ОҚО,Түркістан қаласы, №21 Колледж
Химия пәнінің оқытушысы : Сұлтан Нәбира Зиятқызы
Тақырыбы: «Химия патшалығы» атты сайыс сабақ
Мақсаты:
-
Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
-
Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.
-
Студенттерді адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, слайд
шоу, зертханалық құрал жабдықтар, химиялық препараттар, атом және
молекулалардың макеті, ойын
үстелі.
Барысы:
1. Сайысқа қатысушылармен таныстыру.
2. Сайыстың бөлімдерімен таныстыру.
3. Сайыстың уақытылы басталуын қадағалау.
Оқытушы сөзі: Құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысушы студенттер! «Химия патшалығы» атты сайыс сабағымызды тамашалауға қош келіпсіздер! Сайысымызды бастамас бұрын ортаға химия елінің патшасын шақырайық. (патша келеді)
Патша сөзі: Армысыздар, мұғалімдер әз-жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Химиялық сайысымыз басталар
Сайысымызды бастамас бұрын студенттерімізді химиктер қатарына қабылдап алайық. Химиктер қатарына қабылдау үшін сіздер ант берулеріңіз керек.
«Біз, студенттер, химия сабағын сүюге, қауіпсіздік ережесін бұзбауға , үнемі жаңартылған технологияны дамытуға ат салысамыз! Қалдықсыз технология саласын өркендетуге ант етеміз!»
Ал химиктер, сіздерге жарыста сәттілік тілеймін!
Оқытушы сөзі: Химиктер қатарына қосылуларыңыз құтты болсын! Ал енді, патша сіз мына жерге жайғасып отырып, сайысымызды тамашалаңыз.
Сайыс сабағымыздың әр тобына әділ бағасын беретін әділқазыларды таныстырып өтейін:
1.............................
2. ...........................
3.............................
Бүгінгі сайысымыз 9-кезеңнен тұрады.
1-кезең.Топпен таныстыру (топтың сәлемдесуі) (1-10 ұпай )
А) топтың аты
Ә) ұраны
Б) команда эмблемасы
В) эмблеманы әділқазы алқасына апару.
2-кезең. «Тікелей сұрақтар»( пән бойынша сұрақтарға жауап беру) (10 ұпай )
3-кезең. «Бейнесұрақ» (видеокөрініс арқылы берілген сұрақтарға жауап беру) (10 ұпай )
4-кезең. «Есептер сыры» (берілген есептерді 2 минутта шығару) (1-10 ұпай )
5-кезең. «Қызықты әңгімеден жасырылған элементтерді табу» (жұмбақты шешу) (1-10 ұпай )
6-кезең . «Қызықты тәжірибелер» (студенттердің жасаған тәжірибесіне талдау жасау) (1-10 ұпай )
7-кезең. «Лабиринттік ойын» (дөңгелек сызбаға қажетті элементті орналастыру) (1-10 ұпай )
8-кезең. «Топ басшылар сайысы» (берілген әріптерден химиялық терминдер құрастыру) (10 ұпай )
9-кезең. «Химиялық тілде құттықтау» (үш топ бір-біріне деген жылы лебіздерін химиялық терминдерді қолдану арқылы білдіру) (1-10 ұпай )
Енді сайысымыздың 1-кезеңі топтардың өздерін таныстыруынан бастайық. (1-10 ұпай )
Сөз кезегін ___________________ тобына берейік.
Рахмет, келесі________________ тобы өздерін таныстырып өтсін.
Әділқазы алқасынан осы таныстырудың бағасын сұрайық.
Сайысымыздың 2-кезеңі «Тікелей сұрақтар» деп аталады, екі топ кезек – кезек ортаға келіп, ойын үстелінің көмегі арқылы сұрақтарды таңдайды. (10 ұпай )
-
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? Моль
-
Теріс және оң зарядталған атомдар не деп аталады? (иондар)
-
Кез –келген заттың оттегімен әрекеттесуі? Жану
-
Калий перманганатының екінші атауы (марганцовка)
-
«Аспан тасы» деп аталатын элемент? (темір)
-
Ауаның құрамын атаңыз. (азот, оттек, көмірқышқыл газы мен инертті газдар)
-
Ең ауыр металл? (осмий)
-
Ең жеңіл металл? (литий)
-
Селитра деген не? (тыңайтқыш)
-
Адам асқазанының сөлінде қандай қышқыл бар? (тұз қышқылы)
-
Катализатор дегеніміз не? (химиялық реакция жылдамдығын тездететін зат)
-
Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін заттар? (температура, қысым. концентрация)
-
«Фосфор» деген сөз қандай мағына береді? (жарық тасушы)
-
Қайтымды және қайтымсыз реакция дегеніміз не? (бастапқы қалпына келетін және келмейтін реакциялар)
-
Ең қатты металл? (вольфрам)
-
Периодтық жүйені кім ашты? (Менделеев)
-
Галогендерге қандай элементтер жатады? (хлор, бром, йод, астат)
-
Химиялық реакция типтерін ата. (қосылу, айырылу, алмасу, орынбасу)
-
«Түлкі құйрығы» деп қай газды атаған? (NO2, азот оксиді)
-
Берілген суретте неше химиялық реакция жүріп жатыр?
Келесі 3-ші кезең «Бейнесұрақ» деп аталады, мұнда студенттер ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап береді. (10 ұпай )
-
Бұл металл алтыннан да қымбат металл болып есептеледі, металдың атауын испан тілінен аударғанда, «кішкентай күміс» деген мағынаны білдіреді. Бұл қай металл? (платина)
-
Александр Македонскийдің Индияға сапары кезінде оның әскерлері іш ауруымен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Сусыны, тамағы бәрінің де бірдей, бірақ ыдыстары қандай металдан жасалған? (офицерлердің ыдыстары күмістен жасалған, ал күмістің бактерицидтік қасиеті бар)
-
Америкалық химик Джеймс Вудхауз 1800 жылы күкірт пен натрий нитритін NaNO2 әрекеттестіріп жеңіл жағымды иісі бар газ алды. Кенеттен Вудхауздың көңілі көтеріліп, өзінен өзі күліп, ән сала бастады. Келесі күні ағылшын химигі Дэвидің аммоний нитратын ыдыратып жатқанын көрді. Дэвидің де көңілі көтеріліп күле бастады. Бұл газ қалай аталады, химиялық формуласын жаз. (күлдіргіш газы, 2S+2NaNO2=N2O+Na2S2O3, NH4NO3=N2O+2H2O)
Сайысымыздың 4-ші кезеңі «Есептер сыры» деп аталады. Үш топқа плакатта жазылған есептер беріледі. Есепті шешуге 2 минут уақыт беріледі. (1-10 ұпай )
Есеп-1: 10 г кальций жанғанда түзілетін кальций оксидінің массасын есепте
Есеп-2: 10 г магний жанғанда түзілетін магний оксидінің массасын есепте
Есеп-3: 10 г мырыш жанғанда түзілетін мырыш оксидінің массасын есепте
Келесі 5-ші кезең «Қызықты әңгімеден жасырылған элементтерді табу» (1-10 ұпай )
1. Павлодар қаласында Алмагүл деген қыз дүниеге келіпті. Алмагүл күмістей ақ түсті, әдемі, нәзік, салмағы жеңіл қыз болып өсіпті. Алмагүл үнемі таза ауаға шыққан уақытында жанынан ағасы шыға келеді екен. « Ағасы бардың - жағасы бар дегендей » жанында ағасы бар уақытта Алмагүл ешнарседен қорықпайды, өзін еркін сезінеді, егер ағасы жанынан табылмай қалса Алмагүл өзін қорғансыз сезініп, көңіл күйі тез арада түсіп кетеді екен. Сұрақ: Алмагүл және оның ағасы кім? (Алюминий және алюминийдің қорғағыш қабаты алюминий оксиді)
2.Ерте заманда Набира деген ханшайым болыпты. Оның 11 уәзірі болған екен. Набира ханшайым жаңбырды ұнатпайды, күн жаңбырлы болғанда өте қатты ашуланып, бұлданып кетеді. Ханшайымның өзіне тән ерекшелігі бар екен, ханшайыммен адамдар амандасқанда қолдары күйіп қалады, сол себепті ханшайымның қолын ешкім алмайды. Ханшайым Сургут, Курск, Оттава қалаларымен және Финляндия, Хорватия мемлекеттеріне барып демалғанды ұнатады. Сұрақ: Набира ханшайым және ханшайым демалысқа баратын мемлекеттер кімдер? (Натрий және су, күкірт, оттек, фтор, хлор)
3. Менің сыныптасып Азамат дәм сезбейді, иіс сезбейді, өзі жеңілтек бала. Азаматтың үш сыңары бар. Азаматты қатты ашуландырғанда, ол қызып, Нартай, Медет, Алымжан атты достарымен бірігіп кетіп қалады. Азаматтың басқаларға қарағанда оқу үлгерімі жақсы, 78 % -ды құрайды. Сұрақ: Азамат және оның достары кімдер? (Азот, натрий, магний, алюминий)
6-шы кезең. «Қызықты тәжірибелер» (1-10 ұпай )
Үш топ «Жалындаған көбік», «Жанбайтын ақша», «Шырпысыз от» тәжірибелерін жасап, талдайды.
7-ші кезең. Лабиринттік ойын. (1-10 ұпай )
а
CuSO4
CaCO3
NaNO3
) Реакция теңдеуін жаз:
![]()
![]()
в) Адасқан формулаларды тап:
|
Оксидтер |
NaOH |
H2SO4 |
|
|
Қышқылдар |
Na2SO4 |
H2O |
|
|
Негіздер |
HNO3 |
Na2O |
NaCl |
|
Тұздар |
HCl |
SO2 |
|
8-ші кезең. Топ басшылар сайысы (10 ұпай )
Ортаға үш топтың топ басшылары шығып, берілген химиялық препараттарды формуласына сәйкес орналастыруы қажет.
Берілген заттар: марганцовка, тұз, ас содасы, йод, су, сіріңке, уксус, кальций глюконаты, этил спирті, қант, құм, крахмал, көмір,металл үлгілері
9-шы кезең. Химиялық тілде құттықтау: әр топтың қатысушыларына сөз беріледі, химиялық терминдерді қолдану арқылы құттықтау лебізін айту керек.(1-10 ұпай )
Мысалы: Алтындай ардақты, күмістей салмақты, суға жүзген балықтай бүгінгі кеш қонақтары, көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын
cіздерге темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық, көмірдей қара көздеріңіз бен,
алмаздай өткір сөздеріңізбен жанды жадыратып. Өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпін.
Оқытушы сөзі: Менделеев белгілі ірі тұлға,
Ерен ойлы, малынған асыл нұрға.
Еліктеумен ізденіп мен де келем,
Бойым балқып жай табам, нұр мен сырға.
-деп, бүгінгі кешіміздің қорытындысын сарапшыларға сөз берелік.
Кеш қорытындысы айтылып, соңынан жеңімпаздар марапатталады,сыйлықтар таратылады. Ортаға химия елінің патшасы шығып бата береді.
Патша сөзі:
Ал, балалар.
Қолдарыңды жая ғой,
Ақ батамды ала ғой.
Жаратқан Алла сендерге
Оттектің қуатын берсін!
Фосфордың жарығын берсін,
Азоттың өміршеңдігін берсін,
Полонийдің ыстық жүрегін берсін,
Висмуттай ақ, сурьмадай пәк болыңдар!
Барлық элементтердің энергиясын беріп,
Ақылды ұл-қыз болып өсулеріңді
Құдай қолдасын! Әумин!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Химия патшалығы» атты сайыс сабақ

шағым қалдыра аласыз