Түсінік хат
Химия пәнін оқып – үйренгенде есептер
шығарып, жаттығулар орындаудың маңызы өте зор. Есеп шығарып,
жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар
оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Оқушылар өз
білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге,
қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есеп шығару
барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар,
химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі
қалыптасады.
Бағдарлама 10 сыныптарда химия пәнінен
деңгейлік типтік есептерді шығару әдістеріне арналған. Деңгейлік
типтік есептерді шығару әдістерін 10 сыныпта жетік меңгерсе, алда
химия есептерін шығаруға септігін тигізеді. Бағдарлама 34 сағатқа,
яғни аптасына 1 сағатқа жүктелген. Сондықтан 10 сыныпқа арналған
«Химиядан сандық есептер шығару» атты курсты қолданып
отырмын.
Білім жүйесінде жаңа типті мектептер дүниеге келіп, оқытудың мақсаты, міндеті және мазмұны қайта қаралуда. Жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы өзгеріп, білім мазмұны көп нұсқалы сипат алып келеді. Білімнің тұрақты бөлігімен бірге өзгермелі қосымшасы енгізілді.
Аймақтық және жергілікті жердің мектептеріндегі мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік жасалуда. Барлық мектептерге пән мазмұнның бір сарындылығы күшін жойды. Осыған орай химиялық білім берудің мемлекеттік стандарты қабылданды.
Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағытында білім беретін мектептердің 10-сыныптарында оқушыларды химиядан сандық есептерді шығару жолдарын үйретуге арналған.
Бағдарлама жасалғанда Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім Академиясы және Орта және кәсіптік білім институты ұсынған «Оқулықтар мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар» атты нормативтик құжат басшылыққа алынды.Бағдарлама «Жаратылыстану» пәндерінің химия саласында оқушылардың білімін тереңдетуге, оқушының мүддесін, оқушылардың қабылетін қанағаттандыруға бағытталады. Жаратылыстану-матиматика бағытындағы сыныптарда теория мен ұғымдарды мейілінше тереңдете оқитындықтан химияның практикалық маңызына баса назар аударып, сәйкес мамандық беретін жоғары оқу орындарына даярлауға көп көңіл бөлінеді. Оқушылар оқып-үйренген тақырыбына қорытынды жасай білсе, өз ойын жүйелей алса, алдында тұрған мақсатты проблеманы байқап, оны шеше білсе, пәнішілік, пәнаралық байланысты таба білсе, ондай білім тиянақты болары сөзсіз. Сондықтан бағдарламада теориялық материалмен қоса типтік есептердің шығарылу жолдарына көп көңіл бөлінді.
«Химиядан сандық есептер шығару» курсының мақсаттары мен міндеттері.
Бағдарламаның мақсаты:
Оқушылардың есеп шығару дағдыларын кеңейту, химиялық білім-біліктерді және химия ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау.
Міндеттері:
-
оқушыларға химиядан терең, кеңейтілген білім беру;
-
қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды химиялық таным- түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету және химиялық тілді дамыту;
-
оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білуіне ыкпал ету;
Күтілетін нәтіже:
-оқушылар таңдаған мамандығына жақын білім алуға мүмкіндігі болады;
-қиындық деңгейі жоғары есептерді шығаруға ұмтылады
Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:
-
химиялық формулалары бойынша заттардың аталуын және сол бойынша жүргізілетін есептерді есептей білу;
-
Қазақстанның негізгі пайдалы қазбаларының кен орындарын білуі;
-
периодтық жүйенің құрлымын түсіндіруі және сол тақырыпта есептерді шығара білу;;
-
бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының қасиеттерін сипаттауы;
-
белгісіз заттың формуласын табу әдістеріне арналған есептеулер жүргізе білу;
-
зат мөлшері бойынша заттың массасын есептеуді;
-
Авогадро заңы және одан шығатын салдарларды білу;
-
газдарды алуға арналған қарапайым құралдарды қолдануды;
-
қышқылдар мен сілтілерді анықтау экспериментерін жасай білуі;
-
ерітінділердің концентрациясын есептей білу;
-
ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептей білу;
-
. химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептей білу;
-
термохимиялық теңдеулер бойынша есептерді есептей білу;
-
химиялық реакцияның жылдамдығын есептей білу;
-
электролит ерітінділерінде жүретін құбылыстардың негізгі ережелерін білу;
-
тотығу-тотықсыздандыру реакцияларын теңестіру әдістерін білу;
-
олеумге арналған есептерді шығара білу;
Оқу-тақырыптық жоспары
Барлығы- 34 сағат
Аптасына – 1 сағат
|
№ |
Тақырыптар |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
|
І-тарау. Химиялық формулалар бойынша есептеулер. |
|
|
|
1. |
Заттың химиялық формуласы бойынша жүргізілетін негізгі есептеулер. |
1 |
|
|
2. |
Моль және мольярлық масса ұғымдарын пайдаланып жүргізілетін есептеулер. |
1 |
|
|
3. |
Газ заңдары. Молярлық көлемі. Авагадро заңы. |
1 |
|
|
4. |
Газ заңдары. Молярлық көлем. Авагадро заңы. |
1 |
|
|
5. |
Тарауды қорытындылау. |
1 |
|
|
|
ІІ- тарау. Белгісіз заттың формуласын табуға арналған есептеулер. |
|
|
|
1. |
Белгісіз заттың құрамына кіретін элементтердің массалық үлестері бойынша формуласын табу. |
1 |
|
|
2. |
Газ тәрізді заттың, буының тығыздығы бойынша оның формуласын табу. |
1 |
|
|
3. |
Белгісіз зат жанғанда түзілетін өнімдердің мөлшері (массасы, көлемі) бойынша оның формуласын табу. |
1 |
|
|
4. |
Тарауды қорытындылау. |
1 |
|
|
|
ІІІ- тарау.Ерітінділердің қонцентрацияларын есептеу |
|
|
|
1. |
Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі. |
1 |
|
|
2. |
Ерітіндінің компоненттерінің молярлық үлестері. |
1 |
|
|
3. |
Еріген заттың молярлық концентрациясы. |
1 |
|
|
4. |
Концентрациясы әр түрлі заттарды араластыруға (сұйылтуға немесе қойылтуға) байланысты есептеулер. |
1 |
|
|
5. |
Тарауды қорытындылау. |
1 |
|
|
|
IV- тарау. Химиялық реакцияның теңдеулері бойынша есептеулер. |
|
|
|
1. |
Химиялық реакцияның теңдеуі қандай қатынастарды көрсетеді? |
1 |
|
|
2. |
Химиялық реакцияның теңдеулері бойынша жүргізілетін ең қарапайым есептеулер. |
1 |
|
|
3. |
Тізбектес реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер. |
1 |
|
|
4. |
Олеумге арналған есептеулер. |
1 |
|
|
5. |
Тарауды қорытындылау. |
1 |
|
|
|
V- тарау. Химиялық термодинамика мен химиялық кинетика. |
|
|
|
1. |
Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер. |
1 |
|
|
2. |
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. |
1 |
|
|
3. |
Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье принципі. |
1 |
|
|
4. |
Тарауды қорытындылау. |
1 |
|
|
|
VI-Тотығу- тотықсыздану реакциялары. |
|
|
|
1. |
Электртерістік. |
1 |
|
|
2. |
Тотығу дәрежесі. |
1 |
|
|
3. |
Валенттілік. |
1 |
|
|
4. |
Маңызды тотықсыздандырғыштар және тотықтырғыштар. |
1 |
|
|
5. |
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері. |
1 |
|
|
6. |
Тотығу тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері. |
1 |
|
|
7. |
Органикалық заттар қатысында жүретін реакцияларды теңестіру. |
1 |
|
|
8. |
Тарауды қорытындылау. |
1 |
|
|
|
VII-тарау. Эквивалент ұғымының осы күнгі мағынасы. |
|
|
|
1. |
Оксидтердің және негіздердің эквиваленті. |
1 |
|
|
2. |
Қышқылдардың және тұздардың эквиваленті |
1 |
|
|
3. |
Қорытынды бақылау жұмысы. |
1 |
|
1-сабақ.
Тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша жүргізілетін негізгі
есептеулер
Мақсаты:
1. Білімділік- химиялық формулалар бойынша есептеудің
тұжырымдамасын білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді
үйрету.
2. Дамытушылық- оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
арқылы есептеу машығын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік- жылдамдыққа, алғырлыққа, тез ойлана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.
Сабақтың барысы.
-
Теориялық материал.
Заттардың құрамын таңбалар арқылы өрнектеп, оның химиялық формуласын жазуға болады. Заттардың химиялық формуласы бойынша нені білуге болады? Ең алдымен, кез келген заттың құрамына кіретін элементтің саны арқылы оның жай зат не күрделі зат екендігін ажыратамыз. Олардың құрамындағы элементтердің атомдар санын айта аламыз. Мысалы берілген заттың химиялық формуласы H3PO4 болса, оның бірден күрделі зат екендігін, құрамына үш түрлі элемент: сутек, фосфор, оттек кіретінін, олардағы атомдардың арақатынасы 3:1:4 болатынын көрсетеді.
Химиялық формулалардағы таңбалар, индекстер және коэффициенттер
3 Na 2 CO3 индекс
коэффициент
индекс
ТИПТІК ЕСЕПЕТЕРДІ ШЕШУ ҮЛГІЛЕРІ
1-мысал.Мыс купоросының салыстырмалы молекулалық массасын есептеңіздер.
Шешуі: Мыс купоросының формуласы – CuSO4 * 5H2O
Күрделі заттың салыстырмалы молекулалық массасын табу үшін алдымен оның құрамына кіретін әрбір элемент атомдарының салыстырылмалы
атомдық массаларын олардың сандарына көбейтіп, сосын олардың жалпы қосындысын табу керек:
Ar(Cu)=64, Ar(S)=32, Ar(O)=16, Ar(H) =1
Mr(CuSO4 * 5H2O)=Ar(Cu) +Ar (S)+4Ar(O)+10Ar (H)+5Ar(O)=
160+90 =250
2-мысал. Кальций карбонатындағы кальцийдің, көміртектің және оттектің массаларының қатынастарын табыңыздар.
Шешуі: Кальций карбонатының формуласы- СаСО3. Мұнда кальцийдің бір атомына көміртектің бір атомы және оттектің үш атомы сәйкес келеді.Элементтердің дөңгелектенген атомдық массалары : Ar(Ca)=40. Ar(C)= 12. Ar(O)= 16; Сонымен кальций карбонатындағы кальцийдің, көміртектің және оттектің массаларының қатынасы:
m(Ca) : m(C) : m(O) = 40: 12 : 48 немесе 10: 3 : 12
-
Жаттығу жұмыстары.
Есте сақта!
Химиялық формула-заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу. Заттың химиялық формуласы арқылы оның салыстырмалы молекулалық массасы табылады. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы, берілген зат молекуласының массасының көміртек атомының массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін білдіреді.
а) Сутек пероксидіндегі сутек пен оттектің массалық үлестерін табыңыздар.
ә) Мыс (ІІ) оксидінің қандай массасында 128г мыс бар?
б) Газ күйіндегі азоттың салыстырмалы молекулалық массасы, көміртектің
оттекпен түзетін қосылысының салыстырмалы молекулалық массасымен бірдей. Ол қандай қосылыс?.
в) Алюминий (ІІІ) оксидінің 10,2 г массасында қанша алюминий бар?
г) Мыс колчеданында CuFeS2 массасы бойынша алғанда мыс көп пе, әлде темір көп пе? Есепті ауызша шығарыңдар.
д)Тотияйынды CuSO4.5Н2О микротыңайтқыш ретінде қолданған кезде сораның түсімі анағұрлым өсті.Осындай 10кг (4% шамасында қоспасы бар)
тұздан қанша мыс топыраққа енгізілді?
е) Құрамы (массасы бойынша процентпен): К- 39,7%, Mn -27,9 %, О-32,4 % болатын қосылыстардың қарапайым формуласын анықтаңдар.
2-сабақ.
Тақырыбы: Моль және молярлық масса ұғымдарын пайдаланып
жүргізілетін есептеулер
Мақсаты:
1. Білімділік- моль және молярлық масса ұғымдарының

2. Дамытушылық- оқушылардың логикалық ойлау қабылетін дамыту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ..
Сабақтың барысы.
1.Теориялық материал.
Белгілі бір химиялық теңдеу бойынша жүретін реакцияны жүзеге асыру кезінде әр заттың реакцияға қалдықсыз түсетін мөлшерін алу мәселесі тұрады. Оны қалай шешуге болады? Әр заттың көзге көрінбейтін молекуласын санап отыру мүмкін емес қой?
Сондықтан реакцияға түсетін барлық бөлшектердің(молекулалардың, иондардың, атомдардың) белгілі бір мөлшерін санап алып, олардың массаларын тауып, кесте жасап қоюмыз керек.Сонда көзге көрінбейтін молекулаларды санау орнына оған сәйкес массаны таразыға тартып, өлшеп ала саламыз. Мысалы әр элементтің миллиард атомын алып, олардың массаларын өлшеп кесте жасайық:
m(H)=1.674*10 -27кг*1000000000=1.674*10 -18кг
m(O)=2.667*10 -26кг*1000000000=2.667*10 -17кг
m(C)=1.993*10 -27кг*1000000000=1.993*10 -18кг
Мұндағы m-дегеніміз миллиард атомының массасы.
Дегенмен, ғалымдар заттардың ондай ыңғайлы мөлшерін тапқан.
Мысалы:
N(C)=0.012/1.993*10 -26=6.02*10 -23
N(H)=0.0010079 / 1.674*10 -27 =6.02*10 23
Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағының ұсынысы бойынша зат мөлшерінің бірлігі ретінде заттың құрамында 6,02*10 23 құрылым бірлігі (атом, молекула ион т.б. ) бар мөлшері алынған.
Моль дегеніміз көміртектің 12 С изотопының 0,012 кг массасында қанша көміртек атомдары болса, құрамында сонша құрылым бірліктері (молекулалар,атомдар,иондар және т.б.) бар кез келген заттың мөлшері.
ТИПТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ҮЛГІЛЕРІ
1-мысал. Сутек газының 2моль мөлшерінің массасын, көлемін(қ.ж.) және ондағы молекулалардың санын табыңыздар.
Шешуі:
m (H2)= ν (H2) M(H2) =2моль * 2г/моль = 4г
V (H2)= ν (H2) Vm =2моль * 22.4л/моль = 44,8л
N (H2)= ν (H2) N A =2моль * 6.02*10 23 1/моль =12.0 4*10 23
-
Жаттығу жұмыстары.
Жаттап ал!
Зат мөлшері мольмен өрнектеледі.Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) зат мөлшерінің өлшем бірлігіне моль қабылданған. Моль- бұл құрамында 0,012 кг (12г) көміртекте болатын атомдар санына тең құрлымдық бөлшектер (атомдар,молекулалар,т.б) болатын заттың мөлшері.
а) Массасы 40г оттек газының көлемін (қ.ж) және ондағы молекулалардың санын табыңыздар.
ә)Моль дегеніміз не? Зат мөлшерінің анықтамасын айтыңыздар.
б) Сұйық судың 1л көлеміндегі зат мөлшері қандай және онда шамамен қанша молекула бар?
в)Көмірқышқыл газының миллиард молекуласының көлемін(қ.ж) және жалпы массасын табыңыздар
.
г) 1г магни мен 1г көміртегінің қайсысында атом көп? Неше есе?
д) Атом саны 1г сутегіндегідей болу үшін неше грамм темір алу керек?
е) Мыныларда: а)4г оттегінде О2; б)10г сутегінде; в)3г көміртегінде қанша мольден болады?
ж)1,5 моль темірді құрамы Fe3O4 болатын оксидке дейін тотықтырғанда оның массасы неше грамға өседі?
л)0,5 моль мырыштан тұз түзілу үшін неше грамм күкірт қышқылы қажет және осы кезде неше грамм сутек бөлінеді?
3-сабақ Химиядан сандық есептер шығару 11 сынып 16.09.2019ж
Тақырыбы: Газ заңдары

Газдың кез келген көлемнің қалыпты жағдайдағы мәнін есептеу үшін газ заңдарының біріккен теңдеуі пайданылады:
PV/T=P0V0/T0 V0=PVT0/ P0T
Мұндағы V газдың Р қысымындағы және Т температурадағы алатын көлемі, ал V0 сол газды қалыпты жағдайдағы яғни Р0=101, 325 кПа (немесе 1атм =760 мм сынап бағанасы) және Т=73,15К=0С температура жағдайында алынатын көлемі. Әрине, теңдік белгісінің екі жағдайындағы параметрлердің өлшем бірліктері бірдей жүйеде алынуы керек. Егер есептің шартында олар әр түрлі жүйеде келтірілген болса, олардың арасындағы мынандай қатынастар бар:
Р0=101.325 kПa=1amм =760мм сынап бағанасы
T=tC+275.15
1м3=1000л=1000.1000cм=1000000 мл
1л=1000мл
Типтік есептер шығару үлгілері.
1-мысал.Универсал газ тұрақтысының (R) өлшем бірліктерінің әртүрлі жүйесіндегі мәндерін есептеңдер.
Шешуі:
Универсал газ тұрақтысының мәндерін есептеу үшін Клапейрон Меңделеев теңдеуін пайдаланымыз: PV=vRT
Бұдан: R= RV
vT
Енді қалыпты жағдайда Авагандро заңы бойыша кез келген газдың 1 моль мөлшері 22,4л көлем алатынын ескеріп, универсал газ тұрақтысының мәндерін есептейміз.
Қалыпты жағдайда: Т= 273,16К, Р=760мм сынап бағанасы= 1атм.=101,325кПа,v1моль, V=22,4л
Егер қысымды дина/см бірлігімен алсақ, көлемді –см онда Р 76,13,596.981
дина/см (мұндағы 13,596-1см сыныптың массасы, ал 981 см/сек –еркін түсу үдеуі).
R= (76.13,596г/см.981см/сек..22400см)
(1.273,16К)
Сонда,
8,314,10эрг/(град, моль).
Ал, 4,185.10эрг=1кал..болғандықтан:
R= (8,185.107 / 4,185.107 ) =1,99 кал (град.моль).
Сол сияақты:107 эрг=Дж екенін ескертсек:
R=8,314 Дж/(град,моль).
2-Жаттығу жұмыстары
Жаттап ал!
Клапейрон-Менделеев теңдеуін пайдаланғанда өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесін қолданған ыңғайлы.Егер көлемді литрмен алсақ PV=1000 m RT
M
а) Көлемі 15л ыдыс 18Скезінде газбен толтырылған. Ыдыстың ішіндегі газдың массасы-30,3 г ал қысымы -122кПа. Газдың молярлық массасын табыңыздар:
ә)Көлемі 40л баллоның ішінде 77 г СО газы бар. Баллонға қосылған манометр 106,6 кПа қысымды көрсетіп тұр. Баллоның ішіндегі газдың температурасын табыңыздар.
б)Көлемі 10л баллоның ішіндегі температурасы 27С 1моль оттек бар.Баллоның ішіндегі оттектің қысымын есептеңіздер
в)Көміртек (ІV) оксидінің 22С тепература кезіндегі көлемі 20л ыдыстағы қысымы 500 кПа.Ыдыстың ішіндегі көміртек (ІV) оксидінің массасын табыңыздар.
4-сабақ.
Тақырыбы: Газдардың молярлық көлемі. Авагадро заңы және одан
шығатын салдарлар.
Мақсаты:
-
Білімділік- молярлық көлем, Авагадро тұрақтылығын білу және
оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Теориялық материал.
Авогадро заңы: бірдей жағдайда (температура мен қысымда) әр түрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны да бірдей.
Авогадро заңынан екі салдар шығады:
1. Бірдей жағдайда кез келген газдың 1 моль мөлшері белгілі бір көлем (молярлық көлем ) алады.
Егер берілген жағдайда газдың 1 литрінің массасы белгілі болса, оның молярлық көлемін есептеп табуға болады. Мысалы, қалыпты жағдайда, яғни,
Т=273, 15К=00 С температурада және 101, 325 кПА (1атм =760 мм сынап бағанасы ) қысымда 1 л сутек газының массасы 0, 09 г, ал оның молярлық массасы М(Н 2 ) = 2, 0158 г \ моль.Олай болса, 1 моль сутек газының алатын көлемін мынадай пропорция құрып табуға болады:
Егер 1л.. сутек газының массасы 0, 09 г болса ,
онда оның молярлық көлемінің массасы 2, 0158 г. болады
V= 2,0158 г . 1л \ 0, 09 г = 22, 4л.
Демек , V M (Н2) = 226, 4л \моль.
Көптеген газдардың 1 моль мөлшерінің қалыпты жағдайдағы көлемі шамамен 22,4 л болатындығы анықталды.
ТИПТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ҮЛГІЛЕРІ
-
мысал.
Қалыпты жағдайдағы газдар қоспасы 2,24л оттек пен 3,36л күкірт(IV) оксидінен тұрады. Қоспаның массасын табыңыздар.
Шешуі:
Алдымен әр газдың зат мөлшерін табамыз:
ν (O2)= 2.24л / 22.4 л/моль = 0,1моль
ν (SO2)= 3.37л / 22.4 л/моль = 0,15моль
Енді зат мөлшері бойынша қоспадағы әр газдың массасын табамыз:
m(O2)= ν (O2) *M(O2) m(O2)= 0.1 моль* 32г/моль = 3,2г
m(SO2)= ν (SO2) *M(SO2)*m(SO2) m(SO2)= 0.15 моль* 64г/моль = 9,6г
Қоспаның жалпы массасы:
m= m (O2) + m(SO2)= 3.2+9.6=12.8 г
Жаттығу жұмыстары.
Есте сақта!
Бірдей жағдайда бір газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы олардың молярлық (демек, салыстыромалы молекулалық) массаларының қатынасына тең болады.
а) Дүние жүзінде жылына 30млн. тоннаға жуық сутек өндірілді. Бұл куб метрге шағып есептегенде қанша болады?
ә)Ауада шамамен алғанда оттегінің бір молекуласына азоттың неше молекуласы келеді?
б)Авагадро заңын былай тұжырымдауға болады:1м3 кез келген газдағы және кез келген газдар қоспасындағы моль саны қалыпты жағдайда бірдей болады. Бұл санды қалыпты жағдай үшін есептеп шығарыңдар.
в)Бірдей жағдайда 1л сутек,3л аммиак және 2л ауа алынды.Алынған газдардың молекула мөлшерін көрсететін сандық қатынасы қандай?
г) Ауа құрамында 78% азот, 21% оттек, 1% аргон (көлем бойынша) болатына сүйене отырып,осы газдардың әрқайсысының 1м ауада (қ.ж) қанша болатынын және 1м ауа массасы (қ.ж) қанша екенін есептеңдер
.
д)Сұйық оттегінің тығыздығы -183С кезінде 1,14г/см.Егер газдың көлемі қалыпты жағдайда өлшенген болса, оттегінің сұйық күйден газ тәрізді күйге көшкенде көлемі неше есе ұлғаяды?
е) Таразыға көлемі 0,5 литрлік стакан қойылып, теңестірілді де соңынан ондағы ауаны көмір қышқыл газбен ығыстырып шығарады. Енді таразының екі басын қайтадан теңестіру үшін оның қай табағына қанша жүк, қай табығана қанша гір тасын салу керек? Есепті қалыпты жағдайда деп шығару керек.
ж) Атақты ағылшын химигі және физигі Рамзай өткен ғасырдың соңғы кезінде алғаш рет 20м3 жерден гелий үлгісін бөліп алды. Осы гелий үлгісінің массасын табыңдар.
5- сабақ
Тарауды қорытындылау
Деңгейлік тапсырмалар
І- деңгей
1. Алюминий (ІІІ) хлоридінің салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.
2. Күкірт жанғанда оттегімен қосылады, алынған қосылыстың массасы жанған күкірттің массасынан екі есе көп. Молекуласында күкірттің бір атомы бар екенін есте ұстап, осы қосылыстың формуласын табыңдар.
3.Өздеріңе таныс темір сульфидінен басқа екінші бір жағдайда күкірт темірмен тағы бір қосылыс түзеді, онда темірдің 7 масса бірлігіне 8 масса бірлік күкірт келеді. Осы қосылыстың формуласын табыңдар.
4. Аммоний нитратындағы элементтердің мөлшерін(процентпен) есептеңдер.
ІІ- деңгей
-
Темір (ІІІ) оксидінің қандай массасында 112г темір бар?
-
Озон мен оттек қоспасының сутек бойынша тығыздығы 18. Қоспадағы әр газдың көлемдік үлестерін табыңыздар.
ІІІ- деңгей
Пропан газының 20 с температура кезіндегі көлемі 20л ыдыстағы қысымы 600 кПа. Ыдыстың ішіндегі пропан газының массасын табыңыздар
6-сабақ Химиядан сандық есептер шығару 11 сынып
Тақырыбы: Белгісіз заттың құрамына кіретін элементтердің массалық үлестері бойынша формуласын табу
Мақсаты:
-
Білімділік- белгісіз заттың құрамына кіретін элементтердің массалық үлестері бойынша формуласын таба білу және

Химиялық қосылыстың формуласы оның әр молекуласы қандай элементтердің қанша атомдарынан тұратындығын көрсетеді. Егер заттың 1 моль мөлшерін алатын болсақ, онда оның формуласы сондағы әр элемент атомдарының мөлшерлерінің, яғни моль сандарының қатынасын көрсетеді. Әрине, бұл қатынас бүтін сандар қатынасы болу керек (атом жарты немесе ширек болмайды, тек бүтін болады)
Химялық қосылыстардың формулаларына байланысты негізінен екі түрлі есептеулер жүргізуге болады. Егер химялық қосылыстың формуласы белгілі болса, онда оның құрамына кіретін әр атомның массалық үлесін, яғни проценттік мөлшерін табуға болады.Керісінше, егер химялық қосылыстың құрамына кіретін әр элементтің массалық үлесі, яғни проценттік мөлшері белгілі болса, онда қосылыстың құрамына кіретін элементтердің моль сандарының ең кіші қатнасын көрсететін ең қарапайым формуласын табуға болады. Әдетте, мұндай формуланы “эмпирикалық” формула деп атайды. Заттың эмпирикалық формуласын табу үшін “химялық анализ” мәліметтері қажет.
ТИПТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ҮЛГІЛЕРІ
1-мысал. Құрамындағы сутек, көміртек және оттек элементтерінің массалық қатынастары 1:6:16 болса, онда құмырсқа қышқылының формуласы қандай болғаны?
Шешуі:
Мұндайда массаның өлшем бірлігі ретінде грамм алған ыңғайлы. Енді элементтердің массаларының қатнастарын олардың зат мөлшерінің қатынастарына айналдыруымыз керек, себебі кез келген заттың
формуласындағы индекстер оның 1 моль мөлшеріндегі элементтердің зат мөлшерлерінің қатынастарын көрсетеді.
ν (H) = m(H) / M(H) =1г / 1г/моль = 1моль.
ν (С) = m(С) / M(С) =6г / 12г/моль = 0,5моль
ν (О) = m(О) / M(О) =16г / 16г/моль = 1моль.
ν (Н) ; ν (С) ; ν(О) =1 : 0,5 :1 = 2:1:2
Демек құмырсқа қышқылының эмпирикалық формуласы СН2О2 немесе НСООН
Жаттығу жұмыстары.
а) Құрамында 42,1% Nа, 39,0% О және 18,9% Р бар белгісіз заттың ең қарапайым формуласын табыңдар.
б)Белгісіз заттың 2,3грамы жанғанда 4,4 г көміртек (ІV) оксиді және 2,7 г су түзілген. Бұл заттың буының ауа бойынша тығыздығы 1,59.Белгісіз заттың молекулалық формуласын табыңыздар.
в)Тұрақсыз анорганикалық қышқылдың құрамында сутек оттек және күкірт бар.Ондағы күкірттің массалық үлесі 56,14 %. Қышқылдың формуласын анықтаңыздар.
г)Барий хлориді кристалло-гидратының құрамында 14,8 кристалдық су бар.
Осы кристаллогидраттың формуласын анықтаңдар.
д)Зат оттектен, азоттан, фосфордан және сутектен тұрады. Оның құрамындағы оттектің массалық үлесі 52,83 %. Оның формуласындағы азот пен фосфор атомдарының саны бірдей, ал, сутек атомдарының саны азот пен фосфор атомдарының сандарының қосындысынан 2,5 есе көп. Заттың 1 моль мөлшерінің массасы 150г мен300г аралығында. Белгісіз заттың формуласын анықтаңдар.
е)Мыс сулфаты, натрий сулфаты, күкірт қышқылы немесе калий сульфаттарының қайсысында күкірт мөлшері (массасы бойынша процентпен)
7 – сабақ. Химиядан сандық есептер шығару 11 сынып
Тақырыбы: Газ тәрізді заттың, буының тығыздығы бойынша оның
формуласын табу.
Мақсаты:
Білімділік- газ тәрізді заттардың буының тығыздығы бойынша оның формуласын таба білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.
Дамытушылық- оқушылардың логикалық ойлау қабылетін дамыту арқылы есептеу машығын қалыптастыру.
Тәрбиелік- жылдамдыққа, алғырлыққа, тез ойлана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
Теориялық материал
Құрамында 54,55% көміртек (С), 9,09 % сутек (Н) және және 36,36% оттек (О)бар белгісіз заттың сутек бойынша тығыздығы 22. Ол зат күміс оксидін оңай тотықсыздандырып,қышқылға айналады. Белгісіз заттың құрылымдық формуласын табыңыздар.Белгісіз заттың 100грамын қарастырамыз.
Сонда заттың құрамындағы әр элементің массасы оның проценттік мөлшеріне сан жағынан тең болады.Демек, онда 54,4 грамм көміртек, 9,09грамм сутек және 36,36 грамм оттек болғаны. Енді белгісіз заттың 100 грамындағы әр элементің зат мөлшерін табамыз. Ол үшін әр элемент атомдарының массаларын оның атомдарының молярлық массаларына бөлеміз:
54, 55 г /12г/моль : 9,09г /1г/моль : 96,36г / 16г/моль = 4,54 : 9,09 : 2,27
ν (C) : ν(Н) : ν(O) = 54,55/12 : 9,09/1: 36,36/16 = 4,54:9,09:2,27.
Ал жоғарыдағыдай молекула құрамына кіретін атом сандары тек бүтін сан болатынын ескерсек:
ν (C) : ν(Н) : ν(O) = 4,54/2,27 : 9,09/2,27: 2,27/2,27 = 2 : 4 : 1
Демек белгісіз заттың ең қарапайым (эмпирикалық) формуласы С2Н4О.
болғаны. Жауабы: сірке қышқылы.
Жаттығу жұмыстары.
Жаттап ал!
Осындай есептерді шығарғанда пропорция әдісін де қолдануға болады.Мұнда да белгісіз заттың 100г алған ыңғайлы.Кейбір жағдайда массалық үлес белгілі болғанда массалық үлес табудың математикалық өрнегін пайдалануға болады. W=n*Ar / Mr
а) Буы ауадан жеңіл күкірт қосылыстарының болуы мүмкін бе? Жауаптарыңызды дәлелдеңдер.
ә) Құрамы 35,4 % азот болатын этилен С2Н4 мен азоттың газ тәрізді қоспасының сутек бойынша тығыздығын есептеңдер.
б)Cынап буының ауа бойынша тығыздығы 446 С кезінде 6,92 ге тең.Будағы сынап молекуласының құрамы қандай?.
в)Күкірт буының ауа бойынша тығыздығы 500 С кезінде 6,62 және 1160 С кезінде 2,2 ге тең болса, осындай температурадағы күкірт буының молекуласында неше атом болады?.
г)Қалайы хлормен әрекеттескенде молекуласы 5 атомнан тұратын қалайы хлориді түзіледі.Сондай-ақ қалайы хлориді буының сутек бойынша тығыздығы 130 шамасында екенін біле отырып, оның формуласын табыңыздар.
д) Сыйымдылығы 1000 м3 болатын гелий толтырылған аэростат қалыпты жағдайда ұшса , қанша жүкті (қабы мен жабдықтарымен қоса алғанда) көтере алады?
е) Қалыпты жағдайда суды буға айналдырғанда оның көлемі неше есе ұлғаятынын есептеңдер.
8-сабақ.
Тақырыбы: Белгісіз зат жанғанда түзілетін өнімдердің мөлшері (массасы, көлемі ) бойынша оның формуласын табу
Мақсаты:
-
Білімділік- белгісіз зат жанғанда түзілетін өнімдердің мөлшерін таба білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың барысы
Теориялық материал
Белгісіз заттың 2,3 грамы жанғанда 4,4 көміртек (ІV) оксиді және2,7 г су түзілген. Бұл заттың молекулалық формуласын табыңыздар.
Реакция нәтижесінде түзілген көміртек (ІV) оксидінің құрамындағы көміртек тек белгісіз заттан ғана келуі мүмкін. Сол сияқты түзілген судың құрамындағы сутек те тек белгісіз заттан ғана келуі мүмкін. Ал, реакция нәтижесінде түзілген СО2 мен Н2О құрамына кіреттін оттек екі жолмен келуі мүмкін. Ол белгісіз зат жанғанда ауадан немесе бастапқы белгісіз заттың өз құрамында да болуы мүмкін. Сол себепті белгісіз заттың формуласын жалпы түрде Сх Ну Оz деп белгілейміз. Мұндағы оттек атомдарының бар-жоғын тек белгісіз заттың берілген массасындағы көміртек және сутек атомдарының массаларының қосындысы белгілі болған жағдайда ғана айтуға болады.
Егер 42г СО2 құрамында 12 гС болса,
онда 4,4 г СО2 құрамында а г С болғаны
Бұдан а = 4,4 .12/44 = 1,2г С
Сол сияқты:
Егер 18г Н2 О құрамында 2г Н болса,
онда 2,7г Н2О құрамында b r H болғаны.
Бұдан b = 2,7.2\18=0,3гН.
Сонымен, белгісіз заттың 2,3 грамындағы көміртек пен сутек атомдарының массаларының қосындысы 1,2+0,3=1,5г болады екен.Демек, оның құрамында оттек болғаны. Оның массасы :
m (О)=2,3-1,5=0,8 г
Енді әр элементтің моль сандарын есептеп алып, олардың ең кіші қатынасын табамыз:
v (C) : v (Н): v (О) = 1,2\12 : 0,8\16 = 0,1 : 0,3 : 0,05
немесе:
v (C):v (H): v (O)= 0,1\0,05:0,03\0,05:0,05\0,05=2:6:1
Демек : х:y:z=2:6:1
Яғни, белгісіз заттың эмпирикалық формуласы С2Н6О болған. Ал, оның нағыз формуласы осы эмпирикалық формулаға еселі болуы мүмкін(C2 H6O)П .Белгісіз заттың нағыз формуласына сай молекулалық массасын есептеу үшін оның буының ауа бойынша тығыздығын пайдаланамыз.
М r (С х Ну О z) =Dауа *29 = 1,59*29 = 46,11
Демек, белгісіз заттың молекулалық формуласы С2 Н6 О.
Жаттығу жұмыстары
Жаттап ал!
Белгісіз заттың эмпирикалық формуласын табу сол заттың нағыз, немесе, басқаша айтқанда, молекулалық формуласын табу жолындағы алғашқы қадам болып қана табылады. Заттың молекулалық формуласын табу үшін көбінесе химиялық анализ мәліметтерінен басқа да қосымша мәліметтер қажет болады.
а) Жаққан кезде газдар артық қалмай толық әрекеттесуі үшін көміртек (II) оксиді және оттек көлемі қандай арақатынаспен араластыруы керек? Осы кезде түзілген көмір қышқыл газ бен бастапқы алынған газдар қоспасының көлемдік арақатынасы қандай?
ә) Егер газдардың көлемі тәжірибеге дейін және тәжірибеден кейін бірдей жағдайда өлшенсе, оттегіде күкіртті жаққанда газдың көлемі көбейе ме, азая ма, әлде өзгеріссіз қала ма?
б) Оттегін артық мөлшерде алып, 6мл сутек жағылды. Газ қоспасын бұрынғы температурасына дейін салқындатқаннан кейін оның көлемі қанша кеміді?
в) Аммиак хлорда жанады. Жану өнімдері- азот және хлорсутек. Бұл кезде : а) аммиак пен хлор қандай көлемдік арақатынаста әрекеттеседі; б) азот пен хлор қандай көлемдік арақатынаста алынады?
г) Қүрамында: 5 % алюминий, 2 % мырыш, 93 % магнийі бар құйманың 1,00 грамын қышқылда еріткенде түзілген сутегінің массалық және көлемдік үлесі қандай?
9- сабақ
Тарауды қорытындылау
Деңгейлік тапсырмалар
І- деңгей
1.Мына деректерге сүйеніп, төмендегі келтірілген элементтердің оксидтерінің формулаларын құрастырыңдар.
а) S – 50.0%
в) Mn – 49.6%
с) C – 42.8 %
д) Pb – 86.6%
2. 1г қосылысты қыздырғанда 0,45г оттек бөлінеді.Қатты тұнба натрий хлориді болып табылады.Қосылыстың қарапайым формуласы қандай?
3. Ауада шамамен алғанда оттегінің бір молекуласына азоттың неше молекуласы келеді?
4. Құрамында 28% -Fe; 24%- S; 48% - O болатын қосылыстың молекулалық формуласы қандай?
ІІ- деңгей.
1. Элемент оттекпен қосылғанда ЭО қосылыс түзеді. Сол элементтің 16 грамына оттектің 6,4 г сәйкес келеді. Ол қайсы элемент?
2. Мыстың массалық үлесі 0,8, оттектікі 0,2 болып келетін мыс оксидінің молекулалық формуласын табыңыздар.
3. Кристалдық қосылыстың ерімталдығы мен атом аралық байланыстың беріктігі арасында байланыс болуы мүмкінбе? Дәлелді жауап беріңдер.
ІІІ- деңгей.
Құрамындағы фосфордың массалық үлесі 0,27928 немесе 27,928% және күкірттің массалық үлесі 0,72072 немесе 72,072% болып келетін заттың қарапайым формуласын табыңыздар.
10-сабақ
Тақырыбы: Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі.
Мақсаты:
1. Білімділік- еріген заттың массалық үлесі бойынша есептеудің

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы
Сабақтың барысы.
-
Теориялық материал.
Ертінділердің концентрациялары ерітіндінің немесе еріткіштің белгілі бір массасындағы немесе көлеміндегі еріген заттың (х) мөлшерімен (немесе массасымен) сипатталады. Ерітінділердің концентрацияларын сандық сипаттау үшін бірнеше әдістер қолданылады: массалық үлес, көлемдік үлес, молярлық концентрация, мольялдық концентраця, эквиваленттік молярлық концептрациясы (нормальдық концентрация), молярлық үлес, титр және т.б.
1.Еріген заттың массалық үлесі деп еріген заттың массасының (m е.з) ертіндіінң жалпы массасына (mер) қатынасын айтады.
w (х) =m (х) / mер немесе w = mез / mер
Еріген заттың массалық үлесін көбінесе процентпен өрнектейді:
wез = m(х) . 100%/ mep немесе wез = mе / mер .100
1.Молярлық үлес деп ерітіндінің белгілі бір компонентінің зат мөлшерінің ерітіндісінің құрамына кіретін барлық компоненттердің зат мөлшерінің қосындысына қатынасын айтады. Егер ерітінді екі компоненттен тұратын болса, онда әр компоненттің молярлық үлестері былай табылады:
N1 = n1 / (n1+n2):
N 2 = n2 / (n1 + n2):
2.Жаттығу жұмыстары.
Жаттап ал!
Ерітінділерді пайдалнғанда ерітіндінің берілген мөлшерінде қанша еріген зат бар екенін білудің маңызы зор.Еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасын еріген заттың массалық үлесі деп атайды. Мынау формуласы:
w % = m еріген зат / m ерітінді*100 %
а)Дистилденген судың 513 г массасында 27 г тұз еріген. Еріген заттың ерітіндідегі массалық үлесін процентпен көрсетіңіздер.
ә) Массасы 25г ерітіндіні буландырғанда 0,25 г тұз алынған. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыздар және оны процентпен көрсетіңіздер.
б) Ерітіндінің 500г массасы берілген. Ондағы күйдіргіш натрдің массалық үлесі w = 0,2. Осы ерітіндіні буландырғанда қанша құрғақ тұз алынады ?
в) Еріген заттың массалық үлесі w = 0,3 болып келетін ерітіндінің 200г массасынан 100г су қосылған. Пайда болған жаңа ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыздар.
г) Егер натридің 2,3 массалық бөлігі оттектің 0,8 массалық бөлігімен қосылған болса, онда түзілген оксидтің формуласы қандай болғаны ?
д) Фосфор (V) оксидін сумен қосып қыздырғанда жүретін реакция теңдеуін жазып, әрекетесуші заттардағы элементердің массаларының қатынастарын есептеңіздер?
е) Төменде 20 С кезінде 1000г суда еріген кейбір заттардың массалары берілген: а) 1,56 г кальций гидроксиді; б) 38 г барий гидроксиді. Осы ерітінділердегі еріген заттардың массалық үлесін анқтаңыздар.
ж) Құрамында натрий гидроксидінің 240г массасы бар ерітіндіге темір (ІІІ) хлориді ерітіндісінің артық мөлшері құйылды. Түзілген темір (ІІІ) гидроксидінің массасын және зат мөлшерін анықтаңыздар.
11- сабақ
Тақырыбы: Ерітіндінің компоненттерінің молярлық үлестері.
Мақсаты:
1. Білімділік- молярлық үлес бойынша есептеудің

Ертінділердің молярлық концентрациясы еріген заттың зат мөлшерінің ертіндінің көлеміне қатынасымен сипатталады
С (Х)=v(Х)моль\V л
Өлшемдерінің халықаралық SL жүйесі бойынша молярлық концентрацияның өлшем бірлігі моль\л3. Дегенмен практикада осы уақытқа дейін моль\л өлшем бірлігі кең тараған. Практикада молярлық концентрация ертіндінің 1 литріндегі еріген заттың моль санымен сипатталады. Молярлық концентрацияның өлшем бірлігі қысқаша үлкен М әріпімен өрнектеледі. Мысалы, алюминий сульфатының 1 мольярлық ертіндісі қысқаша 1М АІ2 (SО4)3 деп жазылады. Сол сияқты децимолярлық, сантимолярлық және миллимолярлық ертінділер 0,1 М; 0,01 М; және 0,001 М деп жазылады.Сонымен қатар С(( АІ2 ( SО4)3) = 1моль / л немесе C(AІ2 (SO4) 3)= 1M деген өрнектер де кездеседі.
ТИПТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ҮЛГІЛЕРІ
1-мысал. Этил спиртінің массасы бойынша 40%-тік ерітіндісіндегі этил спирті мен судың молярлық үлестерін есептеңіздер.
Шешуі:
Ертіндінің 1л көлемін құрастырамыз. Тығыздығы берілмегендіктен , оны жуықтап 1 г/мл деп аламыз. Сонда, 1л ерітіндінің массасы 1000 г болады.Ондағы әр компоненттің массалары:
m (C2 H5 OH)= m (ep)w (C2 H5 OH) = 1000г * 0,4 = 400г
m (Н2 О )= m (ep)w (Н2O) = 1000г * 0,6 = 600г
Зат мөлшері:
v (C2 H5 OH) = m (C2 H5 OH)/ M(C2 H5 OH) = 400г / 46 моль = 8,7 моль;
v (Н2O) = m (Н2O)/ M(Н2O) = 600г / 18г / моль = 33,3 моль;
Молярлық үлестері:
И (С2 Н5 ОН) = v (C2 H5 OH) / v (C2 H5 OH) + v (H2 O) = 8,7 моль / (8,7 + 33,3) моль = 8,7 моль / 42 моль = 0,2 немесе 20%
И (Н2О) = v (Н2O) / v (C2 H5 OH) + v (H2 O) = 33,3 моль / (8,7 + 33,3) моль = 33,3 моль / 42 моль = 0,8 немесе 80%
2. Жаттығу жұмыстары.
Есте сақта!
IUPAC ұсынысы бойынша ерітіндінің молярлығы мұнша деген сөз тіркесінің орнына “мұнша молярлық ерітінді” деген сөз тіркесін қолданған дұрыс.
а) Жаққан кезде газдар артық қалмай толық әрекеттесуі үшін көміртек(ІІ) оксиді және оттек көлемі қандай арақатынаспен араластыруы керек? Осы кезде түзілген көмір қышқыл газ бен бастапқы алынған газдар қоспасының көлемдік арақатынасы қандай?
ә) Құрамында: 5% алюминий, 2% мырыш, 93% магнийі бар құйманың 1,00 грамын қышқылда еріткенде түзілетін сутегінің массалық және көлемдік үлесі қандай?
б) Алюминий – мыс құймасының 1,00 грамын қышқылдың артық мөлшерімен өңдегенде 1,178 л сутек бөлінді, осы құйманың (массасы бойынша процентпен) құрамы қандай?
в) Күкіртсутекті Н2S күкірт оксиді SО2 – мен суға дейін тотықтырғанда реакцияға кірісетін оттегінің көлемі кұкіртсутектің көлемінен неше есе артық?
г) Газ күйінде аммиакты катилизатор қатынасына оттегімен тотықтырғанда азот (ІV) оксиді су түзіледі. Осы реакцияның теңдеуін құрастырыңдар және 40л аммиакпен қанша көлем оттек реакцияласатынын көрсетіңдер. Есепті ауызша шығарыңдар.
12- сабақ.
Тақырыбы: Еріген заттың молярлық концентрациясы.
Мақсаты:
1. Білімділік- молярлық концентрация бойынша есептеудің

Моляр концентрация деп - ерітіндідегі еріген заттың массасының еріген заттың көлеміне және еріген заттың моль массасына қатынасына айтылады.
Практикада молярлық концертрация берілген ерітіндіні былай дайындайды. Ерітіндінің қажетті көлеміне сәйкес өлшеуіш қолбаға ерітетін заттың қажетті массасын суды азғана мөлшеріне ерітіп алып, ерітетін зат толық еріп болған соң және ерітіндінің температурасы бөлменің температурасымен теңелген соң, дистилденген суды өлшеуіш колбаның белгісіне дейін толтырады. Көлемі (V) және молярлық концентрациясы (См) берілген ерітіндіні дайындау үшін қажетті ерітетін заттың массасын (mм) есептеу үшін мынандай формуланы пайдалануға болады: m (зат) = М*См * V Мұндағы М – еріген заттың молярлық массасы.
Типтік есептерді шығару ұлгілері.
120 МЛ 0,45 М Na2CO3 ерітіндісін даярлау үшін, тығыздығы 1,16 г/мл, массалық үлесі 0,15 болатын Na2CO3 ерітіндісінің қанша көлемін алу керек?.
Шешуі:
1) 120 мл 0,45 М Na2CO3 ерітіндісін алу үшін неше гр Na2CO3 керек болатынын есептейміз.
М (Na2CO3)= 106г/мл
V= 0.12л
C= 0.45M m= 106*0.12 *0.45= 5.724г
m= 5.724г
2. Массалық үлесі 0,15 болатын натрий карбонатының ерітіндісінен неше гр қажет болатынын есептейміз.
0,15 массалық үлесте---------- 5,724г
1 --------------------------------- Х
Х = 5,724*1/ 0,15 = 38,16 Х = 38,16 гр Na2CO3
3. Осы ерітіндінің көлемін есептейміз:
V=m/ρ = 38.16 / 1.16= 33 мл
Жаттығу жұмыстары.
Есте сақта!
Бір литр ерітіндідегі еріген заттың мөлшерінің молмен көрсетілуі моляр концентрацияны білдіреді. Ол С әріпімен, бірлігі М әріпімен белгіленеді.
1. 500мл ерітіндіде натрий сульфатының массасы 56,8 г болса, онда сол ерітіндінің моляр концентрациясын есептеу керек.
2. Күкірт қышқылының 1500мл 0,4 моляр концентрациялы ерітіндісін даярлау үшін H2SO4 –ің қажетті массасын есептеңіздер.
3. 250 мл 0,6 М КОН ерітіндісін даярлау үшін 5М КОН ерітіндісінің қанша мл алу керек?.
4. 40% азот қышқылының тығыздығы 1,25 г/мл. Осындай ерітіндінің моляр концентрациясын есептеу керек.
5. 400 мл CuSO4 ерітіндісіндегі мыс сульфатының массасы 8г болса, онда сол ерітіндінің моляр концентрациясын есептеңіздер.
6. 0,4 М HCl ерітіндісін даярлау үшін 2М HCl ерітіндісінен неше мл алу керек?.
7. 50мл 1М тұз қышқылының ерітіндісінен 0,2 М тұз қышқылының қандай көлемін даярлауға болады?.
8. 700мл 0,5 М ерітінді даярлау үшін 0,8 М және 0,1 М тұз қышқылының әрқайсысынан неше мл алу керек?.
13 – сабақ Химиядан сандық есептер шығару 11 сынып 25.11.2019ж
Тақырыбы: Концентрациясы әр түрлі заттарды араластыруға байланысты есептеулер.
Мақсаты:концентрациялары бойынша есептеудің шарттарын білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.
1.Теориялық материал.
Практикада концетрациясы әр түрлі ерітінділерді араластырғанда пайда болатын жаңа ерітіндінің концентрациясын табуға арналған есептеулер жиі кездеседі. Араластырған кезде «коюлау» ерітінді сұйылады да сұйықтау ерітіндіні қоюландырады. Араласқаннан кейін пайда болған ерітіндінің концентрацясы қоюлау ерітіндінің концентрациясынан төмен, ал «сұйықтау» ерітіндінің концентрациясынан жоғары. Жаңа ертінің концентрациясын есептеуге арналған бірнеше әдістер бар. Олардың ішіндегі ең қарапайымы бойынша алдымен бастапқы ертінділердің ішіндегі еріген заттардың массаларын тауып алады, содан кейін араласқаннан кейін пайда болған ерітіндінің жалпы массасын біле отырып, жаңа ерітінділердегі еріген заттың массалық үлесін есептейді. Бұл әдісті әдебиеттерде «логикалық», кейбіреулер «классикалық» деп атап жүр. Сонымен қатар мектеп оқулықтары тұрмақ, жоғары оқу орындарына арналған орысша кітаптардың өзінде де сиректеу кездесетін әдістер бар. Олардың бірін «алгебралық әдіс деп, ал екіншісін «крест» әдісі деп атайды. Шетелдік әдәбиеттерде бұл әдісті тіпті «Пирсон конверті» деп те атайтын көрінеді.
ТИПТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ҮЛГІЛЕРІ.
а) Берілген заттың 25%- тік ерітіндісінің 300 грамын оның 40% –тік ерітіндісінің 400 грамына қосып араластырғанда пайда болатын ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыздар.
Шешуі:
Алдымен 25%- тік ерітіндінің 300 грамындағы еріген заттың массасын пропорция құру арқылы табамыз.
Егер 100г ерітіндіде 25 г еріген зат болса, онда 300г ерітіндіде х г еріген зат болғаны. Бұдан: х =300*25 / 100 = 75г
Дәл осылай 40- тік ерітіндінің 400 грамындағы еріген заттың массасын табамыз.
Егер 100г ерітіндіде 40 г еріген зат болса,
онда 400г ерітіндіде у г еріген зат болғаны.
Бұдан: х =400*40 / 100 = 160 г.
Енді екі ерітіндіні бір-біріне қосып аралыстырғанда 700 грамм жаңа ерітінді түзілді. Оның ішіндегі еріген заттың жалпы массасы х + у = 75 + 160 = 235 г.
Жаңа ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін пропорция арқылы табуға болады.
Егер 700г ерітіндіде 235 г еріген зат болса,
онда 100г ерітіндіде у г еріген зат болғаны.
Бұдан: х =100*235 / 700 = 33,6 г. х =100*225 / 700 = 33,6г.
Демек, пайда болған жаңа ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі 33,6 %
2- есеп Тұз қышқылының 26,7% - тік ерітіндісінің 242 грамын дайындау үшін оның 20% және 32,1% - тік ерітінділердің қандай массаларын қосып араластыру керек.
Алгебралық әдіс бойынша есептеу
m1W1 + m2W2=m3W3 m1+m2=242 m2=242 – m1
m1·20+ m2·32,1=242·26,7.
20m1+(242–m1)·32,1=6461,4
20 m1 +7768,2 – 32,1 m1=6461,4
7768,2–6461,4=32,1m1 – 20m1
1306=12,1m1
m1=1306:12,1=108
m2=m3 – m1=242 – 108 =134г
демек: m1=108г m2=134г
2. Жаттығу жұмыстары.
1) Натрий карбонатының 20% – тік ерітіндісінің 1000 грамын оның 80% –тік ерітіндісінің 1000 грамына қосқанда пайда болған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыздар.
2) 200г 8% - дық сірке қышқылын 120г 7%- дық сірке қышқылының ерітінділерін араластырғандағы сірке қышқылының массасын есепте.
3) Натрий хлоридінің 17,5% - тік ерітіндісін дайындау үшін оның 15,5% - тік ерітіндісінің 100 грамына қанша грам құрғақ ас тұзын қосу керек ?
4) Тұз қышқылының 32,7% - тік ерітіндісінің 314 грамын дайындау үшін оның 25% және 33% - тік ерітінділердің қандай массаларын қосып араластыру керек.
14-сабақ.
Тарауды қорытындылау
Деңгейлік тапсырмалар
І- деңгей.
1. Ерітіндіде еріген заттың массалық үлесі дегеніміз не?
2. Молярлық концентрация қандай формуламен өрнектеледі?
3. Эквивалент концентрациялы ерітінділер дегеніміз не?
4. 1000 г еріткіште еріген заттың моль мөлшері қалай аталады?
ІІ- деңгей.
1. 500мл ерітіндіде Na2SO4-ің массасы 56,8г болса, онда сол ерітіндінің моляр концентрациясын есептеңдер.
2. Күкірт қышқылының 1500мл 0,4 моляр концентрациялы ерітіндісін даярлау үшін қажетті H2SO4 –ің массасын табу керек.
3. 250 мл 0,6 М КОН ерітіндісін даярлау үшін 5М КОН ерітіндісінен қанша мл алу керек?
ІІІ- деңгей.
Тығыздығы 1,09 г/мл, 40мл 2М НСl ерітіндісіне 200 мл су қосылғанда алынған ерітіндінің тығыздығы 1,015г/мл болса, онда оның моляр және процент концентрациясын табу керек.
15 – сабақ. Химиядан сандық есептер шығару 11 сынып 18.12.2019ж
Тақырыбы: Химиялық реакцияның теңдеуі қандай қатынастарды көрсетеді.
Мақсаты:
1. Білімділік- химиялық реакцияның теңдеуі бойынша есептеудің

Реакцияға түсіп түрған заттарды реагенттер ал реакцияның нәтижесінде шығып тұрған заттарды өнімдер деп атайды. Химиялық реакцияның теңдеуінде әр заттың формуласының алдындағы коэфициентті стехиометриялық коэффициент деп атайды. Реакция теңдеуі бойынша сутектің екі молекуласы оттектің бір молекуласымен әрекеттесіп, екі молекула су түзеді. Демек, сутек 2Ч6,02.1023 молекуласы оттектің 6,02ЧЧ1023 молекуласымен әрекеттесіп судың 2*6,02. 20*1023 молекуласын түзеді. Яғни сутектің 2 моль мөлшері оттектің 1 моль мөлшерімен әрекеттесіп, судың 2 моль мөлшерін түзеді. Реагенттер мен өнімдердің зат мөлшерінің қатынастарына сүйене отырып олардың массаларының қатынастарын есептеуге болады. Реакция теңдеуі бойынша 4,04 г сутек 32 г оттекпен әрекеттесіп, 36,04 г су түзеді. Массалардың сақталу заңына сай реагенттердің массаларының қосындысы (36,04г) тең.
ТИПТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ҮЛГІЛЕРІ
Массасы 13,0 г мырыш құрамында 6,72 л (қ.ж) еріген хлорсутек газы бар тұз қышқылының ертіндісімен әрекеттескенде қанша грамм тұз және қанша көлем сутек газы түзіледі.
Шешуі:
13 г 6, 72 л х
Z n +2HCI = ZnCI2+H 2
65 г\моль 22,4 л\моль
Алдымен, әрекеттесуші реагенттердің зат мөлшерін салыстырамыз:
v(Zn) = m (Zn)\M(Zn)=13\65г\ моль = 0,2 моль
v (HCl)= V(HCl) / Vm= 6.72л / 22.4л/моль = 0.3моль
Реакция теңдеуі бойынша мырыштың әр молі хлорсутектің 2 молімен қалдықсыз әрекеттеседі. Олай болса, есептің шарты бойынша 0,2 моль мырыш қалдықсыз әрекеттесу үшін 0,4 моль НСl керек. Реакция теңдеуі бойынша 0,3 моль хлорсутектен 0,15 моль ZnCl2 және 0,15 моль сутек газы түзіледі. Олардың массалары:
m(ZnCl2) =v(ZnCl2)* M(ZnCl2)= 0.15моль * 136г/моль =20,4 г
m(H2) =v(H2)*M(H2)=0,15 моль*22,4л/моль =3,36л
2. Жаттығу жұмыстары.
Есте сақта!
Егер химиялық реакцияға кіріскен және оның нәтижесінде шығатын барлық заттардың химиялық формулалары белгілі болса, химиялық реакцияны химиялық теңдеумен көрсетуге болады.
а)Молшері 0,1моль мырыш құрамында 0,3моль НСl бар тұз қышқылының ерітіндісімен әрекеттескенде қанша грамм тұз және қанша көлем(қ. ж) сутек газы бөлінеді?
ә)Натрийдің 1моль мөлшері сумен әрекеттескенде бөлінетін сутектің көлемі қанша болса, сонша сутек бөліну үшін тұз қышқылымен алюминийдің қандай массасы әрекеттесу керек?
б)Құрамында 16г мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндіге массасы 4,8г темір үгінділерін салған. Қандай заттар түзілді және олардың массалары қанша?
в)Массасы 1т шыны алу үшін қандай шікізаттың қанша массалары қажет?
г)Массасы 6,1кг натрий силикатын алу үшін құрамындағы бөтен қоспалардың массалық үлесі 0,2 болып келетін кремний(IV)оксидінің қандай массасы керек?
д)Егер шығымның теориялық мүмкіндігі 80 % болса, онда 31т кальций ортофосфатынан қанша ортофосфор қышқылын алуға болар еді?
е)Аммоний нитратының 5т массасын алу үшін қажетті аммиактың массасы мен көлемі қандай?
16-сабақ
Тақырыбы: Химиялық реакцияның теңдеулері бойынша жүргізілген ең қарапайым есептеулер.

Химиялық теңдеулер бойынша жүргізлілетін есептеулердің мүмкін болатын варианттарын жалпы түрде қарастыру үшін мынандай «қарапайым» теңдеу алайық:
аА+b=cC+dD
Мұндағы а, b , с және – стехиометриялық коэффициент-тер.
Есептердің шарттарында осы төрт заттың кез келгенінің зат мөлшері, немесе массасы немесе молекулалар саны немесе көлемі (газдар үшін) беріліп ал қалған үшеулерінің бірінің массалырын (газдар үшін) есептеңіздер деуі мүмкін. Мүнда (1) типтес теңдеу үшін 7-вариант болуы мүмкін. Теориялық тұрғыдан алғанда мұндай 4 зат қатысатын теңдеу үшін жалпы есеп шарттарының 28 варианты болуы мүмкін. Іс жүзінде есептің шарттарында көбінесе оңай өлшенетін шамалар беріледі немесе сұралады. Практикада әрекеттесуші реагенттердің бірі немесе бірнешеуі артық мөлшерде болуы мүмкін. Сонда реакция аяқталғанда мұндай реагенттердің біраз мөлшері пайдаланылмай қалады. Реакция өнімдерінің зат мөлшерін реакция кезіндегі толық пайдаланылған реагент бойынша есептеу керек. Оны шектеуші реагент деп атайды.
ТИПТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ҮЛГІЛЕРІ
Мөлшері 0,1моль мырыш құрамында 0,3моль НСl бар тұз қышқылының ерітіндісімен әрекеттескенде қанша грамм тұз және қанша көлем(қ.ж.) сутек газы бөлінеді? Түзілген заттар шамамен қанша молекуладан тұрады?
Шешуі:
0,1 моль 0,5моль 0,1моль 0,1моль
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
Реакция теңдеуі бойынша 0,1 моль Zn түгел әрекеттесу үшін 0,2 моль НСl жеткілікті.Демек шектеуші реагент мырыш, ал НСl артық мөлшерде берілген. Олай болса есептеуді мырыш бойынша жүргіземіз.
Олардың массалары:
m(ZnCl2) = ν(ZnCl2) *M(ZnCl2) = 0.1моль* 136г/моль = 13,6г
m(H2) = ν(H2) *M(H2) = 0.1моль* 2г/моль = 0.2г
Олардағы молекулалар саны:
N(ZnCl2) = ν(ZnCl2) * NA) = 0.1моль* 6.02*10 23 1/моль = 6.02*10 22
N(H2) = ν(H2) * NA) = 0.1моль* 6.02*10 23 1/моль = 6.02*10 22
Бөлінген сутек газының қалыпты жағдайда алатын көлемі:
V(H2) = ν(H2) * VM) = 0.1моль* 22.4 = 2,24л.
2. Жаттығу жұмыстары.
1. Массасы 4г белгісіз металл броммен әрекеттесіп, 20г бромид түзеді.Белгісіз металдың молярлық массасын табыңыздар.
2. Массасы 100г суды электр тоғымен айырғанда массасы және көлемі бойынша қанша сутек және оттек бөлінеді?
3. Мөлшері 0,9 моль кальций карбонатына 540мл 8% тұз қышқылының (d=1.04г/см3) ерітіндісін қосқан. Қандай газ бөлінеді? Оның көлемін анықтаңыздар.
4.Массасы 12,8г мысқа қыздыра отырып, концентрлі күкірт қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде бөлінген газдың массасын, көлемін(қ.ж.) және зат мөлшерін есептеңіздер.
5. Жалпы көлемі 40мл сутегі мен оттегінің қоспасы қопарылғанда 4мл сутегі артылып қалды. Бастапқы қоспадағы газдардың көлемдік үлестерін табыңыздар.
6.Массасы 1,28г мысты оттегінің ағынында қыздырғанда пайда болған затты мыс (ІІ) хлоридіне айналдырған. Сол үшін кеткен тұз қышқылының 40%-тік ерітіндісінің (d=1,02 г/см3) көлемін және түзілген мыс (ІІ) хлоридінің массасын есептеңіздер.
17- сабақ 16.01.2019 11 «А» сыныбы Какенова А.М.
Тақырыбы: Тізбектес реакцияның теңдеуі бойынша есептеулер.
Мақсаты:
1. Білімділік- тізбектес реакциялардың теңдеулері бойынша есептеудің

Практика мынандай есептер кездеседі:
Мынандай теңдеулермен сипатталған реакциялар тізбегі бойынша А затынан Р заты алынады:
К1А+К2В= К3С+К4Д
К5С+К6Е= К7L+К8М
К9L+К10F= К11Р+К12Т
А заттың m(А) массасын Р заттың қандай массасын алуға болады?
Алдымен (1) теңдеу бойынша А затын алатын С затының массасын пропорция құрып есептейміз:
Егер К1 М(А) г А затының К3 М (С)г С заты түзілген болса онда m (А) затынан х г С заты түзіледі.
Х=K3M(C) m(A) / K1M(A)
Мұндағы М(А) және М(С) –А және С заттарының молярлық массалары.
Енді теңдеу бойынша С затының хг массасынан түзілетін L затының массасын пропорция құрып есептейміз:
Егер К5М(С)г С заттының массасын пропорция құрып есептейміз:
У= K7 M(L)х / K5M(C)
ТИПТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ҮЛГІЛЕРІ
Массасы 5000кг аммиактан өндірісте қанша азот қышқылын алуға болады?
Шешуі:
Алдымен реакция теңдеулерін жазамыз:
Кат. 750 С
4NH3+ 5O2= 4NO + 6H2O +907кДж
2NO+ O2= 2NO2
4NO2+ O2 +2H2O = 4HNO3
Жоғарыда келтірілген жалпы формула бойынша:
m(HNO3) = (4*2*4M(HNO3) m(NH3)) /4*2*4M(NH3)=M(HNO3) m(NH3)/M(NH3)= 63г/моль*5000кг/17г/моль = 18529,411кг немесе 18,53т
2. Жаттығу жұмыстары.
1.Күкірт қышқылының 1т алу үшін пириттің қанша тоннасы керек?
2.Метаннан 6кг метилформиат алынған. Тиісті реакциялардың теңдеулерін жазып, қалыпты жағдайда метанның қандай көлемі пайдаланылғанын есептеңіздер.
3.Массасы 40 г мыс пен мыс (ІІ) оксидінің қоспасын сутекпен тотықсыздырғанда 6г су түзілген. Қоспадағы әрбір компоненттің массалық үлесін (%) анықтаңдар.
4.Егер этиленгликольдың шығымы теориялық, тиісті шығымның 0,78 массалық үлесі немесе 78 проценті болса, 108м этиленнен қанша килограмм этиленгликоль алуға болады?
5.Глицериннің белгісіз массасы мен 6,2г этиленгликольден металл күйіндігі натридің артық мөлшерімен әсер еткенде қалыпты жағдайда көлемі 5,6 сутек бөлінеді. Қоспасының, проценттік құрамын табыңыздар.
6.Құрамындағы метанның көлемдік үлесі 0,96 немесе 96% болып келетін табиғи газдың 1042 м көлемінен қалыпты жағдайда ацетилен мен сутектің қандай көлемдерін алуға болады?
7.а)Тығыздығы 0,8 г/см этил спиртің 160 мл көлемінен қанша литр немесе қанша грамм этилен алуға болады? б) Этиленнің 100м (қ.ж.) көлемінен тығыздығы 0,8 г/см абсолюттік (сусыз) этил спиртінің қанша литрін алуға болады?
8.Пропанның ауадан неше есе жеңіл немесе ауыр екендігін есептеңіздер. Қалыпты жағдайда пропанның 1л көлемінің массасы қанша грамм?
18-сабақ
Тақырыбы: Олеумге арналған есептеулер.
Мақсаты:
1. Білімділік- олеумге арналған есептердің ерекшеліктерін
білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді

Күкірт қышқылын контакт аппаратында алудың ІІІ сатысында күкірт (VІ) оксидінің сумен әрекеттесуі «тұман» түзіп жүруіне байланысты бұл процестің практика жүзінде іске асуы қиынға соғады. Осыған байланысты олеуім алу үшін күкірт (VІ) оксидін 100% -дық күкірт қышқылында ерітеді. Олеумнен белгілі концентрациядағы күкірт қышқылын алу үшін оны сумен немесе, сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісімен сұйылтады. Осы ерітінділерді қандай қатынаста араластыру қажет екенін есептеудің математикалық тәсілі «Биология география және химия» журналының 2002 жылғы №2 санында берілген.
Ол үшін күкірт қышқылын Н2О * SO3 , ал олеумді Н2 SO4 * SO3 деп белгілеп, күкірт қышқылы мен олеумдегі SО3 – тың массалық үлестерін табамыз.
2. ТИПТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ҮЛГІЛЕРІ
1. Нәтижесінде 80%- дық (пайыздық) олеум ерітіндісі түзілу үшін 80% - дық күкірт қышқылы ерітіндісі мен 6% - дық олеум ерітінділерін қандай массалық қатынаста араластыру қерек?
Шешуі:
1. 80%-дық күкірт қышқылы ерітіндіндегі күкірт (ІV) оксидінің массалық үлесін есептейміз:
Н2 SO4 _____________ SO3
98г _________ 80г
80г _________ х г х = 65, 31г немесе 65.31%
2. 60%- дық олеум ерітіндісі 5% - күкірт (VІ) оксидінен және 95% күкірт қышқылынан тұрады деп есептейміз, олай болса:
Н2 SO4 _____________ SO3
98г _________ 80г
40г _________ х г х = 32, 61г немесе 32.65%
60%- дық олеум ерітіндісіндегі SO3 – тың массалық үлесі:
W (SO3)=32,65% + 60% = 92,65%
3. 5%- дық олеум ерітіндісі 5% - күкірт (VІ) оксидінен және 95% күкірт қышқылынан тұрады деп есептейміз, олай болса:
Н2 SO4 _____________ SO3
98г _________ 80г
95г _________ х г х = 77, 55г немесе 77,55%
5%- дық олеум ерітіндісіндегі SO3 – тың массалық үлесі:
W (SO3)=77,55% + 5% = 82,55%
Персон («Конверт») тәсілін қолдансақ:
92,65 17,24 – 1,7
82,55
65,31 10, - 1
mер (H2 SO4 ): mер (олеум) = Жауабы: 1/1,7
1. Нәтижесінде 90% – дық күкірт қышқылы ерітіндісі түзілу үшін 50% – дық күкірт қышқыл ерітіндісі мен 40 олеумді қандай массалық қатынаста араластыру керек?
2.Нәтижесінде 25%- дық олеум түзілу үшін массасы 800г концентрациясы
85% - дық күкірт қышқылы ерітіндісінде 30% - дық олеумнің қандай массасын еріту керек?
3. Массасы 450г 55% олеумге 90% - дық күкірт қышқылы ерітіндісінің (тығыздығы 1,814 г/ мл ) қандай көлемін қосқанда 25% - дық олеум түзеледі?
19- сабақ
Тарауды қорытындылау.
Деңгейлік тапсырмалар.
І – деңгей.
1. Химиялық реакцияның теңдеулері қандай қатынастарды көрсетеді?
2. Тізбектес реакциялар дегеніміз не?
3. Олеумнің күкірт қышқылынан айырмашылығы неде?
4. Шектеуші реагент деп нені атайды?
ІІ – деңгей.
1. Көлемдік үлестері бойынша газ 0,9 метаннан, 0,05 этаннан, 0,03 пропаннан және 0,02 азоттан тұрады. Осындай газдың 1м3 көлемін жағу үшін қалыпты жағдайда ауаның қандай көлемі қажет?
2. 85 % -тік күкірт қышқылының құрамындағы суды есептеңдер.
3. Азот молекуласында атомдар арасында неше сигма және пи байланыс бар?
ІІІ- деңгей.
Массасы 900г 85% -тік күкірт қышқылы ерітіндісінде 30% -тік олеумнің қандай массасын еріткенде 25% –тік олеум түзіледі?
20-сабақ 06.02.2019 11 «А» сыныбы Какенова А.М.
Тақырыбы: Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер.
Мақсаты:
1. Білімділік- термохимиялық реакциялардың теңдеулері бойынша есептеудің тұжырымдамасын білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың барысы
1. Теориялық материал.
Көптеген химиялық реакциялар кезінде жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Нәтижесінде жылу бөле жүретін реакцияларды экзотермиялық реакциялар, ал нәтижесінде жылу сіңіре жүретін реакцияларды эндотермиялық реакциялар деп атайды. Бөлінген немесе сіңірілген жылу мөлшері химиялық реакцияның жылу эффекті деп атайды. Химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері әрекетесетін реагенттердің зат мөлшерлеріне пропорционал. Химиялық реакцияның жылу эффекті температураға заттардың ішінде тұрақты қылып ұстауға ең ыңғайлысы – қысым. Тіпті ұстаудың да қажеті жоқ ! Лабораторияда жүретін реакциялардың көпшілігі тұрақты атмосфералық қысымды өтеді. Сондықтан тұрақты қысымды жүретін химиялық реакциялардың жылу эффектілері туралы мағлұматтар көп , сондықтан оларды салыстыруда оңай.
2. Типтік есептерді шығару үлгілері.
1. мысал Графиттің көміртек(ІV) оксидіне дейін жануы мынадай термохимиялық теңдеумен сипатталады.
С + О2 = СО2; Н = 393,5 кДж
Массасы 24г графит жанғанда қанша жылу бөлінеді ?
Шешуі:
Графиттің зат мөлшері: V(C)= m (C) / M(C) = 24г / 12г мoль.
Химиялық реакцияның жылу эффекті жанған заттың зат мөлшеріне пропорционал екенін ескере отырып пропорция құрамыз: Егер 1моль графит жанғанда 393,5 кДж жылу бөлінеді.
х = 2моль * 393,5 кДж /
1моль = 787кДж.
Демек, 24г графит жанғанда жылу эффекті:
Н = - 787 кДж
Бұл есепті графиттің массасына пайдаланып та шығаруға болады:
Егер Егер 12г графит жанғанда х кДж жылу бөлінеді.
х = 24 *393,5 кДж / 1г = 2*393,5кДж =кДж.
Яғни Н = - 787кДж
Жаттығу жұмыстары
а)Кальций карбонатының ыдырауы мынандай термохимиялық теңдеумен сипатталады:
СаСО3 = СаО + СО2 Н = 157 кДж
Массасы 325г кальций карбонатын ыдырату үшін қанша жылу жұмсау керек?
ә) Мына терохимиялық теңдеулерді пайдалана отырып графиттің көміртек (ІІ) оксидіне дейін жану реакциясының жылу эффектісін табыңыздар:
С + О2 = СО2 + 393 кДж Со + 1/2О2 = СО2 + 282 кДж
б) Күкірт жанғанда 32г. күкірт (ІV) оксиді түзіледі және 146,3 кДж жылу бөлінеді. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрастырыңыздар.
в) Массасы 2,1 г темір күкіртпен әрекеттескенде 3,77кДж жылу бөлінетінін ескере отырып , реакцияның терохимиялық теңдеуін құрастырыңдар.
г)Сутектің жану процесінің термохимиялық теңдеуі 2Н2 + О2 = 2Н2О + 572 кДж бойынша көлемі 100л сутек жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңіздер. (Сутектің 1л көлемінің массасы 0,09г).
Жаттығу жұмыстары
а):СаСО3 = СаО + СО2 Н = 157 кДж

а)СаСО3 = СаО + СО2 Н = 157 кДж

21-сабақ
Тақырыбы: Химиялық реакциялардың жылдамдығы.
Мақсаты:
1. Білімділік- химиялық реакциялардың жылдамдығы бойынша есептеудің жолдарын білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.

Химиялық реакциялардың жылдамдығын және олардың жүру механизімін зерттейтін ғылым саласын химиялық кинетика деп атайды.
Химиялық реакциялардың жылдамдығы әрекеттесуші заттардың мөлшерін уақыт бірлігі ішіндегі өзгерісімен сипатталады. Жалпы, реакцияның жылдамдығын сипаттау үшін реакцияға қатысушы заттардың кез келген біреуін алуға болады. Себебі олардың барлығы бір-бірімен реакция теңдеуі арқылы стехиометриялық қатынаста байланысқан. Әдетте бүкіл реакцияларды гемогендік және гетерогентік деп екі топқа бөлінеді. Гомогендік реакциялар бір текті жүйеде мысалы ерітінділерде жүреді. Гетерогендік реакциялар әр түрлі фазалардан тұратын екі текті жүйедегі фазааралық бетте жүреді.
2. Типтік есептерді шығару үлгілері.
Азот (ІV) оксидінің түзілу реакциясының 2NO + O2= 2NO2 жылдамдығы 1000 есе өсу үшін қысымды қанша ессе артыру керек?
Шешуі:
Реакцияның жылдамдығының тәуелділігін сипаттайтын әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнегі:
V= кРNO * Р02
Қысымының әсері рекцияға қатынасатын барлық газ тәрізді заттар үшін бірдей. Берілген реакцияның жылдамдығын 1000 есе өсіру үшін қысымды х есе арттыру керек болсын:
V= к (хкРNO)2 * (хР02) = х3 к Р2 * Р02
Сонда: 9= х3 кР2 No * P02
9 кР2 No * P02 =х3
Демек: х3 = 1000
Жаттығу жұмыстары.
Есте сақта:
Кез келген реакцияның жылдамдығына концентрацияның әсері әрекеттесуші массалар заңымен анықталады. Температураның әсерін Вант- Гоффтың жуықтау ережесімен бағалауға болады. Температураны көтергенде соқтығысулары химиялық реакцияға ұласатын белсенді молекулалардың үлесі артады. Жай молекулардың 1 моль мөлшерін белсенді молекулаларға айналдыруға қажетті энергияны белсендіру энергиясы деп атайды:
а) Вант – Гофф ережесі қалай тұжырымдалады? Математикалық өрнегін келтіріңдер.
ә) Берілген химиялық реакцияның температуралық коэффиценті
ү =2. Температураны 100 С-қа көтерілгенде реакцияның жылдамдығы қанша есе артады?
б) Кейбір химиялық реакцияның температуралық коэффиценті
ү = 2* 20С-та 10 секунтда аяқталады. 40С-та ол қанша секунтда аяқталады.
в)Белсенді соқтығысу теориясы температураны көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығының артуын қалай түсіндіреді.
г)Белсендіру энергиясы деген не? Ол қандай бірлікпен өлшенеді?
д)Газтектес заттардың қатынасындағы реакцияның жылдамдығына қысымның артуы мен төмендеуі қалай әсер етеді? Мысалдар келтіріңдер.
д) Неліктен тамақ өнімдерін төмен температурадағы тоңазытқыш пен мұздатқышқа сақтайды.
22-сабақ 11 А, Ә сынып 17.02.2020
Тақырыбы: Химиялық тепе-теңдік. Ле Шателье принципі.
Мақсаты:
1. Білімділік- химиялық тепе-теңдік бойынша есептеудің тұжырымдамасын білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.

Қайтымды реакциялар жүргенде тура және кері реакциялардың жылдамдықтарының теңелуі нәтижесінде жүйеде тепе-теңдік орнайды. Тепе-теңдік берілген температурада тепе-теңдік констасының мәні арқылы сипатталады. Тепе – теңдіктің бұзылыуынан болған концентрацияның өзгеру процесін тепе- теңдіктің ығысуы немесе жылжуы деп атайды. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуын лабораториялар мен химиялық зауыттарда химиялық реакцияларды жүргізгенде кеңінен қолданылады. Қымбаттау зат реакцияға толығырақ түсу үшін арзандау затты артық мөлшерде алған жөн. Тепе-теңдік ығысуы деп жүйедегі жағдай өзгергенде реагенттер мен өнімдердің концентрацияларының арақатынасының өзгеруін айтады. Ығысу бағыты Ле- Шателье принціпімен анықталады: тепе-теңдікте тұрған жүйеге қандай да бір әсер етсе , тепе-теңдік сол әсерді азайтатын реакция бағытына ығысады.
2. Типтік есептерді шығару үлгілері.
Сутек пен йодтың бастапқы концентрациялары 0,02моль/л, ал йодсутектің тепе-теңдік кезіндегі концентрациясы 0,03 моль/л. Сутек пен йодтың тепе-теңдік кезіндегі концентрацияларын және тепе-теңдік константасын табыңыздар.
Шешуі:
Реакция теңдеуі: Н2 +J2= 2НJ
Реакция теңдеуі бойынша 1моль сутек пен 1моль йод әрекеттескенде 2моль йодсутек түзіледі. Егер тепе-теңдік кезіндегі концентрациясы (НJ)=0,3 моль/л болса, онда оны түзуге жұмсалған йод пен сутектің мөлшері онда екі есе
аз: 0,03/2=0,015 моль/л.
Демек, тепе – теңдік кезіндегі йод пен сутектің концентрациялары:
[H2]т.г = 0,02 – 0,015 = 0,005 моль/л
[J2]т.г = 0,02 – 0,015 = 0,005 моль/л
Ал, тепе-теңдік константасы:
Кт,т =[HJ]2/[H2]*[J2]
Кт,т = (0,03)2 / (0,005*0,005) = 0,009 / 0,000025 = 900/25 = 36.
Есте сақта!г
Тепе – теңдіктің ығысуы деп жүйедегі жағдай өзгергенде реагенттер мен өнімдердің концентрацияларының арақатынасының өзгеруін айтады. Ығысу бағыты Ле – Шателье принцпімен анықталады: тепе – теңдікті тұрған жүйеге қандай да бір әсер етсе, тепе – теңдік сол әсерді азайтатын реакция бағытына ығысады.
Жаттығу жұмыстары
а) 2СО СО2 + С; +Н < 0
жүйеде,яғни процесс экзотермиялық болса тепе-теңдіктің ығысуына қысым мен температураның артуы қалай әсер етеді?
ә)Аммиактің өнеркәсіптік синтезі (Габер процесі), мынандай термохимиялық теңдеумен өрнектеледі: N2 + 3H2 =2NH3: H = - 92 кДж. Құрамында аздаған мөлшерде К2О және Аl2 O3 бар ұнтақталған темір оксидінің қоспасы процеске өршіткі ретінде қатысады. 200С температурада және 1000 атм қысымды 98%
шамасында өнім алуға болады. Неге бұл реакцияны әдетте 500С температурада және 350 атм қысымды жүргізеді , бұл жағдайларда шығым бар болғаны 30%-ті құрайды.
б) Азот диоксидінің қайтымды димерлену реакциясы мынандай термохимиялық теңдеумен өрнектеледі:
2NО N2О4 + Q
а)температураны жоғарлатқанда;
ә)қысымды арттырғанда тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
в) Егер белгілі бір температурада бастапқы алынған 5моль СО мен 4 моль СІ2 әрекеттесуі нәтижесінде 1,5моль СОСІ2 түзілген болса, онда:
СО(г) + СІ2 (г) СОСІ2
процесінің тепе-теңдік константасы қандай болғаны?
24-сабақ
Тақырыбы: Электртерістік
Мақсаты:
1. Білімділік- электртерістік ұғымы бойынша есептеудің тұжырымдамасын білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.

1. Теориялық материал
Бұл ұғымның осы күнге сай анықтамасын 1932 ж. американ ғалымы
Л.Полинг берген. Полинг бойынша электртерістік дегеніміз молекуладағы атомдардың өзіне электрондарды тарту қабылеті.Электртерістікті сандық сипаттаудың бірнеше әдістері бар: Мысалы, Л.Полинг электртерістікті иондау энергиясы мен электронтартқыштықтың арифметикалық қосындысымен сипаттауды ұсынды. Электртерістік бір мезгілде атомның электрон беріп жіберу қабілетін де,электрон қосып алу қабілетін де сиппатайды.
Х = І + Е
Мысал ретінде, фтор мен литийдің электртерістіктерінің сандық мәндерін есептейік. Элементтердің иондау энергиясы мен электронтартқыштардың сан мәндері анықтамалық кестелерде жинақталып қойылған.
Мысалы:
І(F) = 17,42 эв , Е (F) = 3,62эв, І(Lі)=5,39эв, Е(Lі) = 0,22эв.
Мұндағы э.в – электрон – вольт (энергияның өлшем бірліктерінің бір).
Сонда: Х(F) = 17,42+3,62 = 21,04э.в
Х(Lі) = 5,39+0,22 = 5,61э.в
2.Типтік есептерді шығару үлгілері
Калий перманганатының КМnО4 құрамындағы марганец атомдарының тотығу дәрежесі қандай?
Шешуі:
Мұндағы марганец атомдарының тотығу дәрежесін х деп белгілеп , мынандай теңдеуді шешеміз.
(+1) * 1 + (х) * 1 + (-2) * 4 =0
Бұл теңдеуде жақша ішінде элеметтердің тотығу дәрежелері, ал жақша сыртында – олардың сол қосылыс молекуласындағы атом сандары алынған.
Сонымен: +1+х-8 = 0,х = +7
Есте сақта!
Фтордың химиялық қосылыстардағы тотығу дәрежесі әрқашан минус бірге тең – F. Себебі ,фтор электртерістігі ең жоғарғы элемент болғандықтан, ол бір электрон ғана қосып алып, өзінің сыртқы қабатын инертті неонның өте тұрақты электрон конфигурациясына айналдырады.
Жаттығу жұмыстары:
а) Формулалары: НСІ, СО2, NН3 ОF2 қосылыстрардағы ортақ жұп электрондар қай элементке қарай ығысады?
ә) Пероид ішінде солдан оңға қарай элементтердің электртерістілігі қалай өзгереді?
б) VІ негізгі топқа оттегінен теллурға дейін орналасқан элементтердің электртерістілігі қалай өзгереді?
в) Мына: көмірсутек ,хлор, метан ,фосфин,хлорсутек қосылыстардың қайсысында полюстілік көбірек бейнеленген?
г) Күкірт пен селеннің периотдық системадағы орнын және олардың электртерістілігін ескере отырып, S-H немесе Sе – Н байланыстардың қайсысы берік екенін көрсетіңдер.
д) Метан, бромсутек, оттек және су молекулалары түзілуінің электрондық схемасын сызыңдар. Бұл қосылыстардағы ортақ жүп электрондардың қай элементке қарай ығысқанын көрсетіңдер.
25-сабақ
Тақырыбы: Тотығу дәрежесі.
Мақсаты:
1. Білімділік- тотығу дәрежесі бойынша есептеудің тұжырымдамасын білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.

Тотығу дәрежесі – кез келген химиялық қосылысты тек иондардан тұрады деп қарастырғанда әр атомда шартты заряд. Оның шартты ұғым екені мынада – қосылыстардың барлығын бірдей иондық қосылыс деп қарастыруға болмайды. Элетртерістіктерінің мәндерінің айырмасы үлкен шама болатын элементтердің басқа элементерді қосып алды деп есептеуге болады. Сонда электртерістігі кіші элемент электрондарын берген болып есептеледі. Көптеген жағдайларды электртерістігі кіші элементердің электрон бұлттары (электрондарды) электртерістігі үлкен элементтер жаққа ауады.Ал,тотығу дәрежесін анықтағанда химиктер электртерістігі кіші элемент электртерістігі үлкен элементке өзінің электрондарын берді деп санайды. Сонда электртерістігі кіші элемент қанша электрон берсе, онда сонша оң заряд, ал электртерістігі үлкен элементте сонша теріс заряд пайда болады деп саналады.
Типтік есептерді шығару үлгілері.
Мына органикалық қосылыстардағы көміртек атомдарының тотығу дәрежелері қандай? Метан –СН4, этанол –С2 Н5 ОН, формальдегид –СН2О, құмырсқа қышқылы – НСООН көміртек диоксиді – СО2.
Шешуі:
Мұнда көміртек атомдарының тотығу дәрежесін х деп белгілеп мынандай теңдеулерді шешеміз:
Метанда(х);1+(1); = 4 0х = -4
Этанолда: (х);2+(1); 6 + (-2); 1=0,2х+6-2 = 0х = -2
Формальдегидте: (х);1+(+1); 2 + (-2); 1=0 ;
х+2 - 2 = 0; х = 0.
Құмырсқа қышқылында; (+1),2+(х); 1+(-2); 2=0;
2 + х - 4 = 0; х = + 2.
Көмірсутек диоксидінде;(х);1+(-2);2=0;х=+4
Жаттығу жұмыстары.
а)Элементтің тотығу дәрежесін қалай анықтайды? Оның максимал мәні қандай?.
ә)Атомдық және молекулалық сутегінің тотығу дәрежесі қандай?.
б)Электр оң элементтің жоғарғы тотығу дәрежесін көрсететіндей етіп мына қосылыстардың: а) литий нитридініңң (литийдің азотпен қосылысы) б) алюминий сульфидінің (алюминидің күкіртпен қосылысы), в) фосфор фторидінің формулаларын құрыңдар.
в) Тотығу дәрежелерінің қосындысы кез келген қосылыста нөлге тең болатынын біле отырып формулалары КМnО4 , Na2 Cr2 O7 болатын қосылыстардағы марганец және хромның тотығу дәрежелерін есептеңдер.
г)Электр оң элементің жоғарғы тотығу дәрежесін көрсететіндей етіп мына қосылыстардың: а) фтордың ксенонмен б) бериллийдің көміртегімен формулаларын құрыңдар.
д)Формулалары І;Вr2; TeCl4; SeF6; NF3; CS2 ,болып келетін қосылыстардағы элеметтердің тотығу дәрежелерін тауып қойыңдар.
26 – сабақ
Тақырыбы: Валентілік
Мақсаты:
1. Білімділік- валенттілік бойынша есептеудің тұжырымдамасын білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы..
Сабақтың барысы
1. Теориялық материал.
Элементтердің валенттігі берілген қосылыстағы оның түзетін байланыс санымен анықталады. Валенттілік ұғымы көптеген химия оқулықтарында кеңінен талқыланған. Мұнда біз “валенттік”ұғымының “тотығу дәрежесі” ұғымынан айырмасы бар екенін атап өту үшін ғана келтіріп отырмыз.Нәтижесінде әрекеттесуші элементедің атомдарының тотығу дәрежелері өзгеретін реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын қарастырғанда тотығу дәрежесі ұғымы өте кең қолданылады.Осы күндердегі қозқарас бойынша элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі олардың электронды алуына немесе беруіне байланысты. Сол себепті тотығу-тотықсыздану реакцияларына мынандай да анықтама беруге болады:
Тотығу-тотықсыздану реакциялары деп нәтижесінде бір атомдардан, молекулалардан немесе иондардан басқа атомдарға, молекулаларға немесе иондарға электрондар ауысатын реакцияларды атаймыз.
Типтік есептерді шығару үлгілері.
Тотығу және тотықсыздану процестерін көбінесе электрондық теңдеулермен сипаттайды. Оларда тотығу және тотықсыздану процестеріне тікелей қатынасқан элеметтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі тотықтырғыштың қосып алған электрондары мен тотықсыздандырғыштың берген электрондарының сандары көрсетіледі. Мысалы:
5. Na2 SO3 +2KMnO4 +3H2SO4 = 5Na2 SO4 +2MnSO4 + K2 S4 + 3H2O
Шешуі:
Тотықсыздандырғыш S+4 – 2e S+6
(тотығу процесі)
Тотықтырғыш Mn+7+5e Mn+2
(тотықсыздану процесі)
Есте сақта!
Электрондарын беретін атом, ион немесе молекула тотықсыздандырғыш деп аталады. Реакция кезінде олар тотығады.
Электрондар қосып алатын атом , ион немесе молекула тотықтырғыш деп аталады. Рекция кезінде олар тотықсызданады.
Жаттығу жұмыстары
1.Ксенон бір валентті фтормен қосылыстар түзеді, бұл қосылыстарда ол екі, төрт, алты валентті болады. Осы қосылыстардың формулаларын жазыңдар.
2. Кремнийдің сутегімен қосылысында 1г сутегіне 7г кремний сәйкес келеді. Осы қосылыстың формуласы және ондағы кремнийдің валенттілігі қандай?
3. 16г оттегіне азоттың бір оксидінде 14, ал екіншісінде 7г азот сәйкес келеді. Егер азоттың салыстырмалы атомдық массасы 14 болса, бұл қосылыстардың формулалары қандай және бұл қосылыстарда азоттың валенттілігі қандай?
4. Формулалары NH3; PH3; HCl ; SiH4; H2S болып келетін қосылыстардағы азоттың, фосфордың, хлордың, кремнийдің және күкірттің валенттіліктері қандай болады?
5. Фосфор хлормен құрамы PCl3 және PCl5 болып келетін қосылыс түзеді. Фосфордың валенттілігі осы хлормен қосылыстарындағыдай болатын етіп, фосфор оксидтерінің формулаларын жазыңдар.
6. Мыналардың:
а) бір валентті және үш валентті алтынның оксидтерінің;
ә) төрт валентті және алты валентті күкірт оксидтерінің;
б) үш және бес валентті азот оксидтерінің формулаларын жазыңдар.
27 – сабақ. 03.04.2019 11 «А» сыныбы Какенова А.М.
Тақырыбы: Маңызды тотықсыздандырғыштар және тотықтырғыштар.
Мақсаты:
1. Білімділік- тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды анықтай білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.

Тотығу-тотықсыздану реакциялары жүру үшін электрон беру және электрон қосып алу қабылеттері қарама-қарсы бөлшек (атомдар, малекулалар немесе иондар) кездесуі керек. Реакция кезінде өзінің тотығу дәрежесін көтере алатын элементтері бар бөлшектер тотықсыэдандырырғыш болады, ал өзінің тотығу дәрежесін төмендете алатын элементтері бар бөлшелктер тотықтырғыш бола алады.
Металлдардың бейтарап атомдар мысалы , сілтілік металдар, сілтілік жер металдар, Аl ,Fe, Zn, Sn және т.б кейбір металл еместердің бейтарап атомдар, мысалы, көміртек пен сутек, метал еместердің теріс зарядталған иондары, мысалы, S2-, Se2-, J-, Br- және т.б., өзінің тотығу дәрежесін әлі де болса, көтере алатын металл катондары, мысалы, Sn2+ Fe2+ , Cr2+, Mn2+ т.б құрамында өзінің тотығу дәрежесін әлі де болса көтере алатын элемент, атомдары бар күрделі иондар мысалы SO3 2- және т.б Металл еместердің бейтарап атомдары мен молекулалары, мысалы F2 , Cl2, O2, Br2, S , J2 және т.б металдардың тотығу дәрежесі иондар мысалы, Fe+3 Ce4+ , Cu2+ Sn 4+ және т.б құрамында элеметтің тотығу дәрежесі жоғары атомдары бар күрделі иондар мен молекулалар, мысалы, KMnO4 K2, Cr2, O7 ,K2, CrO4 , Pb (CH3 COO)4 ,HАuCl4 , сол сияқты оттекті қышқылдар олардың ангидридтері мен тұздары мысалы HClO3 , H2 SO4 және т. б тотықтырғыш бола алады.
Типтік есептерді шығару үлгілері.
Na2NO2 + KMnO4 + H2O = MnO2 + NaNO3 + KON
Na2 + H2O 2e = NO3 + 2H+
MnO2 + 2H2O + 3e = MnO2 + 4OH-
3NO2 + 2MnO4 + 3H2O = 4H2O = 3NO3 + 6H + 2MnO2 + 8OH-
3NO2 + 2MnO4 + 7H2O = NO3 + 6H + 2MnO2 + 8OH-
6H + 8H2O + 2OH-
екенін ескеріп, сосын ұқсас мүшелерін біріктіргеннен кейін:
3NO2 + 2MnO4 + H2O = MnO2 + 3NO3 + 2OH
NaNO2 + 2KMnO4 + H2O = MnO2 3NaNO3 + 2 KOH
Жаттап ал!
Тотығу дәрежесі – қосылыстардағы атомның шартты заряды, оны беймолекулалық құрылысты заттарды сипаттау үшін қолданған қолайлы. Элементтердің валенттігі және тотығу дәрежесі периодты өзгереді.
Жаттығу жұмыстары
а) Берілген қосылыстардағы көміртек атомының валенттігі мен тотығу дәрежелерін анықтаңдар.
а)СО2; ә)С2 Н6; б)НСООН в)СН3 ОН
ә) Барлық элеметтердің тотығу дәрежелерін анықтаңдар:
Sn (SO4)2: ә)Na3SbO3: б) BiCl3 в) K2ZnO2: г)РН3
б)Электронды баланс әдісі мен теңестіріңдер.
КМnО4 + Н2SO4 + Na2SO3 → MnSO4 + Na2 SO4 + K2SO4 + H2O
в) Иондық – электрондық баланс әдісі мен теңестіріңдер.
КМnO + H2SO4 + Na2SO3 → MnSO4 + Na2SO4 + K2SO4 + H2O
д) Бейтарап ортада жүретін реакцияны иондық – электрондық баланс
әдісі мен теңестіріңдер.
Na2NO2 + KMnO4 + H2O = MnO2 ↓ + NaNO3 + KON
28-сабақ
Тақырыбы: Тотығу – тотықсыздану реакцияларының түрлері.

Бұған нәтижесінде әртүрлі заттардың бөлшектерінің (атомдарының,молекулаларының немесе иондарының ) арасында электрон алмасуы болатын тотығу-тотықсыздану реакциялары жатады. Мысалдар келтірейік:
4NH3 (г)+ 502 (г) = 4NO (г) + 6H2 O(г)
Mg (k) + O2 (г) = MgO(k)
4HCl (ер)+MnO2 (k) = Cl2 (г) + MnCl2 (ер) + 2Н2 О (с)
С (k) + Рb2+ (r) = Pb(k) + CO (г)
5КNO2 + 2 KMnO2 + 3H2SO4 = 5KNO3 + 2MnSO4 + K2 SO4 + 3H2O
Әртүрлі заттардың молекулаларының құрамына кіретін бір элемент атомдары арасында тотығу- тотықсыздану реакциялары жүруі мүмкін
2Н2 S + Н2 SО3 =3S + 3Н2О
Типтік есептерді шығару ұлгілері
H2O2 + KMNO4 + H2SO4 = O2 + MnSO4 + K2SO4 + H2O
тотықсыздандырғыш
Н2 О2 -2е = О2 + 2Н
MnO28H + 5e = Mn2+ + 4H2O
5H 2 O2 + 2MnO4 + 16H = 502 + 2Mn2+ 10H+8H2O
5H O2 + 2MnO4 + 6H= 502 + 2Mn2+ +8H2O
5H 2 O2 + 2MnO4 + 3H2SO4 + 502+2MnSO4 + K2SO4 + 8H2O
Жаттығу жұмыстары.
а) Н2 О2 + К[Fe(CN)] = O2 + K2 H2 [Fe] +K4 [Fe(CN)6]
тотықсыздандырғыш
H2 O2 – 2e = O2 + 2H
[Fe (CN)6] + e = [Fe (CN)6]
H2O2 + 2 [Fe (CN)6] = O2+2H2+2 [Fe(CN)6]
H2O2 + 2 K3 [Fe (CN)6] = O2+K4 [Fe(CN)6] +K2H2 [Fe(CN)6]
ә) PbS + H2 O2 = PbSO4 + H 2O реакцияны иондық-электрондық әдіспен теңестіріңдер.
б) NH3 + O2 = NO + H2O схемада жүретін реакцияның теңдеуін электронды баланс әдісімен теңестіріңдер.
в) Төмендегі қосылыстардың тотығу дәрежесін анықтаңдар.
а) CaCO3 ә) Na2SO4 б) KMnO4 в) NaClO4
29-сабақ.
Тақырыбы: Тотығу –тотықсыздану реакцияларын теңестіру
әдістері.
Мақсаты:
1. Білімділік- тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіре білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.

Химиялық реакцияларды реагенттердің және өнімдердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі немесе олардың құрамы мен санының өзгеруі бойынша, сондай-ақ реакцияның жылу эффекті бойынша және процестің қайтымдылығы бойынша жіктеуге болады.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларында тотықтырғыш тотықсыздандырғыштан электрондарды толығымен қабылдайды, мұндай процестердің теңдеуін теңестіру осыған негізделген. Көптеген жағдайларда қосылу, айырлу, орынбасу, алмасу реакцияларын реакцияға қатысатын заттардың саны және құрамы бойынша емес, олардың тотығу-тотықсыздану қасиеті бойынша жіктеу қажет.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестірудің мынадай
әдістері бар.
а) Электрондық баланс әдісі;
ә)Иондық-электрондық баланс әдісі;
ТИПТІК ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ҮЛГІЛЕРІ
Электрондық баланс әдісімен мына схема бойынша жүретін реакцияларға коэффициенттерін қойыңдар.
HNO3 + C = CO2 + NO +H2O
Шешуі:
+1 +5 +4 -2 +2 -2 +1 -2
HNO3 + C = CO2 + NO +H2O
4 N2 + 3 e - = N +2
3 C - 4e - = C + 4
59
+1 +5 +4 -2 +2 -2 +1 -2
4 HNO3 + 3C = 3CO2 + 4NO +2H2O
2. Жаттығу жұмыстары.
Жаттап ал!
Иондық – электрондық әдісімен теңестірілетін реакциялар: бейтарап ортада және сілтілік ортада жүретін реакциялар деп жіктеледі.Ортаға байланысты өнімнің құрамыда өзгереді.
а) Төмендегі берілген реакцияны электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.
Н2S + HNO3 = S + NO2+ H2O
ә) Реакцияны иондық- электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.
KMnO4 + Na2SO3 + H2SO4 = MnSO4 + Na2SO4 + K2SO4 +H2O
б) Бейтарап ортада жүретін реакцияны иондық- электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.
MnO4 + SO3 + H2O = MnO2 + OН + SO4
в) Сілтілік ортада жүретін реакцияны иондық- электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.
KMnO4 + Na2SO3 + КОН = К2MnO4 + Na2SO4 +H2O
г)Төмендегі берілген реакцияны электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.
HNO2 = HNO3 + NO2+ NO + H2O
30 - сабақ.
Тақырыбы: Органикалық заттар қатысында жүретін
реакцияларды теңестіру.
Мақсаты:
1. Білімділік- органикалық заттардың қатысында жүретін
реакцияларды теңестіре білу және оны есеп
шығарғанда қолдана білуді үйрету.

Атомдардың тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакцияларды тотығу – тотықсыздану реакциялары деп атайды. Электрондық баланс әдісі арқылы тотығу дәрежесіне сүйеніп, шартты түрде берген және алған электрондар санын есептеу арқылы теңдеуді оңай теңестіруге болады. Мысалы, альдегидтерді сутекпен тотықсыздандыру:
СН3 ― С+1 О-2 Н+1 + Н02 → СН3 – СН2 – ОН-2+1
сірке альдегиді этил спирті
тотықтырғыш С+1 + 2е тотықсыздану С-1
тотықсыздандырғыш Н2-2e тотығу С+3
тотықтырғыш 2 Ag+1 + 2е тотықсыздану 2Аg
1. C6 H12 O6 + KMnO4 + H2SO4 = CO2 + MnSO4 + K2SO4 + K2SO4 + H2O
6C-24e = 6C+4
Mn+7 + 5e = Mn+2
30C + 24Mn+7 = 30C+4 + 24Mn+2
5C6 H12 O6 + 24KMnO4 + 36H2 SO4 =
30СО2 + 24МnSO4 +12K2 SO4 + 66 H2O
Иондық электрондық әдіс.
. CH3 СН2 + OН + Na2 Cr2 O7 + H2SO4 CH3 COOH +Cr2 (SO4)3 + Na2 SO2 +
H2O
CH3 С H2 OН + OH H2O- e =CH3 COOH + 4H 6/ 3
Cr2O7 + 14H+6e = 2Cr3+ + 7H2 O 4/ 2
61
2. Жаттығу жұмыстары
а)Мынадай тотығу – тотықсыздану реакцясын элоктрондық баланс әдісімен және реагенттен өнімге айналуға тиіс оттек атомдарының көмегімен теңестіріңдер:
ә) Метанның тікелей синтезін реакцяның қандай типіне жатқызуға болады? Термохимиялық теңдеуіне сүйеніп дәлелдеңдер.
б) Берілген алмасу реакцяларының иолекулалық теңдеуін аяқтаңдар. Олардың қысқарған иондық теңдеулеріне сүйеніп, не себептен бір бағытта жүретінін түсіндіріңдер:
CH3COOH + Ca(OH)2 →
HCOOH + Na2SiO3 →
в) Төмендегі реакцияны иондық-электрон әдіспен теңестіріңдер.
C2H5OH + KMnO4 → CH3COH + MnO2 + KOH + H2O
г) Берілген реакцияны иондық- электрон әдіспен теңестіріңдер.
C6H12O6 + KMnO4 + H2SO4 → CO2 + MnSO4 + K2SO4 + H2O
31 - сабақ.
Тарауды қорытындылау.
Деңгейлік тапсырмалар.
І- деңгей.
1. Электртерістігі ең жоғары элементтің оттекті қосылысының формуласын жазып, тотығу дәрежесін анықтаңдар.
2. Валенттілік пен тотығу дәрежесі ұғымының айырмашылығын түсіндіріңдер.
3. Тотығу- тотықсыздану реакцияларының қандай түрлерін білесіңдер?
4. Органикалық заттардағы жүретін реакциялардың қандай ерекшеліктері бар?
ІІ- деңгей.
1. Тотығу дәрежелерінің қосындысы кез келген қосылыста нөлге тең болатынын біле отырып, формулалары KMnO4 Na2Cr2O7 болатын қосылыстардағы марганец және хромның тотығу дәрежелерін есептеңдер.
2. Бір реакция кезінде екі элемент тотығатын мына реакцияны иондық-электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.
FeS2 + O2 = Fe2
31–сабақ. 06.05.2019 11 «А» сыныбы Какенова А.М.
Тақырыбы: Қышқылдардың және тұздардың эквиваленті.
Мақсаты:
1. Білімділік- эквиваленттер заңы бойынша есептеудің тұжырымдамасын білу және оны есеп шығарғанда қолдана білуді үйрету.

Қышқылдардың экваленттілік саны оның молекуласындағы реакция кезінде алмасатын сутек атомдарының (иондарының) санына тең.
Алмасу реакциясындағы тұздың экваленттік саны оның құрамындағы металл иондарының санын оның зарядына (модулі бойынша) көбейткенде немесе аниондардың санын оның зарядына (модулі бойынша) көбейткенге тең.
Сол сияқты, ионның экваленттілік саны оның зарядына (модулі бойынша) тең. Заттар бір-бірімен экваленттік қатынаста қалдықсыз әрекетеседі. Яғни, кез келген бір заттың 1 моль экваленті екінші бір заттың 1 моль эквалентімен қалдықсыз әрекеттеседі.
Егер әрекеттескен заттардың экваленттерінің молярлық массалары (экваленттік массалары) белгілі болса, онда эквиваленттер заңына сүйене отырып, реакция теңдеуін жазбай-ақ есептеулер жүргізе беруге болады. Экваленттер заңы, әсіресе, есептің шартына белгісіз зат әңгіме болған жағдайда өте қолайлы. Аналитикалық химияда кеңінен қолданылатын титрлеу әдісі эквиваленттер заңына сүйенеді.
Типтік есептерді шығару үлгілері.
Мышяк оттекпен екі түрлі оксид түзеді. Біріншісінде массасы бойынша Аs -65,2% ал екіншісінде As- 75.7% . Осы екі қосылыста мышяктың эквивалент массасын есептеңдер.
Шешуі: 1) Бірінші жағдайда мышяктың эквивалент массасын есептейміз:
Э(О) = 8г/моль. 65,2г Аs-------------34,8г О
Хг---------------------- 8г
65,2:Х =34.8: 8; Х = 65,2*8/34,8 = 15, Х = 15г/моль
67
2) Екінші жағдайда мышяктың эквивалент массасын есептейміз:
75,7г As 24,3г О
Хг------------- 8г 75,7 :х = 24,3 :8
Х = 75,7*8/24,3 = 24,9г/моль
Жаттығу жұмыстары.
Есте сақта!
Эквивалент масса дегеніміз – қосылыстың молекулалық массасының сол қосылыстың стехометриялық валенттігіне қатынасына тең. Ол мынадай формуламен өрнектеледі: Э= M/n
а) Бір металдың 8г сульфатынан сол металдың 4,9г гидроксиді алынған болса, сол металдың эквивалент массасын есептеңдер.
ә) Мына талаптарға сай келетін металл және екі күрделі затты атаңдар; (оларды А және В деп белгілейік ), ол металл А затының ерітіндісінде ерісе де, бірақ А ерітіндісін В ерітіндісіне құйғанда алынған ерітіндіде ериді деп есептеуге болмайды.
б) Сендер алыс жерде экспедицияда жүрісіңдер. Экспедиция программасы бойынша метреологиялық шар-*зондтар ұшырылуы керек.Оларға қажетті сутек алу үшін әр жолы өздеріңдегі бастапқы заттан мейілінше аз жұмсау қажет. Олардың бағасын ескермесе де болады. Суды барлық жерден табуға болатындықтан, егер ол реакцияға кіретін болса оның массасын да ескермеуге болады. Сендер сутек алудың қай әдісін пайдаланар едіңдер?
в) Мына заттардың: азот қышқылы, барий хлориді, натрий сульфаты сұйылтылған ерітінділері бар нөмірленген төрт пробирканың нөмірін көрсетіңдер. І- ерітіндіні ІІ- ерітіндіге құйғанда ешқандай өзгеріс байқалмайды.
Алынған қоспа мен ІІІ- ерітіндіні құйғанда да ешқандай реакция белгісі байқалмайды.VІ- ерітіндіні күміс нитраты ерітіндісімен қосқанда тұнба бермейді.
г) 3,7 г гидроксид азот қышқылымен қосылғанда 8,2г нитрат түзіледі.Осы металдың эквивалент массасын табу керек.
Бекіту
Қорытынды
34- сабақ.
Қорытынды бақылау жұмысы.
Деңгейлік тапсырмалар.
І- деңгей
1. Эквивалент сан дегеніміз не?
2. Оксидтердің эквивалент саны қалай анықталады?
3. Қышқылдардың эквивалент санын анықтауға мысалдар келтіріңдер.
4. Нормальдық ерітінді дегеніміз қандай құрамдағы ерітінді?
ІІ- деңгей
1. 600г 55 проценттік ерітінді дайындау үшін қанша мөлшерде 87 проценттік күкірт қышқылы ерітіндісі және неше грамм су қажет?
2. Қосылыста сутек атомдары көміртек атомдарына қарағанда екі есе көп. Оның сутек бойынша тығыздығы 14 тең. Қосылыстың формуласын табыңдар.
3. Зертханада қолданылып жүрген азот қышқылында шамамен 65 пайыз азот қышқылы бар. Осы қышқылдың литрдегі мольдік концентрациясы қандай?
ІІІ- деңгей
Массасы 18г техникалық альюминийге натрий гидроксидінің артық мөлшерімен әсер еткенде 21, 4 л газ қ.ж бөгінген.Техникалық альюминийдің құрамында, альюминийдің өзінен басқа натрий гидроксидімен әрекеттесетін зат жоқ деп санап, техникалық альюминийдегі бөтен қоспалардың проценттік мөлшерін есептеңіздер.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Химиядан сандық есептер шығару

шағым қалдыра аласыз