Химияны оқытудың тиімді жолдары
.
Қазақстан Республикасының «Білім беру
туралы » Заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа
технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу,білім беруді
ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілілерге
шығу»,-деп,білім беру жүйесін одан ары дамыту міндеттері
көзделеді.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім
берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру кеңістігіне
енуге бағыт алуда.Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында
қойылып отырған басты міндеттердің бірі- оқытудың әдіс тәсілдерін
үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды меңгеру
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие
мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс- әрекеттің ғылыми
педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.Жаңа
педагогикалық технологиялар- бұл білімнің басында мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің,оқу тәрбие үрдісін
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан
міндеттерінің,мазмұнының ,формалары мен әдістерінің күрделі және
ашық жүйелері,мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар
жиынтығын құрайды.
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін
объектісі – сол пәнді оқыту әрекеті.Химияны оқыту әдістемесі ғылыми
оқыту әрекетін методикалық деңгейде зерттейді.Барлық жеке пәндерді
оқыту,солардың ішінде химияны оқыту методикасы дидактиканың ашқан
жаңалықтарына сүйенеді,оларды өзінің методологиялық негізі ретінде
пайдаланады.
Химяны оқыту әдістері,ғылыми зерттеу
әдістерімен ұштасып жатады,оқушылардың химия объектілерін танып
–білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.Химиялық орта
білім беру бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын үш орындалатын
міндеттен тұрады.Ол оқытудың білімділік,тәрбиелік және дамытушылық
мақсаттары деп аталады.
Химия пәнінің білімділік,тәрбиелік және
дамытушылық мүмкіндіктері,химиялық орта білім берудің негігі
міндеті аға ұрпақтардың жинақтаған тәжірбиесі негізіндегі білімді
логикалық және дидактикалық өңдеуден өткізіп,түсінікті етіп
беру.Қазіргі кездегі оқытудың мақсаты жеке адамды жан-жақты және
кешенді оқыту ,тәрбиелеу және
дамыту.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту
әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге ,меңгертуге
кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірбиесі көрсетіп отыр.Сондықтан
жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны
технологияландыру қажеттігі туады.Оқыту технологиясы арқылы оқу мен
тәрбие жұмысын дамыту,еліміздің әлеуметтік –экономикалық жағдайын
жақсарту бағытында өскелең ұрпаққа жүйелі,нақты білім беру болып
табылады.
Пәнді оқытуда қолданылатын жаңашыл
әдістерді қолдану тиімділігі
төмендегідей:
-
интербелсенді әдіс-тәсілдерді
пайдаланып, оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын
арттыру;
-
интербелсенді әдіс-тәсілдің дәстүрлі
білім беруге қарағанда оқушыларда алған білімді
жүйелеу;
-
интербелсенді әдіс-тәсілдерді
пайдаланғанда мұғалімнің уақытын үнемдеу және тиімді қолдануға
мүмкіндік береді.
Оқушыларға химиядан жүйелі білім беруде
сабақ басты орын алады. Сабақ – өте күрделі, жан-жақты, көп қызмет
атқаратын педагогикалық үрдіс. Сабақ мақсат қоюдан басталады.
Қазіргі кезде сабаққа қойылатын мақсаттың үш түрі белгілі. Олар:
жалпы педагогикалық (тәрбиелеу мен дамыту), дидактикалық (оқи білу
дағдысын меңгеру), әдістемелік (химия пәні бойынша білім мен
іскерлікті қалыптастыру, дүниетанымдық көзқарастарды түсініп,
қорытындылар жасай білуге үйрету) мақсаттардың ортақтығы негізінде
іске асырылады. ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып,
Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды
әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны
белгілі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым
қызметкерлерінің ІІІ съезінде «Құрылымдық өзгерістер мұғалім
кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз
етілуі тиіс»-деп, атап көрсетті.
Сабақты оқытудың барлық формасында
жақсы нәтижеге жету үшін бір формадан екінші формаға ауысып отыру
оң нәтиже береді. Жаңа сабақтың материалын оқуда ұжымды
жүргізіледі. Оқытудың түрлі формаларын қолдану оқушылардың
белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеу және таным қабілетін
арттырады. Қазіргі сабақ оқушылардың өзіндік жұмыстарынсыз
болмайды. Ол – оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау
қызметі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар көрсетілген
бағдарламалық білімді, жаңа біліктер мен дағдыларды игереді,
өзіндік шығармалышылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық
әдістерді меңгереді. Химия пәні бойынша сабақтың бес типін
көрсетуге болады:
1.Жаңа білім мен дағдыны меңгеру
сабақтары.
2.Сарамандық білімді, дағдыны,
іскерлікті жетілдіру және
қалыптастыру
сабақтары.
3.Білімді жүйелеу, қайталау,
қорытындылау, жалпыламалау
сипатындағы
сабақтар.
4.Білімді бақылау, тексеру, есепке алу
сабақтару.
5.Аралас құрама комбинациялы
сабақтар.
Экономикасы күшті дамыған елдердің
тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым мен
мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кепілі екендігін көрсетіп
отыр. Олай болса қазіргі заманның ақпараттық және
телекоммуникациялық технологиясын игеру әрбір мұғалімнің басты
міндеті болып табылады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырып, оқу тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды
көздейді.
Оқу мен тәрбие саласындағы
мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет – талабы таудай
дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Қазіргі
кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды жауапты міндеттің
бірі – оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері
оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде таңдап алуы
тиіс.
Қазіргі педагогика теориясы
жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас
пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді. Жаңа технологияларды
күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану – оқыту мақсатына жетудің
тиімді жолдарын көрсетеді. Бұл жетістіктерге арнайы курс, тәжірибе
алмасу және жалықпай іздену арқылы жетеді. Демек, білім беру
мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – бүгінгі
күннің обьективті заңдылығы.
Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік
жұмыстары сан алуан сарамандық сабақтар, сарамандық тәжірибелерді
орындаулары, есептерді шешуі,формулалар бойынша реакциялардың
теңдеуін құрастыру, жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру
жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, анықтамалар және әр түрлі
қосымша әдебиеттермен жұмыс, сарамандық жұмыстардың есебін жазып
орындау, танымжорық материалдарын өңдеу т.б. Химия пәнінен химия
ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке-дара
жұмыстар.
Химияны оқытуда жаңа педагогикалық
технологияларды пайдаланудың технологияларды пайдаланудың теориялық
негідері Химияны оқыту процесінде инновациялық технологиялар
пайдалану арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуде мына негізгі бағыттарға
көңіл аудару керек. Бұл адам тарихтан, саяси-экономикалық
жағдайдан, сол саланың даму бағытының қажеттігін түсініп, білім
алуда онды өзгерістер байқалуда.
Ал, мектепте әзір бұл өзгерістердің
байқалуы әлсіз. Сондықтан да бұл өтпелі кезеңде, мектепке өзгеріс
қажет. Бұл өзгеріске орташа оқушыға бағытталған емес, жеке тұлғаға
бақытталған инновациялық технологиялар арқылы қол жеткізуге болады.
Сонымен, қазір дүние жүзінде мектептегі білім берудің стратегиялық
бағыты жеке тұлғаға бағытталған білім беру арқылы алға қойылған
мақсаттар шешілетіндігін дәлелдеп
отыр.
Мұндай білім беру кезінде оқушы не
студент жеке тұлға мұғалімнің бақылауында болады, оқу білім беру
ісі емес, танып білу іс-әрекетіне ауысады. Білім берудің дәстүрлі
парадигмасында білім беру: «Оқытушы – оқулық – оқушы» болса, жаңа
білім парадигмасында «оқушы – оқулық – оқытушы» жүйесіне ауысуы
керек.
Қазіргі кезде көптеген алдыңғы қатарлы
елдерде білім беру ісі осылайша құрастылырған. Бұл білім берудегі
гуманистік бағыт. Мұнда білім беру жүйесінде негізгі іс-әрекетте
жеке адамның ерекшелігі ескеріледі. Жеке адам өзгеріп, отырған
өмірдің ішінде, сондықтан да оның өмірді қабылдауы әр түрлі
болады.
Әр адам оны білуге әр түрлі әрекет
жасайды:
1. Жеке адам қоршаған ортадағы
өзгерісті өзінің түсінігінде, өзінің қатынасында
қабылдайды.
2.Жеке адам өзін-өзі түсінуге өмірден
өз орнын табуға, жетіле түсуге
талпынады;
3. Жеке тұлғаның дамуы, жетілуі басқа
адамдармен қарым-қатынаста дамиды. Жеке тұлға үшін сырттан берілген
бағаның үлкен мәні бар.
Осылайша, адам біртіндеп, тіке және
жанама қатынастар негізінде дамиды. Жеке тұлғаның өоршаған орта
өзгерістерін қабылдауы. Қоршаған ортадағы өзгерістерді өзінің
түсінігінде, қатынасында қабылдайды. Өзін түсінуге, өмірден өз
орнын табуға, өз білімін жетілдіруге талпынады. Жетілуі үшін
қарым-қатынаста дамиды.
Өндірістік танымжорықтар оқушылардың әр
жақты жетілуіне жәрдемдесе отырып, олардың политехникалық ой-өрісін
де дамытады. Өндірістік технология мен еңбек құралдарымен,
өндірістің жалпы ғылыми ұстанымдарымен де танысады. Өндірістік
танымжорықтардың саяси-идеялық маңызы аса зор, өйткені, олар
егеменді еліміздің өндіріс құрылыстарының даму қарқынын,
ғылымымыздың, техникамыздың барлық табыстарын біле отырып, ұлттық
мақтаныш сезімін тудырып, отан сүйгіштікке, халықтар достастығына
тәрбиелейді. Химия оқыту үрдісінде арнайы таным жорықтар басым
болғанымен жалпы өндірістік танымжорықтардың маңызын ұмытпаған жөн.
Өндірістік танымжорықтар сабақ үстінде, үйірме сабақтарында және
сыныптан тыс жұмыстарда кеңінен пайдалануға болатындай
материалдарды жинақтауға мүмкіндік
береді.
Химияға деген қабілеттіліктерді дамыту
үшін мүмкіндігінше оқушылардың өзіне тапсырмаларды көбірек етіп
беріп, оларға химиялық проблемаларды шығармашылықпен, шешу
тәсілдерін біртіндеп түсіндіру қажет. Химия ғылымы мен химия
өнеркәсібінің мәні – осы саладағы жұмыстардың жемісті болуы – сынақ
тәжірибе жасай білуді, бақылаған құбылыстарды ой жүгірте талдай
білуді оқытудың алғашқы қадамынан бастап-ақ дамыту қажеттілігін
талап етеді. Химикке тән осы сияқты және бұдан басқа да, мысалы
тәртіптілік, зейіндік,жұмысқа ептілігі, жинақылық тәрізді қасиеттер
тек оқушылар сынақ тәжірибе жасауды сынақ тәжірибелік теория
негізінде оқып-үйренумен ұштастырған жағдайда ғана ойдағыдай
қалыптасады. Осының нәтижесінде әрбір оқушыда ақыл-ой және
сарамандық іс-әрекеттің дараланған сипаты қалыптасады, бірте-бірте
теориялық және сарамандық мазмұндағы жаңа мәселелерді шеше білу
шеберлігі пайда болады. Сонымен қорыта келсек, сабақтағы ең басты
және оны анықтаушы көрсеткіші оның мазмұны, дүниетанымдық
бағыттылығы, мұғалімдердің педагогтық шеберлігін арттыру жөніндегі,
істі ұйымдастырудың әдістемелік жағы болып табылады. Химияны
оқытуды ұйымдстырудың барлық формаларында оқушылар ғылым негіздері
бойынша белсенділік пен берік білім меңгеруін, оқу еңбегінде және
алған білімін іс жүзінде қолдануда икемділік пен дағдылар алуын,
сол сияқты оқушылар өздерінде дүниетану көзқарасын қалыптастыруын
қамтамасыз ету – мұғалімнің парызы болып
саналады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. И.Нұғыманов. Химияны оқыту
әдістемесі // Алматы: Print-S 2005
2. А.Салиханова. Оқушылардың
шығармашылығын дамыту // Ғылыми-әдістемелік журнал, №5-2009
ж
3. Л.С.Омарова. Химияны оқыту
әдістемесі. //[Электрондық ресурс]: Шымкент: М.Әуезов атындағы
ОҚМУ, 2007
4.А.А.Елизаров. Методика преподавания
химии в школе. // Издаельство «БИНОМ. Лаборотория знании»
2010
5.Дабысова Ж.Ж. Химия пәнінен витагенді
технология бойынша оқыту әдістемесі – Ақтау: Ш.Есенов ат.КМТжИУ.,
2012., 32 б.
8-сынып Өздік бақылау
жұмысы
І
нұсқа
1.Төменде келтірілген атаулардың ішінен
химиялық заттар мен физикалық денелерді тауып ,бөліп
жазыңдар: су,кесе,ағаш,үстел,қасық,күміс,пластмасса,қалам.
2.Мына белгілердің қайсысы химиялық реакция
жүргенін көрсетеді:
а)заттың агрегаттық күйінің
өзгеруі;
ә)заттың
ұсақталуы;
б)екі сұйық заттың ерітіндісін қосқанда тұнбаның
түзілуі.
в)лимонадты шөлмектің тығынын ашқанда газдың
бөлінуі.
г)
май күйгенде қоңырсыған иіс
шығаруы.
3.Таңбалары : Н,С,О,S,Fe,Cu,Ag,Au
,болып
белгіленетін элементтердің қазақша,орысша аттарын
жазыңдар.
4.Келтірілген: темір,оттек,сутек,мыс,күкірт ,алтын, күміс,
фосфор ,мырыш,көмір,платина жай заттарды металдар мен бейметалдарға бөліп
жазыңдар.
5.Мынадай
заттардың :
а)көміртек
(ІҮ)оксидінің
ә)аллюминий
гидроксидінің
б)аммиактың салыстырмалы
молекулалық массасын
табыңдар.
8-сынып Өздік бақылау
жұмысы
ІІ
нұсқа
1.Төменде берілгендерді көшіріп жазып ,тек
химиялық заттардың ғана астын
сызыңдар:
шыны
,стақан,дәптер,кітап,қағаз,резеңке,бор,су,тұз.
2.Төменде
берілген:
а)ауа; б)теңіз
суы
ә)оттек ; в)өзен
құмы
г)мыс қайсысы таза зат,қайсысы заттардың
қоспасы екенін көрсетіңдер.
3.Химиялық элементтердің аттары бойынша:
о,цинк,фосфор,аш,це,эс,феррум,аргентум,аурум,-химиялық таңбаларын
жазыңдар.
4.Формулалары берілген заттардың ішінен жай
және күрделі заттарды бөліп жазыңдар:
оттек,озон,су,кремнезем,графит,көмірқышқыл газы,ас тұзы, ас содасы
,мыс ,темір.
5 Мынадай
заттардың:
а) натрий
гидроксидінің;
ә) тұз
қышқылының;
б) көміртек (ІҮ)
оксидінің
в) литий оксидінің салыстырмалы молекулалық
массасын табыңдар.