Хор. Вокалдық хор. Ескендір Хасанғалиев "Атамекен"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Хор. Вокалдық хор. Ескендір Хасанғалиев "Атамекен"

Материал туралы қысқаша түсінік
С/тақырыбы: Хор. Вокалдық хор. Ескендір Хасанғалиев "Атамекен" С/мақсаты: Мемлекеттік хор капелласы туралы түсінік беру. "Атамекен" әнімен танысу. Е.Хасанғалиев. Әуенді айта білу дағдысын дамыту, есте сақтау, тыңдау, жатқа айту қабілеттерін музыкалық сауаттылық пен дүниетанымын дамыту. Оқушылардың қазақ өнеріне, әндеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, халықтың ұлттық музыка өнерін қадірлей білуге, эстетикалық талғамы мол, өнерсүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. С/көрнекілігі: видероликтер,суреттер,қанатты сөздер С/түрі: ашық С/барысы: І. Ұйымдастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

С/тақырыбы: Хор. Вокалдық хор. Ескендір Хасанғалиев "Атамекен"

С/мақсаты: Мемлекеттік хор капелласы туралы түсінік беру. "Атамекен" әнімен

танысу. Е.Хасанғалиев.

Әуенді айта білу дағдысын дамыту, есте сақтау, тыңдау, жатқа айту қабілеттерін музыкалық сауаттылық пен дүниетанымын дамыту.

Оқушылардың қазақ өнеріне, әндеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, халықтың ұлттық музыка өнерін қадірлей білуге, эстетикалық талғамы мол, өнерсүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.

С/көрнекілігі: видероликтер,суреттер,қанатты сөздер

С/түрі: ашық

С/барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Амандасау (көңіл-күй анықтау)

2. Топқа бөлу (2топқа бөлу,конфет арқылы)

ІІ. Ноталар кроссворды (өткенді еске түсіру)

ІІІ. Жаңа сабақ

Хор тыңдату.

Хор – шығармаларды көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы

идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор

айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық

мағлұматы бар ұжым



Дикция – вокалдық хор дикциясы әрбір даусты және дауыссыз дыбыстарды анық

айтып, сөз бен сөйлемдерге дауыс екпінін дұрыс қоя білуді музыкадағы

мәнерліліктің көркемдік құралдарын пайдалана отырып, оның мазмұның, идеясын

тыңдаушыға жеткізе білуді, сезімге әсер ету дағдысын айтамыз.

- Ескендір Хасанғалиев. Бүгінгі біздің сабағымыз осы композиторға арналады.( Суретін көрсету) Әнші (лирикалық баритон), композитор, Қазақстан Республикасының халық артисі. 1940ж. Орал облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды - хорлық факультетін Е. Виноградов пен Н. Шарипованың класы бойынша курсты, Әль-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірді. 1970 жылдан бастап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисі. Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгеймен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Хасанғалиевтің "Әдемі", "Асыл арман", "Өмірімнің жазы", "Атамекен" әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Е. Хасанғалиев шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы, материалды берудің көп салалығы тән. Ол музыканы қазақ, орыс, ұйғыр, татар, неміс ақындарының сөзіне жазды.
-Балалар, атамекен дегеніміз не?

Біздің атамекеніміз қай жер?

-Ақтөбе обл.Мұғалжар ауданы,Жем қаласы

-Өздеріңіз білесіздер биыл туған өлкеміз Мұғалжар ауданының құрылғанына 20 жыл толып, кең көлемде тойланып өтілді.

Ендеше балалар туған өлкеміз туралы әндер білеміз бе? Мұғалжар,Жем қаласы туралы.

-Б.Оралұлының "Жем бойында" сынды әндер бар екен.

-Атамекен әнінің мәтінімен,музыкасымен танысып өтейік.

Әнді барлығымыз хормен орындап көрейік. (3 ән орындау хормен)

Сергіту сәті. «Тәтті тілектер». (Балалардың тәттіні ұстағандағы әсерін, сезімін сұрау).
Әнді

Тәттілеп айту
Таңдап айту
Сезіммен айту
Тартымды айту
Нақышына келтіре айту
Тамсана айту
Ұнамды айту
Құштарлықпен айту

С/қорыту: Сонымен балалар, вокалдық хор дикциясы дегеніміз не?

Хор айтудағы ережелерді біліміз бе?


«Кім мықты». (Ноталар аттарын қатыстырып бірнеше сөз құрау,орысша,қазақша,ағылшынша да сөздер құрауға болады).
«До», «Ре», «Ми», «Фа», «Соль», «Ля», «Си»

домбыра,дос,достық,доғал, река,резина,репост,мирас,мир,фальга,фарида,фархат, соль,лягушка,синхрон,симфония

"Әнді тап" (адасқан сөздерді тыдап отыра,қай ән екенін табу)



Туған жер топырағыңнан нәр алдым

Жадымда мәңгі есімің.

Армысың туған жерім ауылым

Өзіңнің жоқ қой теңің

1. Теңің жоқ қой,өзіңнің,туған жерім,жадымда есімің мәңгі,топырағың,туған жер

2.ойнаған жарысып,балғын шағым,көбелекпен,қуыршақпен,тоймаған,бір,қызыққа

3.кешірген, бірге шалалық,алмай,көз алдымда,тіліңді,балалық,мені,дәурен

4.неткен,бұлттары, әттең,кеттім,еді,әдемі,құстары,мен,нұрына, құстары,шомылдым, сөйлейді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2022
1170
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі