Материалдар / Хореграфия құралдары арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Хореграфия құралдары арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Хореграфия туралы мағлұмат беру. 2.Би дегеніміз не? 3.Би өнерінің түрлері. 4. Сыныптан тыс уақытта би өнерімен айналысу. 5.Бидің денсаулық үшін пайдасы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2020
332
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
















Тақырып: Хореграфия құралдары арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.











Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №169 орта мектептің әлеуметтік педагогы Сайпирова Жазира Асанқызы



















«Хореграфия құралдары арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.»

Әдемі сөйлеу, әдемі күле білу де үлкен өнер.

Халық даналығы



Мақсаты: Қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола отырып, тәрбиеленушінің шынайы өмірге қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани адамгершілік қарым-қатынастармен қатар хореграфиялық би өнеріне үйрету, тарту.

Міндеттері:

-Жазғы тынығу лагерлерінде, мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, қоғамдарда және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына, би қозғалысын, дене қозғалысына арқылықызығушылығына әсер ету.

- Баланың құқықтары мен би өнері қызығушылықтарын, түрлі инстанцияларда және мектепте баланың қорғанышы ретінде өзі немесе басқа да мамандарды қатыстыра отырып қорғайды.

Барысы:

1.Хореграфия туралы мағлұмат беру.

2.Би дегеніміз не?

3.Би өнерінің түрлері.

4. Сыныптан тыс уақытта би өнерімен айналысу.

5.Бидің денсаулық үшін пайдасы.



Тәрбиелігі:

Музыкаға қабілеттілігін арттыру, музыка арқылы сұлулыққа, әдемілікке, көркемдікке тәрбиелеу.





Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім алуын қамтамасыз етуге жеке шығармашылық қабілеттерін дамуы үшін жағдай жасауға міндетті делінген. Мектепте алған білім баланың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп оны өнімді, шығармашыл, өзіндік ойлауға үйретуі тиіс. Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушысының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған.

       Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауға қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал, назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

Алдымен Хореография дегеніміз не? Осы сөздің мағынасын ашып алайық.Хореография грек сөз, choreіa — би, grapho — жазамын

1) шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу. Би қимылдарын жазып алу тарихы ежелгі дәуірден (ежелгі мысырлықтар, римдіктер, т.б.) басталды. 15 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Еуропада би қимылдарын жазуға алғашқы талпыныстар (мысалы, Францияда балетмейстер П.Бошан) жасалды. Алғаш рет “Хореография” терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе (“Хореография немесе би жазу өнері...” атты кітаптың авторы, 1700) енгізді. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында хореография термині би өнеріне қолданылатын болды. Ресейде 19 ғасырдың аяғында би жазудың екі түрлі жүйесі (А.Я. Цорн және В.И. Степановтың) қалыптасты. Мысалы,Степановтың би жазу жүйесі Санкт-Петербург пен Мәскеу театр училищесінде оқу пәні ретінде жүргізілді. Мария (Санкт-Петербург) театры репертуарынан осы жүйе бойынша 27 балет жазылып алынды;

2) би және би спектакльдерін (балет) қою өнері. Осы өнер саласы бойынша дүние жүзі елдерінде атақты хореографтар жемісті еңбек етті. Олардың қатарында Ж.Доберваль, Ж.Ж. Перро (Франция), Г.Анджолини (Италия), Ш.Дидло, А.А. Горский, М.И. Петипа, М.М. Фокин, Ю.Н. Григорович, Р.В. Захаров, Л.М. Лавровский (Ресей), В.М. Чабукиани (Грузия), т.б. сынды хореографтар бар. Қазақстанда Х. термині 20 ғасырдың 30-жылдары қолданыла бастады. Қазақтың халық билері тұңғыш рет 1947 ж. жазылды. Қазақ хореографтары қатарынан Д.Әбіровтың, З.Райбаевтың, т.б. есімдері белгілі.

Қазіргі таңда мектептерге ақы төлеп арнаулы жетекшілер шақырылатын хореография және музыка үйірмелерін, сондай-ақ бейнелеу өнері жөніндегі үйірмелер құруға ата-аналар қаржысы есебінен рұхсат етілген. 
Мектептерде к
өптеген осындай үйірмелер мен көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасап жатыр.

Көркемөнерпаздар кештері мен байқаулары, ән мен би мерекелері өткізіледі. Кейбір мектептер спектакльдер қойып жүр; бұларды дайындап, көркемдеуге суретшілер де, декоратор да,техниктер де, музыканттар да шақырылады, яғни творчестволық қызметтің алуан түрлерімен әуестенуші оқушылар шақырылады.

Музыка апталығы. Мектепте өткізілетін музыка апталығына сол мектептің оқушылары түгелге жуық қамтылады. Апталықта істелінетін жұмыс көлемінің ауқымы кең болғандықтан, оны ұйымдастыруға мектептің, сыныптардың ұжымдық ұйымдары, тәрбие ісінің меңгерушісі, сынып жетекшілері қатысады. Ал апталықтың мазмұны мен ұйымдастырылуының сапасы музыка пәнінің мұғаліміне байланысты. Сондықтан мұғалім апта ішінде жүргізілетін жұмыс жоспарын алдын ала дайындап, оның барынша қызғылықты етіп ұйымдастырылуын көздеуі тиіс. Жергілікті композиторлармен кездесу ұйымдастырылып, олардың әндерін оқушыларға орындатуға, көркемөнерпаздар үйірмесінің концерттерін өткізіп, музыка мектептерінің ұстазданымен кездесу-концерттер ұйымдастыруға, киномеханиктермен келісіп, музыкалы көркемфильмдер көрсетуге, музыкалық лекторийлер, белгілі бір тақырып бойынша сыныпаралық жарыстар ұйымдастырып, ата-аналар алдында қорытынды концерт беруге болады. Музыка апталығының бағдарламалық жоспары алдын ала ілініп, хабарланады. Зал мен дәліздер түрлі ребустермен, викториналық сұрақтармен, сөзжұмбақтармен, ұлы адамдардың музыка жөніндегі сөздері жазылып безендіріледі. Бұлардың қортындысын аптаның соңғы күнінде шығаруға болады. Ребус, сөзжұмбақтардың шешуі арнайы жәшікке саланып, дұрыс шешкендер жүлдге ие болады. Музыка жөнінідеге жұмбақтарды шешу де оқушыны қызықтырады.

Жазғы тынығу легерінде музыка апталағының әр түрлі мазмұнда өткізілуі эстетикалық тәрбие процесінде, тәжірибе жинақтауда, оқушылардың танымын кеңейтуды мол көмегін тигізері сөзсіз. 
Би дегеніміз не? Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты.Сыныптан тыс жұмыс түрлерінің бірі би билеумен шұғылдану болып табылады.Төменгі сынып оқушылары билеуге аса құштар. Мысалы менің мектебімде №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектепте би үйірмесі жұмыс жасайды. Онда: 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Смугленка», «Журавли»,

1 - мамыр халықтар достығы күніне орай өзге ұлт билерін және түрлі бағыттар бойынша билеуге мұғалімдер мен қатар оқушыларды да үйретіп жүр. Би билеуде олар өздерінің қозғалыстағы, әсерлері мен іс-қимылындағы өзгерістерінің табиғи қажеттерін қанағаттандырады. Бұл ұмтылыстарын балалардың көркемдік қабылдауын дамыту үшін, оларды би билеудің әдемі қозғалыстарымен таныстаруға, оларды музыканы тыңдауға үйрету үшін пайдалануқажет. 

Би билеумен шұғылдану балалардың дене бітісін дамытып, жетілдіруге ықпал жасайды, оларды дұрыс та жарасымды жүре-білуге үйретеді.

Би билеуге үйрету үстінде балалардан жалпы ұйымшыл, тәртіпті болу, бір-бірімен достықпен, әдепті түрде сөйлесе білу, педагогтың нұсқауын ынта-ықыласпен тыңдай білу балап етіледі. Осының барлығы тәртіптілікке, мінез-құлық эстетикасына тәрбиелеуге әсер етеді.Бастауыш мектеп балаларының хореографиялық оқуына, халықтық, көпшілік және бал билерін, ең оңай ырғақты жаттығуларды, ойындарды үйрену енеді. Биге үйретуді халық билерінен бастаған жөн, өйткені олар қозғалыс пен образға бай, оларда ұлттық сипатты белгілер орын алған. Би билеуойындарын көрсету үлкен даму ықпалын тек орындаушыларға ғана емес, сонымен бірге сахнада өтіп жатқан оқиғалардың барлығына терең толғаныспен сезініп отырған көрермендерге қалдырады.Осылармен бірге үйірмен жетекшісі бұл оқудың балалар үшін қуаныштың қайнар көзі болуына қамқорлық жасайды. Бұл музыканың сүйемелдеуімен, костюмдердің түр-сипаттарымен, оқуды өткізу барысында жасалған барлық жағдайлармен қамтамасыз етіледі. Мынадай жағдайды ескеруге тура келеді, би үйірмесіне жазылған балалар барынша көбірек қуаныш, рахатқа бөленіп, қызыққа бату үшін келеді. Оқушыларға мынаны да түсіндіру қажет. Би – нағыз өнер шығармасы, сондықтан оны жасау үшін еңбек пен ұйымшылдық керек.
Би түрлері:

Балеттің түрлері:

  • Романтикалық;

  • Классикалық;

  • Қазіргі замандық.

Балдық би 2 бағытта

европалық бағытта:

-баяу вальс

-танго;

- вендіквальс

-фокстрот

-квинстек

латын америкалық бағытта:

  • Самбо;

  • Га-га-га;

  • Румба;

  • Пасодобль;

  • Джойв;

  • Танго;

  • Багата;

  • Меренге;

  • Сальса;

  • Зук;

  • Ламбада;

  • Дламенко;

  • Паганча;

  • Балеро;

  • Копоэйра.

Ұлттық би түрлеріне: қамажай мен қаражорға жатады.

Қазіргі заманғы би: ХХ ғ.басы-соңы, ХХ ғ. соңы-ХХІ ғ.басы болып бөлінеді.

Ритуальдық би, свинг. Сондай-ақ би арықтауға да өз көмегін тигізеді. Арықтататын «би түрлері тез, ырғақты билер». Латина, хип-хоп, шығыс билері сізді арықтатып қана қоймай, көңіліңізді көтерері анық. Нәтижелілігі сағатына 440 ккал арықтауға мүмкіндік алады.

Жазғы тынығу лагерлерінде ұлттық би «Қаражорға» немесе «Қамажайды» таңертең таңғы жаттығу ретінде қолдануға болады. Сондай-ақ күнделікті ҚР Әнұранын орындату оқушы бойында патриоттық сезім қалыптастырумен қатар мақтаныш сезімін ұялатады.

Егер бимен айналыссаңыз:

  • Біріншіден, физикалық жүктеу көбейіп, бұлшық ет тонусы көтеріледі. 

  • Екіншіден, би дене сымбатын әдемірек етуге көмектеседі.

  • Үшіншіден, денеңіз иілгіш, қозғалғыш болады. Ал ол өз алдына ағзаның тез қартаймауына игі әсер етеді.

  • Төртіншіден, төзімділік артып, тез шаршамайтын боласыз.

  • Бесіншіден, денеңізге көңіліңіз толып, өзіңізді әдемі, тартымды етіп сезінесіз.

  • Алтыншыдан, би қоршаған ортаны сезінуге, адамдармен қарым-қатынасқа түсуге жеңілірек болады.

  • Жетіншіден, бұл көңіл-күйді көтеретін тамаша әрі пайдалы әдіс.


Күнделікті кешке жазғы тынығу лагерінде «Би кештері» ұйымдастырылады. Би кештерінде музыка ырғағына сай әр қатысушы билеуіне болады. Түрлі ырғақтағы музыкалық би кештері көңіл-күйдің жоғары болуына өз әсерін тигізеді.














































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1.Музыка пәні бойынша әдістемелік құрал 1-4 сыныптар

2.М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Анатілі, 1992.
3.Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканықлогикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996.

4.М.Балтабаев, Б.Өтемұратова «Елім-ай». – Алматы: «Атамекен» 1993.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!