Тақырып бойынша 15 материал табылды

ХИМИЯДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алтынбек Ұлбала Алтынбекқызы

202 з.Жарқынбаев атындағы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі


ХИМИЯДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Зерттеушілік қызмет дегеніміз – жаңа білім алуға бағытталған шығармашылық қызмет. Оқушыны зерттеушілік қызметке үйретуде мұғалімнің өзі дайын болуы, демек ұстазда зерттеушілік қызмет қалыптасуы шарт.

Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде жетекші алға қойған мәселені анықтау үшін зерттеудің мақсатына қарай оқушыларды бағыттап отырады. Содан соң алынған нәтижелерді талдауға және қорытындыны тұжырымдауға тікелей де, жанама түрде де басшылық етеді. Оқушылардың зерттеушілік білігі артқан сайын мұғалім жанама басшылыққа көңіл бөледі де оқушылардың дербестігі және жұмысқа ынтасы арта түседі. Бұл оқушыларда зерттеушілік қызметтің қалыптасуына, дамуына ықпал етеді. Оқушылардың игерген зерттеушілік біліктілік деңгейлері неғұрлым жоғары болған сайын олардың білімдері де жоғары болады.
Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру төмендегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту;

  • Қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру;

  • Өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылу;

  • Таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына мүмкіндік жасау;

  • Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету;

  • Басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (ғаламтор, электронды пошта);

  • Қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін анықтай білу[1].

Зерттеушілік іс-әрекетке бейім оқушының жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс; жаңа біліммен және біліктілікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс; алынған ақпаратты талдауға,жинақтауға,қорытындылауға және өз қызметінде пайдалана отырып нәтиже шығаруға деген қабілеттілігін; белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген қабілеттеріне көңіл бөлу керек.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Қазіргі оқытушының басты қызметі білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, шығармашылық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Баланы зерттеу жұмысына дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің маңызды міндеті болып отыр. Бала-табиғатынан зерттеуші, зерттеушілік ізденіс табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде қарастырылады[2]. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандырумен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшіліктерін, өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымының мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындайды, осы міндеттер бойынша оқушылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады. Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптері пайдаланылады:

- Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсету, қосымша мағлұматтар беру.

- Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасау және сұрыптау.

- Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу.

- Зерттеу кезеңдері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтау.

- Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.

- Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді.

Ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:

1. Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау ;

2.Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі;

3. Шешендік сөз саптауы, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды,жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы,аудиторияны тартуы;

4. Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;

5. Жұмыстың көркем безендірілуі.

Тек мұғалім оқушыға жоба жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады[3].

Ғылыми жобаларды орындауға қойылатын талаптар:

  • Жоба мәтіні компьютерде орындалу керек

  • Титул парағы

  • Мазмұны

  • Аннотация

  • Зерттеу бөлімі

  • Қорытынды

  • Пайдалынған әдебиеттер тізімі.

Химиядан оқушылардың зерттеушілік жұмысын және құзырлығын дамытуда зертханалық жұмыстарды пайдалануымызға болады. Мәселен, автокөлік жанармайынан бөлінетін ластағыштардың әсерінен жол магистралінің бойындағы қар сынамаларының суынан қорғасынның бар екенін анықтау жұмыстарды жүзеге асырсақ болады.

Қорғасын - бұл ауыр метал, улы, улылығы 1-3 грам. Бұл элемент негізінен сульфидты жыныстардың құрамында жиналады. Олар жер бетінің әр түкпірінде көптеген аймақтарда тараған. Кенді балқыту арқылы оны оп-оңай бөліп алады. Қорғасын жер қыртысында галенит (PbS) түрінде де кездеседі. Жер қыртысындағы қорғасын сумен шайылады және магмалық жыныстардан да босап шығады, сөйтіп, жер бетіндегі ағын сумен бірге біртіндеп мұхитқа түседі. Қорғасынның ионы (Pb2) тұрақты емес, сол себепті ол мұхит суында көп болмайды (10-8 %). Ащы суға қарағанда қорғасынның тұщы судағы мөлшері көбірек. Геохимиялық айналымда бұл элемент тұрақсыз болғандықтан оның топырақтағы орта мөлшері жер қыртысындағы орта деңгейіне сәйкес келеді. Ауыр металдардың ішінде қазіргі кезде биологиялық тұрғыдан жан-жақты көбірек зерттеліп жүргені- қорғасын. Әлемде жыл сайын өндірістік және тұрмыстық мақсатқа 3,0 млн тонна қорғасын тұтынуға түседі[4]. Адам өміріне қауіпті мөлшері 10 грам. Ағзаға қорғасын қосылыстары асқорыту жүйесі, тыныс алу жүйесі, тері арқылы түседі. Қорғасынмен уланған кезде миға зақым келеді (энцефалопатия), эритроциттердің бұзылуынан қанның тыныс алу қызметі, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады. Қанда қорғасынның шектен тыс көбеюі ақыл кемістігіне әкеліп соғады. Қорғасын қосылыстары ересек адамдарда қан қысымының жоғарылауы, жүйке жүйесінің, бауырдың, бүйректің қызметінің бұзылуына зиянды әсер етеді.

Қоршаған ортаның қорғасын мен улануының негізгі көздері

1) Автокөлік жанармайындағы қорғасынды қосылысы;

2) Консерві құтыларын жасауға қолданылатын қорғасынды қосылыс;

3) Құрамында қорғасыны бар бояулар

4) Керамикалық глазурлер

5) Қорғасын қосылысынан жасалған су құбырлары;

6 ) Қорғасын - балқыту, аккумлятор зауыттарының қалдықтары

Тетраэтилқорғасын (ТЭҚ)- жанармайға қосылатын негізгі антидетонатор. Оның қолданылуы 1923 жылы басталып, казіргі күнге дейін жалғасуда.Орта есеппен бір автокөлік жылына ауаға 2,5-3 кг қорғасын бөліп шығарады. Бұл ауаға, өсімдікке, үй төбелеріне, топыраққа түседі, жер беті және жер асты суларына түседі. Автокөліктердің ауадағы оттекті ең көп жұмсайтыны анықталған. Мысалға бір адам тәулігіне 20кг, жылына 7,5т ауа жұмсайтын болса, автомобил 1л бензинді жағу үшін 250л оттек жұмсайды екен[5].

Оқушылар бұл зерттеу аясында қорғасынның уытты екенін біледі; жанармайда қорғасынның бар екені туралы ақпарат алады; теориялық білімдерін зертханалық жұмыста қолдануға дағдыланады; қорғасынның адам ағзасына әсерін игереді; жол бойындағы қар сынамаларын қолға ұстауға болмайтынын түсінеді.

Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемсі: оқу –әдістемелік құралы.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011.-236б.

2. Нұғыманов И., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі.-Алматы: Prin s, 2005.-343б.

3. Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі практикумы.-Алматы: «Ценные бумаги», 2006.-288б.

4. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. – Алматы, -2012ж. Б.235-238

5. Богдановский Г.А. Химическая экология. МГУ. 1994ж.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2021
840
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі