400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Хорасан ата

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы

Исатай Әбдікәрімов атындағы № 168 жалаы орта мектеп

Бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәнінің мұғалімі: Ыдырысов Ербол


Қолдасын Хорасан ата



Бисми-л-ла һи-р Рахмани-р-Рахим!-деп бастадым,

Қуат берер бір алладан басқа кім?

Бәрі өзіңнің ықтиярыңмен жаралған,

Құдіретіңде жер менен су аспаның.

Сыр бойына ислам дінін жеткізген,

Хорасан ата жайлы болмақ дастаным.

Өзгеше боп өзі қалпы қатардан,

Мұхаммедтен түсіне енген бата алған.

Шын есімі Әбдіжалил Баб болғанмен,

Халқы сүйіп Хорасан ата атанған.

Оны әсте қызықтырып көрген жоқ,

Астындағы алтын тақ пен бақ арман

Негізгі бөлім:

Сыр елі, сыр жері – сыры ашылмай жатқан қалалар, әруақты киелі бабалар мекені, аты шулы ақындар, дарынды таланттар жері. Ұлы Қорқыт елі. Сыр бойы – ұлы шежіреге толы өңір. Бір ғұлама айтқан екен: “Өткен тарихты білмеген адам нәресте күйінде қалады”, - деп. Бұл өте түйінді айтылған сөз. Өйткені тарихты білмей, ертеңімізді басып айту қиын.

Біздің алдымыздан өткен үлкендердің айтуына қарағанда қазіргі Сырдария өзені Хорасан ата Әбдіжәлел баб сол кесене тұрған жерден аққан екен.

Түркістанда шыққан «Хорасан бабалар шежіресін» қолға алсақ Мұхамед пайғамбар араб тайпасының Құрайыш тегінен екендігі, оның ұрпақтары тізбеленеді. Сөйтіп, Әбдіжәлел Баб Мұхамед Ибн Әл – Ханафияның ұлы Әбд ал –Фаттахтың баласы Әбдал –Жаббар, оның ұлы Әбд ал – Қаһһар, оның ұлы Әбд әл – Рахманның перзенті болып саналады. Мұсылман дінін қазіргі Орта Азиямен Қазақстанға және Шығыс Еуропаға тарату үшін Әбдіжәлел Баб –Арыстан Баб –Ысқақ Баб және Әбдірахим Баб бастаған топ жіберілген. Бұл шақта Әбдіжәлел Баб Йамин патшасы екен. Олар жүздеген мың қолмен жер желден мұсылмандық билігін орындатып Түскістанға келгенде Хижраның жүз елу жылы болатын. Енді жоғарыдағы «Насаб -нама» шежіресінен үзінді келтіре кетейін: «Әбді -әл Баб Шаштан Таршынкент, Жалтырсек, Жаркент елдеріне барды. Қылыш Қарахан атты хан бар еді. Тарсаша аты Иашмут еді. Оның екі ұлы бар еді. Бірінің аты Сарықтонды Өтеміс еді. Оны Өтеміс хан дер еді.

Мың елге қарсы тұратын еді. Міне, көнеден жеткен осы шежіре ел ішіндегі аңыз әңгімелерден дәл ме дәл келіп отырған жоқ па».

Негізгі, Әбдіжәлел бабтың қазақ даласына мұсылман діндің имандылықты таратуда еңбегі орасан екендігі сөзсіз. Екіншіден ол қаншама батыр болса да қатігез болмаған. Бұған куә «Насаб -нама» шежіресіндегі: «.....Одан кейін Отырарда Қайырхан хан болды. Қайырханның нәсілі Қаңылы еді» деген жолдар куә. Яғни, әр қамалдың, хандықтың өз ұлдарын ел басқару ісіне тарту жолымен мұсылмандықты бейбіт те уағыздаған. Үшіншіден, жоғарыда айтқанымыздай қазақ халқының арғы тегін шешсек, Хорасан ауруынан емдеп, сақтап қалуы. Міне, сондықтан да «Дін –тәрбие діндегі» десек, бүгін баршамыз ұйып отырған мұсылман дінін таратушы Әбдіжәлел –Баб халқымыздың тарихымен біте қабысқан аса ірі тұлғалардың бірі екендігі анық. Осынау тарихи тұлға өзге де зерттеушілердің еңбегінен толыға түседі деп сенеміз.

Ибраһим пайғамбардың ұрпағы Әбдірахман баб-тан екі ұлы болды. Бірі мазхур Әбдіжәлел Баб, екіншісі Ысқақ Баб. Халық сүйіп біріншісін Хорасан – Ата дейді. Сара анамыздан Ысқақ, Ажар анамыздан Смағұл. Ысқақтан алты алаш тараса, Смағұлдан барлық парсы, арабтар тараған.

Қарапайым халықтан түсіні кті болу үшін Әзіретәлінің бибі Ханафия әйелінен Мұхамед Ханапия дүниеге келеді. Сол Мұхамед Ханапияның Әбділфаттах, оның баласы Әбді әл- Жаппар, оның баласы Әбді әл – қаһардан Әбді Аррахманнан Әбдіжәлел Баб, Ысқақ Баб туады. Олар Мұхаммед Мұстафа Саллаһу Әлейсаламның 8 – ші ұрпағы. Өсе келе Әбдіжәлел Баб көп оқып, білім алған, әсіресе әскери білімі бар Иемен Республикасына, ал Ысқақ Баб Серия Республикасында патша болады.

Әкесі Әбді – Аррахман Ирак патшасы еді. Әбді – Аррахман жасы сексеннен асқан шағында ой келіп:

Біздің Алла алдында және Мұхаммед үмбеті есебінде әлі де мұсылман дінін дамытуда атқарған жұмыстарымыз бізді қанағаттандырмайды. Сондықтан, құдай үшін мені сыйласаңдар патшалықты тастап, әскери қолбасшы болып, бір Алла жолында ислам үшін саһаба табе – табуындарыңды алып, алдымен Иран, онан соң Тұран, Оғыз, Қыпшақ, Қаңлы, Арғын мемлекеттеріне барып, жар салып, Мұхамеддің ақ жолын насихаттап, Мұхамедке үмбет етулерің қажет.

Мұнда түсінікті болу үшін Баб атағы кімдерге беріледі. Сонау ықылым заманнан бері патшалар әрі әскери қолбасшы болғандықтан берілетін лауазым болған. Мысалы, Сталин мемлекет басшылығымен қатар, әскери бас қолбасшы болғаны сияқты. Иеменнің зиялы қауымдарымен ел – жұрт ақсақалдарын дереу жинап, Әбді – Аррахман сөз алады:

  • Уа, халайық! Ислам діні қойған аты Алланың. Ислам діні тазалықтың, тәртіптің, ақыл, білідіні деп ұғыңдар бар мәнін. Әбді – Аррахман баб жиынды осылай тәмамдай, бата берді ұлына. Жиналаған жұртына

“Әуелі құдайым оңдасын, әулиелер қолдасын,

сапарың дәйім оң болсын, Қыдыр болсын жолдасың,

шырақ жанып алдыңнан еш кедергі болмасын,

жамандық ойлар жан болса, екі дүниеде оңбасын.

Ғайып ерен, қырық шілтен шылауыңнан қалмасын,

тілегенің қабыл боп, бола берсін болмасаң,

бүгін ертең аттанар сәтті болсын, жол болсын,

Мұсылман қауымын көбейтіп, ғұмырыңды жалғасын,

уайым жеме бұл жақтан, артыңда өзің қалғасын.

Бір құдайым алдыңнан ашсын бақыт қақпасын.

қу тіршілік кенеттен кигізбесін ноқтасын.

Қабыл етсін бір Алла!” – деп сөзін аяқтады.

Жиналған жұрт “Оң сапар” – деп үн қатты.

Бұрыңғы Қарлық патшалығының бір өзі мың қол жауға қарсы тұратын қалмақтың сарық тонды Өтеміс батыры қайтсем Әбдіжәлелді өлтіремін деп ойлап, ақылгөйлкрімен мәселе құрып, Хорасан атаға оқ өтпейтін, отқа күймейтін сырын білу үшін, жансыз жіберіп сырын ашқан дейді. Ол кезде Мыстан кемпір дегенді көп пайдаланатын кез. Күндердің күнінде елінде баласы, байы жоқ бір кедей бейшара кемпірді шақырып көп дүние, алтын берем деп Әбдіжәлел Бабтың оқ өтпейтін, қылыш шаппайтын қасиетін білу үшін “Тотықұс” аралына қайыршы ретінде жансыз етіп жібереді. Мыстан кемпір ай, апта жүріп Хорасан ата бекінісіне жетіп, ебін тауып, бабаның бибісіне зар айтып, үйіне қызметші етіп алуды өтінеді. Мама әжеміз аяугершілік жасап, келіседі. Әжеміздің көңілінен шыққан мыстан бір күні Мама атаның оқ өтпейтін, қылыш шаппайтын, қандай қасиетінің барын сұрап қоймаған соң сырын ашып, ол кісінің азанғы бамдат намазыноқып тұрғанда денесі қорғасындай балқитынын айтады. Апта жүріп, ай жүріп Өтемістің қамалына жетіп, Әбдіжәлел Бабтың әйелінен естіген сырын айтып береді.

Өтеміс аспандағыны жерден тапқандай арнайы қол жасақтап Хорасан ата мекендеген Тотықұс аралына жетіп, ит үргеніне, қораз шақырғанына қарамай қамалға бамдат намазы кезінде қандай жағдайда да бұзбайтын кез, Бабаның желкесінен қылышпен шауып өлтірсе, жамағатта тұрған барлық сарбаздарын қырып жібереді. Дұшпанның келе жатқанын Хорасан атаның Алапар деген иті біліп, түнімен ұлыған көрінеді. Таң аты иті қан сиіп, қыңсылығанына қарамастан керней шалып, дабыл соғып, дұшпанның келе жатқанын бибісі де білген дейді. Бірақ бұл туралы әжеміз тіс жармай намазын оқып алсын деген оймен хабар бермейді. Сол кезден қалған, халықта “Ит опа, қатын жапа” – деген мәтел әлі сақталып келеді.

Хорасан атаның жау қолынан шейт болғанын елінде қалған Сүлеймен ұлы, Құдайқұл ұрпағының түсіне еніп, “балам, мені қалмақтар жыңғыл гүлдеп жатқан кезде (мамыр айы болуы керек) азанғы бамбат кезінде бекініске хабарсыз еніп, түгел сарбаздарыммен қолға түсіріп, мені қылышпен желкемнен шауып, шейт етті. Тотықұс аралына жерленгенмін”. Патша мұны естігенімен ашыңдар айғақтық белгісін көрейін деп ашқызады. Сонда Құдайқұлдың айтқан белгілері түгел анықталады. Содан бері 11 – 12 ғасыр өтті. Хорасан ата ұрпақтары Қазақстанның түкпір – түкпірінде өніп, өсіп келеді. Көпшілігі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында мекендеген.

Жау қолынан ерте шейіт болған Әбдіжәлел бабтың басына айналадағы елі үлкен күмбез тұрғызған. Бұл күмбез бұзылғаннан кейін 11 -12 ғасырлар тұсында шикі қыштан қайта қойған, ал бүгінгі күнге жеткен құрылыс –қос күмбезді ғимарат 14 ғасырдың аяғында бұрынғыларының үстіне салыныпты.

Әбдіғаппар ауылыңың егістік аңыздарыың кесіп өтіп, Қылышта ата мазарының тұсына келсеңіз қос күмбезді ғимарат өзіне мен мұндалап шақырады. Негізгі құрылыс екі бөлмеден тұрады. Бас фасад дәліз арқылы күмбезді шағын бөлмемен тұйықталған бөлмелер арасында есік жоқ. Бас фасад оңтүстікке, қосалқы есігі батысқа қараған кіші бөлмесінде баласы, үлкенінде өзі жергенген. Ғимараттың төрткүлденіп жасалған берік қабырға, оның үстіне қабаттастыра алты қырлы қос барабан өрілген. Ал барабандар күмбездермен жалғастырылған. Қаланған кірпіш үлігілері осы төңіректегі Сығанақ қаласы орнына, Қарасопы мешітінен Өзгент шаһары жұртынан Мейрамтөбе, Аққорған қамалдарында кезігеді.

Ел аузында Әбдіжәлел Бабтың «Хорасан ата» аталуын 3 қасиетке лайықтайды.

Біріншісі: Иран патшалығында «Хорасан» қамалын жеңіп алғаны үшін «Хорасан ата» аталған десе, екіншісі: ел арасында шешек (оспа) індеті тарап, халық көп болған. Әбдіжәлел Баб сол шешек індетіне қарсы уыт (вакцина) ойлап шығарып, елді бармағының түбінен, кейін жоғарғы қарынан сол уытты еккізіп, кеселге қарсы денеде әсер туғызып (иммунитет), халықты індеттен сауықтырған. Сондықтан да «Хорасан ата» аталған десе, үшіншіден: «Өзінің бетінде де Хорасан –шешектен қалған шұқырлар бар еді», -дейді.

Бұнымен қоса, бабамыз керемет емшілік қасиетке ие болған: жүйке, қояншық ауруларын құлантаза жазып жіберетін болған. Өзі өлсе де рухы өлмей, мазар басына түнеген адамға ұл сұраса –ұл, қыз сұраса –қыз берген. Мұнысы түс арқылы аян берген.

О-о, Бабам Хорасан, келдім арасан,

Зиярат етейін деп, ісімді сұрасаң,

Мүшкіл халімді қылғайсың

Рахым ете көр, бабам Хорасан!

Сексен шайхыны жаныңнан көрдім.

Тоқсан машайхыны артыңда көрдім.

Қаһба, махалданны алдыңда көрдім.

Рахым ете көр, бабам Хорасан!

Сұлтан Хұсайынның ұлы болармын

Алла тағаланың құлы болармын.

Шашым, сақалымды шыпта қылармын,

Рахым ете көр, бабам Хорасан!

Әлінің әулеті, Шерші құдасан,

Келген пәлеге дені қыларсың,

Құл Қожа Ахметке жар боларсың,

Рахым ете көр, бабам Хорасан! – деп бас иіп, оның мәңгілік рухынан дәремет күтіп өткен екен. Әзірет Сұлтан пір тұтқан осы Хорасан атаның рухы мұсылман қауымын әрдайым желеп –жебеп жүре бергей. Қарым-қатынасты реттейтін «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» тұңғыш заң қабылданғаннан кейін ислам дінінің қоғамдағы орын өзгерді. Бұл оң өзгеріс – біздің ұрпағымызды «Жеті атасын білмеген -жетесіздіктен» құтқара бастады және біртуар әулие бабаларымыздың қадір –қасиетін қайта оралуға жол ашып берді. Хорасан атаның ой –арманы мен мақсат жергілікті халықты имандылық шапағатын бөлеу еді.

Бабаның сол ой мақсаты орындалып, бұл күнде іске аса бастады. Осы киелі бабаның жергілікті халыққа білімдарлығымен қатар әулиелігі, арабша сауат ашуда елге зиялылығымен имам және ишандық жасаған Баба ұрпақтары да мол. Олардың ішінде Бұхара, Самарқанд, Хиуа, Нүкіс қалаларында тұрып жатса, осы Қызылорда облысындағы баба ұрпақтары: Бабақожаұлы Ибаділла, Төлегенұлы Берден, Әсетұлы Әнуар және басқа да толып жатқан ұрпақтары Ақтөбе, Орынбор, Ресей қалаларында өсіп -өніп, ұрпақтарымен ұлағатты өмір кешуде. Шүкір, өткенімізді електен өткізуде сірескен исең бұзылып, тоң жібіп келеді. Тарихты жаңа методология тұрғысынан таразылап, қайта сараптау бағыты бекем бет түзеді. Сондықтан бұрынғы өткен бабаларымызды, тарихи тұлғаларымызды бүгінгі ұрпақ жаңа қырынан тани түсуде. Мен осы шығармамда тарихымызды өзіндік орны бар осындай ерекше жан жөнінде сөз қозғауды жөн көрдім. Жалпы ұрпақ Әбдіжәлел Баб немесе Хорасан ата туралы не бәлеміз? Сол тұста бізге әрине ауыз әдебиетінің айрықша үлгісі жастайымыздан жатап өскен «Қобыланды батыр» эпосы сайрап қоя береді:

.... Әулие қоймай қыдырып,

Етегін шеңгел сыдырып,

Жеті пірге танысқан

Әулиеге ат айтып,

Хорасанға қой айтып

Қабыл болған тілегі,

Жарылғандай жүрегі.....

Қорытынды:

Киелі бұл сырдың бойы дегені –

Әулиелер әмбиелер мекені –

Мұнда келсең тигеннен – ақ табаның,

Сезіледі қасиетті екені, - деп ақын Адырбек Сопыбеков жырлағандай Сыр елінің топырағы киелі. Оның топырағына небір жайсаңдар мен жақсылардың жамбасы тиген. Солардың бірі Әбдіжәлел баб туралы айтып өттім. Халқымыздың көкірек тазалығының, кеңпейлділігінің, қонақжайлылығының, бауырмалдылығының осы күнге дейін сақталуына ықпал етіп келе жатқан күш - ислам діні.


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Адырбек Сопыбеков - «Хорасан ата», «Білім баспасы» Алматы - 2007 ж.

  2. Әбді Әл – Жәлел Баб кім? – «Жаңақорған тынысы» газеті - 30.08.2006 ж.

  3. «Қазақ ұлттық энциклопедиясы №1» – Алматы, 1998 ж.

  4. Омар Саттарұлы - «Абді Әл Жәлел баб (Хорасан ата) Сейт», Алматы - 2007 ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі