Химиялық
кеш
«Химия тұрмыста» кешінің
жоспары
Кештің
барысы
Сахына химияның тұрмыстағы
рөлін көрсететін сызбалар, суреттермен, ұлағатты сөздермен
безендіріледі. Кешке қатысатын оқушылар бастарына әртүрлі
элементтенрмен жасалынған тұрмыстық бұйымдармен эмблемасын киеді.
Ортаға екі «сиқыршы» шығады. Бірі қолындағы таза ақ қағазды
кқрермендерге көрсетеді. Екіншісі жайпақ табақшаға құйылған суды
кқрсетеді. Судың түсі сәл сарғыштау. Бірінші сиқыршы ақ қағазын
табақшадағы суға салып, кқрермендерге қайта көрсетеді. Міне, қызық,
жаңа тап-таза болған ақ қағаз көк түске боялып, арасында ақпен
«Химия-тұрмыста кеші басталды» деген жазу шыға
келді.
Ортаға жүгіріп жүргізуші
шығады.
Жүргізуші:-міне халайық,баршаңызды таң
қалдырған химия ғажайыптары осындай.Кешіміздің беташары болған
сиқырлы жазудың мәнісін түсіндіретін кім бар?Жауабын дұрыс
айтқандарға сыйлығымыз бар.
Егер көрермендер арасынан
ешкім суырылып шықпаса,алдын-ала көрермендер арасына кешті
ұйымдастырушы сыныптың 1 оқушысын дайындап отырғызып қою керек. Сол
жазудың мәнін түсіндіреді.
Оқушы: Мен сиқырлы жазуларды оқығанды
жақсы көремін. Бұрын соғыс кезінде партизандар жауға сырларын ашпау
үшін бір-біріне хатты сүтпен жазатынын кітаптан оқыған едім. Ал
бүгін хат лимон шырынымен жазылған деп ойлаймын.Табақшадағы суға
салғанда қағаз көгереді,демек суда иод болғаны. Себебі қағаздың
құрамындағы крахмал иодпен қосылғанда көгереді. Лимонда С витамині
болғандықтан,қағазға лимон шырынымен жазылған жазу ақ күйінде
қалады. Міне сиқырлы жазудың сыры.
Жүргізуші: Енді ортаға бүгінгі кештің
қонақтарын шақырамыз.
Ортаға бастарына тіс шайғыш
пастаның, лампа, алтын сақина, білезік, термометрдің суреттері
бейнеленген эмблемалары бар 7-8 оқушы
шығады.
Қарындаш және алмаз көзі бар
сақина, білезіктің суретін киген оқушы: -Ал қанеки, жас достар!
Менің химияға не қатысым бар,
айтыңыздаршы?
Көрермендер тұрмыста
қолданылатын осы заттар туралы және олардың химиямен байланысын
сипаттап береді. Егер көрермендер арасынан ешкім шықпаса, кешті
ұйымдастырушылар өздері шығып, қысқаша хабарлама
жасайды.
1-оқушы:- Сіз көміртегінің
аллотропиялық түр өзгерістері-алмаз бен графитті жарнамалап тұрсыз.
Алмаз түссіз, мөлдір минералдардың ішінде ең
қаттысы.
Ол сәулені сындырады. Электр
мен жылуды нашар өткізеді. Алмаздың таза түрлері «бриллиант» деген
атпен сіз көрсетіп тұрған суреттердей әшекей бұйымдардың көзі
ретінде қолданылады. Алмаздан жасалған сәндік заттар өте қымбат.
Себебі табиғи алмаз қоры сирек кездеседі. Алмаздың табиғи қорлары
Африкада, Якутияда, Орал тауларында бар. Табиғи қор техникалық
қажеттерді қамтамасыз ете алмағандықтан, соңғы кезде жасанды жолмен
графиттен алмаз алу ісі өріс алуда. Ал суреттегі екінші бейнеленген
затыңыз-графит. Граит қарақоңыр түсті, майлы. Оның жұмсақтығы
үйкегенде қағазда із қалдырады. Сондықтан одан күнделікті өзіміз
қолданып жүрген қарындаштарды жасайды.
Жүргізуші: Көрдіңіздер ме, бір
ғана химиялық элемент көміртегінің тұрмысымызға қаншалықты дендеп
енгенін. Көміртегінің осыншалық жақсы қасиеттерін сипаттап берген
жас химигімізге көрермендер қолпаштауымен сыйлық ретінде өзі
айтқандай алмаз қымбат болғандықтан, графит қарындаш
беріледі.
Ортаға тіс шайғыш паста
шығады:
Бүгін химиктер ауылына қонаққа
келіп қалыппыз. Менің қандай пайдам бар? Білгіштерің ортаға шығып
бақ сынасын. Жақсы жауапқа нақты жауапқа сыйлығым
бар.
2-оқушы; -Біз білетін тіс
шайғыштарың құрамында фтор болады. Фтор тісіміздің эмалін жақсы
сақтауға әсер етеді. Егер фтор жеткіліксіз болса, тіс қанжегі
(кариес) ауруына ұшырайды. Сондықтан таңертең мен кешкілік екі
мезгіл тісті тіс шайғышпен тазалаған жөн. Ол тісті тазалап, құрт
түсірмеумен қатар адам ағзасының фторға деген қажеттілігін де
қамтамасыз етеді. Себебі кейбір жерлерде ауыз суында фтор
қосылыстары мүлдем болмайды десе де болады. Осындай жағдайларда
адамды дәрігерлер фтор қосылыстарымен емдейді. Ал тіс
профилактикасы үшін фтор өте маңызды.
Жүргізуші: -Бәрекелді өз
денсаулығын күте білетін, құрметтей білетін әрі химияның пайдасын
ескеріп жүрген бұл жас химигімізге бір тіс шайғыш сыйласақ артық
болмас.
Жүргізуші: -Енді ортаға
«сіріңкені» шақырсақ қайтеді. Сіздер ол туралы көп білетін
шығарсыздар. Қане, кім айтады, сіріңкеден от қалай
тұтанады?
3-оөушы: Сіріңке қорабының
бүйіріне жағылған қоспада қызыл фосфор болады. Оның тұсі-қызыл
қоңыр. Қызыл фосфорды майда шыны мен желіммен араластырып, сіріңке
қорабының сыртына жағады. Ал сіріңке шиінің басына бертолле тұзы,
жануды қолдайтын катализаторлар
(MnO2
,
Fe2O3
т.б) және жанғыш заттар
желіммен жапсырылады. Шиді қорапқа үйкегенде қызыл фосфор тұтанып,
Р2О5
–ке
тотығады.
Жүргізуші: -Міне, көрермендер
күнделікті қолымыздан түспейтін сіріңкенің өзінің химиялық сиқыры
бар екенін байқадығыздар. Жас химикке сыйлық –көрермендер
қолпаштауымен бір сазды сәлем (музыкалық
үзіліс)
Жүргізуші: Қоғаммен біте
қайнап, бірге жасап келе жатқан бір ғажайып дүние бар. Тіпті, ол
қоғамның даму тарихын, оның жай-жапсарын да баян етеді. Бұл
–металдар дүниесі. Жер астында өзен, көл, теңіз, мұхит суларында,
хайуанаттар мен өсімдіктер ағзасында да металдар
кездеседіү
Түрлі элемент, металдарды
бағалы
Көктен емес жерден іздеп
табады
Бар әлем мен табиғатты
билеген
О, металдар, құрметтейік
адамды
Ортаға күнде өздеріңіз
тұрмыста кездесіп жүрген металдарды шақырамыз. (залға «Ag»-күміс,
«Au»-алтын, « W»-вольфрам, «Hg»-сынап)
«Металдар» бәрі
бірлесіп:
-Адам ашып өңдемесе
біздерді
Мекен етіп жатар едік сыз
жерді
Қане, біздің алысқа бармай-ақ
күнделікті тұрмыста қандай пайдамыз бар?
4-оқушы –Мен айтайын. Менің
апам үйде «Алтын-күміс тас екен, арпа –бидай ас екен» деп үнемі
айтып отырады. Соған қарағанда күміс пен алтын ертеден-ақ біздің
ата-
Жүргізуші: өте жақсы пайдалы кеңестер
бергені үшін жас химиктерге рахмет айтамыз. Енді қалған металдар
туралы кім не айтады екен?
7-оқушы. Сынап қалыпты
жағдайда сұйық және бос күйінде кездесетін жалғыз металл. Бос
күйінде бұл металдың химиялық белсенділігі ІІ-топтағы басқа
металдардан әлдеқайда төмен. Ол бізге термометр арқылы таныс. Сұйық
болғандықтан ден температурасына қарай түтік бойымен жылжып
отырады. Термометрді ұстағанда өте мұқият болу керек. Себебі
термометр қолдан түсіп кетіп сынатын болса, ішіндегі сынап жерге
шашылып кетедіғ оны жинау өте қиын. Ал сынаптың буы өте зиян.
Сондықтан шашылған сынаптың бір түйірін қалдырмай жинау
керек.
8-оқушы. Волфрам металдардың
ішіндегі ең балқу температурасы жоғарғысы. Сондықтан одан қызуы өте
жоғары болатын электр шамдарының жіңішке сымдарын
жасайды.
Жүргізуші: -бәрекелді,
жарайсыздар, жас достар! Көрдіңіздер ме біздің қонақтар өздерін
сыйлап, құрметтеп, олар туралы маңызды мәліметтер білгендеріңіз
үшін дән риза. Солай емес пе «Металл
мырзалар»?!
«Металдар» (хормен)- иә, иә,
жас достар! Біз сіздерге бас иіп қошемет
көрсетеміз.
Мақтанбаңдар, тыңда достар,
барлығын
Адам атты құдіреттің
жарлығын
«Алтын» -Қалар едік белгісіз боп
мәңгіге
Ақылында адамның бар
әңгіме
«Күміс» -Адам ашып өңдемесе
біздерді
Мекен етіп жатар едік сыз
жерді
«Вольфрам» -Жер-Ананың құрсағынан
шықсақта
Өңдеп бізді, кескен де адам
кіндікті
Хормен: Ақылына тәнті болып
әмәнда
Алғыс айтып бас иелік
адамға
Кәдесіне бәрімізді
жаратып
Ғұмыр кешсін мамыражай
заманда
Жүргізуші: Химиялық
элементтердің қоғам тарихында өзіндік орны ерекше, тұрмысымызға
дендеп енген металдар патшалығына ауылымыздың кәдесін көрсетейік
(химиялық тәжірибе «Үстел үстіндегі
вулкан»)
Бір оқушы Ш.Қалдаяқовтың бір
әнінің мақамымен сықақ ән айтады.
Химиялық
портрет
Алтындай менің
ардақтым
Қорғасындай
салмақтым
Көптен көрмей
өзіңді
Электрондай зар
қақтым
Өзің менің
оттегім
Өмірім сенсіз жоқ
менің
Мінезің мыстай
майысып
Сынаптай сырғып
кетпегің
Шаштарың қара
көмірдей
Мүсінің құйған
темірдей
Күмістей менің
аппағым
Өзіңнен асыл
таппадым
Ортаға жан-жағына алақ-жұлақ
қарап Малтапқыш пен Қарынбай шығады.
Малтапқыш:-Қарынбай, мына
заманда қарын тойдыру үшін қалай да ақша табудың жолын іздеген
жөн.
Қарынбай: -Малтапқыш, не
ойлағаның бар? Қане ортаға сал.
Малтапқыш:- Елдер осы Құдайдың
тегін суын да сатып жүр. Қыста жауған қардан көсіп-көсіп алып, газ
толтырады да, «минералды су» деп бізге
сатады.
Қарынбай:
-Астапыралла
Малтапқыш:-Ал біздің осылардан
бір жеріміз кем бе?
Қарынбай:- Сонда біз не істеп
сатамыз? Дымымды құртпай айтсаңшы.
Малтапқыш:- Міне көрдің бе
мына сары сақинаны. Апамнан «Бұл қандай сақина?» деп сұрап едім,
«Мыс сақина ғой» деді. Алтынға қатты
ұқсамайды.
Мүмкін күміске айналдырып,
біреулерді сан соқтырып кетерміз.
Қарынбай:-
қалай?
Малтапқыш:- Мына сиқырлы
сұйықтықты кеше апайдың көзін ала бере зертханадан ұрлап алғанмын.
Қазір осыған мына сақинаны тез салып аузын жаба қоямын. Шамалыдан
соң сақинамыз күміс болып шығады.
Сиқыр сұйықтыққа сары сақинаны
салып,2о-3о секундтан соң сұйықтықтан шығарып
сүртеді.
Қарынбай:-Ойбай-й, мынауың
шынымен-ақ күміс болды ғой. Мен сенбей
тұрмын.
Малтапқыш:-Көрдің бе ағаңды.
Сиқыршы болдым да шықтым. Енді сенің міндетің –осы «күміс» сақинаны
сатып келесің. Бөліс -1/3
Қарынбай, «күміс» сақинаны
сату үшін залға келеді. Залдағылармен саудаласа бастайды. Бір кезде
залдан шу естіліп, Қарынбайды біреу сүіреп ортаға
шығарады.
-Халайық, мынадай үлкен
химиялық той-дусһманда мына бір алаяқ біздерге сап-сары жез
сақинасын күміс деп алдап сатпақшы. Әй мынаның қай жері
күміс?
Қарындай түк түсінбей
қолындағы сары сақинаны ұстап тұрады.
Малтапқыш: -Әй, Қарынбай! Сен
өзің дайын нанды жеп қарныңның тойғанын ғана ойлайтын алаңғасар ма
десем, менің күміс сақинамды сатып жіберіп орнына жез сақинаны
әкеп, мені ақымақ қылғың келе ме? Мен саған көрсетейін
ақымақты.
Малтапқыш, Қарынбайға тұра
ұмтылады. Елдер оларды ажыратып әкетеді. Сақина Қарынбайда
қалады.
Қарынбай:- Міне, қызық. Сау
басыма сақина тілеп алдым. Шынында мендегі Малтапқыштың сақинасын
кім, қалай ауыстырып алды? Қап-ай ұят болды
ғой.
Залдан бір оқушы
шығады.
Зерек оқушы: Қарынбай досым,
қапаланба. Сен еш нәрсені жоғалтқан жоқсың. Малтапқыштың саған
берген сақинасы қолыңда тұр.
Қарынбай:-Ол сақина күміс
болатын.
Зерек оқушы: Иә, бастапқы мыс
сақинаны сынаптың (ІІ) нитратының ерітіндісіне салғанда ағарып,
күміс сияқтанады. Бірақ сен оны саудалап жүргенде біраз уақыт өтіп
кетті, әрі қолыңмен сынапты сүртіп жібердің, әрі ол буланады, содан
сақина қайтадан бастапқы қалпына келді.
Қарынбай:-Ух, көңілім орнына
түсті ғой. Енді химияны жақсылап оқып, Малтапқышты мен де бір
қатырмасам болмас.
Қарынбай залдан кетеді.
(ескерту: сынап тұздарымен жұмыс істеу зиянды болғандықтан оқушылар
көрермендерге көрсетпей екі сақинаны пайдаланады да өзгерістің
ретін түсіндіреді)
Жүргізуші: Міне достар
химияның таңғажайыптары көп-ақ. Ал оларды білу үшін химияны оқу
керек. Ортаға тағы бір топ қонақтарымызды
шақырамыз.
Секундтан
соң