеге асады. Химиялық байланыс түзу барысында атомдар өздерінің сыртқы электрондық қабатын аяқтауға тырысады. Ковалентті химиялық байланыста — әрекеттесуші атомдарға ортақ электрондар жұбы пайда болып, олардың санына қарай бір немесе бірнеше еселенген байланыстар түзіледі. Ковалентті химиялық байланыстар электрон жұбының атомдардың арасында орналасуына қарай полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.

1. Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз:

A) Na2SO4

B) HF

C) O2

D) CH4

E) NH3

2. Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс қалай аталады?

A) Иондық

B) Ковалентті

C) Сутектік

D) Металдық

3. Полюсті ковалентті байланысты қандай элемент атомдары түзеді?
А) электртерістігі айқын айырмашылық бар элемент атомдары
B) электртерістігі бірдей
С) электртерістігінде айырмашылық аз.

4. Иондық байланысы бар қосылыстардың қатарын көрсетіңіз
A) NaF; CaF
2 ; Na2SO4
B) N
2, Na2S, HF
C) K
2SO4, O2

D) Cl2; NaNO3; Fe

E) KCl; MgCl ; F2

5. 4,4 г көміртек (IV) оксидін алу үшін қажет көміртектің массасы:

А) 12 г; В) 1,2 г; С) 120 г; D) 0,12 г; E) 10 г.



1-с,2-в,3-а,4-а.5-в










ІІІ- нұсқа Азот

Азот жер атмосферасының басты құрам бөлігі болып табылады. Азоттың өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі маңызы өте зор, өйткені ол нәруыздар құрамына кіреді. Азоттың қосылыстары бояу өндірісінде, синтетикалық тал-шықтар алуда, минералды тыңайтқыштар және қопарылғыш заттар алу өндірістерінде пайдаланылады.

1. 64 г аммоний нитриті айырылғанда түзілетін азоттың көлемі (к.ж; л)

A) 22,40л

B) 11,2л

C) 20,5л

D) 6,02л

E) 21,4л

2. Найзағай кезінде 33,6 л (қ.ж) азоттан түзілетін азот монооксидінің зат мөлшері (моль)

A) 30 моль

B) 0,3моль

C) 0,03 моль

D) 3 моль

E) 0,4моль

3. 2 моль аммиак катализатор қатысынсыз оттекте жанғанда өнімнің шығымы 75% болды. Реакция нәтижесінде түзілген газ күйіндегі жай заттың зат мөлшері (моль)

A) 0,7 моль

B) 0,3моль

C) 0,75 моль

D) 0,07 моль

E) 0,4моль

4. 126 г азот қышқылын алу үшін қажетті азот диоксидінің көлемі (қ.ж; л) мен оттегінің зат мөлшері (моль)

A) 22,4 л; 0,7 моль

B) 44,8 л; 0,5 моль

C) 11,2 л; 0,6 моль

D) 25,1л; 0,3 моль

E) 33,6 л; 0,4моль

5.Молекулалық массасы үлкен:

А) HNO3; В) LiNO3; С) NaNO3; D) KNO3; E) RbNO3.



1-а,2-д,3-с,4-в,5-е





9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары

IV- нұсқа Күкірт

Қалыпты жағдайда ол қатты агрегаттық күйде қалады. Күкірттің лимон-сары түсі бар. Ал оның барлық қосылыстары көбінесе сары реңктері бар. Ол суда ерітілмейді. Төмен жылу және электр өткізгіштігі бар. Бұл сипаттамалар оны металдан тән емес деп сипаттайды. Күкірттің химиялық құрамының күрделілігіне қарамастан, бұл зат бірнеше вариация болуы мүмкін. Барлығы кристалдық тордың құрылымына байланысты, атомдары қосылып, молекулалар пайда болмайды.

1.Күкірттің қасиеті

  1. ауада өздігінен тұтанатын кристалл

  2. сары түсті, суда еритін бейметалл

  3. күміс түстес жеңіл металл

  4. өзіне тән иісі бар, ұшқыш зат

  5. сары түсті, суда ерімейтін бейметалл


2.Нәтижесінде күкірт түзілетін реакция

  1. Na2S+O2

  2. H2S+O2 (артық)

  3. H2S+O2(жеткіліксіз)

  4. K2S+HCl

  5. FeS2+O2



3.Күкірт (ІV) және (VІ)оксидтеріндегі күкірттің массалық үлестерінің айырмасы:

A) 30 %

B) 10 %

C) 50 %

D) 20 %

E) 40 %


4. Реакция нәтижесінде күкірт тотықсыздандырғыш болатын реакция үрдісі:

  1. C+S →

  2. Ca+S →

  3. Cu+S →

  4. P+S

  5. S+O2


5.Реттік номері 15- ке тең элемент атомының энергетикалық деңгейі:

А) 6; В) 3; С) 5; D) 7; E)


1-е,2-с,3-в,4-е,5-в







V- нұсқа Фосфор

Ф осфор р-элементтеріне жатады, оның атомы үш энергетикалық деңгейге ие. Соңғысында бес электрон бар, оның үшеуі жұптаспаған. Қозған күйде Р атомында бес бос электрон болады. Бұл факт фосфор қосылыстарының пайда болуын түсіндіреді, онда ол үш валентті емес, бірақ валенттілігі беске тең, мысалы, P2O5 - фосфордың бес тотығы. Металл емес, өзінің жоғары белсенділігіне байланысты табиғатта бос күйде болмайды және тек қосылыстар түрінде кездеседі. Табиғи элементтің салыстырмалы атомдық массасы 31-ге тең бір тұрақты изотопы бар. Фосфор - көптеген тау жыныстары мен минералдардың бөлігі, оның жер қыртысында мөлшері 0,08%.

1.65% 200 г ерітінді алу үшін қажет ортофосфор қышқылының массасы:

A) 130 г.

B) 165 г.

  1. 78 г.

  2. 34 г.

E) 260 г.

2 .Фосфор мен калий хлораты әрекеттескенде тотықтырғыш алдындағы коэффициент:

  1. 4.

  2. 3.

  3. 2.

  4. 1.

  5. 5.

3.Мына айналыстағы А заты: P→P2O5→A→K3PO4

  1. ортофосфор қышқылы.

  2. метафосфор қышқылы.

  3. калий гидрооксиді.

  4. калий оксиді.

  5. фосфор (ІІІ) оксиді.

4. Фосфиннің салыстырмалы молекулалық массасы

A) 34

B) 142

C) 98

D) 310

E) 182

5. Үлкен периодтардың кіші периодтардан айырмашылығы неде:

А) сілтілік металдардың болуы;
В) d-және f-элементтердің болуы;
С) инертті газдардың болмауы;
D) металдық қасиеті бар элементтердің болуы;
E) сілтілік –жер металдардың болуы.

1-а,2-е,3-а,4-а,5-в









Сілтілік және сілтілік-жер металдар

Сілтілік металдарға І А топшада орналасқан: литий Li, натрий Na, калий К, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr жатады. Франций – радиобелсенді элемент. Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns1 Олардың топтық атауы –сілтілік металдар –сумен әрекеттескенде күшті негіз – сілті түзуіне байланысты қойылған.


1).Уақытша кермектікті жою әдісінің химиялық теңдеуін көрсетіңіз:

А).CaCO3 → CaO + CO2

В).MgCl2 + 2NaOH→Mg(OH)2 + 2NaCl

С).Ca(HCO3)2 → CaCO3 + CO2 +H2O

Д).3MgSO4 +2Na3PO4 →Mg3(PO4)2 + 3Na2SO4

Е).CaCl2 →Ca +Cl2

2).Сілтілік металдар сутекпен әрекеттескенде не түзіледі?

А).карбонаттар

В).пероксидтер

С).гидридтер

Д).хлоридтер

Е).гидроксидтер


3).Сілтілік және сілтілік-жер металдардың ұқсас қасиеттерін айқындаңыз.

А). Тоығу дәрежелері және валенттіліктері тұрақты, электрондарды оңай береді, тотықсыздандырғыш;

В).Екеуінің тотығу дәрежелері бірдей, ал физикалық қасиеттері әртүрлі;

С).Табиғатта бос күйінде кездеседі, химиялық белсенділіктері жоғары, тотықсыздандырғыш;

Д).Валенттіліктері әр түрлі, күшті тотықтырғыштар, электрондарды оңай береді;

Е).валенттік электрондары 1 және 2, бір периодта орналасқан, химиялық белсенді заттар.


4).Ca→Ca(OH)2→CaCO3→CaO→CaCl2 реакциялар тізбегіндегі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды реактивтер түрін рет-ретімен анықтаңыз:

А).1-H2O, 2-t0, 3-t0, 4-HCl

В).1-H2O, 2-CO2, 3-t0, 4-HCl

С).1-NaOH, 2-Na2CO3, 3-Na2O, 4-Cl2

Д). 1-NaOH, 2-CO2, 3-Na2O, 4-HCl

Е). 1-H2O, 2-Na2CO3, 3-t0, 4-HClO















Тотығу-тотықсыздану реакциясы


Заттардың құрамындағы атомдардың тотығудәрежелері өзгере жүретін реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциясы (ТТР) деп аталады. Мұндай реакциялар, міндетті түрде тотығу мен тотықсыздану процестерінен құралады және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың қатысуымен орындалады. Реакция барысында электрондардың берілуі тотығуға, ал электрондардың қосып алынуы тотықсыздануға жатады. Сол себепті тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде тотықсыздандырғыш электрондарын беріп, тотығады, ал тотықтырғыш электронды қосып алып, тотықсызданады.

1).Екі затта тек тотықсыздандырғыш бола алады:

А).H2S, HCl

В).H2S, SO2

С).CO, CO2

Д).NH3 NO2

Е).S, O2

2).Азоттың тотығу дәрежесі бірдей болатын қосылыстар:

А).NH3, NO

В).N2O5, HNO2

С).N2O5, KNO2

Д).NH3, N2

Е).N2O3, HNO2

3).Тотығу үрдісі көрсетілген сызбанұсқа:

А).Fe3+, Fe+2

В).Cu+2, Cu0

С).O0, O-2

Д).N-3, N+2


4).Берілген тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындысы: NH3 + SO2 = S + N2 + H2O

A).12; В).17; С).16; Д).15; Е).18


















Галогендер

VІІ А топшада орналасқан, олар: фтор F, хлор Cl, бром Br, йод I, астат At. Астат – радиобелсенді элемент. Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns2 np5 . Бұл элементтердің топтық атауы «тұз түзуші» деген түсінікке сәйкес келеді.

Галогендердің соңғы электрондары p-деңгейшесіне түседі, сондықтан олар p-элементтеріне жатады. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай олардың атом радиустары артады, қайнау температурасы мен тығыздықтары да осы бағытта өседі.

9).Хлордың судағы ерітіндісі:

А).хлор қышқылы

В).тұз қышқылы

С) хлорсуы

Д).хлорсутек


10).Галогендер атомының белсенділігі мына қатарда артады:

А).At, I, Br, Cl, F

В).I, At, Cl, Br, F

С).Cl, Br, I, F, At

Д).F, Cl, Br, I, At


11).Бөлме температурасында қатты күйде болатын элемент:

А).F2, В).Cl2, С).Br2, Д).I2


12).Хлор газы ауадан неше есе ауыр:

А).1,5 В).2,5 С).2 Д).3






























9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары

Азот және оның маңызды қосылыстары


Азот-түссіз, иіссіз, дәмсіз, суда аз еритін зат. Азотты алғаш рет 1772 жылы ағылшын ғалымы Д.Резерфорд ашты. Азот грекше «өмірді қуаттаймын» деген мағына береді. Азот екінші периодтың, бесінші топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 7. Олай болса азоттың ядросында 7-протон мен 7-нейтрон  бар. Электрондарының жалпы саны да 7. Осы 7 электрон екі электрондық қабатта былай бөлініп орналасқан: 1s22s22p3.

Азот нәруызды заттардың негізгі құрам бөлігі болғандықтан, тіршілік үшін аса маңызды элемент. Ауа азотында сіңіре алатын кейбір азот бактериялары болмаса, басқа тірі организмдер азотты қосылыс түрінде ғана сіңіре алады. Өсімдіктер топырақтан азотты нитрат және аммоний тұздары түрінде алады. Электрон беріп немесе қосып алып, -3 дәрежесі +5 түріндегі жай зат түзеді. Азот адам денесінің 3%-ын құрайды. Адам азотты ауадан емес, азоттың қосылысы бар тағамдар арқылы алады. "Нәруызсыз тіршілік жоқ, азотсыз нәруыз жоқ" деген қағидалы сөз осының дәлелі болса керек.


1).Азот атомының электрондық формуласын көрсетіңіз:

А). N: В). :N: С). Д). Е).


2).Азоттың тотығу дәрежесі теріс болатын қосылыс:

А).NO2, В).NaNO3, С).NH4Cl, Д). HNO3, Е).N2O5



3).Сұйытылған азот қышқылы мен мыс өзара әрекеттескенде түзілетін  затты  көрсетіңіз:

А).N2O5, В).NO, С).N2О4, Д). N2O, Е).NH4NO3


4). Аммиак молекуласының пішіні:

А).октаэдрлі

В).тетраэдрлі

С).кубті

Д).пирамидальді.

Е).жалпақ










Тұздар гидролизі

Тұздар гидролизі –тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласына ие иондары түзілетін реакциялар. Тұздардың гидролизге ұшырауы және олардың судағы ерітіндісіндегі ортасы тұздың құрамындағы иондардың қасиетіне тәуелді.


1) Суда бейтарап орта беретін тұз:

А). NaNO3

В). Na2S

С) .NH4Cl

Д) .K2CO3

Е) .CuSO4


2).Суда ерігенде сілтілік орта түзетін зат:

А).аммоний гидроортофосфаты

В).аммоний ортофосфаты

С).аммоний дигидроортофосфаты

Д).натрий ортофосфаты

Е).алюминий ортофосфаты


3).Суда ерігенде қышқылдық орта түзетін зат:

А).натрий нитраты

В).аммоний нитраты

С).литий нитраты

Д).барий нитраты

Е).калий нитраты


4).Гидролизге ұшырамайтын тұз:

А).Аммоний нитраты

В).Кальций хлориді

С).Натрий сульфаты

Д).Аммоний ацетаты

Е).Калий ацетаты












9.1A Электролиттік диссоциация


Электролиттік диссоциация


Заттарды суда еріткенде немесе балқытқанда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар – бейэлектролиттер. Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С.Аррениус салған.

Аррениус теориясының негізгі қағидалары:

  1. Тұздар, қышқылдар, негіздер ерігенде және балқығанда иондарға ыдырайды.

  2. Ерітінділер мен балқымалардың ток өткізгіштігі осы иондардың концентрациясына тәуелді болады. Олардың оң зарядталғаны катодқа тартылатындықтан катиондар деп, ал анодқа тартылатындары аниондар деп аталады.

Ағылшын физигі М.Фарадей XІX ғасырдың 30-шы жылдары «электроилит, ион, катион, анион» терминдерін енгізді.

1.Электролитке жататын затты көрсетіңіз.

А).HBr (ерітінді)

В).H2 (газ)

С).KOH (қатты)

Д).CO2 (газ)

C12H22O11 (ерітінді)


2.Бір сатылы диссоциацияланатын қосылыс:

А).Фосфор қышқылы

В).Күкіртсутек қышқылы

С).Фторсутек қышқылы

Д).Көмір қышқылы

Е).Хром қышқылы


3. Бейэлектролитке жататын зат:

А).сутек және тұз қышқылы

В).натрий хлориді және натрий гидроксиді

С).мырыш гидроксиді және сутек

Д).натрий гидроксиді және сутек

Е).тұз қышқылы және натрий хлориді


4.Диссоциация кезінде катион ретінде сутек пен қышқыл қалдықтары иондары түзілетін заттардың ата:

А).қышқылдар

В).қышқыл тұздар

С).орта тұздар

Д).сілтілер







Тепе-теңдік

Тепе-теңдік күйдегі реакцияда әрекеттесетін заттардың біреуінің

концентрациясын арттыратын болса, тепе-теңдік өнім түзілетін жаққа қарай

ығысады. Қысымды арттырғанда тепе-теңдік газдардың зат мөлшері азаятын

жағына, ал қысым төмендегенде газдардың зат мөлшері көбейетін жағына қарай

ығысады. Газдардың зат мөлшері өзгермесе қысым тепе-теңдіктің ығысуына

әсер етпейді. Температураны жоғарылату тепе-теңдікті эндотермиялық, ал

төмендету экзотермиялық реакциялар бағытына ығысады. Өршіткі тура

реакцияны да, кері реакцияны да жылдамдатады, сондықтан тепе-теңдіктің

ығысуына әсер етпейді, тек тепе-теңдіктің жылдам орнығуын қамтамасыз етеді.


1).Қысымды арттырғанда тепе-теңдік оңға ығысатын реакция:

А).S(қ) + O2(г) SO2(г)

В).2NO(г) + O2(г) →2NO2(г)

С).C(қ) + O2(г) CO2(г)

Д).N2(г) + O2(г) →2NО2(г)

Е).CaCO3(қ) → CaO(қ) + CO2(г)


2). N2 + O2 →2NО – Q химиялық тепе-теңдікті оңға ығыстыратын фактор:

А).қысымды жоғарылату;

В).қысымды төмендету;

С).өршіткі әсері;

Д).температураны жоғарылату;

Е).азот концентрациясын төмендету;


3).2CO(г) + O2 (г) ↔ 2CO2(г) +577кДж реакция теңдеуінде температураны төмендеткенде, тепе-теңдіктің ығысу бағыты

А).өнім түзілу бағыты

В).кері реакция жүру бағыты

С).бастапқы заттар түзілу бағыты

Д).зат мөлшері көбейетін бағыты

Е).эндотермиялық реакция бағыты


4).Тепе-теңдік жүйедегі 2NO2(г) ↔2NO(г) + O2(г) заттардың концентрациясын 3 есе азайтса, тура реакцияның жылдамдық өзгерісі

А). 9 есе кемиді

В). 3 есе кемиді

С). 6 есе кемиді

Д). 8 есе кемиді

Е). 2 есе кемиді



9.2С 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары


Алюминий

Алюминий -табиғатта кең таралған элемент. Периодтық жүйеде 3 периодта, ІІІ топтың негізгі топшасында орналасқан. Алюминий белсенді элемент болғандықтан табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі. Өнеркәсіпте алюминийді, әдетте, алюминий оксидін электролиздеп алады. Алюминий химиялық реакцияларда басқа металдар сияқты тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін екідайлы металл. Алюминий қышқыл, сілті ерітінділерімен де әрекеттеседі.Алюминий электр тогын өте жақсы өткізеді. Электрөткізгіштігі жағынан күміс пен мыстан кейінгі үшінші орын алады.Сондықтан таза алюминийден өткізгіш сымдар жасайды. Сонымен қатар, су тазалауда, қағаз өндірісінде және органикалық синтезде катализатор ретінде қолданылады.


1) Алюминийдің валенттілік электрондарының конфигурациясы

А).3s2 3p2

В). 3s2 3p4

С). 3s2 3p6

Д). 3s2 3p1

Е).3s2 3p3


2) Қышқылдық қасиет көрсететін реакция

А).Al(OH)3 + 2HCl = Al(OH)Cl2 + H2O

В). Al(OH)3 + NaOH = Na[Al(OH)4]

С). Al(OH)3 + HCl = Al(OH)2Cl + H2O

Д). Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O

Е). Al(OH)3 + 3HBr = AlBr3 + 6H2O


3).Алюминийдің массалық үлесі ең көп қосылыс

А).NaAlO2

В).AlCl3

С).Al2O3

Д).Al2(SO4)3

Е).Al(OH)3


4) Өнеркәсіпте алюминийді электролиз әдісі арқылы алады. Массасы 54г алюминий оксидінен алынған таза алюминийдің массасы

А).25,9г

В).27,5г

С).24,6г

Д).28,6г

Е).23,6г



9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары

Кремний


Элементтің атауы латынның silicium сөзінен шыққан -«шақпақтас». 1824 жылы Дж.Берцелиус ашқан.Кремний — атомдық нөмірі 14. Периодтық жүйенің үшінші периодының төртінші тобының элементі. Қазіргі электроника үшін өте маңызды.Кремний жер қыртысында оттегінен кейінгі екінші элемент (масса бойынша 27,6%). Ол бос күйінде кездеспейді, кремнезем түрінде (шақпақтас, құм, кварц) және әртүрлі силикаттар: каолинит, ортоклаз, слюда және т.б. құрамында кеңінен таралған.Өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде де кездеседі.


1. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады

A) цианидтер

B) силицидтер

C) нитраттар

D) карбонаттар

E) Силикаттар

2. Кремний атомындағы электрондардың таралу реті

A) 2,5,3

B) 2,6,4

C) 2,8,4

D) 2,4,6

E) 2,8,2

3. Кремний қышқылының калий тұзындағы К2SiO3, кремнийдің массалық үлесі (%)

A) 16,8%

B) 24,1%

C) 18,9%

D) 33,6%

E) 18,2%

4. Құрамында 85% кремний оксиді (IV) бар 50 г натрий силикатын алу үшін қажетті құмның массасы (г)

A) 28,5 г

B) 28,9 г

C) 27,9 г

D) 19,7 г

E) 29,8 г














Металдар

Металдар (s-, p-, d-, f-элементтер) қалыпты жағдайда жылу және электр өткізгіштік, жоғары иілгіштік, иілгіштік және металдық жылтырлық сияқты өзіне тән металдық қасиеттерге ие болатын химиялық элементтер тобы. Металдарды алудың негізгі әдістері:

пирометаллургия – көміртегі, көміртек оксиді (II), сутегі, металдар көмегімен жоғары температурада кендерден металдарды алу.

- алюминий, магний.

электрометаллургия – ерітінділерден немесе олардың қосылыстарының балқымаларынан металдарды электр тогының әсерінен (электролиз) алу.• гидромет

аллургия – жоғары температураны қолданбай әртүрлі реагенттердің ерітінділерінің көмегімен кендерден металдарды ығыстыру.

1. Қандай элемент атомының электрондық конфигурациясы бар

1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s1

A) Fe

В) Ба

C) Na

D) К

E) Ca

2. Қатардағы барлық p-элементтер

А) Nа, K

B) Al, Mg

C) Fe, Zn

D) Al, Sn

E) Bа, Cu

3. Топта барлық үш металды оксидтерден алюминотермия арқылы алуға болады

A) Na, Cu, Cr

B) Na, Ni, Cu

C) Mg, Zn, Ni

D) Na, Cr, Pb

E) Sn, Cu, Fe

4. Өзгерістегі Х және У заттарын тап

FeO X Y FeCl2

A) Fe2O3, HCl

B) Fe, HCl

C) Fe, Cl2

D) Fe2O3, Cl2

E) Fe3O4, HCl









24 Қаңтар 2025
222
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі