Материалдар / Химиялық пәніене үй жағдайында жасалатын қызықты тәжірибелер

Химиялық пәніене үй жағдайында жасалатын қызықты тәжірибелер

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қызықты тәжірибелер» атты әдістемелік жинағы биология, химия, физика, география пәндерінің мұғалімдеріне және орта мектеп оқушыларына арналған. Оқушылардың химиядан,биологиядан, физикадан, географиядан алған білімдерін тоғыстырып, практикада, яғни өмірде қолдана білуге дағдыландыру және ғылыми әдістемелік әдебиеттермен және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен шығармашылық жұмыстармен жұмыстану дағдыларын қалыптастырады. Жаратылыстану бағытындағы ұстаздарға көмекші әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Қалқыған жұмыртқа

Мақсаты: Жұмыртқа қабығы мен сірке қышқылының арасындағы реакция нәтижесін қызықты тәжірибе арқылы көрсету

Қажетті заттар:

  • піскен жүмыртқа,

  • үлкен стақан;

  • сірке қышқылының ерітіндісі (1:1қатынаста)

Жалпы түсінік

Сен піскен жұмыртқаның суда бататынын білетін боларсың . Ал біз саған піскен жұмыртқаның ешкімнің көмегінсіз жоғарыға қалқып шығатын бір тәжірибе жасаймыз

Тәжірибе :

Үлкен стақанға сірке қышқылын толтыр . Піскен жұмыртқаны стақанға сал . Жұмыртқаның ыдыстың түбінен жоғарыға қарай көтеріліп жатқаның бақыла . Ол төменге түспей тұрып ұстап ал!

Нәтиже:

Піскен жұмыртқа стақан түбіне бірден қонды . Бірақ жұмыртқа қабықшасы мен сірке қышқылының арасында газ бөлу реакциясы байқалды . Оның көпіршіктері жұмыртқа қабықшасына қонады . Олардың саны артып , көлемі ұлғаяды . Бір уақытта көпіршіктермен толығымен жабылған жұмыртқа жоғарыға қозғалады . Жайлап , бірақ дұрыс жолмен жұмыртқа жоғарыға қарай ұмтылды . Содан кейін жұмыртқа сұйықтықтың шекарасына тиеді , сосын қайта батып кетеді . Газдың бөлінуі түбінде де жалғасады . Жаңа көпіршіктер жұмыртқаның тысын басады , соған қарамастан қайта жоғарыға шығады , ал кейін қайта батады. Эксперименттен кейін жұмыртқаны жеуге болмайды . Алайда тәжірибенің көрінісі азаймайды . Неге жұмыртқаға осылай болып жатыр ?

Қорытынды :

Жұмыртқа қабығының негізгі компоненті карбонаттар деп аталған тұз . Қышқылдармен әсер еткенде, ыдырап көмірқышқыл газы түзіле бастайды. Тап осы газдың кішкене көпіршіктерімен жұмыртқаның қабығы жамылады . Бір уақытта көпіршіктің саны жұмыртқаның қабығында көбейгені сонша , судың итеру күшінің әрекетінен жұмыртқа жоғарыға қалқып шығады . Жұмыртқаның бетіне ауа тиген соң , көпіршіктің көпшілігі жарылады да , жұмыртқа ауырлық күшінің әсерінен төменге түседі . Содан соң осы әрекеттер қайталанады : көпіршіктің саны көбейеді, жұмыртқа қайтадан жоғарыға көтеріледі.




Тақырыбы: Кофейн алу


Мақсаты: қара түйіршік шайдан қарапайым жағдайда кофеин алу.


Қажетті заттар:

  • Қара шай,

  • су,

  • шағын металл ыдыс,

  • отқа төзімді шыны стакан,

  • келіше мен келі сап,

  • қасық.


Жалпы түсінік

Шай мен кофе адам ағзасына сергіткіш қасиетке ие. Ал сол сергіткіш қасиетке ие затты алып көрейік.

Тәжірибе:

Келішеге бір ас қасық қара шайдың түйірлерін салып, келі саппен езгілейміз. Ұсақталған қара шайды металл ыдысқа салып, оны орташа жанған отқа қою керек. Оның үстіне отқа төзімді шыны стаканға су толтырып қою керек. Шыны стаканның түбінің диаметрі металл ыдыстан үлкен болуы шарт. Металл стаканды қыздыруды 7-12 минут жалғастырып, болған соң отты сөндіріп шыны стаканның түбіне назар аудар.


Нәтиже:

Стаканның түбіне ақ түсті қақ тәрізді зат пайда болады. Бұл не?

Қорытынды:

Стакандағы ақ зат бұл кофеин. Кофеин – шай мен кофе құрамындағы сергіткіш зат. Реакция нәтижесінде кофеин қатты күйінен газ күйіне бірден ауысады. Газ күйіндегі кофеин салқын стаканға жанасып, қайтадан қатты күйге ауысады










Тақырыбы: Бөтелкедегі лава.

Мақсаты:Оқушыларға бөтелке ішінде лава жасауды үйрету.

Қажетті заттар:

  • көлемі 1литрлік таза пластмасса бөтелке,

  • құйғы,

  • үлкен қолшам,

  • тағамдық бояғыш (қандай түсті болса да бәрібір),

  • өсімдік майы,

  • көпіргіш (шипучая) таблетка.

Жалпы түсінік:

Өсімдік майы мен су қандай жағдайда да араласпайтыны бәрімізге мәлім. Енді осы қасиеттерге сүйеніп тәжірибе орындайық.

Тәжірибе:

Көлемі 1литрлік таза пластмасса бөтелкеге ¾ стакан су құй. Бұл үшін құйғыны пайдалан. Суға азғана тағамдық бояу сеуіп, әбден шайқап араластыр. Бояу еріген соң бөтелке аузына 2 – 3 сантиметр жетпейтіндей етіп өсімдік майын құйып, сұйықтар бөлініп шыққанша бірнеше минут күт. Боялған сұйықтық бөтелкенің түбінде қалады. Көпіргіш таблетканы тең екіге бөл. Қолыңа қолшамды алып, жарықты өшір. Қолшамды бөтелкенің астыңғы жағына ұстап, жарты көпіргіш таблетканы бөтелкеге тастап жібер. Енді болған жайды бақыла.

Нәтиже:

Көпіргіш таблетка боялған су бөлігіне түсе салысымен одан әртүрлі мөлшердегі түрлі түсті боялған тамшылар көптеп бөліне бастайды. Олар май бөлігінен өтіп бөтелке аузына қарай беттеп және осы жолдарын қайталау үшін төмен қарай қайтады. Ал, қолшамның жарығы бұл үдерісті одан сайын әрлендіре түседі. Сонда не болып жатыр?

Қорытынды:

Бөтелкенің су бөлігіне түсе салысымен таблетка ери бастайды. Бұл құбылыс газдың бөлінуімен ерекшеленеді. Бөлінген газ көпіршіктері жоғары көтеріліп, өздерімен бірге боялған су тамшыларын май қабатынан ала жөнеледі. Ауа көпіршіктері бөтелке аузына жеткен соң, тамшылар кейін қарай ағады. Себебі, олар майда ери алмайды. Егер саған тәжірибе ұнаса, таблетканың екінші бөлігін пайдаланып, тәжірибені жалғастыруыңа болады.






Тақырыбы:Судың сүтке, сүттің суға айналу сиқыры

Мақсаты:Оқушыларға судың сүтке, сүттің суға айналу сиқыры туралы айту.

Қажетті заттар:

  • ас содасы,

  • су,

  • 9%- дық сірке қышқылының ерітіндісі,

  • 10% - дық кальций хлоридінің егілуге арналған ерітіндісі,

  • 3стакан.

Жалпы түсінік:

Химия – қызықты ғылым болып саналады. Қарапайым тәжірибелер жасау арқылы түссіз мөлдір ерітіндіні сүтке (әрине нағыз сүтке емес) сосын қайтадан түссіз ерітіндіге айналдыруға болады. Мұндай тәжірибелерді қарапайым ас үйде жасауға болады.

Тәжірибе:

Бірінші стаканға 1/4 кальций хлоридінің ерітіндісін, екіншісіне осындай мөлшерде ас содасының ерітіндісін, үшіншісіне ½ мөлшердей сірке қышқылының ерітіндісін құй. Енді бірінші стаканға екінші стакандағы ерітіндіні құйып, не болатынын бақыла. Сосын үшінші стакандағы ерітіндіні жаңағы алынған қоспаңың үстіне құйып, қасықпен араластыр. Не байқадың?

Нәтиже:

Бірінші және екінші стакандағы қоспаларды араластыру нәтижесінде екі түссіз ерітіндінің ақ түсті лайға, яғни бір қарағанда сүтке ұқсас заттың пайда болғанын көреміз. Енді осы «сүтке» үшінші стакандағы ерітіндіні құйғанда қайтадан «суға» айналғанын байқаймыз. Бұл тәжірибенің нәтижесінде қандай реакциялар жүрді.

Қорытынды:

Ас содасының ерітіндісі мен кальций хлоридінің ерітіндісі арасындағы реакция нәтижесінде ақ тұнба түзіледі. Соның салдарынан сүтке ұқсас ерітінді пайда болады. Сүтке ұқсас ерітіндіге сірке қышқылын құйғанда жаңа реакция жүреді де тұнба жойылады. Яғни, жаңа пайда болған заттар суда еритіндіктен сүт суға айналғандай болады.









Тақырыбы: Отты қары бар ашық хат.

Мақсаты:Оқушыларға жаңа жылдық отты қар жасауға үйрету.

Қажетті заттар:

  • селитра,

  • су,

  • шыра,

  • шырпы,

  • ақ қағаз,

  • стакан,

  • қасық,

  • шаш кептіргіш.

Жалпы түсінік:

Шыра мен ақ қағаздан жаңа жылдық ашық хат жасап көрейік.

Тәжірибе:

Тәжірибеге ерекше зат селитра керек. Дәлірек айтсақ, селитраның ерітіндісі керек. Ол үшін селитраны стаканға салып, үстіне ыстық су құйып, тұз әбден ерігенше жақсылап қасықпен араластыр. Енді стакандағы ерітінді суығанша күт. Сосын қарапайым қылқаламмен жаңағы ерітіндіні бояу ретінде пайдаланып, ақ қағаздың ортасына қардың суретін сал. Оны шаш кептіргішпен кептір. Қардың суретінің ортасына дөңгелек белгі сал да, оны конверттің ішіне салып, досыңа ұсын. Ал, досың шала жанған шыраны белгіге тигізсе жетіп жатыр. Құбылысты бірден байқауға болады.

Нәтиже:

Қағаз беті шаш кептіргіш салдарынан әбден кеуіп, қағаздағы сурет мүлдем жойылып кетті. Бірақ, қағаздағы белгіге шала жанған шыраны апарғанда, қағаз жана бастайды. Қағаздағы жалын сурет бойын қуалап, жана бастайды. Селитраның ерітіндісімен салынған сурет жанып кетеді де, айналасындағы ақ қағаз қалады. Нәтижесінде күйдіріліп жасалған қардың суреті бар ашық хат пайда болды.

Қорытынды:

Селитра – оқ дәрінің негізгі құрам бөлігі болып табылады. Аз ғана қыздырудың нәтижесінде ол химиялық реакцияға тез түсе бастайды. Нәтижесінде оттегі түзіле бастайды. Ал, оттегінің жануды қолдайтынын барлығы біледі. Сондықтан, шала жанған шыраны белгіге тигізе салысымен, ешқандай қосымша әсер етпей тұрып, сурет жана бастайды. Осындай жарылғыш қасиетіне қарамастан селитраны азотты тыңайтқыш ретінде пайдаланады.




Тақырыбы: Жаңғақ немесе күнбағыс майын алу.

Мақсаты:Оқушыларға жаңғақ немесе күнбағыс майының алыну әдісін көрсету.

Қажетті заттар:

  • орман жаңғағы,

  • күнбағыс тұқымы,

  • жанармай,

  • шыны ыдыс және табақша.

Жалпы түсінік:

Жаңғақ немесе шемекі майды қарапайым жағдайда қалай алуға болады. Шемекі дәні өте кішкентай, ал одан шығатын май өте аз .... Ол үшін күрделі химиялық үрдістерді орындау керек.

Тәжірибе:

Бір уыс күнбағыс тұқымын тазалап, бірнеше орман жаңғағының қабығын ашу керек. Қабығы ашылған орман жаңғағы мен күнбағыс дәнін ұсақтап уату керек. Алынған қоспаны шыны ыдысқа салып, үстіне аз ғана мөлшерде жанармай құйып, аузын ауа шықпайтындай етіп, мықтап бекітіп, жақсылап шайқа. Енді қоспаны бірнеше сағатқа қою керек.Қоспаны арасында шайқап тұр. Осыдан кейін қоспаны табақшаға құйып, аулаға қой. Табақшадағы барлық жанармай ұшып кеткенше күт. Жанармаймен орындалатын жұмысты аса сақтықпен орында. Ол тез тұтанғыш қасиетке ие.

Нәтиже:

Жанармай ұшып кеткеннен кейінгі қалдық – бұл орман жаңғағы мен күнбағыс майы. Алайда ол майлардың дәмін татып көруге болмайды.

Қорытынды:

Орман жаңғағы мен күнбағыс майы жанармайда еру қасиетінің нәтижесінде алынып тұр. Бұл әдіс арқылы кез – келген мөлшердегі май алуға болады. Бұл әдісті экстракция деп атайды.













ЖИ арқылы жасау
06 Қараша 2018
4674
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі