400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Химияның негізгі ұғымдары" бақылау жұмысы 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бақылау жұмысы 10 сыныптарға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бақылау жұмысы.

І тарау

Химияның негізгі ұғымдары.

10-сынып

І нұсқа

1. Реакция теңдеуіндегі барлық коэффициенттердің қосындысын есепте.

KI + H2SO4 → K2SO4 + S + I2 + H2O

2. Сольвожүйелер теориясы тұрғысынан мына заттардың диссоциациялану теңдеуін құрастыр:

H2S, HNO3, KCl,

3. S2- , Mn2+ , NH3, NO3- мына заттардың құрамындағы электрон мен протон санын есепте.

4. Гидролиз реакциясының теңдеуін құрастыр:

K2CO3

NiCl 2

5. Егер 5% MgSO4 ерітіндісін даярлау үшін 400 г MgSO4 * 7H2O берілді. Алынған ерітіндінің массасын есепте.

6. Егер ерітіндінің рН= 4.8 болса, сутек ионымен, гидроксил ион концентрациясын анықта.

7. Ерітіндідегі сутек ионының концентрациясы 0,000001 М ерітіндінің рН мәнін есепте.

8. Азот және сынап элементтері үшін бас квант сандарының мәндерінің өрнектелуін көрсет.






Бақылау жұмысы.

І тарау

Химияның негізгі ұғымдары.

10-сынып

ІІ нұсқа

1. Реакция теңдеуіндегі барлық коэффициенттердің қосындысын есепте.

KMnO4 + H2SO4 + Na2SO3→ K2SO4+ MnSO4 + Na2SO4 + H2O

2. Сольвожүйелер теориясы тұрғысынан мына заттардың диссоциациялану теңдеуін құрастыр:

H24, H2СO3, СаCl2,

3. Р3+ , Ni2+ , NH3, NO3- мына заттардың құрамындағы электрон мен протон санын есепте.

4. Гидролиз реакциясының теңдеуін құрастыр:

ZnSO3

BaСО3

5. 10% - ті MgSO4 ерітіндісін даярлау үшін 100 моль суға қанша моль MgSO4 * 7H2O қосуға болады (масса бойынша)

6. Егер ерітіндінің рН= 7.9 болса, сутек ионымен, гидроксил ион концентрациясын анықта.

7. Ерітіндідегі сутек ионының концентрациясы 0,001 М ерітіндінің рН мәнін есепте.

8. Фосфор және қорғасын элементтері үшін бас квант сандарының мәндерінің өрнектелуін көрсет.





Бақылау жұмысы.

ІІІ тарау

Химиялық байланыс және зат құрылысы.

10-сынып

І нұсқа

1. Мына молекулалардың: AlCl3, BeF2, PH3 кеңістіктегі құрылымын бейнеле. Гибридтің типін анықта.

2. Мына комплексті қосылыстардың атын атап, әрбір комплексті қосылыстан орталық атом мен координациялық санды көрсет: а) K[Al(OH)4] ; K3[Fe(CN)6]; Na [Ag(H2O)4]

[Cu(NH3)4] (OH)2

3. Мына заттардағы химиялық байланыстың типін анықтап, молекуладағы кеңістіктік құрылымын жазып көрсет: NH3, H2S, ZnBr2 , Ca, O2; H2SO3, H3PO4

4. Көлемі 36,6 см3 массалық үлесі 40%-ті тығыздығы (р=1,414 г/см3) калий карбонаты ерітіндісіне тұз қышқылының артық мөлшері құйылды, бөлініп жатқан газды массасы 7,4 г кальций гидроксиді ерітіндісі арқылы өткізді. Түзілген тұнбаның массасын есепте.(5г)

5. Темір мен алюминий қоспасын тұз қышқылымен өңдеді, нәтижесінде 30,35 г хлоридтер қоспасы алынды. Қоспаның дәл сондай мөлшерін алып, сұйытылған күкірт қышқылымен өңдеді, нәтижесінде 37,40 г сульфаттар қоспасы алынды. Қоспадағы металдардың массасын есепте. (7,8 г, темір) 2,6 г(алюминий)







Бақылау жұмысы.

ІІІ тарау

Химиялық байланыс және зат құрылысы.

10-сынып

І нұсқа

1. Мына молекулалардың: AlBr3, BeI2, NH3 кеңістіктегі құрылымын бейнеле. Гибридтің типін анықта.

2. Мына комплексті қосылыстардың атын атап, әрбір комплексті қосылыстан орталық атом мен координациялық санды көрсет: а) Na[Al(OH)4] ; Na3[Fe(H2O)6]; Na [Ag(S)4]

[Ag(NH3)2] OH

3. Мына заттардағы химиялық байланыстың типін анықтап, молекуладағы кеңістіктік құрылымын жазып көрсет: PH3, H2O, MgCl2 , Na, N2; H2SiO3, H3 BO3

4. Массасы 7,6 г калий және натрий гидридтерінің қоспасын судың артық мөлшерімен өңдеген кезде көлемі 5,6 мл сутек газы бөлініп шықты. Қоспадағы әрбір заттың массалық үлесін есепте. (52,6пайыз калий гидриді, 47,7 пайыз натрий гидриді.)

5. Көлемі 100 см3 массалық үлесі 10%-ті тығыздығы (р=1,083 г/см3) кальций хлориді ерітіндісіне көлемі 150 см3 массалық үлесі 4%-ті тығыздығы (р=1,04 г/см3) натрий ортофосфаты ерітіндісі құйылды. Түзілген ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есепте. (2,58 натрий хлориді, 1,74 кальций хлориді)


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.02.2018
1329
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі