Материалдар / Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар

Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныпқа химия пәнінен сабақ жоспары
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін: МДОІЖО


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2.А Атомдар. Молекулалар. Заттар

Мектеп: Теректі негізгі мектебі

Күні: 20.11.2018ж

Мұғалім: Мұхит Ақерке Құралбайқызы

Сынып: 7

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар.

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

7.1.2.2. - әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу;

7.1.2.3. - элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу;

7.1.2.4. - заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • әр химиялық элементтің өзінің жеке таңбасы болатынын біледі;

Көптеген оқушылар:

  • химиялық элемент атомның белгілі бір түрі екенін түсінеді;

Кейбір оқушылар:

  • элементтерді металдар және бейметалдар, заттарды жай және күрделі заттар деп жіктей алады

Бағалау критерийлері

  • химиялық элемент, жай заттар, күрделі заттар туралы біледі және ажырата алады;

  • химиялық элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктей алады

  • адам ағзасында кездесетін химиялық элементтерді біледі

Тілдік мақсаттар


Оқушылар істей алады:

Химиялық элементтерді дұрыс атайды және таңбалайды.

Пәндік лексика мен терминология:

Элемент, металл, бейметалл, элементтер атаулары, жай және күрделі заттар

Сұхбатқа/хатқа арналған пайдалы сөздер:

  • Атомдардың белгілі бір түрі химиялық элемент деп аталады.

  • Жай заттар бірдей химиялық элемент атомдарынан құралады. Жай заттар металдар және бейметалдар деп екіге бөлінеді.

  • Әртүрлі атомдар бірігіп күрделі заттар түзеді. Кез келген күрделі заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі - оның молекулалары.

  • Күрделі заттар әртүрлі химиялық элемент атомдарынан құралады.


Құндылықтарға баулу

Бір-бірінің пікірлерін құрметтеу, тыңдау, мұқияттылық қабілеттерін дамыту. Жеке, жұппен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту


Пәнаралық байланыстар

Физика, биология

Алдыңғы білім

6.2АЗаттар және материалдар






Сабақ барысы


Сабақтың басы


2 мин








5 мин












Қызығушылықты ояту:

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Психологиялық тренинг:

Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын тудыру

Нұсқау: «Сенемін» жаттығуы

Мен өзіме сенемін /балалар қолын жүрегінің тұсына қояды/

Мен саған сенемін /балалар қолын оң жақтағы көршісінің иығына қояды/

Сен де өзіңе сенесің /балалар қолын сол жақтағы көршісінің иығына қояды/

Мен де өзіме сенемін / балалар қолын жүрегінің тұсына апарады/


Үй тапсырмасын сұрау

Химиялық диктант

Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін жинақтау, қорытындылау, қайталау, қызығушылығын арттыру. Тілдік дағдыларын қалыптастыру

Нұсқау: берілген парақтардағы бос орындарды толтыру

1. Заттың _________________ мен ___________________ сақталатын ұсақ бөлшектері ____________________ деп аталады.

2. ________________ - заттың химиялық _______________ ұсақ бөлшектері.

3. _________________ химиялық реакциялар барысында ыдырайды.

4. _________________ өзара бірігіп молекула түзеді.

5. Атом-молекулалық ілімін дамытып, оны алғаш химия ғылымында қолданған - ұлы орыс ғалымы _____________________.

6. Заттарды жай заттарға жіктеу арқылы олардың құрамын анықтау әдісі __________________ деп аталады.

7. Атомдардың бір түрінен түзілген заттар _________________________ деп аталады.

8. Атомдардың әр түрінен түзілген заттар _________________________ деп аталады.

9. Күрделі заттар ___________________________________ деп аталады.

10. Су ________________ сутек пен оттектің _______________________ түзілген.


Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында "Ашық, жабық сұрақтар" әдісін пайдалану

Ашық сұрақтар:

1. Атом және молекула ұғымдарының айырмашылығы неде?

2. Жай заттар, күрделі заттарға мысалдар келтір?

Жабық сұрақтар:

1. Мына тұжырымдамаларды дәлелдейьін қандай тәжірибелерді білесің?

А) заттар молекулалардан тұрады

Ә) молекулалар атомдардан түзіледі


ҚБ: "Бес саусақ" әдісі арқылы бағалау

Кері байланыс: Ауызша "оқушы-оқушыға" жүргізеді







Музыка








Үлестірме материалдар №1



































-өте жақсы


-жеткілікті

-талпын


Сабақтың ортасы

10 мин

















































7 мин

Білу және түсіну

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Мақсаты: жаңа тақырыпты түсіну

Нұсқау: Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.


§6. Химиялық элементтер және олардың таңбалары


Химия ғылымына ұлы орыс ғалымы Д.И.Менделеев: "Химия - элементтер және химиялық қосылыстар туралы ғылым", - деп дұрыс әрі дәл анықтама берді. Химиялық элементтер - химияның түпнегізі. Қазіргі уақытта белгілі және болашақта алынатын қосылыстар химиялық элементтерден түзіледі.

Атомдардың белгілі бір түрі химиялық элемент деп аталады. Бүгінгі күні атомдардың, яғни химиялық элементтердің 116 түрі белгілі. Бізді қоршаған әлем, Күн жүйесі, жұлдыздар және ғарыштық денелер - барлығы осы элементтерден түзілген.

Жай заттар бірдей химиялық элемент атомдарынан құралады. Жай заттар металдар және бейметалдар деп екіге бөлінеді.

Әртүрлі атомдар бірігіп күрделі заттар түзеді. Кез келген күрделі заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі - оның молекулалары.

Күрделі заттар әртүрлі химиялық элемент атомдарынан құралады.

Заттардың құрамы мен құрылысын зерттеуді жеңілдету үшін химиялық элементтерді қысқартылған химиялық таңбалар арқылы белгілейді. Швед химигі Й.Берцелиустың ұсынуымен химиялық элементтерді оның латынша аталуына сәйкес бірінші немесе келесі әріптерінің бірімен қоса таңбалау қабылданған.

Химиялық элементің салыстырмалы атомдық массасы (Аr) деп элементтің атомдық массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасын айтады.

Дескриптор:

  • Анықтамаларды нақты айтады;

  • Анықтамаларға мысалдар келтіре алады;

  • Тақырыпты ұғынықты түрде жеткізеді.


ҚБ: "Үш шапалақ" әдісі арқылы көшбасшыны бағалау

Кері байланыс: Ауызша"мұғалім-оқушыға" жүргізеді


Мұғалім түсіндірмесі. Видеоролик көрсету.








Оқулық, мәтіндер

















































графопроектр



5 мин


















5 мин






















4 мин































Қолдану

Топтық жұмыс

Мақсаты: 4 оқушы бірге орындауға негізделген

1- тапсырма. Мына заттарды жай және күрделі заттарға ойыңызды негіздей отырып бөліңіздер: H2, NH3, Au, MgCl2, Na, K2SO4, O2, H2O

Жай заттар

Күрделі заттар










Дескриптор:

  • заттарды жай және күрделіге жіктеп, кестені толтырады

ҚБ: графопроектр арқылы слайдта жауаптары шығады, өздерін тексереді.

Кері байланыс: Ауызша "мұғалім-оқушыға" жүргізеді



Жұптық жұмыс. "Пазл" әдісі

Мақсаты: ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу, бірлескен жұмыс

Нұсқау: жұптарға пазлдар беріледі. Пазлдарды құрастырғанда жаңа тақырыпқа байланысты анықтамалар мен мысалдар шығады.

Атомдардың белгілі бір түрі химиялық элемент деп аталады. Мысалы: Na, F, Cl, Mn

Жай заттар бірдей химиялық элемент атомдарынан құралады. Мысалы: O2, N2, F2, H2

Жай заттар металдар және бейметалдар деп екіге бөлінеді.

Әртүрлі атомдар бірігіп күрделі заттар түзеді. Мысалы: NH3, H2SO4, KCl, C6H12O6

Дескриптор:

  • химиялық элемент, жай заттар, күрделі заттар ұғымдарының анықтамаларын біледі;

  • мысалдар келтіреді.


ҚБ: жұптар жұмыстарын өзара тексереді."Жақсы", "өте жақсы", "талпын" деген сөздер арқылы бағалайды.

Кері байланыс: Ауызша"оқушы-оқушыға" жүргізеді

Жинақтау

Тапсырма: «Өзіңді тексер»

Мақсаты: Оқушылардың жаңа сабақты қандай деңгейде меңгергендігін анықтау.

Нұсқау: тест сұрақтары таратылып беріледі, барлық оқушы орындап болған соң жауаптары тақтаға шығарылады.

Тест тапсырмалары:

1. Атомдардың белгілі бір түрі қалай аталады?

А) жай заттар Ә) химиялық элемент Б) молекула

2. Бірдей химиялық элемент атомдарынан құралады?

А) жай заттар Ә) химиялық элемент Б) молекула

3. Әртүрлі атомдар бірігіп түзеді:

А) жай заттар Ә) химиялық элемент Б) күрделі заттар

4. Қай элемент металдарға жатады?

А) бром Ә) темір Б) күкірт

5. Қай элемент бейметалдарға жатады?

А) оттек Ә) алюминий Б) күміс

6. Адам организмін құрайтын ең маңызды элементтердің бірі:

А) магний Ә) хром Б) азот

7. Гемоглобин құрамына енетін элемент:

А) алюминий Ә) темір Б) никель

8. Сүйек құрамында болатын және оған беріктік қасиет беретін элементтер:

А) кальций мен фосфор Ә) калий мен фтор Б) никель мен хром

9. Молекуласы 2 атомнан тұратын жай заттар қатары:

А) сутек, темір Ә) йод, фтор Б) хлор, магний

10. Элементтің атомдық массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасы не деп аталады?

А) салыстырмалы молекулалық масса Ә) молярлық масса

Б) салыстырмалы атомдық масса

Қалыптастырушы бағалау оқушылар өздері тексеру арқылы білім деңгейлерін көреді.

Кері байланыс: Ауызша"мұғалім-оқушыға" жүргізеді




Жұмыс дәптері
















Пазлдар





















Үлестірме материалдар №2







Тест сұрақтары




Сабақтың соңы

2 мин

Кері байланыс.

Білім қоржыны. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып, білім қоржындарына салады.


Picture 5



Үй тапсырмасы:

§6 оқу, анықтамаларды жаттау. 6-тапсырма.

Шығармашылық жұмыс. "ХХІ ғасыр элементі" .


стикерлер























Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы















Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?






29 Қараша 2018
1772
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі