Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХИМИЯДАН АКПАРАТТЫК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКIНДIKТЕPI

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім химия пәні сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану мүмкіншіліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХИМИЯДАН АКПАРАТТЫК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКIНДIKТЕPI

Егемен елімізде білім берудін жана жуйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Заман талабына сай мектепте сабақ үрдісіне дәстурлі әдістердің орнына жаңа технологияларды енгізе отырып, оқушылардың білімін тереңдету. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңа қарым-қатынас пайда болды. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып жаңа педагогикалық технологияны меңгеру [1]. Бұл жөнінде Қазакстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-ші бабында «Мектепте білім беру жуйесінің басым міндеттерінің бірі-компьютермен оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» деп атап көрсетілген [2].

Қазіргі акпараттық заман талабына сай компьютермен оқушыларды оқытуды өте тиімді екендігін және олардың кызығушылығын жоғарылатып топтық іс-әрекетке үйрету білімдерін заман талабына сай етіп көрсету, ізденісін дамыту, шығармашылық белсенділікті қальштастыру, талдау және ойлау қабілетін дамыту, өзін-өзі тануға үйрету. Компьютермен оқытудың ең басты артықшылығы уақытты үнемдеп әлемдік кеңістікке шығу. Мұгалім әр тақырыпқа байланысты интернет желісінен химия ғылымында ашылып жаткан жаңалыктарды алып, жаңа тақырыпты түсіндіргенде қосымша мәлімет ретінде беріп отырсақ, оқушылардың жаңаша ойлау қабілетін қалыптастыруға болады [3].

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістін қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгeру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына кемектеседі. Жана технологияны менгеру мұғалімнің интеллектуалдык, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жэне басқа да көптеген адами келбеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Оқу үрдісінде тиімді пайдалануға арналган программалық құралдар бағдарлы оқытудағы химия пәндері курстарына сәйкес келуі, көрнекілік дәрежесі жоғары болуы, пайдалану қарапайымдылығы, жалпы пәндік және эксперименттік біліктіліктердің қалыптасуына, игерілген білімді қорытындылай алуға және тереңдетуге және т.б. ықпал етуі тиіс.

Осы айтылғандарға байланысты химияны оқытуда пайдаланылатын программалық құралдарды келесі программаларға бөлуге болады [4]:

  • нақты тақырыптар бойынша анықтамалық құралдар;

- мазмундық және химиялық есептерді шығару;

- лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

- игepiлген білімді бақылау және бағалау;

Жоғарыда аталған мүмкіндіктер дәстүрлі объект - субъект қатынасын өзгертіп, өзін - өзі жүзеге асыруға бағытталған тұлғаға басымдық береді. Ал анимациялардың көмегімен кейбір үдерістердeгi виpтуалдау оқушылардың көрнекі-бейнелі ойлауын қалыптастыруға және оқу материалын тиімді игеруге ықпал ететін болады .

Қазіргі кезде компьютермен оқыту барысында химия пәнінің мұғалімдері қосымша интернетті тиімді пайдаланып жүрме? – деген сұрақ туады. Әрине, мұғалімдердің көпшілігі үйреншікті оқуту әдісін өзгерткілері келмейді. Оның бір себебі: интернеттен тақырыпка сай қажетті мәліметтерді таба алмауында. Көпшілік химия пәнінің оқытушыларында мынадай сұрақтар болуы мумкін. << Интернет жүйесінде химия пәніне қатысты мағлұматтар бар ма? >>, << қажетті ақпаратты қайдан табуғаболады? >>. Осы сұрақтарға жауап беріп көрейік.

Компьютер арқылы интернет желісінен химиялық мағлұматтар алуға болады. Ең бастысы қажеттісін дұрыс таба білу. Ол жерде арнайы іздеу құралы көмектеседі, атап кететін болсак, (http://www.уandex.гu) сол сиякты (http: //www. аltavista.сom.) іздестіру үшін сұрақтың мазмұнын дәлме-дәл беру керек. Егер сөздін түбірі анықталса, онда тақырыпқа байланыссыз жүздеген, мыңдаған беттерді караудың қажеті жоқ. Сілтемелердің әр түрлілігі химияны оқытуда интернеттегі мағлұматтарды кең көлемде пайдалануға мүмкіндік туғызады. Химия мұғалімі бүкіл әлемдік тордан химия пәнін оқытуда қолдануға болатын бірнеше жүздеген сайттарды таба алады. Бұл электрон беттеріндегі мәліметтер мазмұнының дұрыстығымен, сапасымен және қолдануға тиімділігімен ерекшеленеді. Химия пәнінің мұғалімінің өте қажетті "химиядан жаңа бағдарламалар", "жаңа әдебиеттер","оқулықтар, оқу құралдары, анықтамалық кітаптар", "қызықты химия" атты мәліметтерді сілтемесімен табуға болады.

Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта білім беру жуйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялык технологиялар көбіне компьютерлік кластарда қолданылады. Қазіргі уақытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі химия сабағын компьютердің көмегіне сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін ақпараттық – бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеудi қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жаксы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген қиын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі.

Органикалық химия бөлімін оқытқан кезде компьютерлік анимация маңызды орынға иe. Оқушыларға органикалык заттардың құрылысын оқуда күрделі органикалық заттардың құрылымдық формулаларын құруға тапсырма беріледі. Олар радикалдар көмегімен заттардың формулаларының бөліктерін жинап, оларды құрастыруға жаттығады. Мысалы, алкандар номенклатурасын окыған кезде, 2,2 диметилбутан формуласын құрады,

CShape1 H3


CShape2 H3-C-CH2-CH3


CH3

және органикалық заттардың кеңістіктердегі пішіндерін, яғни шар стерженьді модельдерін құрастырады. Бул сабақтарда органикалық қосылыстардың әр түрлілігіне көз жеткізеді.

Бүгінгі таңда қауіпсіздік техникасына көп көңіл белінуде. Осыған байланысты химия пәнінде улы заттармен тәжірибе жасай алмағандықтан, электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы компьютердің көмегімен ондай тәжірибелерден үзінділер көрсетілелі. Бір ғана мысал, "Азот оксидтер тақырыбын өткен кезде, азот (IV) оксиді - NO2 улы газ, оның зертханада алыну жолы тәжірибесі электронды оқулыктан көрсетіледі

Cu+4HNO3(конц)=Cu(NO3)2+2NO2↑+H20

Химиктердің өмірі мен қызметі жайында компакт-дискілерде көп қамтылған. Рефераттар жазудa оқушылар атақты химиктердің өмірбаяны жөнінде энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатаp оқушылар сабақта видеоматериалдар пайдаланады. Олар заттар және олардың халық шаруашылығында қолдануы туралы мәліметтер алуға кемектеседі. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезіледі. Республикамызда білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналды. Казакстандағы барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы онын айқын дәлелі. Заман ағымына сай кунделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану айтарлыктай нәтижелер береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметті нақтылауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күні химия пәндерін оқытуда сапалы ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету өте өзекті, ал оларды пайдалану бойынша пән мұғалімдерінің біліктіліктерін жетілдіру одан да өзекті болып табылды.


Пайдаланылган әдебиетrер:

1. Казаксан Республикасынын 2010 жылдарга дейінгі стратегиялык даму жоспары. - Астана, 1997.

2. Казакстан Респyбликаcы 2007 жылFы 27 шілдедегі No 319 «Білім туралы» Заны.// Егеменді Казакстан 2007 ж. 15Tамb3, No 254.-256 6.

3. Караев Ж.А. Окытудын компьютерлік технологиянын дидактикалык зандылыктары.// Информатика, физика,математика. 1993.No 4. -3-7 6.

4. Раманкулова Ә.С., Еспенбетова Ш.О. ЖОО-да Жалпы химия пэнінен бейнедэрісті пайдалану жолдары. Мугалімжэне когам 2013 ж. No2

5. Раманкулова Ә.С.,Сэдуакаскызы К. Зерттеушілік устанымын енгізу «Білім-Образование» журналы 2012 ж. 32-35бeт.

6.Зайцев О.С. Методика обучения химии: теоретические и прикладныe аспекTы.-M.,1999

7. Масырова Р.Р., Линчевская Т.А. Инновационные школы в Казахстане. - Алматы,2000.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2025
83
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11