Химия сабағында «Padlet.com» оқыту моделі технологиясын қолдану арқылы
оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру
Құрманәлі Г.Қ. химия пәні
мұғалімі, Көкшетау қ, Физика-математика бағытындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебі
Еліміздегі қашықтықтан оқыту
жүйесі басталғаннан бері білім берудегі жаңа технологиялардың
қарыштап дамуы, сонымен қатар түрлі симуляторларды қолдануға,
ақпараттық коммуникативтік әдіс-тәсілдердің артықшылықтары мен
тиімділіктеріне үлкен мән берілуде.
Қашықтан
оқыту – бұл әдеттегі күндіз немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы
бар оқытудың жаңа, арнайы формасы деуге
болады. Алайда,
ол оқушы мен
мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынасының өзгеше формасын,
өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытуды ұйымдастырудың өзгеше
түрін қамтиды. Бұл өз кезегінде оқушының оқу
үлгерімінің төмендеуіне жол бермей, оқу сапасының жоғарылауына
жағдай жасайды. Осындай негіздемемен, химия пәнін
оқытуда оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру үшін сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарда
онлайн-тақтаны пайдалануды көздедім, нақтырақ
Padlet.com оқыту моделіне сүйене отырып,
түрлі тапсырмалар әзірлеп, қолдана
бастадым.
Мақалада
Padlet.com (онлайн тақта) қызметін
пайдалану мүмкіндіктері, химияны оқуға деген оқушының ынтасы мен
танымдық қызығушылығын арттыру үшін сыныптан тыс жұмыстарда
сервисті қолдану мысалдары келтірілген. Ұсынылған
материалдар Padlet.com қызметін пайдалану арқылы
жасалған интернеттегі жұмыстарға белсенді сілтемелермен бірге
жүреді. Қазіргі уақытта ақпараттық компьютерлік технологияларды
қолданбай заманауи мектепті елестету мүмкін
емес. Жыл
сайын әсіресе, онлайн оқыту жағдайында оқушыларды оқытудың әртүрлі
симуляторлары пайда болды, сол арқылы мұғалім оқушылардың ынтасын
едәуір арттырып, сабағын қызықты, көрнекі түрде жасай алатын
болды. Негізінен, көптеген мұғалімдер оқу процесінде ИК
технологияларын қолдана отырып, студенттердің пән бойынша
материалды игеру тиімділігі едәуір артатынын
түсінеді.
Әрине,
бұл Padlet.com қызметтерінің көмегімен
студенттердің үлкен қызығушылығын тудыратын, пәнге деген
қызығушылықтың дамуына ықпал ететін көптеген тапсырмалар, ойындар,
жаттығулар жасауға болады. Бұл мәтін, суреттер, графиктер,
фотосуреттер, бейнелер, инфографика түрінде белгілі бір ақпаратты
орналастыратын оқу материалдарын жасау үшін on-line тақталары деп
аталатын қызметтер десе де болады. Жалпы, көптеген онлайн тақталар
бар: WikiWall онлайн сервисі, Dabbleboard, Popplet қызметі, Рadlet,
learningApps.org (әр түрлі жаттығулар жасау қызметі және оның
қосымшаларының бірі - онлайн тақта) және
басқалар.
Padlet.com қолданысы.
Сабақта мұғалім аталған
технологияны қалай пайдалана алады? Әрине, сабақтың басында да,
ортасында және соңында да қолдануға ыңғайлы, әрине мұғалімнің
кәсіби шеберлігіне байланысты қолданыс аясын кеңейте алады. Өз
қолданысымда: миға шабуыл
жасауда, жоба идеяларын
жинауда, белгілі бір тақырып бойынша
жадынама, плакат жасауда, ақпаратты іздеуге арналған тапсырмалар,
оқу ақпаратын орналастыру, белгілі бір тақырып бойынша білімді
тексеру алаңы ретінде, сонымен қатар
кері байланыс кезінде де
пайдалануға болады.
а)Іс-шараларды жоспарлау үшін.
Мысалы, егер сіз экскурсияны жоспарласаңыз, онда сіз тақтаға барлық
қажетті ақпаратты орналастыра аласыз: орнын, бағытын, шығу уақытын,
құнын, өзіңізбен бірге қажет заттардың тізімін және
т.б.
ә) Сыныптан тыс іс-шаралар
немесе экскурсиялар туралы есеп дайындау үшін. Тақтаға оқушылардың
фотосуреттерін және олардың пікірлерін орналастыруға болады. Сіз
осындай тақталарды жылдар бойы сыныптан тыс жұмыстар туралы
бейнелермен жасай аласыз және оларды сынып бұрышы бөлімінде
орналастыра аласыз
б) Белгілі бір тақырып бойынша
ақпаратты орналастыру үшін бүкіл қашықтықтан сабақ жасаңыз (оқу
сызбаларын, жекелеген сызбалар, мәтін, бейнелерді орналастыра
аласыз).
в) Оқушыларға тапсырмалар
жасауда (студенттер осы материалдармен не істеуі керек), мұндай
тақта тақырыпты тереңірек зерттегісі келетіндер үшін де, сабақты
уақытында қатыса алмай өткізіп алғандар үшін де қызықты
болады.
г) Белгілі бір тақырып бойынша
топтық жұмыс немесе рефлексия үшін.
Шығармашылық жұмыстарды жасау
кезінде де менің оқушыларыма Padlet сервисі өзінің
қарапайымдылығымен қатты ұнады. Бұл
белгілі бір тақырып бойынша жасалған файлдарды сақтауға болатын өте
қарапайым және интуитивті онлайн қызмет. Сабақта интерактивті
Padlet онлайн тақтасын қолдану жақсы нәтиже береді, егер Сізге
жобаның бірлескен өнімін құра отырып, жобалық технологияны қолдана
отырып сабақ ұйымдастыру немесе оқушылардың іс-әрекетін, олардың
өзара әрекеттесуін онлайн режимінде ұйымдастыру қажет болса, оны
зерттеуді осылайша LS
тобы ішінде жүргізу қажет
болады.
Мысалы, 9 сыныпта
" Металл иондарының жалында
жану сапалық анализі" тақырыбында жобалық
технологияны қолдана отырып, химиядан сабағымда қарастырдым.Әрине,
оқушылар топтарға бөлініп, жекелеген топта шағын жоба бойынша
металл иондарының өмірлік маңызын, қолданысын, қасиеттері мен
сапалық реакциясын талдау бойынша қорғады. Осы арқылы кей оқушылар
сабақ соңында кері байланыс кезінде ұсыныс ретінде өздерінің
ғалымдармен (мақсат қою және іс-қимыл жоспары) сабақта алған
материалын, білімін бөліскісі келетінін, одан әрі жобалық шағын
жұмыс жасағысы келетінін де жазғандар болды. Оқушылар топтарға
бөлініп, жекелеген металл иондарын зерттеу және ақпарат алмасу үшін
таңдалған карталардың түсі бойынша біріктіріледі. Жұмыс үстелдері
ретінде, экранда жек топтардың жеке кабинеттерінде әр топтың жұмыс
жасайтын тақырыбы - металл атауы жазылған парақтар
берілді.
Әр топ интернеттен
металлдардың бірі туралы ақпарат жинайды және оны сыныпқа ұсынады.
Шағын жобаның өнімі металдардың бірі туралы флайер (тақта) болуы
керек: ол қайда; күнделікті тұтыну; қандай өнімдер бар; сапалық
реакция қалай анықталады, анықтау әдістері не нірсеге
негізделген;
1-топ оқушылары: калий
туралы
2-топ оқушылары: темір
ионы
3-топ оқушылары: қорғасын
ионы
4-топ оқушылары: мыс
иондары
Оқушылардың іс-әрекеттері:
топтарда жұмыс істейді, тапсырма парағымен танысады, жұмыс барысын
талқылайды, рөлдерді бөледі. Тапсырмаларды белсенді
орындауға кіріседі. Мұғалім қажет болған жағдайда
консультациялық қолдау -көмек көрсетеді: топтардағы жұмысты
бақылайды, сұрақтарға жауап береді, қажет болған жағдайда
оқушылардың алдына қойылған міндеттерді еске түсіреді, жұмысты
дұрыс бағытқа бағыттайды. Жұмысты аяқтауға уақыт та белгіленеді.
Оқушылар қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу, оқшаулау және жалпылау
нәтижесінде металл иондарын жіктеу туралы жаңа білімді игереді.
Жобаның нәтижесі-тақталар (парақшалар) құру, білгендерімен бөлісу
мақсатында тақтада сол жұмыстарын салып, көрсете алады. Әрине, бұл
жобалау әдісі деуге де болатын, педагогикалық технология ретінде
зерттеу, іздеу, проблемалық әдістер мен шығармашылық әдістердің
жиынтығын қамтиды.
Осы бағыттағы жұмыс білім
алушыларды сабақтағы зерттеу қызметіне баулиды,
бұл:
*
оқуда жоғары сапалы нәтижелерге қол жеткізу;
*
сабақтың практикалық бағытын күшейту;
*
білім алушылардың танымдық, шығармашылық қызметін
жандандыру;
*
оқушылардың білімін жалғастыру үшін қажетті құзыреттіліктерін
қалыптастыру бойынша танымдылықты
арттырады.
Сондай-ақ, оқушылар химиядан шығармашылық тапсырма ретінде
материалдарды Power Point презентациялары мен буклеттер түрінде
ресімдеген болса, енді олар Padlet сервисінде жұмыс істеуге де
қуанады, себебі жұмыс жасау бұл сервисте
тиімдірек.
1,2-
суреттер. Оқушылардың тапсырмаларды
орындау барысындағы тиімді әдіс-тәсілдермен жұмыс жасау
процестері
Қызметтің артықшылықтарының
бірі-Padlet-ті кез-келген уақытта сілтеме көмегімен жүктеуге
болатын тақтаға материалдарды жүктеу арқылы құжаттарды сақтау
жүйесі ретінде пайдалану ыңғайлы. Қызмет толығымен тегін және жасалған беттер
санына ешқандай шектеулер жоқ, бұл мұғалім үшін
де
маңызды. Қызмет ерекше, түрлі-түсті және сапалы
жасалған шаблондарға ие. Padlet тің тағы бір артықшылығы - үздіксіз
жұмыс істейді, тақтадағы ақпарат тез орналастырылады, бұл уақытты
үнемдеу тұрғысынан маңызды. Сонымен
бірге, құрылған тақтаны блогқа немесе сайтқа
орналастыруға болады, ол үшін кодты енгізу керек. Электрондық пошта
(Email) және әлеуметтік желілер (Google+, Facebook, Twitter) арқылы
жұмысты бөлісуге болады. Осылайша енгізе отырып,
ақпараттық технологиялар, білім беру үдерісі, оқушылардың мотивация
деңгейін, танымдық қызығушылықты зерттеуге
болады.
3-сурет. Онлайн-тақта көмегімен реакция
теңдеулерін жазу, дәлелдеу жұмыстары
Padlet онлайн-тақтасы
сияқты технологияларды қолдана отырып, сабақта оқушылардың оларға
бөлініп берілген тақырыптар негізінде сөйлеп, тақтада өз реакция
теңдеулерін жазып, айтылымның қалыптасуына ықпал етті, оқушыларда
айтылым белсенділігі артады, бұл оқытудың тиімділігіне оң ықпал
етеді, ал сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылықтың дамуына, өзін-өзі
тәрбиелеуге ықпал етеді. Осылайша, мұғалімдер Padlet веб-қызметін
керемет ресурс ретінде бағалайтынына және қабылдайтынына
сенімдімін.